Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және адамдарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына қабылдау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. ЖОО магистранттарының, докторанттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының азаматтары әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекет оларға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде осы деңгейдегі білімді тегін алу құқығын береді.
Егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, олар осы деңгейдегі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
Магистратурада, докторантурада және резидентурада шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде нысаналы даярлау шеңберінде оқуға үміткер тұлғалардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлау жүзеге асырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ЖОО-ларда жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 3 – 31 шілде кезеңінде жүргізіледі.
Магистратураға, резидентураға, докторантураға түсу емтихандары – 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 10-15 тамыз кезеңінде жүргізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі
Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Магистратураға және резидентураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. ЖОО-да құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.
Қабылдау комиссиясының құрамы ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.
9-1. Шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының магистратурасына, резидентурасына және докторантурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне және даярлау бейініне сәйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтулері қажет.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес танылады.
Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО немесе ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды:
1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеуді тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;
2) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;
3) интернатураны бітіргені туралы куәлікті (резидентураға түсу үшін);
4) осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);
5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
8) жеке куәлігінің көшірмесін;
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса) тапсырады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).11. Докторантураға кемінде 3 жыл еңбек өтілі және "магистр" дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген адамдар қабылданады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Докторантураға түсуші адамдар жоғары оқу орындарына мынадай құжаттарды:
1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесін;
4) осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);
5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса);
6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
8) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын басқа құжатты тапсырады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Түсу емтихандарын өткізу тәртібі
13. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын:
1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);
2) мамандық бойынша тапсырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13-1. Шет тілі бойынша түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жүргізеді.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратура мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Мамандық бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар мамандық бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖОО-да тапсырады.
Араб тілі бойынша емтиханды ауызша немесе жазбаша нысанда ЖОО басшысы белгілеген және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тәртіпке сәйкес ЖОО-ның емтихан қабылдау комиссиясы өткізеді.
Ескерту. Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).14. Мынадай емтихандар бойынша:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға, резидентураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде – ЖОО-да, резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да немесе ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Ұқсас мамандықтар бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).16. Мамандық бойынша немесе ұқсас мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары тиісті мамандық бойынша ғылым докторы немесе кандидаты, немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖОО мен ғылыми ұйымдар қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.
Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖОО немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).17. Шет тілі бойынша түсу емтихандарын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді өткізу кезінде тәртіп сақтауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері қамтамасыз етеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).18. ЖОО мен ғылыми ұйымдар емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға мамандықтар бойынша түсу емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.
19. Шет тілі бойынша түсу емтихандары ҰТО әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).20. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 701 қаулысымен.
21. Шет тілі бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін базалық ЖОО-ларда өткізіледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Түсу емтихандарын тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.23. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және әрбір ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.
24. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.
Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының немесе кешенді тестілеу нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).25. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).26. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
3. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау
Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
28. Магистранттар, резидентура тыңдаушылары және докторанттар қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28-1. Мынадай:
осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша - кемінде 50 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл, ал бейінді магистратураға, резидентураға шет тілі бойынша – кемінде 30 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл;
осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін – кемінде 19 балл, оның ішінде оқыту тілі бойынша – кемінде 8 балл, екінші тіл* бойынша – кемінде 2 балл, ағылшын тілі (бір дұрыс жауап таңдалатын) бойынша – кемінде 3 балл, ағылшын тілі (бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын) бойынша – кемінде 2 балл, оқыту тілі (бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын) бойынша – кемінде 4 балл жинаған тұлғаларды магистратураға, резидентураға, докторантураға қабылдау түсу емтихандарының немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шет тілі және мамандығы бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары:
1) ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура үшін – кемінде 150 балл;
2) бейінді магистратура және резидентура үшін – кемінде 130 балл жинаған тұлғалар қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ағылшын тілінде оқытатын бейінді магистратурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 25 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.
Осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар адамдарға 100 балдық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары балл қосылады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).29-1. Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер өтінішті ЖОО-ға 17 тамызға дейін береді. Өтініште оқуға түсуші мамандық пен білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеден ЖОО-ны көрсетеді.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға білім алуға арналған конкурсты мамандықтар бөлінісінде Республикалық конкурстық комиссия 22 тамызға дейін өткізеді.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар кешенді тестілеу сертификатының балдары негізінде беріледі. Кешенді тестілеу нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, басым құқық мамандық бойынша тестілеуден ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң білім алуға дайындығын айқындауға арналған тестінің нәтижелері; бұдан әрі – дипломға қосымшадағы GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) (алдыңғы білім деңгейі) және жұмыс өтілі ескеріледі.
Ескерту. Қағидалар 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).30. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.
32. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар жоғары оқу орындары арасында мамандықтар бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.
Бұл ретте, ең алдымен тиісті мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖОО-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу мамандықтар тобының ішінде жүзеге асырылады. Уәкілетті органның бұйрығы 30 қыркүйекке дейін шығарылады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.33. ЖОО мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша |
100 балдық бағалау жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкілі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
100 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар | 5 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар |
95-100 | Өте жақсы (5) |
90-94 | |
85-89 | Жақсы (4) |
80-84 | |
75-79 | |
70-74 | Қанағаттанарлық (3) |
65-69 | |
60-64 | |
55-59 | |
50-54 | |
30-49 | Қанағаттанарлықсыз (2)* |
0-29 |
*бейінді магистратурада және резидентурада шет тілі бойынша "қанағаттанарлықсыз" бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша |
100-балдық бағалау жүйесінің шәкілі
Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Тест түрлері | Тапсырма нысандары | Тапсырмалар саны | Тапсыру тілі | Балдар | Шекті балл |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | бір дұрыс жауап таңдалатын | 20 | Оқыту тілі | 20 | 8 |
10 | Екінші тіл* | 10 | 2 | ||
Мамандық бойынша тест | бір дұрыс жауап таңдалатын | 30 | Ағылшын тілі | 30 | 3 |
бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын | 10 | Ағылшын тілі | 20 | 2 | |
10 | Оқыту тілі | 20 | 4 | ||
Барлығы | - | 80 | - | 100 | 19 |
*егер оқыту тілі қазақ тілі болса, онда екінші тіл орыс тілі, егер оқыту тілі орыс тілі болса, онда екінші тіл тиісінше қазақ тілі болып табылады.