Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
10-тармақта:
4), 7), 18), 19), 22), 23) тармақшалар алып тасталсын;
14), 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді;»;
«52) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 67) тармақшамен толықтырылсын:
«67) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
11-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімдерін тексеруді жүргізу;»;
13) тармақша алып тасталсын;
14-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекітеді;».
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он бесінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов