"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған дериваттар тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1597 қаулысымен
бекітілген
Дериваттар тізбесі*
Р/с |
Жануарлардан алынған дериваттар атауы |
|
1 |
Галантереялық бұйымдар |
|
2 |
Май |
|
3 |
Уылдырық |
|
4 |
Тері |
|
5 |
Қан |
|
6 |
Медициналық препараттар |
|
7 |
Аю еті |
|
8 |
Балықтардың жыныстық бездері (гонадалары) |
|
9 |
Кәдесый бұйымдары |
|
10 |
Тұлып |
|
11 |
Зергерлік бұйымдар |
|
12 |
Жұмыртқа |
|
13 |
Су омыртқасыздарының жұмыртқалары |
*Ескертпе: Дериваттар тізбесі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның талаптарын орындау үшін әзірленген.