Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 271 Қаулысы

Қолданыстағы

      «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 271 қаулысымен
бекітілген    

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2012 жылғы республикалық бюджеттен
эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі - ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттер 053 «Эпизоотияға қарсы шаралар, жануарлар мен құстардың қауіпті жұқпалы және созылмалы ауруларының ошақтарын жою» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) орталықтандырылған түрде сатып алған ветеринариялық препараттарды тасымалдауға, уақытша сақтауға және қолдануға байланысты шығыстарды жабуға бағытталған әрі мыналар бойынша қызметтер мен тауарларды сатып алуды жүзеге асыруды көздейді:
      1) ветеринариялық препараттарды тасымалдау;
      2) ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау;
      3) ветеринариялық препараттарды қолдану;
      4) вакуумдық қан алудың бір жолғы жүйесін сатып алу (вакутейнерлер).
      3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Ағымдағы нысаналы трансферттер Министрлік бекітетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың 2012 жылға арналған жоспарында (бұдан әрі - Ветеринариялық іс-шаралар жоспары) көзделген іс-шараларға бөлінеді.
      Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2012 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

2. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      5. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, Ветеринариялық іс-шаралар жоспарының негізінде, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттерді аударады.
      6. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері мен облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы арасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары, сондай-ақ ветеринариялық іс-шаралар жоспары негізінде республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдағы трансферттерді аудандардың (облыстық маңызды қалалардың) бюджеттеріне аударады.
      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі, вакуумдық қан алудың бір жолғы жүйесін (вакутейнерлер) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
      Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдері ветеринарлық препараттарды уақытша сақтау, ветеринариялық препараттарды қолдану бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
      8. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау Астана, Ақтөбе және Алматы қалаларында орналасқан франко-қоймалардан жүзеге асырылады.
      9. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары Ветеринариялық іс-шаралар жоспары бойынша ветеринариялық препараттарды, вакуумдық қан алудың бір жолғы жүйесін (вакутейнерлер) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес бөлуді жүзеге асырады.
      10. Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдері Ветеринариялық іс-шаралар жоспары бойынша ветеринариялық препараттарды, вакуумдық қан алудың бір жолғы жүйесін (вакутейнерлер) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызметтерді көрсетушілер арасында ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес бөлуді жүзеге асырады.
      11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармаларында (бұдан әрі - басқармалар), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдерінде орындалған жұмыстарды бағалау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      Басқармалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) Комиссияның жұмыс органдары болып табылады.
      12. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөніндегі, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызметтерді көрсетушілер Ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес ай сайын жұмыстардың орындалуына қарай, бірақ 2012 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актілерін;
      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтердің актілерін ұсынады.
      13. Бөлім ай сайын құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жиналған құжаттарды басқармаға, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдеріне қарауға және ақы төлеуге ұсынады.
      14. Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім үш жұмыс күні ішінде сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, оларды ветеринариялық препараттарды тасымалдау, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөніндегі, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге пысықтауға қайтарады.
      15. Көрсетілген қызмет үшін тиісті қызметтерді жеткізушілердің банктік шоттарына қаржылай қаражат аударуды Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      16. Басқармалар Министрлікке ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2012 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады, ал қаражат толығымен игерілмеген жағдайда себебін көрсетеді.
      17. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Министрлікке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей аралық есепті, ал жылдың қорытындылары бойынша келесі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы қорытынды есепті ұсынады.
      18. Министрлік Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келісім негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.
      19. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың  (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердің ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені, алынған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті бермегені үшін жауапты болады.

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылғы
республикалық бюджеттен эпозотияға қарсы
іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану
қағидаларын бекіту туралы   
1-қосымша            

Көрсетілген қызметтерді бағалау актісі

_______________________________              20 __ ж. «____» ________
(облыс, аудан, елді мекен)
_________________________________________________ құрылған комиссия,
(Комиссияның кімнің шешімімен құрылғаны, шешімнің күні және нөмірі көрсетілсін)
құрамында: Комиссия төрағасы, _______________________________________
                                    (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
Комиссия мүшелері, __________________________________________________
                                (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
сондай-ақ 20 __ ж. «__» _______ __ № ______________ сенімхатқа сәйкес
______________________________________ мүдделерін білдіруге уәкілетті
(қызметтер көрсетушінің толық атауы)
______________________________________ мынадай қорытынды жасады:
               (Т.А.Ә.)

Қызметтердің толық атауы

Көрсетілген қызметтің қысқаша сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Көрсетілген қызметтердің көлемі

Бірлік бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)







      Көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
____________________________________________________________________
                        (атап шығыңыз)
Көрсетілген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз). ___________________________________________________________
Комиссия төрағасы                 ___________________________
                                         (Т.А.Ә., қолы)
Комиссия мүшелері                 ___________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)
Қызметтерді жеткізушінің атынан   ___________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің
эпизоотияға қарсы іс-шараларды
жүргізуге 2012 жылғы республикалық
бюджеттен берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану
қағидасына         
2-қосымша         

Көрсетілген қызметтердің актісі

_______________________________              20 __ ж. «____» ________
(облыс, аудан, елді мекен)

Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ____________________________
                                               (мекеме атауы)
атынан 20 __ ж. «__» _______ № ________ бұйрығы негізінде әрекет ететін ____________________________________ және бұдан әрі «Қызметтер
            (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
көрсетуші» деп аталатын ______________________________________ атынан
                         (қызметтер көрсетушінің толық атауы)
20 __ ж. «__» ______ № Жарғы (сенімхат) негізінде әрекет ететін
_____________________ 20 __ ж. «___» ________ көрсетілген қызметтерді
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
бағалау актісіне сәйкес төмендегі туралы осы Актіні жасады. Қызметтер көрсетуші оның және Тапсырыс берушінің арасында жасалған
20 __ ж. «___» _____________ № __________ Шартқа сәйкес мынадай сипаттамадағы қызметтерді көрсетті:

Қызметтердің толық атауы

Көрсетілген қызметтің қысқаша сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Көрсетілген қызметтердің көлемі

Бірлік бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)







      Көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
____________________________________________________________________
                        (атап шығыңыз)
Көрсетілген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап
шығыңыз) ____________________________________________________________
      1. Алынған тауарлардың жалпы құны ________________
      2. Аванс сомасы                   ________________
      3. Бұрын актіленген сомасы        ________________
      4. Төлеу керегі                   ________________
      3. Бұрын актіленген сомасы        ________________
      4. Төленуге тиіс                  ________________

      Тапсырыс беруші үшін              Қызметтер көрсетуші үшін
____________________________            _____________________________
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)            (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)

____________________________            _____________________________
(қолы, мөртаңбасының бедері)            (қолы, мөртаңбасының бедері)