«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20 және 292-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Салық органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1706 қаулысымен
бекітілген
Салық органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің
аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған
құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар
бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан
дәлелді бас тарту қағидалары
1. Осы Салық органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тиісті белгі қою не мұндай растаудан дәлелді бас тарту жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш нысанында (бұдан әрі – Өтініш) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін салық органдарының растау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілмеген жағдайларда ҚҚС және акциздің төленгенін растайтын Өтініштің төрт данасына белгі қоюды салық органы төрт данада қағаз тасығыштағы Өтініш және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттар салық органына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық төлеуші Салық кодексінің 276-22-бабына сәйкес Өтінішті (Өтініштерді) кері қайтарып алған жағдайда жаңадан табыс етілген Өтініштің (Өтініштердің) даналарына белгі қою не растаудан дәлелді бас тарту жаңадан табыс етілген қағаз тасығыштағы Өтініш (Өтініштер) және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттар (олар болған жағдайда) салық органдарына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
3. Белгі Өтініштің (Өтініштердің) екінші бөліміне қойылады және:
белгі қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен;
салық органы басшысының (басшының орынбасарының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қол қойылған күні көрсетіле отырып, оның қолымен;
салық органының атауы көрсетіле отырып, салық органының мөрімен куәландырылады.
4. Өтініштің бір данасы салық органында қалады, белгі қойылған үш данасы салық төлеушіге не оның өкіліне қайтарылады.
Бұл ретте салық төлеуші не оның өкілі Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді тіркеу журналына қол қойдырып Өтініштің тиісті үш данасын алады.
5. Белгі қоюдан бас тартқан жағдайда салық органы салық төлеушіге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша растаудан дәлелді бас тартуды жібереді, онда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), оларды жою туралы, сондай-ақ табыс етілген Өтінішті (Өтініштерді) кері қайтарып алу және жаңа Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) табыс ету қажеттігі туралы ұсыныс көрсетіледі. Дәлелді бас тартумен бір мезгілде салық заңнамасында көзделген камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі.
Растаудан дәлелді бас тартуды салық органы төрт данада қағаз тасығышта Өтініштің және Салық кодексінің 276-20-бабында көзделген құжаттар салық органына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Дәлелді бас тарту нысаны екі данада басып шығарылады. Бұл ретте дәлелді бас тартудың бір данасы салық органында қалады, екінші данасы Өтініштің үш данасымен бірге салық төлеушіге немесе оның өкіліне табыс етіледі.
6. Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС төлеу фактісін растаудан дәлелді бас тарту:
1) Өтініштерде көрсетілген мәліметтердің табыс етілген импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациядағы мәліметтерге сәйкессіздігі, соның ішінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтар сомасының Өтініште (Өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкессіздігі анықталған;
2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші табыс еткен Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардағы мәліметтерге сәйкессіздігі анықталған;
3) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініште көрсетілген деректер салық органына электронды түрде табыс етілген Өтініш деректеріне сәйкес келмеген;
4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініште (Өтініштерде) көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеген;
5) оған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетілген;
6) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініштер саны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер тізілімінде көрсетілген Өтініштердің санына сәйкес келмеген;
7) Өтініш Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес толтырылмаған;
8) Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеген жағдайларда жүзеге асырылады.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініштердің бірінде растаудан дәлелді бас тартылған жағдайда, растаудан дәлелді бас тарту осындай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген басқа Өтініштердің барлығы бойынша жүзеге асырылады.
Салық органдарының Кеден одағына мүше
мемлекеттердің аумағынан импортталған
тауарлар бойынша қосылған құн салығын
және импортталған акцизделетін тауарлар
бойынша акцизді төлеу фактісін растау не
растаудан дәлелді бас тарту қағидаларына
қосымша
Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған
тауарлар бойынша қосылған құн салықтарын және
импортталған акцизделетін тауарлар бойынша
акцизді төлеу фактісін растаудан дәлелді бас тарту
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабының 7-тармағының негізінде
_____________________________________________________________________
(Салық органының атауы)
Сізді _______________________________________________________________
салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні немесе атауы
СТН _____________________ ЖСН(БСН) __________________________________
(ол болса, толтырылады)
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (328.00 нысан) бойынша импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тарту туралы хабарлайды:
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі және күні:
Нөмірі ____________________________ Күні ____________________________
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің тіркеу нөмірі: ___________________________________________________
Импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі декларацияның тіркеу нөмірі: ___________________________________________________
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның түрі: ____________________________________________
Салық кезеңі: жылы _______________ айы ______
Мына себептер бойынша (тиісті торкөзде х көрсетіңіз):
1) Өтініштерде көрсетілген мәліметтердің табыс етілген импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациядағы мәліметтерге сәйкессіздігі, соның ішінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтар сомасының Өтініште (Өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкессіздігі
2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші табыс еткен Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардағы мәліметтерге сәйкессіздігі
3) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініште көрсетілген деректер салық органына электронды түрде табыс етілген Өтініш деректеріне сәйкес келмеген
4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініште (Өтініштерде) көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеген
5) оған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетілген
6) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініштер саны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер тізілімінде көрсетілген Өтініштердің санына сәйкес келмеген
7) Өтініш Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес толтырылмаған
8) Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеген
9) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініштердің бірінде растаудан бас тартылған
Анықталған бұзушылықтың мәні:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жоғарыда жазылғандардың негізінде Сізге табыс етілген Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу және жаңа Өтініш табыс ету қажет
Салық органының басшысы (Басшының орынбасары):
____________________________________________________
(аты-жөні) қолы
М.О.
Салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылғаны (жіберілгені) туралы белгі:
__________________________________________________________________
(салық органының лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)
Алғаны туралы белгі:
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні, қолы, күні)