"Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1399 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 742 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес, Качир ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 1-13/503 ұсынымхаты негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылы аумағында ауылшаруашылық жануарлардың құтырумен ауыру фактісі бойынша шектеу іс-шаралары тоқталсын.
      2. Качир ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі "Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 6 мамырда № 3532 болып тіркелген, 2013 жылы 9 мамырда "Тереңкөл тынысы", "Заря" № 19 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Байқоныс ауылдық
      округі әкімінің м.а. Қ. Махадилова