Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1399 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1399 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

      Ескерту. 1-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 871; 25.07.2013 N 742 қаулыларымен.

Атауы                  Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен
                       спортты дамытудың 2011 - 2015 жылдарға
                       арналған салалық бағдарламасы

Әзірлеу үшін           Салалық бағдарлама Қазақстан Республикасы
негіздеме              Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №
                       1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
                       Республикасының денсаулық сақтау саласын
                       дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған
                       "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік
                       бағдарламасына, Қазақстан Республикасы
                       Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922
                       Жарлығымен бекітілген Қазақстан
                       Республикасының 2020 жылға дейінгі
                       Стратегиялық даму жоспарына сәйкес
                       әзірленген.

Бағдарламаны           Қазақстан Республикасы Спорт және дене
әзірлеуге және іске    шынықтыру істері агенттігі
асыруға жауапты
мемлекеттік орган

Мақсаты                Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды
                       және спортты тұрақты дамыту

Міндеттері             Бұқаралық спортты дамыту;
                       Жоғары жетістіктер спортын дамыту;
                       Саланың кадрлық әлеуетін даярлау жүйесін
                       жетілдіру

Іске асыру             2011 - 2015 жылдар
мерзімдері
(кезеңдері)

Нысаналы               Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын
индикаторлар           азаматтарды қамтуды 2010 жылғы 17,4%-дан 2015
                       жылы 26 %-ға дейін ұлғайту.
                       Балалар мен жеткіншектердің жалпы саны ішінде
                       дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын
                       балалар мен жеткіншектерді қамтуды 2010 жылғы
                       9,5%-дан 2015 жылы 12,6%-ға дейін ұлғайту.
                       2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында өнер
                       көрсету қорытындысы бойынша Халықаралық
                       Олимпиада Комитетінің жалпы командалық ресми
                       емес есебінің рейтингінде Қазақстан 28 орынды
                       алады (2008 жылы - 29 орын)
                       2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында өнер
                       көрсету қорытындысы бойынша Халықаралық
                       Олимпиада Комитетінің жалпы командалық ресми
                       емес есебінің рейтингінде Қазақстан 23 орынды
                       алады (2010 жылы - 24 орын).
 
 
Қаржыландыру           Салалық бағдарламаны қаржыландыру
көздері мен көлемі     республикалық және жергілікті бюджет
                       қаражатының, көлемі шегінде, сондай-ақ
                       Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
                       салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге
                       асырылатын болады.
                       Бағдарламаны 2011 – 2015 жылдары іске асыруға
                       барлығы 138 984 334 мың теңге:
                       1) республикалық бюджеттен 127 975 248 мың
                       теңге; оның ішінде 2011 ж. – 13 246 100 мың
                       теңге; 2012 ж. – 25 733 189 мың теңге; 2013 ж.
                       – 26 785 225 мың теңге; 2014 ж. – 32 844 279
                       мың теңге; 2015 ж. – 29 366 455 мың теңге;
                       2) жергiлiктi бюджеттен: 11 009 086 мың теңге;
                       оның iшiнде 2011 ж. – 2 854 745 мың теңге;
                       2012 ж. – 2 505 941 мың теңге; 2013 ж. –
                       3 040 936 мың теңге; 2014 ж. – 2 607 464 мың
                       теңге талап етiледi.

2. Кіріспе

      Салалық бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленді.
      Салалық бағдарлама халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, барлық санаттағы және топтағы тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына жағдай жасауға, халықты қолжетімді спорт құрылыстарымен қамтамасыз етуге, спорт саласында кадрларды, сондай-ақ спорт резерві мен халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Республикада 2007-2010 жылдары саланы дамыту Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - мемлекеттік бағдарлама) іске асыруға негізделді.
      Осы кезеңде саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
      Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалды. Егер Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басында 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының (15%-ы) 2,3 млн. адамды құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам немесе 17,7%-ын құраған.
      Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат етіп қоя отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту үдерісінде мыналар негізгі ерекшеліктер болып табылады: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты алдын алу және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу, жастарды адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық тұрғыда дамытуда спортты пайдалану.
      Осы үдерістердің ықпалы мыналардан:
      спорттық думандардан және спорттық қызмет көрсету секторынан;
      спорттық телерадио хабарларды тарату көлемінің артуынан;
      халықтың қажеттілігін есепке ала отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын дамытудан;
      қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметін көрсету ұсыныстарының әдістері мен құралдарының алуандығынан түсетін табыстың өсуіне алып келді.
      Қазіргі таңда бүкіл еліміз бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, тек 2010 жылдың өзінде 17 мыңнан астам бұқаралық-спорттық іс-шара өткізіліп, оған 3,5 млн.-нан астам адам қатысқан.
      Өткен төрт жылдық кезеңде спартакиадалар, спорт түрлерінен турнирлер, спорттық отбасылар арасында "Бірге жарысамыз" атты жарыстар, бұқаралық жүгірістер, сонымен қатар, әрқайсысында 2 млн.-нан астам адам қатысатын Президенттік сынақ тапсыру айлықтарын өткізу дәстүрге айналды.
      2010 жылы алғаш рет Қазақстанның бүкіл аумағында дәстүрлі халықаралық "Олимпиадалық жүгіріс күні", бірінші "Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары" бір мезгілде басталды.
      Ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамып келеді, онымен қазіргі кезде 166 мыңнан астам адам шұғылданады (2009 жылы - 123 мың адам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттар, республикалық және халықаралық турнирлер, соның ішінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты, бірінші Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары, "қазақ күресінен" әлем және Азия чемпионаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін Халық спорты ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарда ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелердің ашылуы ықпал етті.
      Ауыл спортын дамытуда маңызды бастама "Ел Қайраты" республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорттық қоғамын құру болып табылады.
      6769 жалпы білім беру мектептерінде 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары енгізілген, бұл мектептердің жалпы санының 98%-ын құрайды. Республиканың 48 жоғарғы оқу орнында спорт клубтары ашылған.
      Елде 538 мыңнан астам бала немесе жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 22,0%-ы (2,5 млн. мектеп оқушысы) спортпен шұғылданатын 24 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді. Республикада 1725 спорт клубы, соның ішінде 106 балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі клубы, 530 балалар мен жеткіншектер клубы, 1020 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және 113 спорт түрлерінен кәсіби клуб жұмыс істейді, онда 289 мың адам шұғылданады.
      Өткен үш жылда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартылған мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу Динамикасы байқалғанын атап өту қажет.
      Елімізде халықтың 3%-ын құрайтын 486 мыңнан астам мүгедек тұрады, оның ішінде 45% адамның спортпен шұғылдануына тыйым салынбаған. Осы санаттағы адамдар арасында 13 мың адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл 6,5%-ды құрайды (2009 жылы - 6%).
      Бүгінгі күні республикада 127 мүгедек спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері болып табылады. 2010 жылы 41 адам спорт шебері, 24 адам халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады.
      Жыл сайын спортшы-мүгедектер арасында республикалық және халықаралық деңгейде 70-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылады және өткізіледі, оған 1,5 мыңнан астам адам қатысады.
      Елімізде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың нәтижесі отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болып табылады.
      Пекинде өткен 2008 жылғы XXIX жазғы Олимпиада ойындарында 13 олимпиадалық медалға ие болдық, соның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль, бұл бейресми есепте Қазақстанға жалпы командалық 29 орынды қамтамасыз етті.
      Иеленген медальдардың жалпы саны бойынша бұл Қазақстан құрамасының 1996 жылдан бастап қатысқан барлық кездердегі (Атланта, АҚШ, 1996 жыл - 11 медаль; Сидней, Австралия, 2000 жыл - 7 медаль; Афины, Грекия, 2004 жыл - 8 медаль) үздік жетістігі болып табылады. 2010 жылы қазақстандық спортшылар Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Он екі жылдық үзілістен кейін қысқы Олимпиадада күміс медальға қол жеткізілді. Олимпиадада өнер көрсету қорытындысы бойынша 7 қазақстандық атлет әлемнің мықты спортшыларының алғашқы ондығына кірді.
      Ел спортшылары 2010 жылғы әлем чемпионатында жазғы Олимпиадалық спорт түрлерінен 11 медалды, Азия чемпионаттарында 50 медалды, Азия кубоктарында 6 медалды, Еуразиялық ойындарда 131 медалды иеленді.
      2010 жылы Қазақстанның жастар құрамасы тұңғыш рет Сингапурдағы 1 жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысты, оның қорытындысы бойынша 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальды иеленді, 204 елдің ішінде 3500 спортшы қатысқан жарыста 24 орынды қамтамасыз етті.
      2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарына қатысудың қорытындылары бойынша Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс және 17 қола награда ұтып алды, Азия ойындарының рекордын жасай отырып, бірінші орынды жеңіп алды.
      Қабылданған шаралардың арқасында барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында спортшыларды даярлау жөнінде үздіксіз және жүйелі жұмыс қамтамасыз етілді.
      Бүгінгі күні 17 олимпиадалық резервті даярлау орталығы жұмыс істейді, онда 1265 спортшы спорттық шеберлігін арттырады, 8 республикалық мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығында 984 спортшы өзінің спорттық шеберлігін арттырады және орталық спортшыларының 95%-ы Қазақстан ұлттық құрама командаларының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамасына кіреді. 2007 - 2010 жылдар кезеңінде мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды.
      2007 - 2011 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде республикада 16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ) құрылды. Қазіргі күні 423 БЖСМ-да 240 мыңнан астам бала немесе оқушылардың жалпы санының 10,0%-ы айналысады.
      Сонымен қатар, болашағынан үміт күттіретін 3003 оқушы оқитын спортта дарынды балаларға арналған 11 өңірлік мектеп-интернат және жалпы саны 1191 адамды қамтитын 4 республикалық мектеп-интернат ашылды.
      Спорт инфрақұрылымын дамытуда оң үдеріс байқалады.
      2010 жылы бүкіл республика бойынша спорт ғимараттарының саны 31 мың бірліктен асты, оның 1717-сі жеке меншікте, 20166-сы ауылдық елді мекендерде. 2009 жылмен салыстырғанда барлық объектілер саны 936 бірлікке, ауылдық жерде 721-ге және жеке меншіктегілер саны 690 объектіге көбейді.
      2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын табысты өткізу үшін жабық футбол стадионы, коньки тебу стадионы, республикалық велотрек, сырғанау мұз айдыны бар "Қазақстан" спорт сарайы, К-95 және К-125 халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, Алматы облысы Талғар ауданы Солдат шатқалындағы шаңғы және биатлон стадионы, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, биік таудағы "Шымбұлақ" спорт базасы, биік таудағы "Медеу" спорттық мұз айдыны сияқты бірегей спорттық объектілер салынды және қайта жаңартылды.
      Дене шынықтыру және спорт саласын дамытудағы маңызды мәселе сала үшін кадрларды даярлау болып табылады.
      Қазіргі уақытта республикада спорт саласында мамандарды даярлаумен 17 жоғарғы оқу орны айналысады, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру жөніндегі кәсіби қызметті бір жоғары оқу орны - Қазақ спорт және туризм академиясы жүзеге асырады.
      Салада спорт түрлері бойынша 8 748 штаттық жаттықтырушы жұмыс істейді, жаттықтырушы кадрына деген сұраныс бүгінгі таңда әр өңірде 20 - 30%-ды құрайды.
      Жалпы алғанда, республикада дене шынықтыру мен спорттың дамуы елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына оң әсер берді.
      Халықты бұқаралық спортпен айналысуға тарту дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар санының өсуіне алып келді. 7-қысқы Азия ойындарын өткізу халықаралық спорт аренасында қазақстандық спорттың имиджін және бәсекеге қабілеттілігін нығайтты.

3.1. Дене шынықтыру және спорт саласының күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға арналған заңнамалық және нормативтік-құқықтық негіздер
Халықтың барлық әлеуметтік жіктерін, соның ішінде мүгедектерді дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту
Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары санының артуы
Ұлттық спорт түрлерін дамыту
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін ашу
Халықаралық спорт аренасындағы жоғары нәтижелері үшін спортшыларды және жаттықтырушыларды материалдық ынталандыру
Дене шынықтыру және спорт инфрақұрылымының болуы
Үкіметтік емес қоғамдық спорттық ұйымдардың болуы
Спорт саласында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың белсенді түрде өзара әрекет етуі

Барлық дерлік инфрақұрылым ірі қалалар мен елді мекендерде орналасқан
Көптеген спорт ғимараттарының моральдық және физикалық тұрғыдан тозуы
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған құрал-жабдықпен жабдықталған, бейімделген спорт ғимараттарының болмауы
Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік-жеке серіктестік, сондай-ақ мемлекеттік қолдау тетіктері қалыптастырылмаған
Спорттың ғылыми базасының жоқтығы
Медалдар көп үлеске түсетін спорт түрлерін дамытуға арналған жүзу бассейндері, ату алаңдары, жеңіл атлетика манеждері, велотректер, шаңғы базалары, өсу арналары сияқты мамандандырылған спорт ғимараттарының жетіспеушілігі
Спортты насихаттау мен дәріптеу деңгейінің жеткіліксіздігі
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелеріндегі төмен спорттық материалдық база
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарының жеке оқу-жаттығу базасының болмауы
Жаттықтырушылар жұмысына еңбек ақының төмен болуы

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

Азиаданың спорт объектілерін тұрғындарды спортпен шұғылдануға тарту үшін пайдалану
Қолда бар спорт инфрақұрылымын бейімдеу арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту
Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту
Материалдық-техникалық базаны нығайту - инвентарьмен қамтамасыз ету және спорттық жабдықтармен жарақтандыру
Спорт кадрларын даярлау мен қайта даярлау бағдарламасын жетілдіру
Тұрғындар арасында спортты насихаттау және дәріптеу
Дене шынықтырумен және спортпен белсенді шұғылданатын тұрғындардың үлесін арттыру
Жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі даярлығы клубтарын құру
Мектептер мен жоғары оқу орындарында спортпен шұғылдану бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру
Интернаттарды қайта ұйымдастыру арқылы кәсіби-техникалық ұйымдардың санын ұлғайту
Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің санын ұлғайту
Арнайы медициналық топтардың санын ұлғайту
Ғылыми-әдістемелік базаны құру және жетілдіру.

Спорт инфрақұрылымын тиімсіз пайдалану
Тұрғындардың дене шынықтыруға қызықпауы
Мүгедектер арасында спорттың әлсіз дамуы
Спорт объектілерін ұстау үшін бюджет шығындарының артуы
Компьютерлік ойындар, кино, дискотека сияқты және басқа да ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру мен спорттың бәсекеге қабілеттілігін төмендеуі
Болашағы бұлыңғыр болуы салдарынан спорт резервінің кетуі
Спорт кадрларын даярлау мен қайта даярлау бағдарламасының ескіруі
Медаль жинағыш спорт түрлерінің нашар дамуы (мамандандырылған спорт ғимараттарының болмауынан)
Спортшылардың шет елдердегі оқу-жаттығу жиындарына арналған бюджет шығысын өсіру
Халықаралық жарыстардағы спорттық нәтижелердің төмен деңгейі
Қазақстандық спорттық командалардың құрамында "легионерлер" санының көбеюі
Жоғары білікті мамандардың басқа салаларға кетуі.

      Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт қазақстандықтардың көпшілігі үшін әлі де болса олардың жеке құндылығына айналмаған және олардың өмір сүру салтында тиісті орнын таппаған.
      Тұрғындар денсаулығының төмен деңгейде болуының себебі олардың саламатты өмір салтын сүру және аурудың алдын алу мәселесінде хабардарлығының, сауаттылығының және оларды уәждеудің жеткіліксіздігі болып отыр.
      Елде бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер спортын және кәсіби спортты қарқынды жағымды дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасау қажет, себебі бүгінде мемлекеттің осы саладағы барлық шараларын тұтынушылар бойынша ақшаны бөлу арқылы іске асырылып отырған моделі өзін-өзі ақтамай отыр.
      Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласында құқықтық база құрылды.
      1999 жылы "Дене шынықтыру және спорт туралы" және 2009 жылы "Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды.
      Алайда, заңнамалық актілер деңгейінде спортты қолданыстағы реттеу барлығын қамту сипатына ие бола алмай, осы саладағы қоғамдық қатынастарды толық реттей алмай отыр. Декларативтік нормалардың құқықтық тетіктерден асып кетуі едәуір байқалады, спорт саласында көптеген құқықтық кемшіліктер бар. Мысалы, спорттық жабдықпен және инвентармен жарақтандыру мәселесі жеткілікті регламенттелмеген.
      Дене шынықтыруды және спортты дамыту, дене шынықтыру-спорттық қызмет саласына халықты кеңінен тарту үшін тиісті материалдық-техникалық қамсыздандыру қажет.
      Спорт инфрақұрылымының тұрақты өсу үрдісі байқалмағанымен, негізінен республика бойынша, әсіресе ауылдық жерде спорт ғимараттарының саны жеткіліксіз болып отыр. 7000 ауыл мен кентте 20166 ғимарат бар, оның ішінде 13134-і, яғни 65,1%-ы жазық ғимараттарды (ашық спорт алаңдарын) құрайды және тек 3%-ы ғана (307 бірлік) жабық спорт кешендері, Ақтөбе; Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының халық тығыз орналасқан ауылдық мекендерінде спорт кешендері тіпті жоқ.
      Бүкіл ел бойынша жұмыс істейтін 7 мыңнан астам спорт залының 90%-ы жалпы білім беру мектептерінде, бұл ретте, олар спорттық инвентармен жеткіліксіз жабдықталған және қолданыстағы техникалық пайдалану талаптарына сай емес. Дене шынықтыру және спортты басқару органдарының деректері бойынша, спорт залдары мен алаңдарының 40%-ы ағымдық немесе күрделі жөндеуді талап етеді.
      Бұған қоса, республикада жүзу бассейндері, ату алаңдары, жеңіл атлетикалық манеждер, велотректер, шаңғы базалары, есу арналары сияқты мамандандырылған спорт ғимараттарының жетіспеушілігі сезілуде.
      Елде мамандандырылған есу базаларының болмауы тұтастай алғанда есу спорты түрлерін дамытуға және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге кері әсерін тигізіп отыр. Бұл спорт түрі медаль көп үлескен түсетін спорт түрінің бірі болып табылады, себебі Олимпиада, Азия ойындарында 16 медаль жиынтығына дейін ұтысқа салынады. Оңтүстік Қазақстан облысында есу базасын салу үшін барлық алғышарттары бар Бадам су қоймасы жұмыс істейді. Қолайлы климаттық жағдайлар оқу-жаттығу үдерісін, сондай-ақ жыл бойы республикалық және халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.
      Спорттың кейбір түрлері бойынша республикада спортшыларды Олимпиада ойындарына және басқа ірі халықаралық жарыстарға даярлауға арналған техникалық жарақтандырылған заманауи базалар жоқ.
      Осыған байланысты, республикалық даярлау орталықтарының жеке оқу-жаттығу базаларының болмауы Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда бюджеттік спорттық ұйымдар отандық спортшылар мен спорттық командаларды шетелдегі ұзақ мерзімді оқу-жаттығу жиындарымен қамтамасыз етуге мәжбүр болады. Бұған қоса, қазақстандық командалардың шетелдік бәсекеге қабілетті спортшылар мен мамандарды біздің елге осы тектес оқу-жаттығу үдерісін өткізуге шақыруға мүмкіндіктері жоқ.
      Тағы да бір шешуді талап ететін проблема балалар мен оқушы жастардың дене тәрбиесі болып табылады.
      Республикада мектепке дейінгі жаста 1 млн.-нан астам және мектеп жасындағы 2,5 млн.-нан астам өмір сүреді. Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы орта білім беру мекемелерінің материалдық базасы одан әрі дамытуды, оқушылардың дене шынықтыру бағдарламасын толық көлемде орындауы үшін қажетті спорттық жабдықтармен жарақатандыруды және жаңартуды талап етеді.
      Жалпы білім беру мектептерінің 73,2%-ында дене шынықтыру сабағын өткізуге арналған спорт залдары бар. 1156 мектепке дейінгі балалар ұйымдарының 765-інің немесе 66,3%-ының ғана спорт залдары, 32-сінің жүзу бассейіндері бар, соның салдарынан жалпы білім беру мектептеріндегі спорт секцияларында оқушыларды қамту 22%-дан аспайды.
      Осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу көптеген шет елдерде балалар мен жастардың дене тәрбиесі мен спортын дамытуға ерекше орын берілетіндігін көрсетті.
      Айталық, АҚШ-та мектептік, студенттік және бұқаралық спорт толығымен жергілікті биліктің құзыретінде болып табылады. Канада, Франция, Италия, Финляндия және басқа да бірқатар елдерде балалар мен жасөспірімдердің және студенттер спортының шығыстарының негізгі үлесін жергілікті бюджет арқалайды. Финляндия мен Норвегияда спортқа бөлінген ақша аударымының 80%-ы жалпыға ортақ пайдаланудағы спорт объектілерін салуға және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталады. Бізде керісінше: 80%-ы шеберлер командасына және тек 20%-ы ғана балалар спортына бөлінеді. Елдің спорттық жүйесі балалар спортына басымдық беріле отырып құрылуы қажет.
      Мекемелерде, ұйымдарда және халықтың тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруда күрделі проблемалар бар. Ұйымдар экономикалық тұрғыдан орынсыз деген себеппен спорттық және сауықтыру объектілерін ұстаудан бас тартады, дене шынықтыру және спорт мамандарын қысқартады.
      Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша тек 530 балалар мен жеткіншектер клубы жұмыс істейді, ведомстволық спорт қоғамдарының жұмыс тәжірибесі жоғалған, дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің құны қымбаттауда. Талдау көрсеткендей, бағасы жоғары болғандықтан, жастардың көпшілігі спорттық-сауықтыру қызметіне қол жеткізе алмайды.
      Біздің ойымызша, Еуропаның тәжірибесі бойынша қоғамдық ұйымдар құру қажет.
      Мысалы, Финляндияда 54 спорт одағын, 18 аумақтық органды, 4335 спорт клубы мен 1,1 млн. адамды біріктіретін спорт ұйымы жұмыс істейді.
      Швецияда "Баршаға арналған спорт" бағдарламасы бойынша жұмысты негізінен 2 мыңнан астам клубқа тиесілі 360 мың ресми тіркелген мүшесі бар Швед гимнастикалық ұйымы жүзеге асырады. Жалпы гимнастика секцияларында 225 мыңнан астам адам шұғылданады.
      Қоғамда мүгедектер, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы адамдар барынша назар аударуды талап етеді. Олармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы дайындалған кадрлар, ғылыми негізделген ұсынымдар мен әдістемелік әзірлемелер, халықтың осы санаттағы адамдарын дене жаттығуларымен белсенді айналасуға тарту бойынша кеңінен түсіндіру-насихат жұмыстары жетіспейді.
      Елде денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар және қоғамның әлеуметтік қорғалмаған жіктері арасында дене шынықтыру және спортты дамытуды тежейтін бірқатар проблемалар бар, атап айтқанда:
      мамандандырылған немесе бейімделген спорттық ғимараттардың, жабдықтардың, инвентардың жоқтығы;
      жұмыс істейтін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық объектілердің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қол жетімсіздігі;
      мүгедектердің сауықтыру және спорттық ұйымдары жүйесінің болмауы;
      дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын мүгедектер, үшін арнайы қосалқы құралдарды шығаруды қамтамасыз ету;
      мүгедектермен дене шынықтыру-оңалту және спорттық жұмыстарды жүргізу үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
      Саланы кадрлық қамтамасыз ету проблемалық мәселе күйінде қалып отыр. Осы мәселенің жай-күйін талдау саладағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің, дене шынықтыру және жоғары жетістіктер спортының ғылыми базасының әлсіз дамығанын көрсетіп отыр.
      Жоғары дәрежелі спортшыларды даярлаудың негізі спорттық жаттығуларда заманауи ғылыми технологияларды пайдалану, сондай-ақ даярлық әдістемесін үнемі жетілдіру болып табылады, және елде отандық спорт ғылымының дамуы әлі күнге дейін күрделі проблема күйінде қалып отыр. Республиканың жаттықтырушы-оқытушылар құрамы көбінесе "кеңестік" кезеңде әзірленген әдістемемен жұмыс істейді, көпшілігі спортшыларды жаттықтыру мен қалпына келтірудің заманауи әдістерін меңгермеген.
      Финляндияда спорттық ғылыммен айналысатын ұйымдардың тікелей мемлекеттік қаржыландыруға заңдық тұрғыдан танылған құқығы бар. Бұл ретте дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлаудың кемінде 20%-ы оқу уақытын ғылыми ізденістерге арналады. Бұған қоса, мемлекет спорт пен дене шынықтыру жаттығулары саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін кез келген меншік нысанындағы ұйымды қолдайды.
      Республикада спорт психологтары жоқ деп айтуға болады, спорттың медико-биологиялық қызметі әлсіз дамыған, халықтың әр түрлі жастағы топтарымен және спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің дене шынықтыру-сауықтыру және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу әдістемелері жоқ.
      Дене шынықтыру кадрларының өздерінің есебінен басқа қызмет саласынан кетуі тоқтамай отыр. Бүкіл ел бойынша бүгінгі күні спорттан 1543 әдіскер-нұсқаушы жұмыс істейді, олардың 719-ы ауылдық жерде. Бұл ретте спорт ұйымдарының кадрларға деген сұранысы 962 бірлікті құрайды.
      Тәжірибе көрсеткендей, дене шынықтыру және спорт бойынша дипломдары бар мамандардың аз бөлігі ғана жалпы білім беру мектептерінде, БЖСМ, бала бақшаларда, басқа да дене шынықтыру-спорттық мекемелердегі жұмысты таңдайды, бұл төмен жалақы және көрсетілген мамандар санатының әлеуметтік кепілінің болмауының салдары болып табылады.
      Осылайша, спортшылардың арасында артып келе жатқан бәсекелестікті, халықаралық спорт ұйымдарының тез өзгеріп тұратын талаптарын ескере отырып, спортшыларды даярлаудың нысандары мен әдістерін тұрақты жетілдіруді, республиканың спортшыларын "жаңа бастаған спортшыдан" халықаралық дәрежедегі шебер деңгейіне дейін тәрбиелеу жүйесін одан әрі дамытуды есепке ала отырып, оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу қажет. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды оқыту және басқаруды білікті қызметкерлер қамтамасыз ету керек екенін көрсететін халықаралық тәжірибе мен заңнамада да дәлелдеп отыр.
      Мысалы, Қытайда дене шынықтыру оқытушысы немесе жаттықтырушы дипломын алудың үш жолы бар:
      1. Жалпы білім беру мектебінде 12-жылдық білім алғаннан кейін, жоғарғы спорттық оқу орнында 4-жылдық білім алу керек. Бұл жағдайда "мектеп мұғалімі" біліктілігі бойынша диплом алады.
      2. Жалпы білім беру мектебінде 12-жылдық білім алғаннан кейін, жоғарғы оқу орнында 4 жыл оқыған соң және спорт түрлері бойынша екі жылдық арнайы дайындықтан кейін жоғары біліктілік жаттықтырушысы дипломын алады.
      3. Барлық деңгейдегі жаттықтырушы жұмысына рұқсатты мұның алдында қаланың немесе провинцияның құрамасында немесе ұлттық құрамада міндетті мүшелігі болған және спорттық интернат негізінде жалпы білім беру мектебінде тоғыз жыл оқыған мамандар ғана алады.
      Финляндияда спорт мамандары мен оқытушыларын дайындау 11 дене шынықтыру-спорт орталығы мен оқу орнында жүргізіледі. Виерумяки спорт және дене шынықтыру жөніндегі ірі институтында жақсы спорт орталығы бар, оның қызметінің негізіне "дамыту, өндіру, сату" деген бизнес-идея алынған. Орталықтың жақсы дамыған инфрақұрылымы бар, орталықта 11 штаттық қызметкер мен бір жыл аралығында қажетіне қарай тартылатын 800-ге жуық штаттан тыс адамдар жұмыс істейді. Спорттық мамандарды даярлау мен оқыту жүйесі 3-4 жылды көздейді. Орталық өз шығындарының бір бөлігін Білім министрлігі бюджетінің есебінен жабады, мұнда мемлекет дотациялары 10%-ды құрайды, қызметкерлердің жалақысы үшін кірістің 38%-ы жұмсалады.
      Дене шынықтыру және спорт күшті сауықтыру факторы, қоғамның бірігуі, жастарды зиянды әрекеттерден аулақ ұстау, аурудың алдын алу, өмір сүру сапасын және оның ұзақтығын арттыру сияқты көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешетін адамның дене тәрбиесі мүмкіндіктерін арттыру құралы болып табылады. АҚШ-та және әлемнің басқа елдерінде спорттың дамуына жасалған талдау, тұрғындардың спортқа деген белсенді ұстанымы БАҚ арқылы жақсы насихаттау нәтижесінде қалыптасатынын көрсетті. Спорттың түрлерін дәріптеу БАҚ-қа және бірінші кезекте теледидарға байланысты болады, ал дене шынықтыру-спорттық қызметпен айналысу өмір сүру мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
      Соңғы оңжылдықта дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-ақпараттық ресурстар маңыздылығы жағынан бірінші орынға шыға бастады. Халықаралық сарапшылар осы ресурстарды екі санатқа бөледі - саламатты өмір салтын насихаттау және жаттықтырушының және басқа спорт қызметкерінің жұмысын ақпараттық-ғылыми қолдау. Мұндай бөліп қарау шет елдің жетекші спорттық ғылыми-ақпараттық ұйымдарының қызметінен көрінеді.
      Германияда спортты баршаға насихаттау ерекше орын алады, ол әр түрлі кампаниялар мен бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Барлық жобалардың маңызды қаржылай қолдауға ие екендігін ерекше атап өткен жөн. Нәтижесінде жиырма жыл ішінде клубтардың саны 40 мыңнан 80 мыңға дейін, спортпен шұғылданатындар саны 10 млн.-нан 21 млн.-ға дейін, дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты айналысатын адамдар саны 21 млн.-нан 36 млн.-ға дейін артты, яғни халықты бұқаралық спортпен қамту 60%-ға жеткен.
      Көптеген мемлекеттерде кәсіпкерлік баршаға арналған спорттың едәуір қаржылық ресурсын құрайды. Алайда мына аспектіні атап өту қажет. Спорттық қызметтің жоғары капиталды талап етуіне орай, аталған салада коммерциялық ұйым құру жоғары бастапқы капиталды талап етеді. Сондықтан да мемлекеттік және жергілікті органдардың қолдауынсыз, кәсіпкерлік ресурстары тек қана халықтың табысы жоғары жіктерінің спортпен шұғылдану сұранысын қанағаттандыруға бағытталатын болады, ал балалар, орташа топ, зейнеткерлер және сол сияқты секторлардың дене тәрбиесімен шұғылдануына мүмкіндігі болмайды. Шет елдерде мемлекеттің тікелей немесе қосымша қатысуы арқылы спорттың коммерциялық ұйымдарының қызметіндегі осы проблема шешімін тапқан.
      Республикада спорттық қызметті дамытуды қамтамасыз ету үшін спорттық инвентарлар мен құрал-жабдықтар өндірісін құру, жеке спорт ғимараттарын салу және қайта жаңарту, сондай-ақ аталған саладағы демеушілік пен қайырымдылықты дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру қажет.

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.07.2013 N 742 қаулысымен.

      Мақсаты - Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты тұрақты дамыту
      Нысаналы индикаторлар:
      Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтуды 2010 жылғы 17,4%-дан 2015 жылы 26 %-ға дейін ұлғайту.
      Балалар мен жеткіншектердің жалпы саны ішінде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жеткіншектерді қамтуды 2010 жылғы 9,5%-дан 2015 жылы 12,6%-ға дейін ұлғайту.
      2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Халықаралық Олимпиада Комитетінің жалпы командалық ресми емес есебінің рейтингінде Қазақстан 28 орынды алады (2008 жылы - 29 орын).
      2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Халықаралық Олимпиада Комитетінің жалпы командалық ресми емес есебінің рейтингінде Қазақстан 23 орынды алады (2010 жылы - 24 орын).
      Міндеттері:
      бұқаралық спортты дамыту;
      жоғары жетістіктер спортын дамыту;
      саланың кадрлық әлеуетін даярлау жүйесін жетілдіру.
      Бірінші міндетті іске асырудың қорытындысы бойынша мына көрсеткіштерге қол жеткізіледі:
      оқушылардың жалпы санынан спорт секцияларында айналысатын орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі 2011 жылы – 22,0 %, 2012 жылы – 22,5 %, 2013 жылы – 23,0 %, 2014 жылы – 24,0 %, 2015 жылы – 25,0 %;
      соның ішінде ауылдық жерде 2011 жылы - 31,7%, 2012 жылы - 32,0%, 2013 жылы - 32,5%, 2014 жылы - 33,0%, 2015 жылы - 33,5%-ды құрайды;
      студенттердің жалпы саны ішінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын студенттердің үлесі 2011 жылы -24,0%, 2012 жылы - 25,5%, 2013 жылы - 26,5%, 2014 жылы - 27,5%, 2015 жылы - 28,5%-ды құрайды;
      мүгедектердiң жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын мүгедектердiң үлесi 2011 жылы – 7,7 %, 2012 жылы – 8,2 %, 2013 жылы – 8,7 %, 2014 жылы – 9,2 %, 2015 жылы – 9,7 %-ды құрайды;
      жұмыс орындары бойынша (жұмыс беруші) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 2013 жылы - 6,2 % (1 млн. адам), 2015 жылы - 9,0 %-ға (1,5 млн. адам) артады;
      спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысқан азаматтар саны 2011 жылы - 3,0 млн. адам, 2012 жылы - 3,7 млн. адам, 2013 жылы - 3,9 млн. адам, 2014 жылы - 4,2 млн. адам, 2015 жылы - 4,5 млн. адам.
      Екінші міндетті іске асырудың қорытындысы бойынша мына көрсеткіштерге қол жеткізіледі:
      білікті спортшылар (спорт шебері) санының өсуі 2011 жылы – 25,4 %, 2012 жылы – 27 %, 2013 жылы – 28 %, 2014 жылы – 29 %, 2015 жылы – 32,1 %;
      ресми спорттық iс-шараларда, әлем чемпионаттарында, әлем кубоктарында, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде жеңіп алған медальдардың саны 2011 жылы – 797, 2012 жылы – 690, 2013 жылы – 726, 2014 жылы – 742, 2015 жылы – 742.
      Үшінші міндетті іске асырудың қорытындысы бойынша мына көрсеткіштерге қол жеткізіледі:
      біліктілігін арттырудан өткен жаттықтырушы-оқытушылардың үлесі 2011 жылы – 5 %, 2012 жылы – 10 %, 2013 жылы – 10,2 %, 2014 жылы – 10,4 %, 2015 жылы – 10,6 %-ды құрайды;
      спорт ұйымдарындағы кадр тапшылығы 2013 жылы 15%-ға дейін, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 10%-ға дейін төмендейді.
      Мақсатқа, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар және ұйымдар:
      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі – үйлестіруші, Бағдарламаны әзірлеуші;
      Білім және ғылым, Ақпарат және байланыс, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері.
      Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми деректері, әкімшілік есеп, ведомстволық статистикалық деректер.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      5.1 Бағдарламаны іске асыру кезеңдері: 2011 - 2015 жылдар.
      5.2 Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар.
      1. Бұқаралық спортты дамыту:
      1) балаларды, жеткіншектерді, жастар мен ересек тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартуды мына жолдармен іске асыру ұсынылады:
      балаларға, жеткіншектерге және жастарға арналған спорт түрлерінен қол жетімді спорттық секциялар мен клубтар желісін, соның ішінде ауылдық жерде кеңейту;
      өңірлерде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) және спорт клубтарын ашу;
      мектепке дейінгі мекемелерді, жалпы білім беру мектептерін, лицейлер мен колледждерді қазіргі заманғы спорттық жабдықтармен және инвентармен, соның ішінде ауылдық жерде жарақтандыру;
      өңірлік спорттық-бұқаралық жұмыс орталықтарын (клубтарын) ашу;
      өңірлерде балаларға (жеткіншектерге) арналған аула клубтарын құру;
      қысқы спорт түрлері бойынша бөлімшелер және клубтар ашу;
      білім беру ұйымдарында шаңғы базаларын қайта қалпына келтіру;
      техникалық және кәсіптік білім беру орындарында оқитындар үшін - "Жас сұңқар" (клубы), жоғары оқу орындарының студенттері үшін - "Сұңқар", ауыл тұрғындары үшін - "Ел Қайраты" спорттық қоғамдарының жұмысын жалғастыру;
      саламатты өмір салты және бұқаралық спорт бойынша дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шараларын өткізу;
      оқу орындарының спорттық объектілерін сабақтан тыс және кешкі уақытта тұрғындар арасында спорттық іс-шаралар (секциялар, денсаулық топтары және басқалары) өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қабылдау;
      мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шараларының санын ұлғайту;
      мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық іс-шараларды өткізуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту;
      "Мүгедектер спорты бойынша республикалық орталық" РМҚК құру;
      жазғы және қысқы спорт түрлерінен салалық спартакиадалар өткізу.
      2) саламатты өмір салтын қалыптастыруды мына жолдармен іске асыру ұсынылады:
      спортты насихаттау бойынша республикалық және аумақтық (облыстық, қалалық) медиа-жоспарлар әзірлеу;
      Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-Азия ойындарын өткізу үшін салынған спорт объектілерінің әлеуетін бұқаралық спортты дамыту үшін пайдалану;
      спорт клубтарының қызметін регламенттеу;
      балалар мен жасөспірімдердің спорттық мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
      2. Жоғары жетістіктер спортын дамыту.
      Осы міндетті іске асыру мынадай жолдармен жүзеге асырылатын болады:
      спортшыларды даярлайтын спорт мектептерін, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету;
      республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінің және олимпиадалық даярлық орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары желісін дамыту;
      жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін ұлттық құрама командалардың спортшы-мүшелерінің және спорт резервінің дайындығын қамтамасыз ету;
      еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
      қысқы және жазғы спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізу, соның ішінде Азиада спорт объектілерінде өткізу;
      өңірлерде спорт объектілерін салу және қайта жаңарту;
      спорттық инфрақұрылым саласында мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаттарын енгізу;
      жазғы және қысқы Олимпиада, Азия ойындарына, спорт түрлерінен халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу.
      3. Саланың кадрлық әлеуетін даярлау.
      Осы міндетті іске асыру мынадай жолдармен жүзеге асырылатын болады:
      кәсіби жаттықтырушы-оқытушы кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
      кәсіптік техникалық және жоғарғы білім беру деңгейінде спорттық кадрларды даярлау үшін кәсіптік стандарттарды әзірлеу;
      жасөспірімдерді, футбол жаттықтырушыларын шет елдерде оқыту;
      дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды кәсіби-техникалық колледждер ретінде қайта құру.

6. Қажетті ресурстар

      Ескерту. 6-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 871; 25.07.2013 N 742 қаулыларымен.

      Салалық бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен және көлемі шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздермен жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаны 2011 – 2015 жылдары іске асыруға барлығы 138 984 334 мың теңге:
      1) республикалық бюджеттен 127 975 248 мың теңге; оның ішінде 2011 ж. – 13 246 100 мың теңге; 2012 ж. – 25 733 189 мың теңге; 2013 ж. – 26 785 225 мың теңге; 2014 ж. – 32 844 279 мың теңге; 2015 ж. – 29 366 455 мың теңге;
      2) жергiлiктi бюджеттен: 11 009 086 мың теңге; оның iшiнде 2011 ж. – 2 854 745 мың теңге; 2012 ж. – 2 505 941 мың теңге; 2013 ж. – 3 040 936 мың теңге; 2014 ж. – 2 607 464 мың теңге талап етiледi.

Қазақстан Республикасында       
дене шынықтыру мен спортты дамытудың
2011 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасына
1-қосымша              

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.07.2013 N 742 қаулысымен.

7. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты
дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р/с

Iс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзiмi

Болжанатын шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзi

Бюджеттiк бағдарламаның №

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру

1

Спортты насихаттау бойынша республикалық және өңiрлiк (облыстық, қалалық) медиа-жоспарлар әзiрлеу

бiрлескен бұйрық

СДШІА, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2012 жыл

талап етiлмейдi



2

Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-ші Азия ойындарын өткiзу үшiн салынған спорт объектiлерiнiң әлеуетiн бұқаралық спортты дамыту үшiн пайдалану

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

СДШІА, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2012 жыл
желтоқсан

талап етiлмейдi



3

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарында (залдарында, кешендерінде, алаңдарында), оның ішінде ауылдық жерлерде балалар мен ересек тұрғындар үшін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт сабақтарын ұйымдастыру

СДШІА-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жылына 2 рет, 20 маусымға және 20 желтоқсанға қарай

талап етілмейді



4

Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, халықтың, оның ішінде білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің спорт ғимараттарына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау

СДШІА-ға ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жылына 2 рет, 20 маусымға және 20 желтоқсанға қарай

талап етілмейді



5

Білім беру ұйымдарының қарамағындағы дене шынықтыру және спорттық мақсаттағы объектілерде сабақтан тыс уақытта дене шынықтыру-сауықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету

СДШІА-ға ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жылына 2 рет, 20 маусымға және 20 желтоқсанға қарай

талап етілмейді



2. Бұқаралық спортты және жоғары жетiстiктер спортын дамыту

6

БЖСМ, спорт клубтары желiсiн 7 бiрлiкке ұлғайту

СДШІА-ға ақпарат

Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО облыстарының әкiмдерi

жыл сайын
желтоқсан

1 774 471

1 309 995

1 380 499

1 456 706


ЖБ


7

3 өңiрлiк спорттық-бұқаралық жұмыс орталығын (клубын) құру

СДШІА-ға ақпарат

Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстарының әкiмдерi

2012 - 2015 жылдар
желтоқсан

131 808

141 049

200 948

161 503


ЖБ


8

«Мүгедектер спорты бойынша республикалық орталық» РМҚК құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СДШІА

2014 жылғы
желтоқсан




129 106

129 106

РБ

004 «Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдау»

9

Балаларға, жасөспiрiмдерге және жастарға арналған спорт түрлерiнен қолжетiмдi спорт секциялары мен клубтар желiсiн, оның iшiнде ауылдық жерде 5 бiрлiкке ұлғайту

СДШІА-ға ақпарат

Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкiмдерi

жыл сайын
желтоқсан

15 389

26 843

26 397

36 151


ЖБ


10

Қысқы спорт түрлерi бойынша 3 бөлiмше мен клуб ашу

СДШІА-ға ақпарат

Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының әкiмдерi

2012 - 2013 жылдар

500

1 000

46 251

6 584


ЖБ


11

Мектепке дейiнгi мекемелердi, жалпы бiлiм беру мектептерiн, лицейлер мен колледждердi, оның iшiнде ауылдық жерде заманауи спорттық жабдықтармен және мүкәммалмен қамтамасыз ету

СДШІА-ға ақпарат

Ақтөбе, СҚО, Павлодар, Ақмола облыстарының әкiмдерi, БҒМ

жыл сайын
желтоқсан

127 173

157 376

173 795

174 942


ЖБ


12

72 бiлiм беру ұйымында шаңғы базаларын қалпына келтiру

СДШІА-ға ақпарат

Павлодар, Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi

жыл сайын
желтоқсан

28 675

15 000


25 000


ЖБ


13

Мына: техникалық және кәсiптiк бiлiм беруде оқитындар үшiн - «Жас сұңқар» (клубы); - жоғары оқу орындарының студенттерi үшiн – «Сұңқар»; - ауыл тұрғындары үшiн – «Ел Қайраты» спорттық қоғамдарының жұмысын жалғастыру

СДШІА-ға ақпарат

БҒМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

жыл сайын
желтоқсан

талап етiлмейдi



14

Оқу орындарының спорттық объектiлерiн сабақтан тыс және кешкi уақытта тұрғындар арасында спорттық iс-шаралар (секциялар, денсаулық топтары және басқалары) өткiзу үшiн пайдалану жөнiнде шаралар қабылдау

СДШІА-ға ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, БҒМ

2012 жылғы
желтоқсан

талап етiлмейдi



15

Президенттiк тестілердi тапсыру жолымен 24 және одан жоғары жас шамасындағы халықтың физикалық дайындығын жыл сайын тестiлеудi ұйымдастыруды қамтамасыз ету

СДШІА-ға ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

жыл сайын
желтоқсан

бөлінген қаражат шегінде



16

Қысқы спорт түрлерiнен 80 спорттық iс-шара өткiзу

СДШІА-ға ақпарат

Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстарының әкiмдерi

жыл сайын
желтоқсан

31 348

33 359

35 890

37 849


ЖБ


17

Мүгедектер спорты, ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша кешенді іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстарының әкімдері

жыл сайын
желтоқсан

111 331
28 355

69 489
30 472

126 702
32 799

69 144
34 970

70 004

РБ
ЖБ

004 «Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдау»

18

Мүгедектер спорты, ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық іс-шараларды дайындау мен өткізу және халықаралық жарыстарға қатысу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын
желтоқсан

62 746

118 591

61 360

211 971

46 920

РБ

004 «Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдау»

19

Жыл қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спорт туралы үздік жарияланым үшін С. Бердіқұлов атындағы 3 сыйлықты беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

жыл сайын
желтоқсан

247

255

273

292

312

РБ

004 «Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау»

20

Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін ұлттық құрама командалардың спортшы-мүшелерінің және спорт резервінің дайындығын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын
желтоқсан

3 458 587

4 045 080

5 623 872

4 464 609

5 106 201

РБ

005 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

21

Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

жыл сайын
желтоқсан

364 196

390 554

455 854

469 411

484 223

РБ

005 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

22

Олимпиадалық даярлық орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

жыл сайын
желтоқсан

1 658 804

2 242 452

2 416 752

2 570 597

2 685 132

РБ

005 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

23

Спортшыларға диспансерлеу өткізу, оқу-жаттығу процесін медициналық қамтамасыз ету, спорттық жарақаттанудың алдын алу, спортшыларды емдеу және қалпына келтіру, оларды дәрумендермен, медициналық-биологиялық және қалпына келтіру препараттарымен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

жыл сайын
желтоқсан

228 735

279 897

300 264

312 305

325 191

РБ

005 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

24

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің тыйым салынған тізіміне сәйкес спортшылардың тыйым салынған сыныптағы заттар мен әдістерді пайдалануын анықтау мәніне допингке қарсы зертханалық талдаулар жүргізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

жыл сайын
желтоқсан

115 000

129 689

135 663

143 234

151 334

РБ

005 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

25

«Сарыарқа» республикалық велотрегі» және «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешенi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

2011 – 2015 жылдар
желтоқсан

1 392 540

2 154 984

3 495 147

3 665 747

3 853 163

РБ

005 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

26

Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

жыл сайын
желтоқсан

80 000

80 000

82 119

84 855

87 781

РБ

002 «Спорттағы дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу»

27

Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

жыл сайын
желтоқсан

47 900

52 731

56 410

60 346

63 418

РБ

005 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

28

Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар желiсiн 2 бiрлiкке ұлғайту

СДШІА-ға ақпарат

Ақтөбе облысының әкiмi

2012 - 2013
жылдар


80 000

120 000



ЖБ


29

Спортта дарынды балаларға арналған 4 мектеп-интернатты және республикалық спорт колледжін республикалық олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледждері ретінде қайта құру және олардың жұмыс істеуі

СДШІА-ға ақпарат

СДШІА

2012 жыл, жыл сайын желтоқсан

1 736 146
281 047

1 978 745
343 616

2 312 681
509 899

2 397 527
516 961

2 454 721
520 184

РБ
РБ

002 «Спорттағы дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу»
003 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және әлеуметтік қолдау көрсету ұйымдарында мамандар даярлау»

30

Ведомстволық бағынысты спорт ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайту және ведомстволық бағынысты спорт ұйымдарына күрделi жөндеу жүргiзу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

жыл сайын
желтоқсан

49 100

448 459

288 085

288 085

288 085

РБ

007 «Ведомстволық бағыныстағы спорт ұйымдарының күрделi шығыстары»

31

Ұлттық допингке қарсы ұйым құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

2012 жыл, жыл сайын желтоқсан



57 604

58 732

59 874

РБ

005 «Жоғары жетiстiктер спортын дамыту»

32

Жоғары жетістіктер спорты бойынша кешенді іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

2011 - 2015 жылдар
желтоқсан

475 221

470 461

223 661

466 727

99 972

РБ

005 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

33


Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық спорт түрлерін дамыту жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

2012 - 2015 жылдар
желтоқсан

28 494

29 079

29 079

29 079

29 079

РБ

004 «Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау»

34

Салауатты өмiр салты және бұқаралық спорт бойынша жер-жерлерде кемiнде 3 мың дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру iс-шараларын өткiзу

СДШІА-ға ақпарат

Ақмола, Атырау, Қостанай, Қызылорда, СҚО, Павлодар облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi, ДСМ

жыл сайын
желтоқсан

208 084

152 120

101 035

107 865


ЖБ


35

«Жыл спортшысы» байқауын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

2011 - 2015 жылдар
желтоқсан

4 420

3 010,

5 067

5 164

5 229

РБ

005 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту»

36

Спорт түрлерінен ұлттық студенттік лигалар құру мәселесін және оның кейіннен жұмыс істеуін зерделеу

СДШІА-ға ақпарат

БҒМ

2013 жыл

талап етілмейді


37

2013 жылы қыздар мен жасөспірім ұлдар арасында 3-ші Еуразиялық спорт ойындарын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

СДШІА, Алматы облысының әкімі

2013 жыл
қазан



1 668 214



РБ

005 «Жоғары жетiстiктер спортын дамыту»

3. Дене шынықтыру және спорт инфрақұрылымын дамыту

38

Балаларға (жасөспiрiмдерге) арналған 5 аула клубын құру

жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдері

Ақтөбе, Қызылорда, Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi

жыл сайын маусым, желтоқсан

8 942

8 727

16 174

15 894


ЖБ


39

Алматы облысында республикалық олимпиадалық даярлау базасын салу

пайдалануға беру актісі

СДШІА, Алматы облысының әкімі

2011 - 2014 жылдар
желтоқсан

300 000

3 190 853

2 500 000

6 955 390

5 000 000

РБ

011 «Спорт саласындағы бюджеттік инвестициялар»

40

Ақмола облысы Щучинск қаласында республикалық шаңғы спорты базасын салу (І және II кезек)

пайдалануға беру актісі

СДШІА, Ақмола облысының әкімі

2012 - 2013 жылдар
желтоқсан


1 035 685

3 000 000



РБ

011 «Спорт саласындағы бюджеттік инвестициялар»

41

Астана қаласында «Олимпиадалық даярлау орталығы» көп функционалды спорт кешенін салу (сыртқы инженерлік желісіз)

пайдалануға беру актісі

СДШІА, Астана қаласының әкімі

2011 - 2014 жылдар
желтоқсан

200 000

4 108 850

2 500 000

9 731 166

7 803 695

РБ

011 «Спорт саласындағы бюджеттік инвестициялар»

42

Астана қаласындағы Стадион көшесі № 3 мекенжайында орналасқан спорттық-сауықтыру кешенін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

СДШІА, Астана қаласының әкімі

2011 - 2012 жылдар
желтоқсан

190 619

190 618




РБ

011 «Спорт саласындағы бюджеттік инвестициялар»

43

Алматы қаласында «Медеу» биік таулы спорт кешенін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімі, СДШІА

2011 - 2012 жылдар
желтоқсан

442 487

673 987




РБ

012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»

44

Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын сырғанау мұз айдынын және тұрақ сала отырып реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

ТСМ

2011 жыл
желтоқсан

1 833 530





РБ

029 «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»

45

Алматы қаласында халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешенін салу

пайдалануға беру актісі

Алматы қаласының әкімі, СДШІА

2011 - 2014 жылдар
желтоқсан

100 000

3 600 000

840 415

111 000


РБ

012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»

46

Көкшетау қаласында шаңғы базасын реконструкциялау

СДШІА-ға ақпарат

Ақмола облысының әкiмi

2012 жыл
желтоқсан



110 000



ЖБ


47

Спорттық инфрақұрылым саласында мемлекеттiк-жеке меншік әріптестік қағидаттарын енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

СДШІА

2014 жыл
желтоқсан

Талап етiлмейдi



48

Тірек ауылдық округтерде қазіргі заманғы спорттық модульдер құру мәселелерін пысықтау

СДШІА-ға ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

2013 – 2014 жылдар
желтоқсан

Талап етiлмейдi



49

Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде және Шаған ауылында спорт кешендерін салу

пайдалануға беру актісі

Қызылорда облысының әкімдігі

2013 жыл



247 148



ЖБ


50

Жыл сайын кемінде 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

пайдалануға беру актісі

Облыстардың әкімдіктері

2013 – 2015 жылдар






Бюджеттен тыс қаражат**


4. Кадрлық әлеуеттi арттыру

51

Кәсіби жаттықтырушы-оқытушы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА, Ақтөбе облысының әкімі

2012 - 2015 жылдар
желтоқсан

500 000

10 866
550 000

8 157
550 000

8 728
550 000

2 141

РБ
ЖБ

009 «Спорт саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»

52

«Ботафого әлеуметтік институты» футбол мектебінде спортшыларды оқыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СДШІА

2012 - 2015 жылдар
желтоқсан

84 950

85 238

87 947

94 103

100 690

РБ

005 «Жоғары жетiстiктер спортын дамыту»

53

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дене шынықтыру және спорт мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заң жобасын қарау

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК шешiмi

СДШІА, Әділетмині

2013 жыл
желтоқсан

талап етiлмейдi



54

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды анықтау мақсатында облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің сайтында сауалнамалар жүргізу

СДШІА-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

жыл сайын
қаңтар

талап етiлмейдi



55

Дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерiне арналған кәсіптік стандарттарды әзiрлеу

кәсіптік стандарттар

СДШІА, БҒМ

2012 - 2013 жылдар

Дүниежүзiлiк банкпен «Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi жаңғырту» жобасы шеңберiнде






Республикалық бюджет

2011 ж. – 13 246 100 мың теңге
2012 ж. – 25 733 189 мың теңге
2013 ж. – 26 785 225 мың теңге
2014 ж. – 32 844 279 мың теңге
2015 ж. – 29 366 455 мың теңге






Жергiлiктi бюджет

2011 ж. – 2 854 745 мың теңге
2012 ж. – 2 505 941 мың теңге
2013 ж. – 3 040 936 мың теңге
2014 ж. – 2 607 464 мың теңге



      Ескертпелер:
      * Бағдарламаны iске асыруға қажеттi бюджеттiк қаражат көлемi тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерді бекiту кезiнде нақтыланатын болады;
      ** Бағдарламаны іске асыруға қажетті бюджеттен тыс қаражат көлемі демеушілік көмек көрсету кезінде нақтыланатын болады
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
      СДБАМИ – спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат
      БЖСМ – балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi
      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
      СҚО – Солтүстік Қазақстан облысы
      РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      ВАК – ведомствоаралық комиссия

Қазақстан Республикасында        
дене шынықтыру мен спортты дамытудың  
2011 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасына
2-қосымша                 

Саладағы негізгі инвестициялық жобалар

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.07.2013 N 742 қаулысымен.

Жобаның атауы

Жоба бойынша іс-шаралар

Жобаның мақсаты

Жобаның қаржы экономикалық және техникалық экономикалық негіздемесінің бар болуы, қай кезеңде (әзірлеу, пысықтау, бекітілді)

Ұсынылатын өңірлік орын

Жобаны іске асыруды бастау

Жобаны іске асыруды аяқтау

Жауапты орындаушы

Қаржылан дыру көлемі, млн. теңге.

Қаржы ландыру көздері

Республикалық олимпиадалық даярлау базасын салу

Алматы облысында республик алық олимпиада лық даярлық базасын салу

Дене шынықтыр уды және спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, халықара лық спорт аренасында спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін құру

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 20.01.2009 ж. №39-ПИР бұйрығымен бекітілген

Алматы облысы

2004

2014

СДШІА, Алматы облысының әкімдігі

35 372,9

РБ

Республикалық шаңғы спорты базасын салу

Ақмола облысы Щучинск қаласында республика лық шаңғы базасын салу (I және II кезек)

Дене шынықтыруды және спортты, тұрақты дамытуды қамтамасыз ету қысқы спорт түрлерін дамыту

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 17.04 .2006 ж. №145-ПИР бұйрығымен бекітілген

Ақмола облысы Щучинск қаласында

2005

2013

СДШІА, Ақмола облысының әкімдігі

15 244,6

РБ

Көп функцион алды "Олимпиа далық даярлау орталығы " спорттык кешенін салу

Астана қаласында көп функционал ды "Олимпиада ық даярлау орталығы" спорттық кешенін салу (сыртқы инженерлік желісіз)

Дене шынықтыруды және спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, халықаралық спорт аренасында спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру

Құрылыс және тұрғын ұй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 12.01.2011ж №7-ПИР бұйрығымен бекітілген

Астана қаласында

2008

2014

СДШІА, Астана қаласы ның әкімді гі

23 236,3

РБ

Спорттық -сауықты ру кешенін қайта жаңарту

Астана қаласында Стадион көшесі, №3 мекенжайын да орналасқан спорттық-с ауықтыру кешенін қайта жаңарту

Балаларды, жасөспірімдерді, жастарды және ересек тұрғындарды дене шынықтыру мен және спортпен айналысуға тарту

ТСМ
14.01.2 009 ж. № 01-01-0 7/8 бұйрығым ен бекітілг ен

Астана қаласынд а

2008

2012
 

СДШІА, Астана қаласы ның әкімді гі

394,7

РБ
 


"Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңарту

Алматы қаласында "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңарту

Дене шынықтыруды және спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, қысқы спорт түрлерін дамыту

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 28.10.2008 ж. № 466-ПИР бұйрығымен бекітілген

Алматы қаласында

2007

2012

Алматы қаласы ның әкімді ігі, СДШІА

10 260,8

РБ

Халықара лық шаңғы трамплин дерінің кешенін салу

Алматы қаласында халықаралы  қ шаңғы трамплинде рінің кешенін салу

Дене шынықтыруды және спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, халықаралық спорт аренасында спортшылард ың бәсекеге қабілеттілі гін қалыптастыру

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің. 29.12.2008 ж. № 593-ПИР бұйрығымен бекітілген

Алматы қаласында

2006

2014

Алматы қаласының әкімдігі, СДШІА

25 197,1

РБ

Алматы қаласынд а Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын қалпына келтіру

Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спюрт сарайына сырғанау жасанды мұзайдынын және тұрақты жапсаржай сала отырып, қалпына келтіру

Дене шынықтыруды және спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, халықаралық спорт аренасында спортшылардың бәсекеге қабілеттілігі н қалыптастыру

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2.08.2010 ж. № 315-ПИР бұйрығымен бекітілген

Алматы қаласында

2007

2011

СДШІА

31938,3

РБ

Қазақстан Республикасында       
дене шынықтыру мен спортты дамытудың   
2011 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасына
3-қосымша               

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 871; 25.07.2013 N 742 қаулыларымен.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасының қысқаша ақпараты

1.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі бағдарлама
(салалық бағдарламаның атауы)

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл


салалық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органның атауы ҚР СДШІА

Тең орындаушы - ұйымдар мен ведомствалардың тізімі: білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, байланыс және ақпарат, қаржы министрліктері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2.

Өзекті проблемалардың тізбесі


Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік-жеке серіктестік, сондай-ақ мемлекеттік қолдау тетіктері қалыптаспаған.
Спорттың ғылыми базасының жоқтығы.
Спортты насихаттау және дәріптеу деңгейінің жеткіліксіздігі.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелеріндегі спорттық-материалдық базаның нашарлығы.
Республикалық олимпиадалық даярлық орталықтарында өзіндік оқу-жаттығы базасының жоқтығы.
Жаттықтырушылар жұмысы ақыларының төмен болуы.
Кадрларды даярлау бағдарламасы нарықтың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмейді

3.

Мақсаты

Нысаналы индикаторлары


Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты тұрақты дамыту

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтуды 2010 жылғы 17,4 %-дан 2015 жылы 26 %-ға дейін ұлғайту.
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамтуды 2010 жылғы 9,5 %-дан 2015 жылы 12,6 %-ға дейін ұлғайту.
2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Халықаралық Олимпиада Комитетінің жалпы командалық ресми емес есебінің рейтингінде Қазақстан 28 орынды алады (2008 жылы - 29 орын)
2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Халықаралық" Олимпиада Комитетінің жалпы командалық ресми емес есебінің рейтингінде Қазақстан 23 орынды алады (2010 жылы - 24 орын).

4.

Өзекті шаралар (міндет топтары бойынша)

Міндеттердің көрсеткіштері


Бұқаралық спортты дамыту

- оқушылардың жалпы санынан спорт секцияларында айналысатын орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі 2011 жылы – 22,0 %, 2012 жылы – 27,5 %, 2013 жылы – 27,7 %, 2014 жылы – 27,9 %, 2015 жылы – 28,1 %;
соның ішінде ауылдық жерде 2011 жылы - 31,7%, 2012 жылы - 32,0%, 2013 жылы - 32,5%, 2014 жылы - 33,0 %, 2015 жылы - 33,5%-ды құрайды;
- студенттердің жалпы саны ішінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын студенттердің үлесі 2011 жылы - 24,0%, 2012 жылы - 25,5%, 2013 жылы - 26,5%, 2014 жылы - 27,5%, 2015 жылы - 28,5 %-ды құрайды;
- мүгедектердiң жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын мүгедектердiң үлесi 2011 жылы – 7,7 %, 2012 жылы – 8,2 %, 2013 жылы – 8,7 %, 2014 жылы – 9,2 %, 2015 жылы – 9,7 %-ды құрайды;
- жұмыс орындары бойынша (жұмыс беруші) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 2013 жылы - 6,2% (1 млн. адам), 2015 жылы - 9,0 %-ға (1,5 млн. адам) артады;
спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысқан азаматтар саны 2011 жылы - 3,0 млн. адам, 2012 жылы - 3,7 млн. адам, 2013 жылы - 3,9 млн. адам, 2014 жылы - 4,2 млн. адам, 2015 жылы - 4,5 млн. адам.


Жоғары жетістіктер спортын дамыту

- білікті спортшылар (спорт шебері) санының өсуі 2011 жылы – 25,4 %, 2012 жылы – 27 %, 2013 жылы – 28 %, 2014 жылы – 29 %, 2015 жылы – 32,1 %;
- ресми спорттық iс-шараларда, әлем чемпионаттарында, әлем кубоктарында, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде жеңіп алған медальдардың саны 2011 жылы – 797, 2012 жылы – 690, 2013 жылы – 726, 2014 жылы – 742, 2015 жылы – 742.


Саланың кадрлық әлеуетін даярлау жүйесін жетілдіру

- біліктілігін арттырудан өткен жаттықтырушы-оқытушылардың үлесі 2011 жылы – 5 %, 2012 жылы – 10 %, 2013 жылы – 10,2 %, 2014 жылы – 10,4 %, 2015 жылы – 10,6 %-ды құрайды;
- спорт ұйымдарындағы кадр тапшылығы 2013 жылы 15%-ға дейін, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 10%-ға дейін төмендейді.

5.

Қажетті ресурстар


Ресурстардың сипаттамасы

Көздері


Бағдарламаны 2011 - 2015 жылдары іске асыруға барлығы 138 984 334 мың теңге талап етіледі

Республикалық бюджет:
2011 ж. – 13 246 100 мың теңге
2012 ж. – 25 733 189 мың теңге
2013 ж. – 26 785 225 мың теңге
2014 ж. – 32 844 279 мың теңге
2015 ж. – 29 366 455 мың теңге;
Жергілікті бюджет:
2011 ж. – 2 854 745 мың теңге
2012 ж. – 2 505 941 мың теңге
2013 ж. – 3 040 936 мың теңге
2014 ж. – 2 607 464 мың теңге