Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 311 Қаулысы

Жаңартылған

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына және 134-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мынадай республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорындар) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
      2) «Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға ықпал ететін қызмет кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін:
      «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны - қызметтік ғимараттарды пайдалану және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жабдықтау функцияларын орындау;
      «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны - қызметтік ғимараттарды пайдалану, көліктік қызмет көрсету және мемлекеттік органдардың жабдықтау функцияларын орындау.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      реттік нөмірлері 6, 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      7. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.»;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      3) «Азаматтық кызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      басшыларға, мамандарға және қызметшілерге еңбекақы төлеу арттыру коэффициентімен жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов