«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 қарашадағы
№ 1364 қаулысымен
бекітілген
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және заңды тұлғаларды тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына тұқымдардың сорттық және егу сапасының сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1505 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылды:
1) аттестаттау – заңды тұлғаның тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
2) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қызметiн тануын растайтын, өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген құжат;
3) тұқымдардың егу сапалары – тұқымдардың егу (отырғызу) үшiн жарамдылық дәрежесін сипаттайтын олардың сапа көрсеткiштерiнiң жиынтығы;
4) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына белгіленген тәртіппен аттестатталған заңды тұлға;
5) тұқымдардың сорттық сапалары – тұқымдардың ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң белгiлi бiр сортына жататындығын сипаттайтын белгiлер жиынтығы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1505 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Заңды тұлғаға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертхана мәртебесiн беру тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар, сондай-ақ (бар болса) оның құрамына кiретiн құрылымдық бөлiмшелерді (бұдан әрі – құрылымдық бөлiмше) тексеру негiзiнде уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау құзыретін өзінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiне (бұдан әрi – Комитет) бере алады.
4. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау меншiк нысанына қарамастан, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі барлық зертханалар үшін міндетті болып табылады.
2. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптар
5. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға:
1) мыналармен:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесі тiзiлiміне енгiзiлген және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес салыстырылып тексерілген зертханалық жабдықпен және өлшем құралдарымен;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша тұқым сапасын анықтау әдiстерiне нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес тұқымның сапа көрсеткiштерiн анықтауды қамтамасыз етуге арналған химиялық реактивтермен, материалдармен және құрал-сайманмен;
тұқым сынамаларын сақтауға арналған сөрелермен жарақталған (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түріне байланысты) меншік құқығындағы немесе басқа заттай құқықтағы ғимараттың (үй-жайдың);
2) кемінде бір тұқым сарапшысының;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша тұқым сапасына сараптама жасау кезінде қолданылатын өзекті етілген нормативтiк-техникалық құжаттардың, бланктердің (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түріне байланысты) болуы кіреді.
3. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау
6. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттауды уәкілетті органның бұйрығымен құрылатын құрамында кемiнде бес адам (комиссияның төрағасы және төрт мүшесі) бар тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы (бұдан әрi – комиссия) жүзеге асырады.
Комиссияның құрамына Комитеттiң, аграрлық саладағы ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келiсiм бойынша) өкiлдерi кіреді.
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшесi комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия құрылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің облыстық аумақтық инспекциясының (бұдан әрі – облыстық аумақтық инспекция) бұйрығымен құрамында кемiнде бес адам бар (сараптамалық комиссияның төрағасы және төрт мүшесі), тиiстi облыс аумағында орналасқан заңды тұлғаға немесе құрылымдық бөлiмшелерге тексеру жүргізу бойынша облыста тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық комиссия (бұдан әрi - сараптамалық комиссия) құрылады.
Сараптамалық комиссияның құрамына облыстық аумақтық инспекцияның, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келiсiм бойынша) өкiлдерi кіреді.
Облыстық аумақтық инспекция сараптамалық комиссия құрылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұйрықтың көшірмесін комиссияға жолдайды.
Облыстық аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлiмшесі сараптамалық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Аттестаттау жүргізу үшін заңды тұлға комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелердің тiзбесін (бар болса), пошталық және электрондық мекенжайын, байланыс телефондарын қоса бере отырып);
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің көшiрмесі;
3) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшiрмесi;
4) өлшем құралдарының жай-күйiне жауапты маманның тағайындалуы туралы құжаттың көшірмесі;
5) осы Қағидалардың 5-тармағында көрcетiлген тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға заңды тұлғаның сәйкестiгiн растайтын құжаттар.
8. Комиссия заңды тұлғаның осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген аттестаттауға арналған құжаттары түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі белгілі болған жағдайда, уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде заңды тұлғаға өтінішін қараудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.
9. Комиссияның жұмыс органы заңды тұлғадан құжаттар түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы облыстық аумақтық инспекцияны хабардар етеді (хабарламаны жіберу және алу фактісін растайтын тәсілмен).
Сараптамалық комиссия комиссиядан хабарлама түскен күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде тиісті жерге бару арқылы заңды тұлғаның немесе тұқым сапасына сараптама жасайтын құрылымдық бөлiмшенің осы Қағидалардың 5-тармағында көрcетiлген талаптарға сәйкестiгіне тексеру жүргізеді.
10. Сараптамалық комиссия заңды тұлғаны және құрылымдық бөлiмшені (бар болса) тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) үш данада жасайды: сараптамалық комиссия бiр данасын комиссияға жібереді, екіншісі облыстық аумақтық инспекцияға сақтауға беріледі, үшіншісі заңды тұлғада немесе құрылымдық бөлiмшеде (бар болса) қалады.
11. Комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген құжаттарды, сондай-ақ заңды тұлғаны және оның құрылымдық бөлiмшелерін (бар болса) тексеру актілерін қарау қорытындысы бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
12. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы заңды тұлғаның өтінішін қарастырудың жалпы мерзімі аттестаттауға өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауы тиіс.
13. Комиссияның оң шешімін алған заңды тұлғаларға уәкілетті органның бұйрығымен тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесі беріледі және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданылу мерзімі үш жылға жарамды аттестаттау туралы куәлік тапсырылады.
14. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген заңды тұлғаларға осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзім ішінде аттестаттау туралы куәлік беруден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
15. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіне байланысты аттестаттау туралы куәлік беруден бас тарту туралы комиссияның терiс шешiмi қабылданған күннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң заңды тұлға аттестаттау туралы куәлік беруден бас тартуға әкеп соққан себептерді жойған кезде аттестаттаудан қайта өтуге құжаттарын тапсыра алады.
16. Аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген құрылымдық бөлiмшелердің (бар болса) саны азайған жағдайда заңды тұлға құрылымдық бөлiмшені қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы бұйрықтың көшірмесін заңды тұлға басшысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссияға тапсырады.
Құрылымдық бөлiмшені қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы заңды тұлға басшысы бұйрығының көшірмесі келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде комиссияның ұсынысы бойынша уәкілетті органның бұйрығымен құрылымдық бөлiмше аттестатталған заңды тұлға құрамына кіретін аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген құрылымдық бөлiмшелердің тізбесінен алынып тасталады.
17. Құрылымдық бөлімшелердің саны көбейген жағдайда аттестатталған заңды тұлға сараптамалық комиссияға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа құрылымдық бөлiмшеге тексеру жүргізу туралы жазбаша түрде өтініш береді.
Комиссия сараптамалық комиссия ұсынған құрылымдық бөлiмшені тексеру актісі негізінде жаңа құрылымдық бөлiмшені аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген аттестатталған заңды тұлғалар құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесіне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Комиссияның оң шешімін алған құрылымдық бөлiмше уәкілетті органның бұйрығымен аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген аттестатталған заңды тұлғалар құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесіне енгізіледі.
Жаңа құрылымдық бөлiмше осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган заңды тұлғаға аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген аттестатталған заңды тұлғалар құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесіне құрылымдық бөлiмшені енгізуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
18. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы қайта аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен үш жылда бiр рет жүргiзiледi.
19. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қайта аттестаттауға өтініш аттестаттау туралы куәлiктің қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей беріледі.
20. Аттестаттау туралы куәлiк:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
2) аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
Зертханалық жабдықтың және өлшем құралдарының тiзбесі
1. Зертханалық таразы
2. Ылғал өлшегiштер
3. Термометрлер
4. Сағаттар (1, 3 минуттық, сигналдық құмсағаттар)
5. Зертханалық електер жиынтықтары, оның ішінде:
а) қақпағы және тұғыры бар № 1, 2 елек;
б) шөпке арналған қақпағы және тұғыры бар шағын габариттi елеуiштер
6. Оптикалық құралдар (микроскоптар, лупалар)
7. +50-ден +150 С-ға дейінгі реттеу диапазоны бар кептіргiш шкафтар
8. Тұқым өсiруге арналған термостаттар (жылытқыш және суытқыш)
9. Зертханалық диірмен
10. Cынама алуға арналған сүңгілер
11. Секундомер
12. Механикалық тұқым бөлгiш
13. Саңылауларының диаметрi 1; 1,5; 2,5 миллиметрлік електер
14. Тоңазытқыш (суытқыш термостат болмаған кезде)
15. Құмды қыздыруға арналған пеш
16. Тұқым есептегіш-тарқатқыш
17. Топырақ електері жиыны (мақта тұқымы үшін)
18. Люминесценттік шам
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
Химиялық реактивтер, материалдар және құрал-саймандар тiзбесі
Реактивтер
1. Натрий гидрототығы немесе Калий гидрототығы
2. Күкiрт қышқылы (мақта тұқымының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар үшiн)
3. Тұз қышқылы
4. Хлорлы калий
5. Хлорлы тетразол немесе фуксин немесе индигокармин
6. Фосфор қышқылды калий, бiр орны ауысқан
7. Фосфор қышқылды натрий, екі орны ауысқан
8. Йодты калий
9. Кристалды иод
10. Азот қышқылды калий
11. Марганец қышқылды калий
12. Техникалық күйдіргіш натрий
13. Техникалық калий тотығының гидраты
14. Техникалық этил спирті
Материалдар
1. Индикатор қағазы
2. Тұқым коллекциясы
3. Құм
4. Қалқалар мен қалдықтарға арналған қағаз пакеттер
5. Респираторлар
6. Сүзгiш қағаз
7. Қара қағаз
8. Парафин
9. Техникалық вазелин
10. Орта сынамалар үшін сыйымдылығы әртүрлі матадан жасалған дорбалар
11. Дистиллизацияланған су
Құрал-саймандар
1. Сыйымдылығы әртүрлi шыны ыдыс
2. Құрастырмалы тақтайшалар
3. Зертханалық қалақтар
4. Препаральды инелер
5. Торлы түбі бар метал цилиндр, цилиндрлер
6. Тұқым өсіретін ыдыстар
7. Өлшеуіш колбалар
8. Эксикатор
9. Өлшеуіш цилиндрлер
10. Бюкстер
11. Зертханалық скальпель немесе пышақ
12. Тигельдік қысқаштар
13. Петри шыныаяғы
Тұқым сапасына сараптама жөніндегі
зертхананы аттестаттау қағидаларына
3-қосымша
Тұқым сапасына сараптама жасау кезінде қолданылатын өзектілендірілген нормативтiк-техникалық құжаттар тiзбесі
р/с № |
Атауы |
Cтандарт |
Сапаны анықтау әдістері |
||
1 |
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 12036-85 |
2 |
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 12037-81 |
3 |
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 12038-84 |
4 |
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 12039-82 |
5 |
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 12041-82 |
6 |
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 12042-80 |
7 |
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 12043-88 |
8 |
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 12044-93 |
9 |
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 12045-97 |
10 |
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 12046-85 |
11 |
Қант қызылшасы тұқымы. |
ГОСТ 22617.0-77 |
12 |
Қант қызылшасы тұқымы. Тұқымның тазалығын және қалдығын, көлемі бойынша тегістігін, біртұқымдығын анықтау әдiстерi |
ГОСТ 22617.1-77 |
13 |
Қант қызылшасы тұқымы. |
ГОСТ 22617.2-94 |
14 |
Қант қызылшасы тұқымы. Ылғалдылықты анықтау әдiсі |
ГОСТ 22617.3-77 |
15 |
Қызылша тұқымы. 1000 тұқымның салмағын және бiр егiстік бiрлiктiң салмағын анықтау әдiстері |
ГОСТ 22617.4-91 |
16 |
Қант қызылшасы тұқымы. |
ГОСТ 22617.5-77 |
17 |
Қант қызылшасы тұқымы. Сапа туралы құжаттар |
ГОСТ 22617.6-77 |
18 |
Гүлді дақылдар тұқымы. |
ГОСТ 24933.0-81 |
19 |
Гүлді дақылдар тұқымы. |
ГОСТ 24933.1-81 |
20 |
Гүлді дақылдар тұқымы. |
ГОСТ 24933.2-81 |
21 |
Гүлді дақылдар тұқымы. Ылғалдылықты анықтау әдiстері |
ГОСТ 24933.3-81 |
22 |
Тұқымдық шитті-мақта және мақта тұқымы. |
ГОСТ 21820.0-76 |
23 |
Мақта тұқымы. Өнгіштігін анықтау әдiсі |
ГОСТ 21820.1-76 |
24 |
Мақта тұқымы. Ылғалдылықты анықтау әдiсі |
ГОСТ 21820.2-76 |
25 |
Мақта тұқымы. Ластануды, механикалық зақымдануды, талшықтың қалдығын, түбіттің қалдығын және күйгендікті анықтау әдістері |
ГОСТ 21820.3-76 |
26 |
Мақта тұқымы. Cебілген дәрілейтін қоспалардың барлығын, көлемі бойынша тегістігін, қойма зиянкестерімен залалдануын анықтау әдістері |
ГОСТ 21820.4-76 |
27 |
Тұқымдық картоп. Қабылдау және талдау әдістері |
ГОСТ 11856-89 |
Сорттық және егу сапалары |
||
28 |
Асбұршақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10246-86 |
29 |
Қарақұмық тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10247-85 |
30 |
Ноқат тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10248-85 |
31 |
Тары тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10249-90 |
32 |
Күріш тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10250-80 |
33 |
Лобия және маш тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 10251-85 |
34 |
Жасымық тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10252-84 |
35 |
Атбұршақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10253-85 |
36 |
Бидай және полба тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 10467-76 |
37 |
Қара бидай тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10468-76 |
38 |
Арпа тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10469-76 |
39 |
Сұлы тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10470-76 |
40 |
Азықтық бұршақтар тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 11226-82 |
41 |
Біржылдық бөрібұршақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 11227-81 |
42 |
Құмай жүгері тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 11226-89 |
43 |
Сиыржоңышқа тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 11226-82 |
44 |
Көпжылдық дәнді азықтық шөптер тұқымы. Егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 19449-93 |
45 |
Көпжылдық бұршақты азықтық шөптер тұқымы. |
ГОСТ 19450-93 |
46 |
Бiр жылдық азықтық және бал шырынды шөптер тұқымдары. Егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 19451-93 |
47 |
Жүгері тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 20555-83 |
48 |
Тритикале тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 26763-85 |
49 |
Аз таралған азықтық дақылдар тұқымы. |
ГОСТ 28636-90 |
Майлы дақылдар |
||
50 |
Күнбағыс тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 9576-84 |
51 |
Жержаңғақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 9577-87 |
52 |
Күнжіт тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 9578-87 |
53 |
Майлы зығыр тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 9668-75 |
54 |
Қытайбұршақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 9669-75 |
55 |
Қыша тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 9670-89 |
56 |
Арыш тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 9671-87 |
57 |
Мақсары тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 9672-87 |
58 |
Үпілмәлік тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 9822-83 |
59 |
Майлы көкнәр тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 9823-61 |
60 |
Рапс және қышабас тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 9824-87 |
Техникалық және эфир майлы дақылдар |
||
61 |
Темекі және махорка тұқымы. |
ГОСТ 2684-77 |
62 |
Диплоидты көптұқымды қант қызылшасы тұқымы. |
ГОСТ 2890-82 |
63 |
Шашыратқы тұқымы. Егу сапалары |
ГОСТ 8191-56 |
64 |
Кенаф тұқымы. Егу сапалары |
ГОСТ 10429-63 |
65 |
Сора тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 10430-83 |
66 |
Біртұқымды қант қызылшасы тұқымы. |
ГОСТ 10882-93 |
67 |
Салалы зығыр тұқымы. Егу сапалары |
ГОСТ 12388-76 |
68 |
Кориандр тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 20455-93 |
69 |
Мускатты сәлбен тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 20456-95 |
70 |
Қант қызылшасының қабықталған тұқымы. |
ГОСТ 20797-87 |
71 |
Зере тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 21031-90 |
72 |
Фенхель тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 21032-90 |
73 |
Анис тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 21236-90 |
74 |
Мақта тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 5895-75 |
75 |
Тұқымдық шитті мақта. Техникалық шарттар |
ГОСТ 23577-98 |
Көкөніс және гүлді дақылдар |
||
76 |
Бiр жылдық және екi жылдық гүлді дақылдар тұқымы. |
ГОСТ 12260-81 |
77 |
Көпжылдық гүлді дақылдар тұқымы. |
ГОСТ 12420-81 |
78 |
Балдыркөк тұқымдас көкөніс пен азықтық тамыржемістер тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 28676.1-90 |
79 |
Асқабақ тұқымдас көкөнiс, бақшалық және азықтық дақылдар тұқымы. |
ГОСТ 28676.2-90 |
80 |
Алқалылар тұқымдас көкөніс дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 28676.3-90 |
81 |
Алабота тұқымдас көкөніс дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 28676.4-90 |
82 |
Азықтық қызылша тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 28676.5-90 |
83 |
Қырыққабат тұқымдас көкөнiс дақылдары, азықтық тамыржемiстер және азықтық қырыққабат тұқымы. |
ГОСТ 28676.6-90 |
84 |
Жылыжайлық сорттар және қияр мен қызынақ будандары тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 28676.7-90 |
85 |
Пияз және лалагүлдер тұқымдас көкөнiс дақылдары тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ГОСТ 28676.9-90 |
86 |
Көбелек гүлділер тұқымдас көкөнiс дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 28676.10-90 |
87 |
Қантты жүгері тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 28676.11-90 |
88 |
Күрделі гүлділер және айлаулық тұқымдас көкөніс дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 28676.12-90 |
89 |
Ерінгүлділер тұқымдас көкөніс дақылдары тұқымы. |
ГОСТ 28676.13-90 |
90 |
Қарақұмық және құлқайыр тұқымдас көкөніс дақылдары тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар |
ГОСТ 28676.14-90 |
91 |
Тұқымдық картоп. Техникалық шарттар |
ГОСТ 7001-91 |
92 |
Рапс тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ҚР СТ 1360-2005 |
93 |
Майлы зығыр тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар. |
ҚР СТ 1361-2005 |
94 |
Қыша тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ҚР СТ 1363-2005 |
95 |
Күнбағыс тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ҚР СТ 1359-2005 |
96 |
Майлы дақылдар тұқымы. Қытайбұршақ тұқымы. |
ҚР СТ 1275-2004 |
97 |
Арыш тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ҚР СТ 1362-2005 |
98 |
Мақсары тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ҚР СТ 1364-2005 |
99 |
Асбұршақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ҚР СТ 1365-2005 |
100 |
Ноқат тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ҚР СТ 1366-2005 |
101 |
Темекі тұқымы. Сорттық және егу сапалары. |
ҚР СТ 1367-2005 |
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
__________________________________________________________ ға
(мемлекеттік органның толық атауы)
Кімнен______________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш
Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткiзуді және
______________________________________________________________
(тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін көрсету)
тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн беруді сұраймын
Заңды тұлға туралы мәліметтер:
Мекенжайы:____________________________________________________
______________________________________________________________
(индекс, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үй нөмірі, телефон)
Қоса берілетiн құжаттар:
______________________________________________________________
(Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау қағидаларының
7-тармағына сәйкес)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлiмшелердің тiзбесі қоса беріліп отыр.
20__ жылғы « » ______________
Басшы__________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесiнiң аты,) (қолы)
Өтініш 20____ жылғы «____» ________________ қарауға қабылданды
________________________________________________ _____________
(өтінішті қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты) (қолы)
20 ___жылғы «___» ____________ Өтінішке
қосымша
Заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлімшелердің тiзбесі
(бар болса)
Р/с № |
Атауы |
Тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің атауы |
Пошталық мекенжайы |
Электрондық |
Байланыс |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Басшы _________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесiнiң аты) (қолы)
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау қағидаларына
5-қосымша
Заңды тұлғаның немесе құрылымдық бөлiмшенің тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актісі
Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1505 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
20__ жылғы « ___ »___________ № ____
Сараптамалық комиссия_________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(тұқым сапасына сараптама жүргiзiлетін ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін көрсету)
тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн беру үшiн
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (құрылымдық бөлiмшенің) толық атауы)
тұқымға сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестiгін тексеру нәтижелері туралы осы актіні жасады
Тексеру нәтижесiнде мыналардың:
Көлемі 20 шаршы метрден кем емес (меншік құқығындағы немесе басқа заттық құқықтағы) ғимараттың (үй-жайдың) _____болуы белгіленді
(бар/жоқ)
Мамандар тiзбесі
Р/с |
Маманның |
Лауазымы |
Бiлiмі |
Тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы жергілікті атқарушы орган тұқым сарапшысынан алған хабарламаның № және күні |
Зертханалық жабдықтармен және өлшем құралдарымен
қамтамасыз етілуі
Р/с № |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Қамтамасыз етілуі |
|
талап етілетіні |
нақтысы |
|||
Химиялық реактивтермен, материалдармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етілуі
Р/с № |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Қамтамасыз етілуі |
|
талап етілетіні |
нақтысы |
|||
Реактивтер |
||||
Материалдар |
||||
Құрал-саймандар |
||||
Тұқым сапасына сараптама жасауда қолданылатын өзектілендірілген нормативтiк-техникалық құжаттар тiзбесі
Р/с № |
Атауы |
Стандарттың нөмірі |
Қамтамасыз етілуі |
|
талап етілетіні |
нақтысы |
|||
Cынамаларды сақтауға арналған сөрелердің болуы:
қажеті ______ дана қолда бары ______ дана
Комиссия төрағасы_________________________________ __________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
Комиссия мүшелерi_________________________________ _________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
_________________________________________________ _________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
____________________________________________________ _________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
____________________________________________________ _________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау қағидаларына
6-қосымша
№ ____ Аттестаттау туралы куәлiк
______________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
20 __ жылғы « » _______________ № _____ бұйрығы негізінде
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
______________________________________________________________
(тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін көрсету)
тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесі берілді.
Заңды тұлғаның құрамына кiретiн аттестатталған құрылымдық бөлiмшелердің тізбесі (бар болса) қоса беріледі.
Басшы ______________________________________ _______________
(тегі, аты, әкесiнiң аты) (қолы)
Лауазымы______________________________________________________
Берілген күні 20____жылғы «___» ____________________
Мөр орны
Жарамдылық мерзімі 20____жылғы «____»________________ дейін
20 __ жылғы «___» _________ № ____
аттестаттау туралы куәлікке
қосымша
Заңды тұлғаның құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесі
Р/с |
Құрылымдық бөлiмшенің атауы |
Тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерінiң атаулары |
Пошталық мекенжайы |
1 |
2 |
3 |
4 |
Басшы _______________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны