Салық органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1706  Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-18-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1713 қаулысымен     
бекітілген        

Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн
салығының төленуін бақылау қағидалары

      1. Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлардың көрме-жәрмеңкелік саудасы бойынша қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) төленуін бақылау тәртібін көздейді.
      2. Қағидалардың әрекеті осы көрмелерде көрсетілетін тауарларды (заттарды) өткізу көзделмейтін көрмелерді ұйымдастыру мен өткізуге қолданылмайды.
      3. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының салық төлеушісі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) орналасқан орны бойынша салық органын оны өткізуді бастағанға дейін он жұмыс күні бұрын Кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылар тізімімен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы жазбаша хабарлайды.
      Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламаға:
      1) мақсаты мен бағдары көрсетіле отырып, басшы мен бас бухгалтердің (ол болған жағдайда) қолдарымен, сондай-ақ ұйымдастырушының мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған осындай көрме және/немесе жәрмеңке өткізу туралы көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы (ұйымдастырушылар) шешімінің көшірмесі;
      2) жылжымайтын мүлікті жалға алу (сатып алу-сату) шартының немесе жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу мақсатында жылжымайтын мүлікті пайдалану және (немесе) иелік ету және (немесе) билік ету құқығын растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжат;
      3) тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органымен көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу уақыты мен орнын келісуді растайтын құжат қоса беріледі.
      Көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұйымдастырушы жаңа хабарламаны берумен бір мезгілде бұрын берілген хабарламаны қайтарып алу жолымен жүргізіледі.
      4. Салық органдары көрме-жәрмеңкелік саудада өткізуге арналған тауарларға, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу орнына байқау жүргізеді.
      5. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі көрме-жәрмеңкелік саудада бұрын Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, ҚҚС төленбеген тауарларды сатып алған жағдайда, ҚҚС төлеуді көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушымен – Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісімен (төлеушісімен) тауарды сатып алу-сату шарты (келісімшарты) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.
      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген тауарды сатып алу-сату шартының (келісімшартының) бір данасын көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы – Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) ұйымдастырушыға береді.
      6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісімен тауарларды сатып алу-сату шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда мұндай тауарлар бойынша ҚҚС төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы жүзеге асырады.
      7. Көрме-жәрмеңкелік сауда аяқталған соң көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы орналасқан орны бойынша салық органына көрме-жәрмеңкелік сауда аяқталған айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы есепті (бұдан әрі – есеп) табыс етеді.
      8. Есепке:
      1) оның негізінде тауарлар көрме-жәрмеңкелік саудада өткізілген көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушымен (төлеушісімен) – Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісімен шарт (келісімшарт);
      2) ҚҚС төлегені туралы төлем құжаты;
      3) көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушының – Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (төлеушісінің) Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелгенін растайтын құжат;
      4) көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейін көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушының – Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (төлеушісінің) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарды әкеткенін растайтын құжат қоса беріледі.
      9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеуші табыс еткен көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы есеп негізінде салық органы бюджет сыныптамасының кодтары бойынша салық төлеушінің тиісті дербес шоттарына ҚҚС есептеуді жүргізеді.
      Салық төлеуші көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша есепті табыс етпеген жағдайда, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламаның негізінде салық органы бюджет сыныптамасының кодтары бойынша салық төлеушінің тиісті дербес шоттарына ҚҚС есептеуді жүргізеді.