«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiліп отырған Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1693 қаулысымен
бекiтiлген
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу – осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, көлемін шектемей дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен, өткізумен (халыққа дәрілік заттарды өткізуді қоспағанда) жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу – осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен, (әкетуден басқа), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы – қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушының қолдануына дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет;
4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу объектілері (бұдан әрі – көтерме саудада өткізу объектілері) – дәріхана қоймасы, дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы;
6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу объектілері (бұдан әрі – бөлшек саудада өткізу объектілері) – алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана, дәріхана пункті, шалғайдағы елді мекендерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені және оптика дүкені.
3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуді фармацевтикалық қызметке және көтерме саудада өткізу объектісіне лицензияға қосымшаларды алған субъектілер жүзеге асырады.
4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді фармацевтикалық қызметке және бөлшек саудада өткізу объектісіне лицензияға қосымшалар алған субъектілер жүзеге асырады.
5. Сапасыз дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың келіп түсуінің алдын алу және сақтау мен өткізу кезінде олардың сапасының төмендеуін болдырмау мақсатында көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілерінің мамандары:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қабылдау және өткізу кезінде сапасын бақылауды;
2) мыналарды:
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау қағидалары мен мерзімдерін қамтамасыз ету мен сақтауды;
жарамдылық мерзімі шектеулі дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алуды жүргізуді;
сәйкестік сертификаттарының қолданылу мерзімдерін есепке алуды жүргізуді;
жазылған дозалардың сәйкестігін, бір уақытта босату нормаларын тексеруді, рецептілердің дұрыс жазылып берілуін тексеруді, жарамдылық мерзімін, жазып берілген дәрілік заттардың үйлесімділігін тексеруді қамтамасыз етуді;
таразылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығы мен дәлдігін қамтамасыз етуді қамтитын алдын алу іс-шараларды;
3) дәрілік заттарды дайындау құқығы бар дәріханаларда:
дәріханаішілік бақылаудың барлық түрлері;
дәрілік нысандарды дайындау технологиясын сақтау қосымша жүргізіледі.
6. Көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілері мемлекеттік және орыс тілдерінде субъектінің атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны және жұмыс режимі көрсетілген маңдайша жазуының болуын қамтамасыз етеді.
Көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілерінде халықтың танысуы үшін ыңғайлы жерде:
1) фармацевтикалық қызметке лицензиясының және оған тиісті қосымшаның көшірмелері;
2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің телефондары және мекенжайлары туралы ақпарат;
3) пікірлер мен ұсыныстар кітабы;
4) фармацевтикалық анықтама қызметінің телефон нөмірлері туралы ақпарат орналастырылады;
5) сонымен бірге, бөлшек саудада өткізу объектілерінде:
«Дәрілік заттар балаларға босатылмайды», «Дәрігердің рецептісі бойынша босатылуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады», «Дәрілік заттар қайтарылмайды және ауыстырылмайды» деген сипаттағы ақпарат;
дәріханада дайындалатын (дайындау құқығы бар дәріханалар үшін) дәрілік препараттарды сақтау мерзімдері туралы ақпарат;
дәрілік заттар тегін немесе жеңілдікті шарттармен босатылатын бөлшек саудада өткізу объектілерінде белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың, бейімделген емдік өнімдердің тізбесі туралы ақпарат орналастырылады;
халыққа қызмет көрсету залында сөрелер, ақпараттық стенділер ресімделеді, жарнамалық ақпарат (профилактикалық сипаттағы парақтар, буклеттер) орналастырылады.
7. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен тиісті шарттары бар, бөлшек саудада өткізу объектілерінде тиісті денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен тегін және (немесе) жеңілдікті берілетін дәрілік заттар рецептілеріне қол қоюға құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізімдері және қол қою үлгілері орналастырылады.
8. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың айналысының ерекшеліктері есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
9. Көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілері кіріске алынған және ресімделген құжаттары бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өткізуді жүзеге асырады.
10. Көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілерінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы саны мен сапасы бойынша қабылдау өнім берушінің ілеспе құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қабылдау кезінде көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілерінің мамандары:
1) ыдыстардың саны, жинақтылығы, бүтіндігінің сәйкестігі, қаптамалардың, таңбалардың нормативтік құжаттарға сәйкестігі, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды медициналық қолдану жөніндегі тұтынушыларға арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде нұсқаулықтың болуын; медициналық техниканы пайдалану құжатының болуын;
2) сәйкестік сертификатының, оның жарамдылық мерзімінің және босатылатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника партиясының (сериясы) және сәйкестік сертификаты нөмірінің ілеспе құжаттарда көрсетілген партиямен (сериямен) және нөмірмен сәйкес болуын бақылайды.
11. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника оларды өткізгенге дейін ашуға, сұрыптауға және тексеріп-қарауға, қажет болған жағдайда зауыт майынан тазартылуға, жинақталуын тексеруге, жиналуға, реттеуге жатады.
12. Ілеспе құжаттарға сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі біткен, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден және сертификаттаудан өтпеген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника тиісті шаралар қабылданғанға дейін басқа дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникадан бөлек көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілерінде сақталады және өткізуге тыйым салу туралы затбелгімен жабдықталады.
2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу тәртібі
13. Дәріхана қоймасында, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу жүзеге асырылады. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қоймасында медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу жүзеге асырылады.
14. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу кезінде дәріхана қоймасынан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қоймасынан ілеспе құжаттар жазылып беріледі.
15. Ілеспе құжат субъект басшысының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның, бас бухгалтердің, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дәріхана қоймасынан немесе медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника қоймасынан босатқан тұлғаның қолымен расталады. Ілеспе құжатты түзетуге, қосып жазуға, қолмен жөндеуге рұқсат етілмейді.
16. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу кезінде ілеспе құжатта дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрбір атауына және партиясына (сериясына) сәйкестік сертификатының нөмірі және оның қолданылу мерзімі көрсетіледі.
17. Сәйкестік сертификаты немесе оның көшірмесі көтерме сауда объектілерінде дәрілік заттың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сақталады және тұтынушылар және мемлекеттік бақылау органдары үшін қолжетімді болады.
18. Дәріхана қоймасында, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қоймасында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың атауы, дозалануы, өлшеп-оралуы, елі және өндіруші, өнім берушінің және қабылдаушының атауы мен мекенжайы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың алынған және босатылған саны тіркелетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жазбаша және электронды түрде сериялық есебі жүргізіледі.
19. Дәрілік заттардың субстанциялары тиісінше дәріханаларға және дәрілік заттарды дайындауға және өндіруге лицензиясы бар өндіруші ұйымдарға көтерме саудада босатылады.
20. Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы аумақтарында сатуға арналмаған, Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкасынан өзгеше кедендік баж ставкалары бойынша үшінші елдерден Қазақстан Республикасына келетін импорттық фармацевтикалық өнімді көтерме саудада өткізу жүзеге асырылады.
3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу тәртібі
21. Дәріханада, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пунктінде, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пунктінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу жүзеге асырылады. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкенінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу жүзеге асырылады. Оптика дүкенінде оптиканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу жүзеге асырылады.
22. Аудандық орталық шалғайдағы дәріханасы жоқ елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді субъектілер алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы жүзеге асырады.
Бұл ретте фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасының сақталуын, қауіпсіздігін және тиімділігін аттестатталған медициналық білімі бар мамандар қамтамасыз етеді.
23. Витринаға дәрігердің рецептісінсіз өткізілетін дәрілік заттар қойылады.
24. Рецептіде немесе қажетті емдеу курсында көрсетілген мөлшерде дәрілік заттарды босату қажет болған жағдайда бастапқы (ішкі) қаптаманы қоспағанда, дәріхана қаптамасына фармацевтикалық қызмет объектісін, дәрілік заттың атауын, санын, дозасын, сериясын, өндіруші елді көрсете отырып, оның атауын, препараттың жарамдылық мерзімін, қолдану тәсілін сақтық шараларын міндетті түрде көрсете отырып, екінші (сыртқы) түпнұсқа қаптамасын бұзып өткізуге жол беріледі.
25. Халыққа дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық айғақтар болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері өз құзыреті шегінде рецептісіз және жазып берген және ресімдеген рецептісі бойынша жүзеге асырылады.
26. Дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен тегін немесе жеңілдікті қамтамасыз етілуге құқылы науқастардың жекелеген санаттары үшін тегін немесе жеңілдікті шарттарда дәрілік заттарды алуға халыққа дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкілерде жазылып берілетін рецепт бойынша жүзеге асырылады.
27. «Есірткі, психотроптық заттар прекурсорлары және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада берілген медициналық мақсатта пайдаланатын және бақылаудағы есірткі және психотроптық заттар тізімінің ІІ кестесінің есірткі және психотроптық заттары бар дәрілік заттарды халыққа бөлшек саудада өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкілерде жазылып берілетін рецепт бойынша жүзеге асырылады.
28. «Есірткі, психотроптық заттар прекурсорлары және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада берілген, медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есірткі және психотроптық заттар тізімінің ІІІ кестесінің психотроптық заттары бар дәрілік заттарды халыққа бөлшек саудада өткізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкілерде жазылып берілетін рецепт бойынша жүзеге асырылады.
29. Рецептіде осы Қағидаларға 3-қосымшаға қөрсетілген қысқартуға рұқсат етіледі.
30. Дәрігер бір реттік жоғары мөлшерден асатын дозадағы дәрілік затты жазып берген кезде рецептіде дәрілік заттың дозасын жазбаша жазып, леп белгісімен белгілейді. Дәрігер осы талапты сақтамаған жағдайда фармацевтикалық қызметкер жазып берілген дәрілік заттың белгіленген бір реттік жоғары мөлшердегі дозаның жартысын босатады.
31. Дәріханада, дәріхана пунктінде дәрігердің рецептісінде жазылған дәрілік зат болмаған жағдайда көтерме саудада өткізу объектісінің маманы пациенттің және (немесе) емдеуші дәрігердің келісімі бойынша оны фармакологиялық баламасымен ауыстыруды жүзеге асырады.
Дәріханада, дәріхана пунктінде қажетті дәрілік зат болмаған жағдайда маман дәрігердің келісімінсіз ассортиментте бар, халықаралық патенттелмеген атауымен дәрілік заттың синонимін ұсынады.
32. Маман дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу кезінде пациентке:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс және ұтымды қолдану немесе пайдалану;
2) дәрілік заттардың мүмкін болатын жанама әсерлері мен қарсы айғақтары;
3) басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі, оларды қолдану немесе пайдалану кезіндегі сақтық шаралары;
4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы үй жағдайында сақтау қағидалары мен жарамдылық мерзімі;
5) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы пайдалану қағидалары, жинақтылығы бойынша ақпаратты ұсынады.
33. Ресімдеу талаптарына сай келмейтін және (немесе) құрамында үйлеспейтін компоненттер бар дәрілік зат бар рецепт жарамсыз деп саналады және дәріханада, дәріхана пунктінде қалдырылады.
Бұл ретте бөлшек саудада өткізу объектісінің маманы құрамында үйлеспейтін компоненттер бар дәрілік заттарды қоспағанда, науқасқа жазып берілген дәрілік затты босатады.
34. Жарамсыз рецептілерге «Рецепт жарамсыз» деген мөр қойылады, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызмет объектісі басшысының қолымен және дәріхананың, дәріхана пунктінің мөрімен бекітіліп, нөмірленіп және тігіліп, дұрыс жазып берілмеген рецептілерді есепке алу журналында тіркеледі.
35. Дұрыс жазып берілмеген рецептілер туралы ақпарат тиісті медициналық ұйымның басшысына және (немесе) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың тиісті жергілікті органдарына беріледі.
36. Дәріханада, дәріхана пунктінде дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімдері:
1) тегін және жеңілдікті шарттарда босатылған дәрілік заттарды – 3 жыл;
2) құрамында 8-оксихинолиннің туындылары, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидинге, анаболиялық стероидтер бар дәрігерлік заттарға – 3 ай.
37. Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін рецептілер жоюға жатады.
38. Рецептілерді жою үшін құрамында дәріхананың, дәріхана пунктінің басшысы және материалдық жауапты тұлғалар болатын комиссия құрылады.
Комиссия жою туралы акт жасайды, онда жойылған рецептілердің саны жазбаша көрсетіледі.
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы көтерме
және бөлшек саудада өткізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Форма
Формат А6
А6 форматы
Нысанның БҚСЖ бойынша коды |
Код формы по ОКУД |
КҰЖЖ бойынша ұйым коды |
Код организации по ОКПО |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
Қазақстан Республикасы |
|
Ұйымның атауы |
Медицинская документация |
Ұйымның мөртабаны, шифры
Штамп, шифр организации
РЕЦЕПТ
БАЛАҒА АРНАЛҒАН ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН
ДЛЯ РЕБЕНКА ДЛЯ ВЗРОСЛОГО
(астын сызу керек - подчеркнуть)
20__ ж. «____»___________
__________________________
(рецептінің жазылған күні - дата выписки рецепта)
Науқастың Т.А.Ә., жасы (Ф.И.О. больного, возраст) _____________
_____________________________________________________________________
Дәрігердің Т.А.Ә. (Ф.И.О. врача) ______________________________
_____________________________________________________________________
Rр. |
Rp. |
D.S. ________________________________________________________________
Рецептінің жарамдылығы (рецепт действителен): 10 күн (дней), 1 ай (месяц), арнайы тағайындау бойынша: «апта сайын» немесе «ай сайын» (по специальному назначению: «еженедельно» или «ежемесячно») (керегінің астын сызу керек - нужное подчеркнуть)
ДӘРІГЕРДІҢ ҚОЛЫ МЕН ЖЕКЕ МӨРІ _________________________
м.о.
ПОДПИСЬ И ЛИЧНАЯ ПЕЧАТЬ ВРАЧА
м.п.
Құрамында психотроптық заттар бар дәрілік заттар үшін
Для лекарственных средств, содержащих психотропные вещества
Бөлімше меңгерушісінің қолы,
Ұйымның мөрі «Рецептілер үшін» _____________________________
м.о.
Подпись заведующего отделением,
Печать организации "Для рецептов" __________________________
м.п.
Келесі беттегі 130/е. н.
Оборот ф. 130/у
Жеке дайындалған препараттардың № |
Дәріхананың мөртабаны (штамп аптеки) |
||
Қабылдады (принял) |
Дайындады (приготовил) |
Тексерді (проверил) |
Босатты (отпустил) |
Дәрігердің жадынамасы
1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісінің шифры баспаханалық тәсілмен басылады немесе мөртабан қойылады.
2. Рецепт шарикті қаламмен латын тілінде, анық, түсінікті жазылады, түзетуге тыйым салынады.
3. Бір бланкіге жазылып берілуі мүмкін:
а) құрамында 8–оксихинолиннің туындылары, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидин, анаболикалық стероидтер, Тізімнің III, IY Кестелерінің есірткі, психотроптық заттары мен прекурсорлары бар бір дәрілік зат;
б) қалған дәрілік заттарға бір, екі дәрілік зат.
4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларында қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат етіледі.
5. Қатты, сусымалы заттар грамда (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар - миллилитрде, грамдар мен тамшыларда жазылып беріледі.
6. Қолдану тәсілі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылады.
7. «Ішке», «Сыртқа», «Белгілі» және басқа да жалпы нұсқаулармен шектеуге рұқсат етілмейді.
8. Рецептіні толтырған кезде (ересекке арналған, балаға арналған) қажеттісінің астын сызу керек.
9. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында жазылып берілген рецептілер республиканың барлық аумағында:
а) құрамында 8–оксихинолин туындылары, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидин, анаболикалық стероидтер бар дәрілік заттар жазылып берілген күнінен бастап - 10 күннің ішінде;
б) тұрақты (ұзақ) емдеуді қажет ететін науқастарға (а) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) - үш айға дейін жарамды. Бұл ретте «Арнайы тағайындалған» деген жазудың және дәрілердің дәріханадан, дәріхана пунктінен босату мерзімдері («апта сайын» немесе «ай сайын») асты сызылып, рецептіні жазып берген дәрігердің қолымен және оның жеке мөрімен бекітіледі;
в) қалған рецептілер жазып берілген күнінен бастап бір айға дейін жарамды.
10. Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.
11. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісінің лауазымды тұлғасы және жеке медициналық практиканы жүзеге асыратын жеке тұлға құрамында психотроптық заттар бар дәрілік заттарды алуға арналған рецептіні өзінің қолымен және ұйымның мөрімен (жеке медициналық практиканы жүзеге асыратын жеке тұлғаның) мөрімен растайды.
12. Фельдшерлік-акушериялық пункттің меңгерушісі құрамында психотроптық заттар бар дәрілік заттарды алуға арналған рецептіні өзінің қолымен және фельдшерлік-акушериялық пункттің мөрімен растайды.
13. Ауылдық елді мекендердегі пункттерде, дәрігерлер болмаған жағдайда, рецептілер науқастарды амбулаториялық қабылдауды жүргізетін орта медициналық білімі бар қызметкер жазып береді.
14. Стационарлық жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарға рецептілерді жазуға рұқсат етілмейді.
Памятка врачу
1. Шифр объекта первичной медико-санитарной помощи печатается типографским способом или ставится штамп.
2. Рецепт выписывается на латинском языке, разборчиво, четко, шариковой ручкой, исправления запрещаются.
3. На одном бланке может быть выписано:
а) одно лекарственное средство содержащее производные 8-оксихинолина, ядовитые вещества, гормональные стероиды, клонидин, анаболические стероиды;
б) одно, два лекарственных средства на остальные лекарственные средства.
4. Разрешаются только принятые Правилами оптовой и розничной реализации лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники рецептурные сокращения.
5. Твердые сыпучие вещества выписываются в граммах (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), жидкие - в миллилитрах, граммах и каплях.
6. Способ применения указывается на государственном или русском языках.
7. Не допускается ограничиваться общими указаниями:«Внутреннее», «Наружное», «Известно» и другие.
8. При заполнении подчеркнуть предназначение рецепта (для взрослого, для ребенка).
9. Рецепты, выписанные в организациях здравоохранения Республики Казахстан, действительны на территории всей республики:
а) на получение лекарственных средств, содержащих производные 8-оксихинолина, ядовитые вещества, гормональные стероиды, клонидин, анаболические стероиды - в течение 10 дней со дня их выписывания;
б) больным, нуждающимся в постоянном (длительном) лечении (за исключением случаев, указанных в пункте а) - до трех месяцев. При этом, подчеркиваются надписи «По специальному назначению» и по периодичности отпуска лекарств из аптеки, аптечного пункта («еженедельно» или «ежемесячно»), скрепляются подписью и личной печатью врача, выписавшего рецепт;
в) остальные рецепты - в течение одного месяца со дня их выписывания.
10. Подпись врача должна быть заверена его личной печатью.
11. Должностное лицо объекта первичной медико-санитарной помощи и физическое лицо, осуществляющее частную медицинскую практику, заверяют рецепт на получение лекарственных средств, содержащих психотропные вещества, своей подписью и печатью организации (печатью физического лица, осуществляющего частную медицинскую практику).
12. Заведующий фельдшерско-акушерским пунктом заверяет рецепт на получение лекарственных средств, содержащих психотропные вещества, своей подписью и печатью фельдшерско-акушерского пункта.
13. В сельских населенных пунктах, в случае отсутствия врачей, рецепты выписываются работниками со средним медицинским образованием, ведущими амбулаторный прием больных.
14. Не разрешается выписывать рецепты на лекарственные средства, предназначенные для оказания гарантированного объема бесплатной медицинской помощи в условиях стационара.
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы көтерме
және бөлшек саудада өткізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Форма
А6 форматы
Нысанның БҚСЖ бойынша коды |
Код формы по ОКУД |
КҰЖЖ бойынша ұйым коды |
Код организации по ОКПО |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
Қазақстан Республикасы |
Ұйымның атауы |
Медицинская документация |
ТҮБІРТЕК–КОРЕШОК Түбіртек денсаулық сақтау ұйымында қалдырылады да, кейін бухгалтерияға тапсырылады D.S. __________________________________________________________ Дәрігердің Т.А.Ә. (Ф.И.О. врача) ______________________________________________ Формат А6
|
к е с у с ы з ы ғ ы - л и н и я о т р е з а |
Ұйымның мөртабаны, шифры
штамп, шифр организации
ТЕГІН НЕМЕСЕ ЖЕҢІЛДІКТІ РЕЦЕПТ
РЕЦЕПТ БЕСПЛАТНЫЙ или ЛЬГОТНЫЙ
(астын сызу керек - подчеркнуть)
СЕРИЯ _________________ № __________ «____» _______ 20____ жыл (год)
(рецептінің жазылған күні, дата выписки рецепта)
БАЛАҒА АРНАЛҒАН (ДЛЯ РЕБЕНКА) ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН (ДЛЯ ВЗРОСЛОГО)
(астын сызу керек - подчеркнуть)
ТЕГІН ТӨЛЕМІ ________ %
БЕСПЛАТНО ОПЛАТА ________________ %
Науқастың Т.А.Ә., жасы (Ф.И.О. больного, возраст)________
____________________________________________________________
Диагнозы (диагноз)___________________________________________
____________________________________________________
Үйінің мекенжайы (домашний адрес)____________________________
_______________________________________________________________
Медициналық кұжаттама (Медицинская документация) № __________
Дәрігердің Т.А.Ә. (Ф.И.О. врача)_______________________________
Теңге: тиын: Rp: _____________________________________________
_______________________________________________________________
D.S.
______________________________________________________________
Дәрігердің қолы мен жеке мөрі м.о.
Подпись и личная печать врача _________________ м.п.
Келесі беттегі 132/е. н.
Оборот ф. 132/У
Жеке дайындалған препараттардың № |
Дәріхананың мөртабаны (штамп аптеки) |
||
Қабылдады (принял) |
Дайындады (приготовил) |
Тексерді (проверил) |
Босатты (отпустил) |
Дәрігердің жадынамасы
1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісінің шифры баспаханалық тәсілмен басылады немесе мөртабан қойылады.
2. Рецепт шарикті қаламмен латын тілінде, анық, түсінікті жазылады, түзетуге тыйым салынады.
3. Бір бланкіге бір дәрілік зат жазылып берілуі мүмкін.
4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларында қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат етіледі.
5. Қатты, сусымалы заттар грамда (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар - миллилитрде, грамдар мен тамшыда жазылып беріледі.
6. Қолдану тәсілі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылады.
7. «Ішке», «Сыртқа», «Белгілі» және басқа да жалпы нұсқаулармен шектеуге рұқсат етілмейді.
8. Рецептіні толтырған кезде (ересекке арналған, балаға арналған) қажеттісінің астын сызу керек.
9. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттар республиканың әкімшілік–аумақтық бірлік шегінде (аудан, қала, облыс), олар жазып берілген күнінен бастап 10 күн ішінде жарамды.
10. Тегін босатылатын рецептіні толтырған кезде қажеттісінің астын сызып немесе жеңілдікпен босатылатын рецептіні толтырған кезде қажеттісінің астын сызып және жеңілдіктердің пайызын көрсету керек.
11. Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.
12. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісінің лауазымды тұлғасы және жеке медициналық практиканы жүзеге асыратын жеке тұлға құрамында психотроптық заттар бар дәрілік заттарды алуға арналған рецептіні өзінің қолымен және ұйымның мөрімен (жеке медициналық практиканы жүзеге асыратын жеке тұлғаның мөрімен) растайды.
13. Фельдшерлік-акушериялық пункттің меңгерушісі тегін немесе жеңілдікті шарттарда дәрілік заттарды алуға рецептіні өзінің қолымен және фельдшерлік-акушериялық пункттің мөрімен растайды.
14. Ауылдық елді мекендердегі пункттерде, дәрігерлер болмаған жағдайда тегін немесе жеңілдікті шарттарда дәрілік заттарды алуға рецептіні науқастарды амбулаториялық қабылдауды жүргізетін орта медициналық білім бар қызметкерлер жазып береді.
Памятка врачу
1. Шифр объекта первичной медико-санитарной помощи печатается типографским способом или ставится штамп.
2. Рецепт выписывается на латинском языке, разборчиво, четко, шариковой ручкой, исправления запрещаются.
3. На одном бланке может быть выписано одно лекарственное средство.
4. Разрешаются только принятые Правилами оптовой и розничной реализации лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники рецептурные сокращения.
5. Твердые сыпучие вещества выписываются в граммах (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), жидкие - в миллилитрах, граммах и каплях.
6. Способ применения указывается на государственном или русском языках.
7. Не допускается ограничиваться общими указаниями: «Внутреннее», «Наружное», «Известно» и другие;
8. При заполнении подчеркнуть предназначение рецепта (для взрослого или для ребенка).
9. Рецепты, выписанные в организациях здравоохранения Республики Казахстан на бесплатный или льготный отпуск лекарственных средств действительны в пределах административно-территориальной единицы республики (район, город, область) в течение 10 дней со дня их выписывания.
10. При заполнении рецепта бесплатно нужное подчеркнуть или на льготных условиях нужное подчеркнуть и указать процент льгот.
11. Подпись врача должна быть заверена его личной печатью.
12. Должностное лицо объекта первичной медико-санитарной помощи и физическое лицо, осуществляющее частную медицинскую практику, заверяют рецепт на получение лекарственных средств бесплатно или на льготных условиях своей подписью и печатью организации (печатью физического лица, осуществляющего частную медицинскую практику).
13. Заведующий фельдшерско-акушерским пунктом заверяет рецепт на получение лекарственных средств бесплатно или на льготных условиях своей подписью и печатью фельдшерско-акушерского пункта.
14. В сельских населенных пунктах, в случае отсутствия врачей, рецепты на получение лекарственных средств бесплатно или на льготных условиях выписываются работниками со средним медицинским образованием, ведущими амбулаторный прием больных.
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы көтерме
және бөлшек саудада өткізу
қағидаларына
3-қосымша
Негізгі рецептуралық қысқартулар
Қысқартулар |
Толық жазылуы |
Аудармысы |
aa |
ana |
бойынша, тең бөлінген |
ac. acid. |
acidum |
қышқыл |
amp. |
ampulla |
ампула |
aq. |
аqua |
су |
aq. purif. |
aqua purificata |
тазартылған су |
but. |
вutyrum |
май (қатты) |
comp., cps. |
сompositus (a, um) |
күрделі |
D. |
Da, Detur, Dentur |
Бер. Берілетін болсын. Осылар берілетін болсын |
D.S. |
Da, Signa; Detur, Signetur |
Бер, белгіле. Берілетін, белгіленетін болсын. Берілсін, белгіленсін |
D.t.d. |
Da (Dentur) tales doses |
Осындай дозаларды бер (берілетін болсын) |
Dec. |
Decoctum |
Қайнатпа |
dil. |
dilutus |
Ерітілген |
div. in p.aeq |
divide in partes aequales |
тең бөліктерге бөл |
emuls |
emulsum |
Эмульсия |
extr. |
extractum |
сығынды, сорып алынған |
f. |
fiat (fiant) |
түзілетін болсын (түзілсін) |
gtt. |
gutta, guttae |
тамшы, тамшылар |
inf. |
infusum |
Тұнба |
in amp. |
in ampullis |
Ампулаларда |
in caps.gel. |
in capsulis gelatinosis |
желатинді капсулаларда |
in tabl. |
in tab(u)lettis |
Таблеткаларда |
lin. |
linimentum |
сұйық жақпа май |
liq. |
liquor |
Сұйықтық |
M. pil. |
massa pilularum |
пилюльдік масса |
M. |
Misce; Misceatur |
Араластыр. Араластырылатын болсын. Араластырылсын |
№. |
numero |
Санмен |
ol. |
oleum |
май (сұйық) |
pil. |
pilula |
Пилюля |
p.aeq. |
partes aequales |
тең бөліктер |
pulv. |
pulvis |
Ұнтақ |
q.s. |
quantum satis |
қанша қажет етілсе, қанша керек |
r., rad. |
radix |
Тамыр |
Rp. |
Recipe |
Ал |
Rep. |
Repete. Repetatur |
Қайтала. Қайталанатын болсын |
rhiz. |
rhizoma |
сала тамыр |
S. |
Signa. Signetur |
Белгіле. Белгіленетін болсын |
sem. |
semen |
Ұрық |
simpl. |
simplex |
Қарапайым |
sir. |
sirupus |
Шырын |
sol. |
solutio |
Ерітінді |
supp. |
suppositorium |
Балауыз |
tabl. |
tab(u)letta |
Таблетка |
t-ra, tinct., tct. |
tinctura |
Тұнба |
ung. |
unguentum |
жақпа май |
vitr. |
vitrum |
шыны ыдыс |
10pt}, praec. |
praecipitatus |
Тұнған |
past. |
pasta |
Паста |
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы көтерме
және бөлшек саудада өткізу
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Форма
Форматы А4
Нысанның БҚСЖ бойынша коды |
Код формы по ОКУД |
КҰЖЖ бойынша ұйым коды |
Код организации по ОКПО |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
Қазақстан Республикасы |
Ұйымның атауы |
Медицинская документация |
Дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді тіркеу журналы
Журнал учета неправильно выписанных рецептов
№ |
Күні дата |
Денсаулық сақтау ұйымының атауы Наименование организации здравоохранения |
Дәрігердің Т.А.Ә. Ф.И.О. врача |
Рецептінің құрамы Содержание рецепта |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
кестенің жалғасы
Анықталған бұзылушылықтар Выявленные нарушения |
Қабылданған шаралар Принятые меры |
Дәріхананың, дәріхана пункті маманының Т.А.Ә. Ф.И.О. специалиста аптеки, аптечного пункта |
6 |
7 |
8 |