"Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1685 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесі мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Осы Ереженің 7-тармағына сәйкес жүргізілген кедендік әкету бажы ставкасының көлемін есептеу нәтижесі үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді.»;
      2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағандағы «2709 00 900» деген сандар «2709 00 900 6» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Баж ставкасы (1 тонна үшін доллармен)
      40
      164,97
      109,98
      109,98
      109,98».
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінін Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін
      3. Осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін екінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов