"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1358 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
      10-тармақта:
      4), 7), 18), 19), 22), 23) тармақшалар алып тасталсын;
      14), 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді;»;
      «52) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «51-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 67) тармақшамен толықтырылсын:
      «67) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      11-тармақта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімдерін тексеруді жүргізу;»;
      13) тармақша алып тасталсын;
      14-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекітеді;».
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он бесінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов