Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 271 Қаулысы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мақаншы ауылының Береговая көшесі – Абикен Саржановтың атындағы көше, Тарбағатай көшесі – Орал Арғынбеков көшесі деп атаулары өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы З. Семизбаевға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Округ әкімі                                С. Қалиев