"2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1711 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      002 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
      "24 658 296" деген сандар "23 707 900" деген сандармен ауыстырылсын;
      202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" әкімшісі бойынша:
      "12 758 542" деген сандар "11 808 146" деген сандармен ауыстырылсын;
      016 "Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құру 950 396" деген бағдарлама алынып тасталсын;
      003 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:
      201 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" әкімшісі бойынша:
      "Алматы қаласы" деген кіші бөлімде:
"

Алматы қаласындағы тергеу изоляторын реконструкциялау
және кеңейту (сметалық құжаттаманы түзету)

129 028

                                                              "

      деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
"

Алматы қаласындағы тергеу изоляторын реконструкциялау
және кеңейту

129 028

                                                               ";

      013 "Басқалар" функционалдық тобында:
      "12 151 284" деген сандар "13 101 680" деген сандармен ауыстырылсын;
      003 бағдарламада:
      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Министрлік үйінің "В" блогы ғимараттары арасындағы галерея (өткелі) 127 550" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"

202


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

950 396



оның ішінде инвестициялық жобаларға





Өзгелер




016

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құру

950 396

";

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      007 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
      "173 324 040" деген сандар "164 924 040" деген сандармен ауыстырылсын;
      619 "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі" әкімшісі бойынша:
      "172 544 296" деген сандар "164 144 296" деген сандармен ауыстырылсын;
      024 "Астана қаласының бюджетіне үлескерлер қатысқан аяқталмаған тұрғын үй объектілерін салуға қатысу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттер 8 400 000" деген бағдарлама алынып тасталсын;
      013 "Басқалар" функционалдық тобында:
      "15 546 000" деген сандар "23 946 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      014 бағдарламада:
      "Алматы қаласы 1 368 050" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"

619


Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

8 400 000



оның ішінде инвестициялық жобаларға




Өзгелер



024

Астана қаласының бюджетіне үлескерлер қатысқан аяқталмаған тұрғын үй объектілерін салуға қатысу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері

8 400 000

                                                                ".

      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов