«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге (2012 – 2014 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 наурыздағы
№ 289 қаулысымен
бекітілген
Орта мерзімді кезеңге (2012 – 2014 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.21 № 1228 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
р/с № |
Атауы |
Конкурсты ұйымдастырушы |
1 |
2 |
3 |
1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері |
||
1. |
«Алматы – Өскемен» автомобиль жолының «Алматы - Қапшағай» учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану |
ККМ |
2. |
«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану, 1142-1216 км |
ККМ |
3. |
Учаскені түзету және Осакаровка кентін айналып өту жолын салу арқылы «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану, 1096-1142 км |
ККМ |
4. |
Учаскені түзету арқылы «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану, 1038-1096 км |
ККМ |
5. |
Қарағанды қаласын айналып өту жолын салу арқылы «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану, 997-1038 км |
ККМ |
6. |
Зияткерлік-көліктік және төлем жүйесін енгізу (ЗКТЖ) және «Астана - Көкшетау қаласы арқылы Петропавл» автомобиль жолының «Астана - Щучье» учаскесін пайдалану |
ККМ |
2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер |
||
7. |
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану |
ККМ |
8. |
Теміртау қаласында бала бақшалар кешенін салу және пайдалану |
Қарағанды облысының әкімдігі |
9. |
«Маңғыстау (Тамақ) станциясы» темір жол вокзалын салу |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
10. |
Ақтау қаласында автовокзал салу |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі