"Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және пайдалануға беру кезіндегі еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 1320 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 177 бұйрығын қараңыз.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және пайдалануға беру кезіндегі еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 10 қарашадағы
№ 1320 қаулысымен
бекітілген   

«Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және
пайдалануға беру кезіндегі еңбек және тұрмыстық қызмет
көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. «Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және пайдалануға беру кезіндегі еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және пайдалануға беру кезіндегі еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Жұмыс беруші осы Санитариялық қағидалар талаптарына жауап беретін еңбек жағдайын үнемі сақтауды қамтамасыз етеді. Жұмыс орындарында (жұмыс аймақтарында) зиянды өндірістік факторлардың рұқсат етілген шекті деңгейлері мен шоғырлануын сақтау мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді және «уақытпен қорғану» қағидатын басшылыққа алады.
      3. Осы Санитариялық қағидалар мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) құрылыс-монтаж жұмыстары - құрылыс қызметі, ол:
      жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды;
      үйлер мен ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбырлары, құбыр жолдары, өзге де жасанды құрылыстар) тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды;
      желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын;
      сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелер орнатуды;
      конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды;
      автомобиль және темір жолдар салуды;
      технологиялық жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), іске қосу-жөндеу жөніндегі жұмыстарды;
      қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзумен, уақытша инженерлік тораптарды, жолдарды, қойма алаңдарын, сондай-ақ аумақты тік жоспарлауды орнатумен байланысты дайындық жұмыстары.
      2) құрылыс алаңы – құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде кез келген процестер немесе операциялар жүзеге асырылатын кез келген алаңды білдіреді;
      3) уақытпен қорғау қағидаты – олардың әрекеттерінің уақытын төмендету есебінен жұмыс істеушілерге қолайсыз өндірістік орта және еңбек процесі факторларының зиянды әсерін азайту: ішкі ауысым үзілістерін енгізу, жұмыс уақытын қысқарту, еңбек демалысы ұзақтығын арттыру, осы жағдайлардағы жұмыс өтілін шектеу;
      4) полимерлік құрылыс материалдары – байланыстыратын синтетикалық жоғары молекулярлық қоспалары ретінде пайдалану арқылы алынған құрылыс материалдары.

2. Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және
пайдалануға беру кезіндегі еңбек және тұрмыстық қызмет
көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар

      4. Көлік кіретін жолдарға, өту жолдарына және жаяу жүргіншілер жолдарына, санитариялық-тұрмыстық және әкімшілік үй-жайларға іргелес орналасқан учаскелерге қиыршықтас төселуі немесе оның қатты жабыны болуы тиіс.
      5. Құрылыс алаңдары мен жұмыс учаскелері үшін жалпы біркелкі жарықтандыру көзделеді. Құрылыс алаңдары, ғимараттардың ішіндегі құрылыс және монтаждау жұмыстарын жасанды жарықтандыру Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін «Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      6. Жұмыс жарығы жұмыс түнгі және тәуліктің қарауытқан уақытында орындалатын барлық құрылыс алаңдары мен учаскелерінде көзделеді және жалпы (біркелкі немесе оқшауланған) және аралас (жалпыға жергілікті қосылады) жарықтандыру қондырғыларымен жүзеге асырылады.
      7. Жарықтанудың нормаланатын деңгейі 2 люкстан (бұдан әрі – лк) астам болуы тиіс жұмыс учаскелері үшін жалпы біркелкі жарықтандыруға қосымша жалпы оқшауландырылған жарықтандыру көзделуі керек. Адамдар тек уақытша болуы мүмкін учаскелер үшін жарықтану деңгейі 0,5 лк-ға дейін төмендеуі мүмкін.
      8. Құрылыс алаңдары мен учаскелерін жарықтандыру үшін ашық газды-разрядты шамдарды және мөлдір колбасы бар қызу шамдарын қолдануға жол берілмейді.
      9. Құрылыс алаңдары мен ғимараттардың ішіндегі жұмыс учаскелеріндегі жалпы жарықтандырудың жарық беруші қондырғыларынан пайда болатын жарық қолданылатын жарықтың көздеріне қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес болуы тиіс.
      10. Құрылыс алаңы құрылыс барысында құрылыс қоқысынан уақтылы тазартылады, қысқы мезгілде қардан тазартылады, жылдың жылы мезгілінде су себіледі.
      11. Автокөлік құралы құрылыс алаңынан орталық жолға шығатын кезде септигі бар сарқынды су құйылатын кәріздеу жүйесін ұйымдастыра отырып қатты жабыны және су жинауға арналған ыдысы бар доңғалақтарды жуу пунктімен жабдықталады.
      12. Салынып жатқан объектіде орталықтандырылған сумен жабдықтау және суды бұру көзделуі тиіс. Орталықтандырылған су құбыры немесе сумен жабдықтаудың басқа да көзі болмаған жағдайда, тасымалданатын суды пайдалануға жол беріледі.
      13. Суды жеткізу санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар автокөлікпен жүргізіледі.
      14. Тасымалданатын су жеке үй-жайда немесе қатты жабыны бар алаңға орнатылған аспалы ыдыстарда сақталады.
      15. Суды сақтауға арналған ыдыстар Қазақстан Республикасы аумағында осы мақсат үшін қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалуы тиіс.
      16. Тасымалданатын суды сақтауға және тасымалдауға арналған ыдыстарды тазарту, жуу және дезинфекциялау күнтізбелік он күнде бір реттен жиі емес және эпидемиологиялық айғақтары бойынша жүргізіледі.
      17. Ішкі беті механикалық тазартылады, суын толық төгу арқылы жуылады, дезинфекцияланады. Дезинфекциядан кейін ыдыс жуылады, су толтырылады және суды бактериологиялық бақылау жүргізіледі.
      Дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары қолданылады.
      18. Ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын су Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін «Су көздеріне, (шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      19. Құрылыс алаңдарының санитариялық-тұрмыстық үй-жайларының суды бұру жүйесі оларды уақытша схема бойынша жұмыс істеп тұрған суды бұру жүйесіне қосу арқылы немесе су өткізбейтін, қазылған шұңқыры бар ауладағы дәретхана құрылғысымен немесе «Биодәретхана» мобильдік дәретхана кабиналары арқылы жүзеге асырылады.
      Қазылған шұңқыр көлемінің кемінде үштен/екі бөлігі толған кезде тазартылады. Объект құрылысы аяқталысымен, ауладағы дәретханаларды бөлшектегеннен кейін дезинфекциялау іс-шаралары жүргізіледі.
      20. Салынып жатқан биік ғимараттардағы, монтаждау белдеулеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезінде жүктерді крандармен тасымалдау жүргізілмейтін аймақта (қауіпті аймақтан тыс) әр кез орны ауыстырылуы тиіс «Биодәретхана» мобильдік дәретхана кабиналары мен жұмысшылардың жылынуына арналған пункттер орнатылуы қажет.
      «Биодәретхана» мобильдік дәретхана кабиналары толуына байланысты тазартылады және лас іркінділер арнайы автокөлікпен шығарылады.
      21. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның немесе салынып жатқан объектінің аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу мынадай іс-шараларды орындаған жағдайда жүзеге асырылуы керек:
      1) құрылыс жүргізуге бөлінетін аумақтың шекарасын белгілеу;
      2) бөлінген аумақта қажетті дайындық жұмыстарын жүргізу.
      22. Құрылыс материалдары мен құрылымдар объектіге пайдалану үшін дайын күйінде келіп түседі. Оларды құрылыс алаңы жағдайында жұмыс істеуге дайындаған кезде (қоспалар мен ерітінділерді дайындау, материалдар мен құрылымдарды кесу және басқалар) механизациялау құралдарымен, арнайы жабдықпен және жергілікті сору желдеткіші жүйелерімен жабдықталған үй-жайлар көзделеді.
      23. Жұмыс істеу кезінде зиянды газдар, бу және шаң бөлуі мүмкін жабдық зиянды заттардың бөліну көздерінің берік тұмшалануын қамтамасыз ететін барлық қажетті жабындарымен және құрылғыларымен толық жиынтықта жеткізілуі тиіс. Жабынның өндіріс қалдықтарын механикалық жою үшін аспирациялық жүйелерге қосуға арналған құрылғысы (фланецтер, келте құбыр және т.б.) болуы тиіс.
      24. Пайдалану құжаттамасымен белгіленген жағдайларда машиналарды, көлік құралдарын пайдалану кезінде машинисттің (жүргізушінің) жұмыс орнындағы, сондай-ақ машиналар (механизмдер) жұмысы аймағындағы шудың, дірілдің, шаңның, газдың деңгейі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін «Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес белгіленген нормативтерден аспауы тиіс.
      25. Салмағы елу килограммнан (бұдан әрі - кг) асатын жүктер үшін және жүктерді екі метрден (бұдан әрі – м) астам биіктікке көтерген кезде тиеу-түсіру жұмыстары механикаландырылған болуы тиіс. Зембілдерге салынған материалдар көлбеу жолмен кемінде елу м қашықтықта тасымалданады.
      26. Сусыма, шаңданатын және қауіпті материалдарды тиеу-түсіру операциялары жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, жүргізіледі.
      27. Ыдыс жарамсыз болғанда, оған таңба салынбағанда және ескертпе жазба жазылмағанда, қауіпті жүктермен бірге тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға жол берілмейді.
      28. Бетонды, темір-бетонды, тас жұмыстарын жүргізгенде және кірпіш қалағанда арматураны дайындау және өңдеу арнайы жабдықталған орындарда жүргізіледі.
      29. Бетон массасын нығыздау қашықтан басқарылатын электр дірілдеткіш пакеттерімен жүргізілуі тиіс.
      30. Бетон қоспасын төсер алдында құрылыс қоқысы өнеркәсіптік шаңсорғышпен жойылады. Арматуралы тор мен бетондалған үстіңгі қабатты сығымды ауамен үрлеуге жол берілмейді.
      31. Алаң аумағы шегінде табиғи тастарды өңдеу арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі. Бір-бірінен кемінде үш м қашықтықта орналасқан жұмыс орындары қорғаныш экрандарымен бөлінеді.
      32. Көп қабатты ғимараттардың сыртқы қабырғаларын көрінуді нашарлататын ауа-райы жағдайлары кезінде қалауға және әрлеуге жол берілмейді.
      33. Құрылымдардың монтаждауға жататын элементтерін батпақ және қызылсу мұзынан тазалау, құрылым мен жабдықты сырлау және тот басудан қарсы қорғау оларды көтермей тұрып жүргізіледі. Көтерілгеннен кейін сырлау және тот басуға қарсы қорғау құрылымдар түйісетін немесе қосылатын орындарда жүргізіледі.
      34. Монтаждауға жататын жабдықты босатып алу және қайта іске қосу арнайы стеллажда немесе төсемдерде; ірілендіре құрастыру және дайындап шығу (құбырдағы бұранданы қию, құбырды майыстыру, жапсарлап қиюластыру және басқа да жұмыстар) осы мақсат үшін бөлінген алаңдарда жүргізіледі.
      35. Өрттен қорғайтын құрамаларды дайындау желдету жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі арқылы жылжымалы станцияларда компоненттерді автоматты түрде беретін және дозалайтын ерітінді араластырғышты пайдалану арқылы жүргізіледі. Үй-жайда жұмыспен байланысы жоқ адамдардың болуына жол берілмейді.
      36. Өрттен қорғайтын жабынды жасайтын жұмысшылар жұмыстың әр сағаты сайын он минуттық үзіліс жасайды, ерітінділерді дайындау және жағу бойынша технологиялық операциялар жұмыс аптасы бойына алмасып тұрады.
      37. Жоғары шағылысу қабілетіне ие материалдарды (алюминий, титан негізіндегі қорытпа, тоттанбайтын болат) дәнекерлегенде дәнекерлеу доғасы мен дәнекерленетін бұйымның беті ішіне салынған немесе тасымалданатын экрандар арқылы экрандалады.
      38. Даналық электродпен қолмен дәнекерлеген кезде пневматикалық, магнитті және басқа да ұстағышы бар тасымалданатын ықшам ауа қабылдағыштар пайдаланылады.
      39. Тігінен әр түрлі деңгейде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгенде төмен орналасқан деңгейлерде жұмыс істеп жатқан персоналды қорғау көзделеді.
      40. Орташа және шағын көлемді бұйымдарды стационарлы жағдайда дәнекерлеу жергілікті сору желдеткіші орнатылған жанбайтын материалдан жасалған төбесі ашық кабиналарда жүргізіледі. Кабинадағы бір дәнекерлеу орнына арналған бос алаң кемінде үш шаршы метр болуы тиіс.
      41. Тұйық және қолжетімдігі қиын кеңестіктерде дәнекерлеу сору құрылғысы бар жергілікті сору желдеткішінің үздіксіз жұмыс істеуі кезінде жүргізіледі.
      42. Металлдарды газ жалынымен өңдеуге арналған әр стационарлық жұмыс орнына, жабдық және өту жолдары алып жатқан алаңнан басқа кемінде төрт шаршы метр беріледі. Өту жолдарының ені кемінде бір м болуы тиіс. Газ жалынымен тозаңдатып қондыру операторының жұмыс орнының аумағы кемінде 10 м2 болуы тиіс.
      43. Жабындарды газ жалынымен тозаңдатып қондыру және ұнтақ материалдарын ірі бұйымға балқытып қаптастыру қолмен соруды пайдалану арқылы үй-жайларда жүргізіледі.
      44. Жабындарды газ жалынымен тозаңдатып қондыру және ұнтақты балқытып қаптастыру үшін бункерге ұнтақты құю және жинау жергілікті соруды пайдалану арқылы немесе сору желдеткішімен жабдықталған арнайы камера мен кабиналарда жүргізіледі.
      45. Дәнекерлеу мен кесудің механикаландырылған процесстері үшін машиналарға немесе жабдыққа салынып жасалған жергілікті соратын шаң және газ қабылдағыштар құрылғысы көзделеді.
      46. Тұйық кеңістіктерде және қолжетімдігі қиын орындарда газ жалынымен өңдеу:
      1) үздіксіз жұмыс істейтін сыртқа тарату желдеткіші болғанда;
      2) стационарлық немесе жылжымалы қондырғылардан жергілікті соруды ұйымдастыру арқылы арнайы желдеткіш құрылғысын орнатқанда;
      3) жабындардың тұтану арқылы тозаңдатып қондырылуын жүргізу үшін үй-жайдың дыбысты оқшаулауы кезінде жүргізіледі.
      47. Дәнекерлеу, кесу, еріту, тазалау және қыздыруға арналған жұмыс орындары шудан, инфра қызыл сәулелену мен балқытылған металлдың шашырауынан ұжымдық қорғаныш құралдарымен (жанбайтын материалдан жасалған экран және шымылдық) жабдықталады.
      48. Технологиялық жабдықта және құбырларда оқшаулау жұмыстары олар орнатылғанға дейін немесе тұрақты бекітілгеннен кейін орындалады.
      49. Аппараттардың ішінде немесе жабық үй-жайларда оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орындары механикалық желдеткішпен және жергілікті жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
      50. Битум мастикасы жұмыс орындарына битум сымы бойынша немесе жүк көтергіш кранның көмегімен ыдыстарда жеткізіледі. Битумды қолмен орналастыру кезінде қақпағы тығыз жабылатын металл бөшкелер қолданылады. Оқшаулау жұмыстарында температурасы плюс 180оC-тан жоғары битум мастикаларын пайдалануға жол берілмейді.
      51. Пенополиуретанды дайындау және құю кезінде компоненттердің жұмысшының денесіне түсуіне жол берілмейді.
      52. Шыны мақта, қожмақтасы, асбест үгіндісі, цемент контейнерлермен немесе пакеттермен берілуі тиіс.
      53. Асбестпен жұмыс істеген кезде ескі оқшаулағышты бөлшектеу ылғалдауышты қолдану арқылы жүргізіледі.
      54. Тот басуға қарсы жұмыстарды орындайтын учаскеде және үй-жайда технологиялық операциялардың механикаландырылуы және сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
      Құм ағысы мен бытыра ағысы тәсілдерін қолдана отырып, тот басуға қарсы қаптауға жататын үстіңгі беттерді бітеу ыдыстарда тазалауға жол берілмейді.
      55. Тот басуға қарсы лак-бояу материалдарын және желімдерді қолмен жағу сабының басында қорғаныш шайбасы бар жаққышпен жүзеге асырылады.
      56. Жұмыстарды ыдыстардың, камералардың ішінде және жабық үй-жайларда жүргізген кезде ықтиярсыз желдету және электрмен жарықтандыру жүйесімен жабдықталады.
      57. Ерітіліп жатқан рубероидтың балқытылатын негізін кептіруге арналған құрылғы қорғаныш экрандарымен жабдықталады. Жұмысшылардың аяқ жағында жылуды көп бөлетін машиналар мен механизмдердің жылу қорғаныш экрандарының биіктігі кемінде 500 миллиметр (бұдан әрі – мм) болуы тиіс.
      58. Жанғыш және тез тұтанатын материалдарды сақтау және тасымалдау жабық ыдыста жүзеге асырылады. Материалдарды сынатын (шыны) ыдыста сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді.
      59. Шатырдың элементтері мен бөлшектері жұмыс орнына контейнерлерде беріледі, оларды тікелей төбеде дайындауға жол берілмейді.
      60. Сылау және майлау жұмыстары үшін сусыма компоненттерден ерітінді дайындау жүргізілетін үй-жайлар механикалық желдеткішпен жабдықталады.
      61. Майлау құрамы желдеткішпен, жуу құралдарымен және жылы сумен жабдықталған үй-жайда орталықтанып дайындалады.
      Сырлар мен материалдардың жұмыс құрамы арнайы алаңдарда дайындалады.
      62. Жұмыс құрамдарын (лак-бояу материалдары, майсыздайтын және жуатын ерітінділер), сығылған ауаны стационарлық бояулы жабдыққа беру жұмысшыларды қорғаудың ұжымдық құралдарын қосу арқылы блоктайды.
      63. Жұмыс ерітінділерін дайындау үшін салмағы он кг. астам бөшкелерден, бидондардан және басқа ыдыстан бояу материалдарын құю кезінде осы процесті механикаландыру көзделуі қажет.
      64. Сылау және майлау жұмыстарын жүргізу кезінде:
      1) үй-жайлардың ішіндегі сылау жұмыстары үшін үстіңгі бетті дайындау кезінде оларды құрғақ құммен өңдеуге;
      2) декоративтік түрлі-түсті сылақ үшін қорғасын, мыс, қалайы реңктерін қолдануға;
      3) құрылыс жүргізу жағдайларында әкті езуге;
      4) үй-жайларда лак-бояу материалдарын пневматикалық бүркуге;
      5) құрамында сүрме, қорғасын, қалайы, мыс, хром қоспалары бар лак-бояу материалдарын, сондай-ақ түк қаптап кетуге қарсы сырды, эпоксидті қарамай және тас көмір лагы негізіндегі құрамды бүрку әдісімен жағуға;
      6) ықтиярсыз желдеткішпен жабдықталмаған бояйтын құрамдарды дайындау үшін мобильдік бояу станцияларын пайдалануға;
      7) үй-жайға өртелген отын өнімдерін бөлетін мұржасыз темір пешпен және басқа да құрылғыларымен үй-жайды жылытуға және құрғатуға жол берілмейді.
      65. Қаптау, ағаш және шыны жұмыстарына арналған материалдар жұмыс орнына дайын күйінде механикаланған әдіспен жеткізілуі тиіс. Шыныны көтеру және тасымалдау қауіпсіз құрал-жабдықтарды қолдану арқылы немесе арнайы ыдыста жүргізіледі.
      Төсеме тақталарда құрылымдарды дайындауға жол берілмейді.
      66. Ерітінді құю және қаптау материалдарын өңдеу механикалық желдеткішпен жабдықталған үй-жайда құм ағызатын аппараттардың көмегімен орындалады.
      67. Антисептикалық және өрттен қорғайтын құрамдар желдеткішпен жабдықталған бөлек үй-жайларда дайындалады. Қатарлас үй-жайларда жұмыс жасаған уақытта немесе бір үй-жайда жұмысты қатарласа жүргізгенде құрылымдарды өңдеуге жол берілмейді.
      68. Құм ағызатын аппараттардың көмегімен шынының өңдеу көзге, тыныс алу органдарына және қолға арналған жеке қорғаныш құралдарымен жүргізіледі.
      69. Шыныны тілу ауа температурасы плюс кезінде арнайы үстелдерде көлденең күйінде жүргізіледі.
      70. Аккумуляторлық батареяларды монтаждау әрлеу жұмыстары аяқталғаннан, желдету, жылыту, жарықтандыру жүйелері сыналғаннан кейін жүзеге асырылады.
      71. Қышқыл электролит қорғасын немесе болат жалатылған ыдыстарда дайындалады. Электролитті жағу үшін шыны немесе эмалданған ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.
      72. Оттықтарды, дәнекерлеу шамдарын жағу, кабель массасымен балқытылған дәнекерді қыздыру кабелді құдықтан кемінде екі м қашықтықта жүргізіледі. Балқытылған дәнекер және қыздырылған кабельді масса кабелді құдыққа арнайы шөмішпен немесе жабық бөшкелерде беріледі.
      73. Кабель массасын жабық үй-жайда қыздырған кезде механикалық желдету жүйесімен жабдықталады.
      74. Аккумуляторлық үй-жайларда электродтарды дәнекерлеу, пісіру аккумулятор батареяларының заряды бітісімен екі сағаттан ерте емес уақытта жүргізіледі.
      75. Бұранда қосылысын тығыздау үшін зығыр және түбір ұштарын қорғасын қызыл бояуымен сіңдіруге жол берілмейді.
      76. Жабық үй-жайларда зиянды химиялық заттарды пайдалану арқылы әрлеу немесе тот басуға қарсы жұмыстары табиғи және механикалық желдеткішті және жеке қорғаныш құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
      77. Жұмыс істеу кезінде зиянды газ, бу және шаң бөлуі мүмкін жабдық зиянды заттардың бөліну көздерінің берік тұмшалануын қамтамасыз ететін жабынмен және қондырғымен жабдықталады.
      78. Шаң бөлетін машиналар (уатқыш, ұнтақтағыш, араластырғыш және басқалар) шаң басу немесе шаң ұстау құралдарымен жабдықталады.
      79. Қол машиналарын пайдалану мынадай талаптарды орындаған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) бөлшектердің жиынтығын және бекітілу беріктігін, машинаны жұмысқа әрбір берген кезде қорғаныш қабының жарамдылығын тексеру;
      2) он кг және одан да астам салмақтағы қол машиналары іліп қоюға арналған құрал-жабдықтармен жабдықталуы тиіс;
      3) машиналарға уақтылы жөндеу жүргізу және діріл сипатындағы параметрлерге жөндеуден кейін бақылау жасау.
      80. Пышақтардың немесе соған ұқсас кесетін құрал-саймандардың саптарының тайып кетуінің алдын алатын сақтандырғыш құлағы болуы тиіс. Дірілдеткішдердің тұтқасы амортизаторлармен жабдықталған, тұтқа жылуды аз өткізетін материалдан дайындалады.
      81. Материал жұмыс орындарына механикаландырылып тасымалданады. Ұнтақ тәрізді және басқа да сусыма материалдар тығыз жабылған ыдыста тасымалданады.
      82. Жұмыс орындарында лак-бояу, оқшаулау, әрлеу және басқа да материалдары ауысымдық қажеттіліктен аспайтын көлемде сақталады.
      83. Құрамында зиянды заттары бар материалдар герметикалық жабық ыдыста сақталады.
      84. Цемент силостарда, бункерлерде, ларларда және басқа да жабық ыдыстарда сақталады.
      85. Жанғыш және тез тұтанатын материалдар жабық ыдыста сақталады және тасымалданады. Материалдарды сынатын (шыны) ыдыста сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді. Ыдыстың тиісті жазбасы болуы тиіс.
      86. Салуға, реконструкциялауға, қайта бейіндеуге және жөндеуге арналған құрылыс және әрлеу материалдарының Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсаты болуы тиіс.
      87. Құрылыс алаңындағы жұмыс орындарының құрылғысы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
      1) жұмыс орнының алаңы еңбек процесін орындау үшін талап етілетін құрылыс машиналарын, механизмдерді, құрал-сайманды, мүкаммалды, құрал-жабдықтарды, құрылыс құрылымдарын, материалдар мен бөлшектерді орналастыру үшін жеткілікті болуы тиіс;
      2) жұмысшы ұзақ уақыт бойы денесін еңкейтіп, керілген қалыпта, қолын жоғары көтерген күйі жұмыс істемеуі тиіс.
      88. Қолмен немесе қарапайым құрал-жабдықтарды қолдана отырып орындалатын процестер қол жететін аймақта; қол машиналарының көмегімен орындалатын процестер оңтайлы қолжетерлік аймақта; машиналарды жүргізумен байланысты процестер (операторлар, құрылыс машиналарының машинистері) жеңіл қолжетерлік аймақта жүзеге асырылады.
      89. Жұмыс орнына материалдар мен еңбекті техникалық жабдықтау құралдарын орналастыруға арналған аймақ, қызмет көрсету аймағы (көлік аймағы) және жұмыс аймағы енгізілуі тиіс.
      90. Жұмыс орындары құрылыс машиналарымен, қол және механикаланған құрылыс құрал-сайманымен, байланыс құралдарымен, шу және дірілді шектеуге арналған құрылғылармен жабдықталады.
      91. Жұмысы шаң шығаратын материалдармен жүргізілетін учаскелер аспирациялық немесе желдету жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
      92. Әк, цемент, гипс және басқа да шаң материалдарын өңдеуге арналған қондырғыларда қақпағын, қуаттандырғышын және механизмін басқару шығарылатын пульттермен жүзеге асырылады.
      93. Аражабынының, лифт құрылғыларының, баспалдақ торларының ойықтары тұтас жабынмен жабылады немесе қоршалады.
      94. Шу деңгейі жоғары машиналарды пайдаланған кезде:
      1) оның пайда болу көзінде шуды азайтуға арналған техникалық құрал;
      2) қашықтан басқару;
      3) жеке қорғаныш құралдары;
      4) еңбек пен демалудың тиімді режімін таңдау, жұмыс аймағында шу факторларының әсер ету уақытын қысқарту, емдеу-профилактикалық және басқа іс-шаралар қолданылады.
      95. Естудің жеке қорғаныш құралдарын пайдаланбай дыбыс деңгейі сексен децибелден жоғары аймақтарда жұмыс істеуге және құрылысшылардың дыбыс деңгейі жүз жиырма 120 децибелден жоғары аймақтарда болуына жол берілмейді.
      96. Желім, мастика, сыр және иісі қатты шығатын материалдар қолданылатын немесе дайындалатын жұмыс орындары табиғи желдетумен қамтамасыз етіледі, жабық үй-жай механикалық желдету жүйесімен жабдықталады.
      97. Машиналарға, көлік құралдарына, өндірістік жабдыққа және механикаландырудың басқа да құралдарына техникалық қызмет көрсету кезінде және ағымдық жұмыс жүргізу кезінде жұмыс орны жүк көтергіш құрал-жабдықтармен жабдықталады.
      98. Тұрып жұмыс істейтін құрылысшылардың табандарын қоюға арналған кеңістік жұмыс орнының тереңдігі жағынан кемінде 150 мм және ені жағынан 530 мм болуы тиіс.
      99. Елу кг дейін күш салынатын аз қозғалатын, басын айтарлықтай қозғалтпай жасалатын жұмыс отырған күйі орындалады.
      100. Екі метр және одан да биіктікте жұмыс жасағанда жұмыс орнының алаңы болуы тиіс. Алаңның ені кемінде 0,8 м, жақтаудың биіктігі 1 м және төменгі жағы кемінде 150 мм биіктікте бүтіндей қапталуы тиіс. Қаптама мен жақтаудың арасындағы алаң төсемін 500 мм биіктікте алаңның барлық периметрі бойынша қосымша қоршалатын тор орнатылады.
      101. Алаңдарға өтетін баспалдақтар басқыштарының ұзындығы кемінде 200 мм, ені кемінде 700 мм, жанбайтын материалдан жасалады.
      102. Жұмыстың ауысым ішілік режімі суықта үздіксіз болу уақытын және жылыну уақытын реттеу есебінен жұмыс істеушілердің аса тоңуының алдын алуды көздеуі тиіс.
      103. Жылыну орындарында ауа температурасы плюс 21-25 оC деңгейін ұстап тұрады. Қолды және табанды жылытуға арналған үй-жай плюс 40оC аспайтын жылыту құрылғыларымен жабдықталады.
      104. Ауа температурасы минус 40оС төмен болған жағдайда, беттің және жоғары тыныс алу жолдарының қорғалуы көзделеді.
      105. Жұмыс орындарында ауызсумен жабдықтау құрылғылары орналастырылуы және ыстық шай, минералды сілтілі су, сүт қышқылы сусындарын беру көзделуі тиіс. Сұйықтықтың қолайлы температурасы плюс 12-15оC болуы тиіс.
      106. Сатураторлық қондырғылар және ауызсу бұрқақтары жұмыс орындарынан, киім ілетін орындардан, әйелдердің жеке гигиенасына арналған үй-жайлардан, тамақтану пункттерінен, жұмысшылардың демалатын орындарынан және күн радиациясы мен атмосфералық жауын-шашыннан қорғанатын паналардан жетпіс бес м қашық емес аралықта орналастырылады.
      107. Биіктікте жұмыс істейтін жұмысшылар, жер қазатын және жол машиналарының машинистері және басқалар ауызсуға арналған жеке флягалармен қамтамасыз етіледі.
      108. Жұмысшыларға және инженерлік-техникалық персоналға Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін жұмыс берушінің есебінен жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныш және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібіне және нормаларына сәйкес арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныш құралдары беріледі.
      109. Жұмыскерлерге берілетін жеке қорғаныш құралдары олардың жынысына, бойына және өлшеміне, мінезіне және орындайтын жұмыс жағдайларына сәйкес болуы және берілген уақыт ішінде нормативтік құжаттармен айқындалатын жол берілетін шамаларға дейін адамның организміне өндірістің зиянды және қауіпті факторлар әсерін азайтуды қамтамасыз етуі тиіс.
      110. Жұмыс беруші жеке қорғаныш құралдарын тиісінше күтуді және олардың сақталуын ұйымдастырады, арнайы киімді, арнайы аяқ-киімді және басқа да қорғаныш құралдарын химиялық тазартуды, жууды, жөндеуді, газсыздандыруды, залалсыздандырады және шаңнан тазартуды уақтылы жүзеге асырады, арнайы киімді және аяқ киімді шаңнан тазарту үшін кептіргіштер мен камералар орнатылады.
      111. Зиянды өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмыскерлер үшін жұмыс ауысымының ұзақтығын ұзартуға жол берілмейді. Ауысым арасындағы демалыс кемінде он екі сағатты құрайды.
      112. Монтаждауға жататын құрылымдардың элементтерін кластан және шаңнан тазарту оларды көтергенге дейін жүргізіледі.
      113. Сылау-сүрту машиналарын пайдаланған кезде жұмыс аймағының ауасында шаңның шоғырлануын азайту сүртілетін бетті дымқылдау жолымен жүргізіледі.
      114. Үй-жайлардың ішінің сылау жұмыстары үшін үстіңгі беттерін дайындау кезінде оларды құрғақ құммен өңдеуге жол берілмейді.
      115. Үй-жайларда лак-бояу материалдарын пневматикалық бүркуге жол берілмейді. Пневматикалық бүркуішпен бояу кезінде қарапайым түтікті шүмегі бар сыр бүркуіштерді қолдануға жол берілмейді.
      116. Құрамында сүрме, қорғасын, қалайы, мыс, хром бар лак-бояу материалдарды, сондай-ақ түк өсуге қарсы бояулар, эпоксидті қара май және тас көмір лагының негізіндегі қоспаларды бүрку әдісімен жағуға жол берілмейді.
      117. Бояу материалдарын жағу процесінде жұмыскерлер ерітінділердің аэрозолі мен буы ауа ағынымен кетуі үшін таза ауа ағыны келетін жаққа қарай ауыстырылады.
      118. Бояу бүркуіштер бір кг аспайтын массада пайдаланылады, бояу бүркуіштің құлағына күш салу он Ньютоннан аспауы тиіс.
      119. Жылыту жүйелерін пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын кептіру үшін ауажылытқыштар қолданылады. Үй-жайға өртелген отын өнімдерін бөлетін мұржасыз темір пешпен және басқа да қондырғылармен үй-жайды жылытуға және құрғатуға жол берілмейді.
      120. Құм ағызатын аппараттардың механизмдерінің көмегімен ерітінді құю және қаптау материалдарын өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде компрессордан шыққан сығылған ауамен үстіндегі киімді салқындатуға жол берілмейді.
      121. Бұранда қосылысын тығыздау үшін зығыр және түбір ұштарын қорғасын қызыл бояуымен сіңдіруге жол берілмейді.
      122. Жұмыскерлерді газ немесе зиянды заттардың пайда болу мүмкіндігі бар орындарға жіберу алдында детоксикациялық іс-шаралар жүргізіледі және үй-жай желдетіледі.
      123. Құрылыс алаңында жұмыс жүргізу ауданының климаттық-географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, уақытша стационарлық немесе жылжымалы санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар орналастырылуы тиіс. Оларды құрылыс алаңына орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, олар одан тысқары орналастырылады.
      124. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға арналған алаң су баспайтын учаскеде орналастырылады және қазан шұңқырлар, траншеялар болған жағдайда, су бұру ағынымен және өтетін көпірлермен жабдықталады.
      125. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар тиеу қондырғыларынан, бункерлерден, бетонды-еріту тораптарынан және шаң, зиянды бу және газ бөлетін басқа да объектілерден кемінде елу м арақашықтықта ық жақта орналастырылады.
      126. Әрбір құрылыс алаңында жұмыс істеушілердің санына және жұмыс ұзақтығына байланысты мынадай қызметтер көрсетіледі және қамтамасыз етіледі: санитариялық және жуыну үй-жайлары; киім ауыстыруға, сақтауға және кептіруге арналған үй-жайлар; қолайсыз ауа-райы жағдайының себептері бойынша жұмыстағы үзілістер кезінде адамдардың тамақтануына және жылынуына арналған үй-жайлар.
      127. Жұмыскер жыныстық белгілеріне қарай жеке санитариялық және жуыну үй-жайларымен қамтамасыз етіледі.
      128. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың сыртқа тарату желдеткіші, жылыту, кәріздеу жүйелері болуы және орталықтандырылған салқын және ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне қосылуы тиіс. Орталықтандырылған кәріздеу және сумен жабдықтау жүйелері болмаған жағдайда, жергілікті жүйелер орнатылады.
      129. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға өтетін жолдар қауіпті аймақтармен (салынып жатқан ғимараттар, төсемсіз және дабыл құралдарынсыз теміржолдар, мұнара крандарының жебесі астында және тиеу-түсіру қондырғылары және басқалар) жанаспауы тиіс.
      130. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар мыналарды қамтиды: жылыну және демалу бөлмелерін, киім ілетін орындарды, су жылытатын уақытша себезгі кабиналарын, дәретханаларды, жуынатын орындарды, ауызсумен жабдықтау құрылғыларын, кептіру, шаңсыздандыру және арнайы киім сақтау орындарын. Жеке және арнайы киім сақтайтын орындар жеке шкафтармен жабдықталуы тиіс.
      131. Себезгі бөлмесінің, жуынатын орынның, дәретхананың, арнайы киімдерді сақтауға арналған үй-жайлардың едені беті тайғақ емес суға төзімді болуы, судың ағуы үшін еңісі болуы тиіс. Киім ілетін орындарда және себезгі бөлмесінде кедір-бұдыр резеңкелі немесе пластмассадан жасалған, жеңіл жуылатын кілемшелер төселеді.
      132. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға құрылыс алаңынан кіреберіс аяқ киімді жууға арналған құрылғымен жабдықталады.
      133. Арнайы киім мен аяқ киімді кептіруге арналған үй-жайдың көлемі, оның өткізу мүмкіндігі жұмыстағы ауысымдық үзіліс арасындағы уақыттың барынша көп жүктемесі кезінде кептіруді қамтамасыз етуі тиіс.
      134. Арнайы киімді кептіру және шаңнан тазарту әрбір ауысымнан кейін жүргізіледі, жуу және химиялық тазарту қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде екі рет жүргізіледі. Ұнтақ тәрізді және уытты заттармен жанасатын жұмысшылардың арнайы киімі әрбір ауысымнан кейін қалған арнайы киімнен бөлек жуылуы, қысқы арнайы киім химиялық тазартылуы тиіс.
      135. Арнайы киімнің шаңын тазарту және химиялық тазартуға арналған үй-жай жеке орналастырылады және дербес желдеткішпен жабдықталады.
      136. Арнайы киімді, құрылысшылардың тұрғылықты жерінен тыс жерлерде уақытша тұратын жағдайда іш киімдер мен төсек әбзелдерін жуу үшін жұмысшылардың санына қарамастан, кір және таза киімдерді орталықтандырып жеткізу арқылы стационарлық, сондай-ақ жылжымалы түрдегі киім жуатын орындармен қамтамасыз етіледі.
      137. Тұрмыстық үй-жайларды жинау күнделікті жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, жүргізіледі, жинау мүккамалы таңбаланады, мақсаты бойынша пайдаланылады және арнайы бөлінген орында сақталады.
      138. Еңбек жағдайларымен байланысты аурулардың пайда болуының алдын алу мақсатында құрылыста жұмыс істейтін жұмысшылар жұмысқа қабылдану алдында алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық тексеруден (куәландыру) өтулері тиіс.
      139. Барлық учаскелер және тұрмыстық үй-жайлар бастапқы көмек көрсету қобдишаларымен жабдықталады. Уытты заттарды пайдаланатын учаскелер профилактикалық пункттермен жабдықталады. Оларға өтетін жолдар жарықтандырылуы, қолжетімді болуы, жолы ашық болуы тиіс. Профилактикалық пункттер улы заттар пайдаланылатын учаскедегі әрбір жұмыскерге арналған қорғаныш майларымен, уға қарсы заттармен, байлап-таңу құралдарымен және жеке қорғаныш құралдарының авариялық қорымен толықтырылуы қамтамасыз етіледі.
      140. Тұрмыстық үй-жайларда дезинсекциялау және дератизациялау іс-шаралары жүргізілуі тиіс.
      141. Жұмысшылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі тиіс. Асханалардың күтіп-ұсталуы мен пайдаланылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс. Тамақты тарата және арнайы бөлінген үй-жайларда қабылдай отырып, базалық асханадан жұмыс орындарына жеткізу жолымен тамақтануды ұйымдастыруға жол беріледі.
      142. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар учаскелерде жұмыс істейтін адамдар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін Міндетті медициналық тексеріп-қараулар өткізу қағидаларына сәйкес міндетті медициналық тексеріп-қараулардан өтуі тиіс.
      143. Инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз елді мекендердің аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшыларға «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес профилактикалық егулер жүргізіледі.
      144. Құрамында уытты заттары бар қалдықтарды жинау және кетіру қолмен тиеуді есептемегенде, жабық контейнерлерде немесе қалың қаптарда жүзеге асырылады.
      145. Құрылыс алаңында құрылыс қалдықтарын өртеуге жол берілмейді.
      146. Құрылыс кезінде тартылатын жерасты сулары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін «Су көздеріне, (шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес құрылыс алаңындағы және оған іргелес жатқан аумақтағы дақылдық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікті қанағаттандыру үшін сумен жабдықтаудың тұйық сызбасы арқылы шахталық құрылыстың технологиялық циклінде пайдалануға жол беріледі. Бұл ретте, олар тазартылуы, бейтараптандырылуы, минералдандырылуы, (қажет болған жағдайда) зарарсыздандырылуы тиіс.
      147. Шаруашылық-тұрмыстық ағындар қалада құрылыс алаңынан қалалық кәріздеу жүйесіне қосылады, селолық елді-мекендерде тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келіскен жағдайда, ауылшаруашылығы жерлерін суару үшін пайдаланылады.
      148. Жанар-жағармай материалдарын және битумды сақтауға арналған ыдыстар және үйіп жинау, құю, тарату орындары арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады және топырақты ластанудан қорғауға арналған іс-шаралар орындалады.