Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 567 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулы Қағидалардың 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 132 қаулысымен
бекітілген
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына,
импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік аумағында Ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) талаптарға сәйкес әзірленген және тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі - уәкілетті органның ведомствосы) - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын комитеті;
2) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелер;
3) рұқсаттар тізілімінен үзінді - рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы мәліметтерді қамтитын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына және транзитіне рұқсат беру туралы уәкілетті орган ведомствосының жазбаша хабарламасы;
4) рұқсаттар тізілімі - уәкілетті орган ведомствосының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер жөнінде ақпараттары мен импорты, экспорты және транзиті кезінде рұқсат нөмірі мен олар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық базасы;
5) асыл тұқымдық куәлік - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер сондай-ақ, асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мамандандырылған қоғамдық ұйымдар (қауымдастықтар) беретін сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) шығу тегін, өнімділігін және өзге де сапасын растайтын құжат.
3. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасына (нан, арқылы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын транзитін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға таралады.
4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсатты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары:
1) тиісті аумақтың эпизоотиялық жағдайын бағалауды, оның ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіру (сақтау) орнын;
2) кәсіпорынның немесе тұлғаның Кеден одағының аумағына әкелінетін бақылаудағы тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі ұйымдар мен тұлғалардың бірыңғай тізілімі) болуын;
3) Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды ескере отырып береді.
Рұқсат орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат ресімдеу үшін негіз болып табылады.
Рұқсат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша рұқсаттар тізілімінде тіркеуге жатады.
5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасуды (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуін (күнтізбелік 60 күнге дейін) басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, қарастыру және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына өтініш, сұрауларды және рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді түрде бас тарту мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен артық емес.
Уәкілетті органның ведомствосының сұрауды қарастыру және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тарту мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес.
6. Осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген мерзімде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат бермеген немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда рұқсат берілген деп саналады және уәкілетті органның ведомствосы 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат береді.
7. Импортқа рұқсаттың жарамдылық мерзімі әкелуге берілген рұқсатта айқындалған көлемде күнтізбелік жылды құрайды. Экспортқа және транзитке рұқсаттың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 60 күнтізбелік күннен артық емес.
2. Қазақстан Республикасының аумағына орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің экспорты мен импортына
рұқсатты ресімдеу және беру тәртібі
8. Заңды және (немесе) жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстыру болжалды басталғанға дейін, экспорт кезінде объектілердің шыққан (орналасу) жері бойынша, импорт кезінде - әкелу орны уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне мыналарды көрсете отырып жазбаша өтініш (еркін нысанда) (бұдан әрі - өтініш) береді:
1) заңды тұлғалар үшін атауы, мекен-жайы және ведомство берген өндіріс объектісінің есептік нөмірі (код), жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және есептік нөмір (код);
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері, оның өлшем бірлігі;
3) экспорттаушы ел (импорттаушы ел) және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан жері;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты, импорты кезінде қолдануға болжанатын көлік түрі;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдауды жүзеге асыру болжанатын елдердің мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жүру маршрутты;
6) импорттың, экспорттың мақсаттары (жануарлар үшін - өсіру және бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін - өткізуге, қайта өңдеуге; азық және азықтық қоспалар үшін - ол арналған жануарлар түрі);
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеуді, сатуды) жүзеге асыратын өндіріс объектілері мен олардың есептік нөмірін, Қазақстан Республикасы аумағындағы белгіленген пункті;
8) Жоғалу қаупі бар жабайы жануар және өсімдік түрлерінің халықаралық саудасы туралы 1973 жылғы 3 наурыздағы Конвенция (бұдан әрі - СИТЕС) ықпалына түсетін жоғалу қаупі бар және СИТЕС ықпалына түсетін тірі жануарларды, аң олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары болатын немесе бола алатын туындыларын енгізуде жануарлардың импортына, олардың бөліктері және (немесе) туындылары;
9) ветеринариялық препараттардың, азық және азықтық қоспалардың экспорты кезінде шыққан елі мен тіркеу куәлігінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күнін) және азықтық қоспаларды, ветеринариялық препараттарды көрсете отырып, өндіруші ұйым.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) экспорттаушы елдің ресми органы берген, малдың әрбір басына арналған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат көшірмесі (асыл тұқымды малды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде);
2) ветеринариялық зертханалық зерттеулердің сараптама актісі.
9. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттауға немесе импорттауға жазбаша өтінімді алуы бойынша импорттаушы елдің ветеринариялық талаптарын, объектінің сипаттамасын, тиісті аумақтағы (ауылдағы, аудандағы, қаладағы) эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің өтініште көрсетілген түрін экспорттау мүмкіндігін қарайды және:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің тасымалдарын тіркеу журналында өтінішті тіркеуді жүзеге асырады;
2) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ақпараттың болмау фактісі анықталған жағдайда ресімдеу рәсімі жетіспейтін мәліметтер алынған сәтке дейін тоқтатыла тұрады.
10. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінің өтінішті қарау мен уәкілетті органның ведомствосына өтінім жолдау немесе дәлелді түрде бас тарту мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
11. Өтінішті қарағаннан кейін және ветеринариялық-санитариялық қорытынды нәтижелерінің негізінде ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беруге өтінім жолдайды;
2) бас тарту себептерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат беруден дәлелді бас тарту шығарылады.
12. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) импорттаушы ел жануарларының жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жеке елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу;
2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын экспорттаушы елдің сақтамауы;
3) ұйымдар мен тұлғалардың бірыңғай тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы.
13. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (тұрған) жерінің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығы;
2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын орындаудың мүмкін болмауы;
3) ұйымдар мен тұлғалардың біріңғай тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның жоқ болуы.
14. Уәкілетті органның ведомствосы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау (импорттау) туралы өтінімді орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің тіркеу журналына ол түскен күні тіркейді, өтінімде бар мәліметтерді қарайды, талдайды және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына немесе оның орынбасарына шешім қабылдау үшін енгізеді.
15. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін келесі шешімдердің бірін шығарады:
1) ұйымдар мен тұлғалардың біріңғай тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның бар болуы шартымен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсатты (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауын, оның көлемін және жүру маршрутын, сондай-ақ, орны ауыстырылатын (тасымалданатын объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауын, мекен-жайын және ведомство берген өндірістік объектінің есептік нөмірін, жеке тұлғалар үшін тегін, атын, әкесінің атын және тұрғылықты мекен-жайын көрсете отырып, телетайпограмма түрінде) береді;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат беруден себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді бас тартады.
16. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуін (60 күнтізбелік күнге дейін) талап ететін рұқсаттарды қоспағанда өтінімдердің қарастырылу және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортқа, экспортқа рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуға тиісті өтінімдердің түскен күннен бастап мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес.
Уәкілетті органның ведомствосы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беру бойынша немесе оны беруден дәлелді бас тарту жөнінде шешім қабылдағаны туралы сұратуды жіберген ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне хабар береді, ал осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тізілімнен көшірмені ветеринариялық сертификаттағы импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірімен салыстырып тексеру үшін ветеринариялық бақылау бекетіне дейін жеткізеді.
17. Ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің тасымалдануын тіркеу журналында оның түскен күні импорттауға және экспорттауға рұқсат нөмірін тіркейді және оны ветеринариялық сертификатқа күнін көрсете отырып жазады.
Импорттауға, экспорттауға берілген рұқсаттар Кеден одағының сыртқы шекарасына электрондық түрде жолданады.
18. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттауға, импорттауға рұқсатты қолдану мерзімінің ішінде мынадай жағдайда кері қайтарады:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттаушының, экспорттаушының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу (соның ішінде қолдан жасалған ветеринариялық сертификаттарды ұсыну, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуін анықтау) фактілерінің анықталуы;
2) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайының өзгеруі.
3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орны ауыстырылатын(тасымалданатын) объектілерді транзиттеуге рұқсатты ресімдеу және беру тәртібі
19. Жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы транзиттеу әкелу кезінде Кеден одағының кедендік шекарасының өткізу пункті арқылы өту жоспарланған Кеден одағына мүше мемлекет берген транзиттеуге рұқсат арқылы жүзеге асырылады.
Бақылаудағы тауарлардың басқа түрлерін транзиттеу уәкілетті органдардың рұқсатынсыз жүзеге асырылады.
Үшінші мемлекеттер арқылы (Кеден одағына мүше мемлекеттердің шегінен тыс) транзиттеуге рұқсат алуды бақылаудағы тауар иесі уақытынан бұрын жүзеге асырады.
20. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді транзиттеуге рұқсатты ресімдеу уәкілетті органның ведомствосына импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының мыналар көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы жазбаша өтінімінің негізінде:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауы, мекен-жайы және өндіріс объектісінің ведомство берген есептік нөмірі; жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және есептік нөмірі;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері және оның өлшем бірлігі;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы ел және шыққан елі;
5) көлік түрі;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелу мен әкету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесі;
7) тиісті әкімшілік-аумақ бірлігінің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен не оның орынбасарымен келісілген, олардың аумағы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті жүзеге асырылатын, жануарлардың жүру маршрутты, аялдамалары, ауыстырып тиеу, азықтандыру (суару) орындары, тасу (айдау) жағдайлары көрсетіле отырып жүзеге асырылады.
4. Шағымдану тәртібі
21. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға, транзиттеуге рұқсат осы Қағидада белгіленген мерзімде берілмесе, өтінуші Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына немесе оның орынбасарына жазбаша түрде шағым жолдай алады.
Қабылданған шағым есеп және шағым журналында тіркеледі және "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтінушіге жазбаша түрде хабарланады.
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды
бағалауды ескере отырып, орны
ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілердің
экспортына, импортына және транзитіне
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына және транзитіне рұқсаттар тізілімі
№/№ |
Күні және рұқсат № |
Облыс |
Атауы, мекен-жайы және өндіріс объектісінің есептік нөмірі (заң.тұлға), аты, тегі және мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін) |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің атауы |
Орны ауыстырылат ын (тасымалдан атын) объектінің мөлшері, өлшем бірлігі |
Орны ауыстырылаты н (тасымалдана тын) объект қай жерден және қайда бағытталады, ҚР МШ өткізу пункттерін көрсету |
Тасымалда у түрі (импорт, экспорт, транзит) |
Көлік түрі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды
бағалауды ескере отырып, орны
ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілердің экспортына, импортына
және транзитіне рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
инспекторына
20 ____ ж. "___" №______ өтінім
_____________ АӨК МИК аймақтық инспекциясының ветеринариялық
(облыс, қала)
бөлімі экспорт/импортқа рұқсат беруді сұрайды
1. |
Жүк қабылдаушы (атауы, мекен-жайы, мемлекет) |
|
2. |
Жүк жөнелтуші (атауы, мекен-жайы, мемлекет) |
|
3. |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы |
|
4. |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан елі |
|
5. |
Өндіруші кәсіпорын (балық және балық өнімдерінің, теңіз өнімдерінің, ет және ет өнімдерінің экспорты, импорты атауы, Еврокоды) |
|
6. |
Көлік түрі (авто, т.ж, әуе, су, пошта) |
|
7. |
Жүріс маршруты (кедендік одаққа мүше мемлекеттердің және транзиттік мемлекеттердің Мемлекеттік шекарасының өткізу пункттері мемлекеттердің атауын көрсетіп) |
|
8. |
Мақсаты мен арналуы (өткізу, өңдеу, қайта өңдеу, жеке қолдану) |
|
9. |
Сақтау қоймаларының мекен-жайы, көлемі және жету пунктіндегі иесінің атауы |
|
10. |
Күні және транзитке рұқсат № (бар болса) |
|
11. |
Күні және СИТЕС-тің рұқсат № |
|
12. |
Белгілі бір орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге импорттаушы ел талаптарының толық көлемде орындалуына кепілдік беретін ветеринариялық сертификаттың болуы |
Қаланың/облыстың бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторы ________________ Т.А.Ә.
(қолы)
МО
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды
бағалауды ескере отырып, орны
ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілердің экспортына, импортына және
транзитіне рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
Қазақстан Республикасында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына және транзитіне рұқсаттар тізілімінің көшірмесі
берілген күні __________ қай уақытқа дейін _______ 20 _____ж.
№/ |
күні рұқсат № |
Облыс |
Атауы, мекен-жайы және өндіріс объектісінің есептік нөмірі (заң.тұлға), Т.А.Ә. және мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін) |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің атауы |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері, өлшем бірлігі |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект қай жерден және қайда бағытталады, ҚР МШ өткізу пункттерін көрсету |
Тасымалдау түрі (импорт, экспорт, транзит) |
Көлік түрі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |