Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1575 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1575 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
      1-тармақта:
      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      Ахметов                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
      Рүстем Нұрланұлы          монополияларды реттеу агенттігінің
                                жауапты хатшысы,

      Громов                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
      Сергей Николаевич         министрінің орынбасары,

      Күреңбеков              - Қазақстан Республикасының Ішкі
      Амантай Жанкенұлы         істер вице-министрі,

      Скляр                   - Қазақстан Республикасының Көлік
      Роман Васильевич          және коммуникация вице-министрі,

      Төлеушин                - Қазақстан Республикасының
      Қаныш Аманбайұлы          Индустрия және жаңа технологиялар
                                вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков, Еркін Сейдеғалиұлы Дүйсембаев, Ескендір Көпбосынұлы Құдайбергенов, Александр Васильевич Кулинич, Әсет Қабиұлы Құрманғалиев, Людмила Григорьевна Полторабатько (келісім бойынша) шығарылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды, Үкіметтің шешімдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін азайтуды көздеген жағдайда республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;";
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Комиссия отырысында қарау үшін ұсынылған заң жобаларының тұжырымдамалары дереу барлық Комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді қоспағанда, Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдар бір апта мерзімде өз ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынады.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып пысықталған заң жобаларының тұжырымдамаларын Комиссия отырысына шығарады. Комиссия мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарымен тұжырымдаманы әзірлеуші орган келіспеген жағдайда, тиісті ескертулер мен ұсыныстар Комиссия отырысында талқылауға жатады.
      Комиссия мүшелеріне материалдарды жіберу Комиссия отырысы басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.".
      2. "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      157-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Кеңсе Үкімет қаулыларын және Премьер-Министр өкімдерін Әділет министрлігіне жіберген кезде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды ілеспе хатта көрсетеді.".
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
      "34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған басқа қажетті құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескеріп, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.
      Әзірлеуші мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары түскен күннен бастап оны жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда келіспеудің дәлелденген себептерін орналастырады.";
      74-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін Әділет министрлігіне жіберген кезде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды ілеспе хатта көрсетеді.";
      82-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстарын уақтылы бермеген жағдайда, Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органның басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға заң қызметі басшысын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
      Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстар болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік орган Әділет министрлігіне ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жібереді.";
      мынадай мазмұндағы 84-1-тармақпен толықтырылсын:
      "84-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Премьер-Министр Кеңсесінің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган алдын ала тиісті заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.
      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң шешімі болмаған жағдайда Премьер-Министрдің Кеңсесі жоспардан тыс бастама жасалған заң жобасын әзірлеу туралы ұсынысты қараусыз қайтаруы мүмкін.";
      мынадай мазмұндағы 91-2-тармақпен толықтырылсын:
      "91-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында заң жобасын, түсіндірме жазбаны және оған басқа да қажетті құжаттарды осы Регламенттің 95-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.
      Әзірлеуші мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап оны жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда келіспеудің дәлелденген себептерін орналастырады.";
      мынадай мазмұндағы 114-2-тармақпен толықтырылсын:
      "114-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өзі әзірлеуші болған заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
      Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.";
      120-1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.".