Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жартыжылда бір рет өткізіледі және егер оларға Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына:
мыналар:
Сарыбеков - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы ғылым вице-министрі,
Танысбай - Қазақстан Республикасының Байланыс
Ләззат Мұратқызы және ақпарат вице-министрі,
Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Мәдина Ерасылқызы даму және сауда вице-министрі,
Қанағатов - Қазақстан Республикасының Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы спорт вице-министрі,
Жақсығалиев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Қаныбек Сисенғалиұлы министрлігі Әкімшілік полициясы
комитетінің профилактикалық қызмет
басқармасының бастығы,
Мырзахметов - "Атамекен Одағы" Қазақстанның ұлттық
Абылай Исабекұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
бірлестігінің басқарма төрағасы
(келісім бойынша) енгізілсін;
мына:
"Сыдықов - "Қазақстан жастар конгресі" заңды
Нұрлан Ерболатұлы тұлғалар бірлестігінің атқарушы
директоры (келісім бойынша)",
"Соловьева - Қазақстан Республикасы Парламенті
Айгүл Сағадибекқызы Мәжілісінің депутаты, Қазақстан
Азаматтық альянсінің президенті (келісім
бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыдықов - "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық
Нұрлан Ерболатұлы партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар
қанаты" республикалық қоғамдық
бірлестігінің атқарушы хатшылығының
басшысы (келісім бойынша)",
"Соловьева - "Қазақстан Азаматтық альянсі"
Айгүл Сағадибекқызы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
(келісім бойынша)";
көрсетілген құрамнан Азат Тұрлыбекұлы Перуашев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов