Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1404 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
      1) Жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
      2) жылына екі рет, 1 қаңтарға және 1 шілдеге жартыжылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жылына екі рет, 20 қаңтарға және 20 шілдеге жартыжылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1404 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары

Р/с

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар, млн. теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Өнеркәсіп секторы

1.

МЭТ субъектілерінде энергетикалық аудитті жүргізуге кеткен шығындарды ішінара өтеу мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

2.

МЭТ субъектілерінің отын-энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін ішкі техникалық есепке алуын ұйымдастыру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2013 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

3.

МЭТ-ке кіретін өнеркәсіп секторындағы МЭТ субъектілері үшін электр энергиясын тұтынуға салық енгізуді кездейтін ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

ВАК қорытындысы

ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

Электр және жылу энергиясын өндіру секторы

4.

Когенерация технологиясын қолдану мүмкіндігін алдын ала бағалаусыз, жобаланатын энергия көздерінің жылу және электр энергиясын жеке-жеке өндіруге тыйым салуды көздейтін ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

ВАК
қорытындысы

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

5.

Газды электр станциясындағы бу қазандықтарында газды тікелей жағуға тыйым салуды енгізуді (бу қазандықтарын газды турбиналардың кәдеге жаратушы қазандықтарымен ауыстыру) көздейтін ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

ВАК қорытындысы

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

6.

Жылу және электр энергиясын аралас өндіру бойынша қуаттарды енгізген сәттен бастап бірінші бес жыл ішінде корпоративтік табыс салығын төлеуден босату мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

7.

«Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысына электр станцияларының энергия аудитін жүргізгеннен кейін шекті тарифтің инвестициялық құрамында энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі іс-шаралар құнын есепке ала отырып, электр энергиясының шекті тарифтерін қайта қарау бөлігінде түзетулер енгізу

ҚР Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

8.

Энергетикалық  жабдықтың техникалық жай-күйін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ЭДСМ

2014
жылғы 20 шілде

Талап етілмейді

-

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджет секторы

9.

Облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің штаттық санына энергетикалық менеджерлерді енгізу туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ЭДСМ,ЖАО

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

10.

1960 жылдан 1990 жыл аралығы кезеңінде салынған үлгілік бюджеттік объектілердің энергетикалық аудитін жүргізу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚТҮКШІА (жинақтау), ИЖТМ, «ТҮКШЖДҚО» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

11.

Энергетикалық тиімділік өлшемдерін және бюджеттік ұйымдарды күрделі жөндеу кезінде терможаңғыртуды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚТҮКШІА (жинақтау), ИЖТМ, «ТҮКШЖДҚО» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы 20 шілде

Талап етілмейді

-

12.

Жыл сайын әр облыстың және Алматы мен Астана қалаларының 10 КТҮ-де жылуды тұтыну реттеудің автоматтандырылған жүйесін орнату және терможаңғырту элементтерімен күрделі жөндеу үшін инвесторлар тарту

ИЖТМ-ге ақпарат

ЖАО

2012-2015 жылғы 1 шілде

Талап етілмейді

-

Салааралық шаралар

13.

МЭТ-ді енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

57,334

Республикалық бюджет

14.

Энергияны үнемдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру тетігін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

15.

Шағын және орта кәсіпорындардың энергетикалық аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

16.

Салалар бөлінісіндегі МЭТ субъектілері (химиялық, металлургиялық, машина жасау, тау-кен металлургиялық және т.б.) бойынша энергетикалық аудит жүргізу қағидаларын әзірлеу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

17.

Өнеркәсіп саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін үлгілік энергетикалық паспорттар әзірлеу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

18.

Жаңа энергетикалық тиімді жабдықты орнату арқылы өзінің энергетикалық тиімділігін кемінде 30%-ға арттырған барлық МЭТ субъектілерін 5 жыл ішінде корпоративті табыс салығын төлеуден босату мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

19.

Энергияны үнемдеу саласындағы іс-шараларды, оның ішінде ИСО 50001-2011 ХС талаптарына сәйкес энергетикалық менеджмент бойынша 10 отандық маманды даярлау (оқыту) бойынша қаржыландыру үшін халықаралық қаржы институттарын тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

20.

«Энергетикалық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша талаптар және нұсқаулық». ҚР СТ ИСО 50001 мемлекеттік стандартын әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

21.

ИСО 50001 стандартының энергетикалық менеджмент жүйесін енгізуге кеткен шығындардың бір бөлігін өтеу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ҚТҮКШІА

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

22.

ҚР экономикасының барлық салаларында қолданылатын энергия тиімділігінің қолданылатын (сондай-ақ қолдануға жоспарланғандар) көрсеткіштерінің номенклатурасын (тізбесін) жасау мәселесін қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ,ҚТҮКШІА, Қоршағанортамині, ТМРА

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

23.

Энергия үнемдеу саласындағы көрсеткіштерді есептеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ҚҮКШІА,Қоршағанортамині, ТМРА

2014 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

24.

«Энергия тұтыну нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 50 қаулысына жүргізілген энергетикалық аудиттердің нәтижелері бойынша өнім бірлігіне кеткен энергия тұтыну нормативтерін қайта қарау бөлігінде түзетуді енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, ҚТҮКШІА

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

25.

Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының энергия үнемдеудің кешенді жоспарларын әзірлеу

Мәслихаттардың шешімдері

ЖАО

2012 жылғы қараша

Талап етілмейді

-

26.

ИЖТМ, ККМ және ҚТҮКШІА энергия үнемдеудің ішкі жоспарын әзірлеу

ИЖТМ ҚТҮКШІА, ККМ бұйрығы

ИЖТМ, ҚТҮКІША, ККМ

2012 жылғы қараша

Талап етілмейді

-

27.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ энергиялық тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлеу

«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ шешімі

«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ИЖТМ

2012 жылғы қараша

Талап етілмейді

-

28.

Энергия аудиторларының және энергия менеджерлерінің білімін тексерудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ЭДСМ

2014 жылғы 20 шілде

Талап етілмейді

-

29.

Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның энергия аудиті бойынша 20 маманын даярлау (оқыту) мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

30.

Ғимараттардағы энергия аудиті бойынша отандық 25 маманды даярлау (оқыту)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ҚТҮКШІА

2013 жылғы 20 қаңтар

-

Грант қаражаты есебінен

31.

Масдар ғылым және технологиялар институтында энергияны үнемдеу бойынша отандық 100 маманды даярлау (оқыту) мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

-

-

32.

Энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарына сәйкес әзірленетін Заң жобасы тұжырымдамасының шеңберінде мемлекеттік сатып алуда ISO 50001 және жабдықтардың энергия тиімділігі класы бар болғаны үшін жеткізушілердің бағасын шартты азайту өлшемдерін белгілеу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

33.

Жоғарғы оқу орындарында «Жылу энергетикасы» және «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша іріктеу компонентінің шеңберінде «Энергия менеджменті» және «Энергия аудиті» пәндерін енгізу мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ

2013 жылғы 1 шілде

Талап етілмейді

-

34.

Энергия үнемдеу саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, БҒМ

2013-2015 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

БҒМ, ИЖТМ бюджеттік бағдарламалары шеңберінде

35.

ЭСКО заң шығарушылық негізін қамтамасыз етуді көздейтін Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

ВАК қорытындысы

ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

36.

Энергия тиімділік және энергия үнемдеу бойынша өлшеу құралдарына әдістеріне және нәтижелеріне әдістемелік талаптарды бекіту мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

37.

Энергия үнемдеу саласында стандарттарды әзірлеу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

38.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық туралы мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

Пилоттық жобалар

39.

Мектепте «Энергияны үнемдеу негіздері» атты сынып сағатын енгізу

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ

2013 жылғы 1 шілде

Талап етілмейді

-

40.

Астана қаласының оң жағалауының аэрожылуфототүсірілімін жүргізу мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, ИЖТМ

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

41.

Энергия тиімділігі орталықтарын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚТҮКШІА, ИЖТМ

2013 жылғы 20 қаңтар

3 257,4

Республикалық бюджет

42.

Ақсу қаласының көшелерін жарықтандыруды жанғырту мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

Павлодар облысының әкімдігі, КТҮКШІА

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

43.

Сәтбаев қаласының барлық мектептерінде автоматтандырылған жылу пункттерін орнату мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

Қарағанды облысының әкімдігі, ҚТҮКШІА

2013 жыл

Талап етілмейді

-

Халықтың хабардарлығын арттыру

44.

Энергияны үнемдеуді насихаттау мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013-2015 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

45.

Жылына 1 рет «Энергия үнемдеу күнін» өткізу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013-2015 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

-

      Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИЖТМ                 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                     технологиялар министрлігі
ККМ                  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                     министрлігі
ЭДСМ                 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                     сауда министрлігі
Қаржымині            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қоршағанортамині     Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                     министрлігі
БҒМ                  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                     министрлігі
ТМРА                 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
                     реттеу агенттігі
ЖАО                  жергілікті атқарушы органдар
ЭСКО                 энергиялық сервистік компания
ҚТҮКШІА              Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
                     үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«ТҮКШЖДҚО» АҚ        «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен
                     дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік
                     қоғамы
КТҮ                  көп пәтерлі тұрғын үй
ВАК                  ведомствоаралық комиссия
МЭТ                  мемлекеттік энергетикалық тізілім