Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.11.2018 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің (Салық кодексi) 520-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларында:
"Төлемақының жылдық ставкалары, %" деген бағандағы "1,24557", "1,24557" деген сандар "0,9816", "0,9816" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |