Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 және "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1686 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі Ләззат Мұратқызы Танысбай Қазақстан Республикасының «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.»;
      2) «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат):
      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрамына мыналар енгізілсін:

Танысбай                  - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Ләззат Мұратқызы            ақпарат вице-министрі, төрағаның
                            орынбасары

Кемербаев                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Тимур Тоқанұлы              министрлігі Штабтар бастықтары
                            комитетінің байланыс бас басқармасының
                            бастығы;
      мына:

«Нығматулин               - Қазақстан Республикасының Парламенті
Ерлан Зайроллаұлы           Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Нығматулин               - Қазақстан Республикасының Парламенті
Ерлан Зайроллаұлы           Сенатының депутаты (келісім бойынша)»;
      көрсетілген құрамнан Нұрай Нұрғожаұлы Оразов, Уәлихан Қалижанұлы Қалижанов, Майра Арапқызы Айсина, Алдан Зейноллаұлы Смайыл, Айгүл Сағадыбекқызы Соловьева, Әміржан Нұрышұлы Түсіпбеков шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов