"Орта мерзімді кезеңге (2012 – 2014 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 1228 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Орта мерзімді кезеңге (2012 – 2014 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 289 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге (2012 – 2014 жылдарға) арналған концессияға беру ұсынылатын объектілердің тізбесінде:
      «Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

      «

10

Ақтау қаласында автовокзал салу

Маңғыстау облысының әкімдігі

                                                              ».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов