Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң «Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң «Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы» мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Мемлекеттiк мекемелер» деген 3-бөлiмде мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«88-1. Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы»;
3) «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiндегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
реттік нөмірі 6-жолда:
3-бағанда:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «11471» деген сандар «11621» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның iшiнде:» деген жолдағы «5460» деген сандар «5610» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы |
150 |
»;
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
20. |
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып |
360 |
».
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов