Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін;
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып штат санының лимиттерінде:
1) реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5. |
Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі, оның ведомстволарын қоса алғанда, оның ішінде: |
1052 |
шетелдердегі мекемелер |
685 |
»;
2) реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын;
«
5. |
Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі, оның ведомстволарын қоса алғанда, оның ішінде: |
1054 |
шетелдердегі мекемелер |
687 |
»;
3) реттік немірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5. |
Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі, оның ведомстволарын қоса алғанда, оның ішінде: |
1060 |
шетелдердегі мекемелер |
693 |
»;
4) реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5. |
Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі, оның ведомстволарын қоса алғанда, оның ішінде: |
1093 |
шетелдердегі мекемелер |
726 |
»;
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1232 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысынаөзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 279 қаулысы.
3. Осы қаулы 1-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларын қоспағанда, 2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі. 1-тармақтың 2) тармақшасы және 2-тармақтын 1) тармақшасы 2010 жылғы 23 қарашадан бастап, 1-тармақтың 3) тармақшасы және 2-тармақтың 2) тармақшасы 2011 жылғы 28 наурыздан бастап, 1-тармақтың 4) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов