Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 279 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 147 (2011.03.28 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27, 43-1-баптарына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      Лисаков қаласы әкімдігінің "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-161 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 наурыздағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған);
      Лисаков қаласы әкімдігінің "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-162 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Лисаковская новь" газетінде жарияланған);
      Лисаков қаласы әкімдігінің "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 22 маусымдағы № 286 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-166 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 шілдедегі "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі В. Радченко