Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 1386 қаулысына  
қосымша     

Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамы

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы         Премьер-Министрі, төраға

Исекешев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы           орынбасары – Қазақстан Республикасының
                          Индустрия және жаңа технологиялар министрі,
                          төрағаның орынбасары

Тулеушин                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қаныш Аманбайұлы          жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы

Әшім                    - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрғали Сәдуақасұлы       қорғау министрi

Жақсыбеков              - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы       министрi

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Жұмағалиев              - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы           ақпарат министрі

Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бақытжан Тұрсынұлы        ғылым министрi

Қайырбекова             - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зикенқызы         министрi

Камалиев                - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Берік Сайлауұлы           коммуникация министрi

Келімбетов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Қайрат Нематұлы           және сауда министрі

Мамытбеков              - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы        шаруашылығы министрi

Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы       газ министрі

Мұсабаев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Талғат Амангелдіұлы       агенттігінің төрағасы

Нокин                   - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серік Кеңесұлы            үй-коммуналдық шаруашылық істері
                          агенттігінің төрағасы

Бектұрғанов             - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы          холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                          төрағасы (келісім бойынша)

Құлыбаев                - «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры»
Тимур Асқарұлы            акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Құлсейітов              - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік
Айдын Жеңісұлы            қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                          бойынша)

Сәрінжіпов              - «Назарбаев Университеті» акционерлік
Аслан Бәкенұлы            қоғамының президенті (келісім бойынша)

Металлургия және тау-кен ісі

Жәрменов                - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әбдірасул Алдашұлы        жаңа технологиялар министрлігінің
                          «Қазақстан Республикасының минералдық
                          шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық
                          орталығы» республикалық мемлекеттік
                          кәсіпорнының бас директоры

Попович Никола          - «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі
                          серіктестігінің басқарма төрағасы (келісім
                          бойынша)

Радостовец              - «Тау-кен өндіруші және тау-кен
Николай Владимирович      металлургиялық кәсіпорындарының
                          республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар
                          бірлестігінің атқарушы директоры (келісім
                          бойынша)

Бобир                   - «ENRC Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі
Владимир Николаевич       серіктестігінің операциялық қызмет бойынша
                          вице-президенті (келісім бойынша)

Энергетика

Қажиев                  - «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі
Бақытжан Төлеуқажыұлы     қазақстандық компаниясы» акционерлік
                          қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                          бойынша)

Оразалинов              - «Қазақстан электр энергетикалық
Шаймерден Әбілмәжінұлы    қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің
                          төрағасы (келісім бойынша)

Агроөнеркәсіп кешені

Бейсенғалиев            - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы
Берік Тұрсынбекұлы        акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Кененбаев               - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының
Серік Барменбекұлы        президенті (келісім бойынша)

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Измайлов                  "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық
Нұрлан Тельманұлы         холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                          төрағасы (келісім бойынша)

Исин                    - «IT-компаниялардың қазақстандық
Нұрлан Құрманғалиұлы      қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің
                          президенті (келісім бойынша)

Атом энергетикасы

Школьник                - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы»
Владимир Сергеевич        акционерлік қоғамының президенті (келісім
                          бойынша)

Мұнай және газ

Қарабалин               - «Қазақ мұнай және газ институты»
Ұзақбай Сүлейменұлы       акционерлік қоғамының бас директоры
                          (келісім бойынша)

Кэмпбелл Кир            - «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.»
                          компаниясының басқарушы директоры (келісім
                          бойынша)

Жәкиев                  - «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі
Әнуарбек Сабанбайұлы      серіктестігінің бас директорының орынбасары
                          (келісім бойынша)

Химия және фармацевтика

Әдекенов                - «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік
Серғазы Мыңжасарұлы       холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                          төрағасы (келісім бойынша)

Раманқұлов              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Ерлан Мірхайдарұлы        министрлігінің «Қазақстан Республикасының
                          ұлттық биотехнология орталығы»
                          республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас
                          директоры

Ескендіров              - «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі
Мұқан Зұлқарнайұлы        серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Анощенко                - «Химиялық біріккен компания»
Юрий Станиславович        жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                          басқарма төрағасының орынбасары (келісім
                          бойынша)

Сұлтанов                - «Қазақстанның ФармМедИндустриясы»
Серік Егелұлы             қауымдастығының президенті (келісім
                          бойынша)

Машина жасау

Смағұлов                - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы»
Болат Советұлы            акционерлік қоғамының басқарма төрағасы –
                          президент (келісім бойынша)

Қизатов                 - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
Ермек Әнуарбекұлы         акционерлік қоғамының вице-президенті
                          (келісім бойынша)

Беклемишев              - «Белкамит» акционерлік қоғамының бас
Павел Иннокентьевич       директоры (келісім бойынша)

Қажкенов                - Қазақстанның машина жасаушылар одағының
Айбек Зекешұлы            атқарушы директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 29 қарашадағы 
№ 1386 қаулысымен      
бекітілген     

Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Технологиялық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
      2. Кеңес мемлекетті технологиялық дамыту басымдықтарын, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін құрылады.
      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік  құқықтық актілерін  және осы ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері және функциялары

      4. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1. индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы, оның ішінде салааралық ғылыми-технологиялық жоспарды, сондай-ақ әзірлеуге ұсынылатын технологиялық бағдарламалардың тізбесін бекіту және өзекті ету бойынша мемлекеттік саясаттың;
      2. гранттық бағдарламаларды іске асыру бойынша;
      3. жоғары технологиялық және орташа технологиялық өнімдердің тізбесін қалыптастыру бойынша негізгі бағыттарды айқындау болып табылады.
      5. Осы міндеттерді орындау үшін Кеңес:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын айқындау бойынша мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарауды;
      2) жоғары технологиялық және орташа технологиялық өнімдер өндіру қызметі түрлерінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын қарауды;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті орган әзірлеген инновациялық-технологиялық даму бағдарламаларының жобаларын қарауды жүзеге асырады.
      6. Кеңестің функциялары:
      1) инновациялық дамытудың басымды технологиялық міндеттері;
      2) инновациялық қызметті ынталандыру және басым инновациялық жобаларды іске асыру үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту;
      3) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру;
      4) инновацияларды дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру, елге жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрларды тарту;
      5) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
      7. Кеңес өз қызметін жүзеге асыру үшін:
      орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрауға және алуға;
      орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және басқа ұйымдардың өкілдерін шақыртуға және тыңдауға;
      Қазақстан Республикасының аумағында жаңа өндірістерді орналастыру орындылығының сараптамасын және консультациялар жүргізу үшін қажетті болған жағдайда белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, ұйымдардың мамандарын, шетелдік мамандарды тартуға;
      жекелеген мәселелерді қарау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.

3. Кеңес қызметін ұйымдастыру

      8. Кеңесті индустрия және инновациялар саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы атынан орынбасары бар төраға (бұдан әрі – төраға) – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.
      9. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның функциялары Кеңес төрағасының орынбасарына жүктеледі.
      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
      11. Жұмыс органы Кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде:
      1) күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Кеңестің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      12. Кеңестің хатшысы Кеңес мүшелерін және оның отырысына шақырылғандарды отырысты өткізу тәртібі мен күні туралы хабардар етеді, отырысқа дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей отырысқа материалдарды жібереді, отырыстан кейін хаттаманы ресімдейді.
      Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
      13. Отырыс қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан жағдайда, заңды болып саналады.
      14. Кеңестің шешімдері отырысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Кеңес төрағасы берген дауыс шешуші болып табылады.
      15. Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша міндетті түрде оның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қоятын Хаттама жасалады.

4. Кеңес қызметінің тоқтатылуы

       16. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес тоқтатады.