«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 77-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысаны;
2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысаны;
3) туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
5) көрсетілген тауарларды сауда объектілерінде, оның ішінде сауда базарларында өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер сатып алған тауарлар бойынша салық тіркелімінің нысаны;
6) Салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 қарашадағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
нысан
Инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
1. СТН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| 2. ЖСН/БСН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
3. Салық төлеушінің атауы__________________________________________
4. Салық кезеңі: жыл ______________
Инвестициялық преференциялар бойынша шегерімдер
(теңге)
Р/с |
Преференция объектіcінің (негізгі құралдар) атауы |
Негізгі құрал (ол болған жағдайда) пайдалануға енгізілген күн |
Келісімшарттың (ол болған жағдайда) нөмірі мен күні |
Преференция берілген кезең |
Преференция объектісінің (негізгіқұралдың) және (немесе) шегерімге жатқызылуы тиіс қайта жаңартуға, жаңғыртуға шығыстар құны |
Преференция объектісінің (негізгі құралдың) және (немесе) салық кезеңінде шегерімге жатқызылған қайта жаңартуға, жаңғыртуға шығыстар құны |
Преференция объектісінің (негізгі құралдар) және (немесе) қайта жаңартуға, жаңғыртуға кеткен шығыстардың қалдық құны (6-баған – |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жиыны (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады) |
______________________________________________________________
(Басшының (салық төлеушінің) Т.А.Ә., қолы, мөрі)
______________________________________________________________
(Бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)
______________________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)
__________________________________
(Салық тіркелімі жасалған күн)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 қарашадағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
нысан
Тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
1. СТН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| 2. ЖСН/БСН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
3. Салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы_____________________
4. Салық кезеңі: жыл ________________
Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар және басқа да шегерімдер
(теңге)
Р/с |
Құндық көрсеткіштер мен шегерімдердің атауы |
Ғимараттар, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда) |
Тіркелген активтердің қалған топтары |
Тіркелген активтер бойынша барлығы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Салық кезеңінің басына кіші топтардың (топтардың) құндық теңгерімі |
|||
2 |
Кіші топтардың (топтардың) түскен тіркелген активтерінің құны |
|||
3 |
Кіші топтардың (топтардың) шығып қалған тіркелген активтерінің құны |
|||
4 |
Шегеруге жататын кейінгі шығыстар |
|||
5 |
Кіші топтардың (топтардың) құндық теңгерімін ұлғайтуға жататын кейінгі шығыстар |
|||
6 |
Салық кезеңінің соңына кіші топтардың (топтардың) құндық теңгерімі |
|||
7 |
Амортизациялық аударымдар |
|||
8 |
Барлық тіркелген активтер шығарылған кезде топтардың (II, III, IV) құндық теңгерімінің шамасы |
|||
9 |
Кіші топтардың (топтардың) 300 айлық есептік көрсеткіштен аз құндық теңгерімінің шамасы |
|||
10 |
Салық кезеңінің соңында түзетулерді ескере отырып, кіші топтардың (топтардың) құндық теңгерімі |
Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар мен басқа да шегерімдердің толық жазылуы
(теңге)
Р/с |
ҚР АК ҚЕК-не сәйкес тіркелген активтердің коды |
Топ № |
Амортизациялық аударымдардың шекті нормасы (%) |
Амортизациялық аударымдардың қолданылатын нормалары (%) |
Салық кезеңінің басындағы кіші топтардың (топтардың) құндық теңгерімі |
Кіші топтардың (топтардың) түскен тіркелген активтерінің құны |
Кіші топтардың (топтардың) тіркелген шағын қалған активтерінің құны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Ғимараттар, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда) |
|||||||
ЖИЫНЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады): |
|||||||
Тіркелген активтердің қалған топтары |
|||||||
ЖИЫНЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады): |
кестенің жалғасы
Шегерімге жататын кейінгі шығыстар |
Кіші топтардың (топтардың) құндық теңгерімін ұлғайтуға жататын кейінгі шығыстар |
Салық кезеңінің соңына кіші топтардың (топтардың) құндық теңгерімі |
Амортизациялық аударымдар |
Барлық тіркелген активтер шығарылған кезде топтардың (II,III,IV) құндық теңгерімінің шамасы |
Кіші топтардың (топтардың) 300 айлық есептік көрсеткіштен аз құндық теңгерімінің шамасы |
Салық кезеңінің соңындағы түзетулерді ескере отырып шағын топтың (топтардың) құндық теңгерімі |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Ғимараттар, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда) |
||||||
Тіркелген активтердің қалған топтары |
||||||
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар
(теңге)
Р/с |
ҚР АК ҚЕК-не сәйкес тіркелген активтердің коды |
Енгізу күні |
Топ № |
Амортизациялық аударымдардың шекті нормасы |
Амортизациялық аударымдардың қолданылатын нормалары (%) |
Амортизациялық аударымдардың қосарланған нормалары (%) |
Түскен тіркелген активтердің сомасы |
Амортизацияның қосарланған норма шегінде шегерімге жататын амортизациялық аударымдар (%) |
Тіркелген активтердің қалдық құны |
Тіркелген активтердің шығарылған күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
ЖИЫНЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады): |
_________________________________________________
(Басшының (салық төлеушінің) Т.А.Ә., қолы, мөрі)
_________________________________________________
(Бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)
_________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты адамның) Т.А.Ә., қолы)
__________________________________
(Салық тіркелімі жасалған күн)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 қарашадағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
нысан
Туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
1. СТН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| 2. ЖСН/БСН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
3. Салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы_____________________
4. Салық кезеңі: жыл ________________
Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар
(теңге)
Р/с № |
Контрагенттің атауы |
Контрагенттің СТН-і |
Контрагенттің ЖСН/БСН-і |
Резидент еместің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі |
Хеджирлеу (қолданылады/ қолданылмайды) |
Базалық активті жеткізу (қолданылады/ қолданылмайды) |
Келісімшарттың ашылу күні |
Келісімшарттың орындалу немесе мерзімінен бұрын тоқтатылу күні |
Туынды қаржы құралдары бойынша түсімдер |
Туынды қаржы құралдары бойынша шығыстар |
Асып кетуі (теңге) (10-баған – 11-баған) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
ЖИЫНЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады): |
Своп бойынша операциялар
(тенге)
Р/с № |
Контрагенттің атауы |
Контрагенттің СТН-і |
Контрагенттің ЖСН/БСН-і |
Резидент еместің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі |
Хеджирлеу (қолданылады/ қолданылмайды) |
Базалық активті жеткізу (қолданылады/ қолданылмайды) |
Своп бойынша түсім |
Своп бойынша шығыстар |
Асып кетуі (теңге) (8-баған – 9-баған) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
ЖИЫНЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады): |
______________________________________________________
(Басшының (салық төлеуші) Т.А.Ә., қолы, мөрі)
______________________________________________________
(Бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)
______________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)
__________________________________
(Салық тіркелімі жасалған күн)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 қарашадағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
нысан
Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
1. СТН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| 2. БСН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
3. Салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы_____________________
4. Салық кезеңі: жыл ________________
Резидент емес-заңды тұлғаның қаржы есептілігінің деректері
Р/с № |
Валюта коды |
Тұтас алғандағы жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы |
Тұтас алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы |
Тұтас алғанда негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) құны |
Тұтас алғанда негізгі құралдардың теңгерімдік құны |
Шығыстардың жалпы сомасы, соның ішінде басқарушылық және жалпыәкімшілік шығыстар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
2 |
KZT |
|||||
3 |
Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің қаржы есептілігінің деректері
Р/с № |
Валюта коды |
Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы қызметін жүзеге асырудан алған жылдық жиынтық табысының сомасы |
Тұрақты мекеме персоналының еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы |
Тұрақты мекеменің негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) құны |
Тұрақты мекеменің негізгі құралдардың теңгерімдік құны |
Шығыстардың жалпы сомасы, соның ішінде тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылатын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
2 |
KZT |
|||||
3 |
Басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстардың жалпы сомасын баптар бойынша таратып жазу
Р/с |
Шығыстар баптарының атауы |
Резидент емес заңды тұлға шығыстарының сомасы |
Тұрақты мекеме шығыстарының сомасы |
||
ұлттық валютада |
шетел валютасында |
ұлттық валютада |
шетел валютасында |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар |
||||
2 |
Әкімшілік басқару аппаратын ұстауға шығыстар |
||||
3 |
Басқарудың техникалық құралдарын, байланыс торабын, дабыл құралдарын және өндіріске жатпайтын басқа да басқарудың техникалық құралдарын ұстауға және қызмет көрсетулерге жұмсалған шығыстар |
||||
4 |
Жалпышаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясына жұмсалған шығыстар |
||||
5 |
Банктің қызметіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстар |
||||
6 |
Әкімшілік басқару персоналының іссапар шығыстары |
||||
7 |
Байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалған шығыстар |
||||
8 |
Өкілдік шығыстар |
||||
9 |
Жалпышаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды жалға алу бойынша шығыстар |
||||
10 |
Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге жұмсалған шығыстар |
||||
11 |
Кеңсе тауарларын ақы төлеуге жұмсаған шығыстар |
||||
12 |
Мүліктен, жылжымайтын мүліктен салықтар, алымдар және аударымдар |
||||
13 |
Консультациялық қызметтерге ақы төлеуге жұмсалған шығыстар |
||||
14 |
Аудиторлық қызметтерге төлеуге жұмсалған шығыстар |
||||
15 |
Ақпараттық қызмет көрсетулерін төлеуге жұмсалған шығыстар |
||||
16 |
Қызметкерлер еңбегін қорғауға шығыстар, субъектіні қорғауға, өртке қарсы қорғауға шығыстар және басқа да жалпышаруашылық сипаттағы шығыстар |
||||
Өзгелер: |
|||||
17 |
|||||
Жиыны (жол тек нысанның қорытындысы бойынша ғана толтырылады) |
_________________________________________________________
(Басшының (салық төлеуші) Т.А.Ә., қолы, мөрі)
_________________________________________________________
(Бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)
_________________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)
__________________________________
(Салық тіркелімі жасалған күн)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 қарашадағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
нысан
Көрсетілген тауарларды сауда объектілерінде, оның ішінде сауда базарларында өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер сатып алған тауарлар бойынша салық тіркелімі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
1. СТН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| 2. БСН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
3. Салық кезеңі: ай ____________ жыл ________________
4. Салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы______________________________
Сатып алынған тауарлар бойынша операциялар
р/с |
Жеткізушінің атауы |
Жеткізушінің СТН-і |
Жеткізушінің ЖСН/БСН-і |
Тауарды сатып алған күні |
Тауар атауы |
Шот-фактураның немесе алғашқы құжаттың № |
Шот-фактураның немесе алғашқы құжаттың жазып берілген күні |
ҚҚС есепке алмағанда тауар құны |
Шот-фактурада көрсетілген ҚҚС сомасы (теңге) |
ҚҚС есепке алғандағы тауарлардың барлық құны(9-баған + 10-баған) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Бір күн үшін жиыны (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады) |
||||||||||
Бір ай үшін жиыны (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады) |
______________________________________________________________________
(Басшының (салық төлеуші) Т.А.Ә., қолы, мөрі)
______________________________________________________________________
(Бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)
______________________________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)
__________________________________
(Салық тіркелімі жасалған күн)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 қарашадағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
Салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексіне) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – Енгізу туралы заң) сәйкес әзірленген және салық тіркелімдерін жасау тәртібін айқындайды.
2. Салық тіркелімдері салық төлеушінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері туралы ақпаратты қамтиды.
3. Салық тіркелімдері салық есептілігінің нысаны табыс етілетін салық кезеңі үшін салық есептілігімен бір мезгілде толтырылады.
4. Салық тіркелімінде салық төлеуші туралы жалпы мәліметтер көрсетіледі:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес толтырылуы тиіс;
3) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы;
4) салық тіркелімінің нысаны жасалатын салық кезеңі;
5) басшының (салық төлеушінің) немесе оны ауыстыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және оның қолы қойылады және салық төлеушінің мөрі басылады;
6) салық төлеушінің бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және оның қолы қойылады;
7) салық тіркелімін толтырған және жасауға жауапты лауазымды немесе өзге тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және оның қолы қойылады;
8) салық тіркелімі жасалған күн.
5. Сомалардың теріс мәні белгілі бір бағанның тиісті жолында «–» алу белгісімен белгіленеді.
6. Салық тіркелімдерін құжаттық салық тексеруін жүргізу кезінде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары қағаз тасығыштарда және (немесе) электронды тасығыштарда – тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының талаптары бойынша табыс етеді.
7. Көрсеткіштер болмаған кезде салық тіркелімінің тиісті тор көздері толтырылмайды.
2. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау
8. Осы инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысаны шегерімге жатқызылуы тиіс преференция объектілерінің құнын айқындауға арналған.
9. «Инвестициялық преференциялар бойынша шегерімдер» кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – преференция объектісінің (негізгі құралдың) атауы;
3) 3-бағанда – негізгі құралды (ол болған жағдайда) пайдалануға енгізу күні;
4) 4-бағанда – инвестициялық жоба шеңберіндегі «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған келісім-шарттың нөмірі мен күні;
5) 5-бағанда – жасасқан келісімшартқа сәйкес инвестиция беру мерзімінің басталу және аяқталу кезеңдері;
6) 6-бағанда – преференция объектісінің (негізгі құралдың), және (немесе) шегерімге жатқызылуы тиіс қайта жаңартуға, жаңғыртуға шығыстар құны. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
7) 7-бағанда – преференция объектісінің (негізгі құралдың), және (немесе) салық кезеңінде шегерімге жатқызылған қайта жаңартуға, жаңғыртуға шығыстар құны. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
8) 8-бағанда – преференция объектісінің (негізгі құралдың), және (немесе) келесі салық кезеңінде 6-бағанның тиісті жолдарына көшірілуі тиіс, тиісті жолдардың 6 және 7-бағандарында көрсетілген шамалардың айырмасы ретінде айқындалатын преференциялар қолданысының мерзімі ішіндегі қайта құруға, жаңғыртуға шығыстардың қалдық құны көрсетіледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады.
10. Егер салық тіркелімінде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда, қателерді түзеу салық тіркелімі жолдарының тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін салық тіркелімінің нысанын (бұдан әрі – қосымша салық тіркелімі) жасау жолымен жүзеге асырылады.
Салық тіркеліміне өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу жіберілген қателіктердің сипатына қарай мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) салық тіркелімінің 2, 3, 4 немесе 5-бағандарында қателіктер табылған жағдайда қосымша салық тіркелімінде тиісті деректемелер көрсетіледі. Бұл ретте егер қате бір немесе бірнеше бағанда жіберілген жағдайда қосымша салық тіркелімінде көрсетілген бағандардың барлығының деректемелері көрсетіледі;
2) салық тіркелімінің 6, 7 немесе 8-бағандарында қателіктер табылған жағдайда:
қосымша салық тіркелімінің 2, 3, 4 және 5-бағандарында салық тіркелімінің 2, 3, 4 және 5-бағандарының деректемелері көрсетіледі;
қосымша салық тіркелімінің 6, 7 немесе 8-бағандарында салық тіркелімінің 6, 7 немесе 8-бағандарында көрсетілген сомалармен салыстыру бойынша анықталған айырма сомасы көрсетіледі.
Cалық тіркелімінің 6, 7 немесе 8-бағандарының мәндерін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізу кезінде анықталған айырма сомасы қосымша салық тіркелімінің 6, 7 немесе 8-бағандарында «–» алу белгісімен көрсетіледі;
3) салық тіркеліміне қосымша тіркелген актив енгізу қажет болған жағдайда қосымша салық тіркелімі осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша салық тіркелімінде толықтырулар енгізілетін кезең үшін салық тіркеліміндегі соңғы жолдың нөмірінен кейінгі жолдың нөмірі көрсетілуі қажет.
11. Егер бұрын қосымша салық тіркелімдері жасалған салық тіркеліміне қосымша салық тіркелімі жасалса, онда соңғысы бұрын ұсынылған қосымша салық тіркелімдері ескеріле отырып жасалады.
12. Қосымша салық тізіліміне қосымша салық тізілімін жасаған адамдар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылатын жазбаша негіздеме:
1) салық тіркеліміне өзгерістердің және (немесе) толықтыруларды енгізілу себептері;
2) негізгі құралды (ол болған жағдайда) пайдалануға енгізу күні;
3) келісім-шарттың (ол болған жағдайда) нөмірі мен күні;
4) салық тіркелімінің өзгерістер енгізілетін жолдарының нөмірлері;
5) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып қоса беріледі.
3. Тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау
13. Осы салық тіркелімінің нысаны Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсатында тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құнды теңгерімдерін және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша айқындауға арналған.
14. «Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар мен басқа да шегерімдер» кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – құндық көрсеткіштер мен тіркелген активтер бойынша шегерімдердің атауы;
3) 3-бағанда – осы салық тіркелімінің нысанында көзделген «Амортизациялық аударымдар мен тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдердің толық жазылуы» кестесінің қорытынды деректері негізінде толтырылатын ғимараттар, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қоспағанда) бойынша шегерімдерді көрсетуге арналған көрсеткіштер;
4) 4-бағанда – «Амортизациялық аударымдар мен тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдердің толық жазылуы» кестесінің қорытынды деректері негізінде толтырылатын тіркелген активтердің қалған топтары бойынша шегерімдерді көрсетуге арналған көрсеткіштер;
5) 5-бағанда – тіркелген активтер бойынша шегерімдерді көрсетуге арналған қорытынды көрсеткіштер көрсетіледі. Тиісті 3 және 4-бағандарының сомасы ретінде айқындалады.
15. «Амортизациялық аударымдар мен тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдердің толық жазылуы» кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – «Негізгі қорлардың жіктеушісі» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес тіркелген активтердің І тобы бойынша негізгі құралдардың коды немесе Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші ол бойынша амортизациялық аударымдарды есептейтін тіркелген активтердің II, III және IV топтары бойынша топтың атауы;
3) 3-бағанда – Салық кодексіне сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу үшін тіркелген активтер тобының нөмірі;
4) 4-бағанда – Салық кодексіне сәйкес проценттерде амортизацияның шекті нормасы;
5) 5-бағанда – салық төлеуші әрбір кіші топ (топ) бойынша, бірақ 4-бағанда көрсетілген шектен жоғары емес проценттерде қолданатын амортизация нормасы;
6) 6-бағанда – әрбір салықтық кіші топ (топ) бойынша салық кезеңінің басына кіші топтың (топтың) құндық теңгерімінің шамасы көрсетіледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады;
7) 7-бағанда – Салық кодексіне сәйкес анықталған түскен тіркелген активтердің құны. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезең ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады;
8) 8-бағанда – Салық кодексіне сәйкес анықталған шыққан тіркелген активтердің құны. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезең ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады;
9) 9-бағанда – Салық кодексінің 122-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын кейінгі шығыстар сомасы;
10) 10-бағанда – Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес топтың (кіші топтың) құндық теңгерімінің ұлғаюына жатқызылатын кейінгі шығыстар сомасы;
11) 11-бағанда – Салық кодексіне сәйкес есепті салық кезеңінің соңына кіші топтың құндық теңгерімінің шамасы, ол мынадай тәртіпте айқындалады: 6-баған + 7-баған – 8-баған + 10-баған. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады;
12) 12-бағанда – Салық кодексіне сәйкес мынадай тәртіпте есептелген салық кезеңі үшін амортизациялық аударымдар сомасы: 11-баған х 5-баған;
13) 13-бағанда – топтардың (II, III және IV) тіркелген активтері құндық теңгерімінің шамасы, салық кезеңінің соңына тіркелген активтерді шығару кезінде Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатады;
14) 14-бағанда – шамасы есепті салық кезеңінің соңына 300 айлық есептік көрсеткіштен аз соманы құрайтын және Салық кодексіне сәйкес шегерімге жататын кіші топтың (топтың) құндық теңгерімі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады;
15) 15-бағанда – Салық кодексінде көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық кезеңінің соңына кіші топтың құндық теңгерімі көрсетіледі, ол мынадай тәртіпте айқындалады: 11-баған – 12-баған – 13-баған – 14-баған.
Өтеусіз беруді қоспағанда, кіші топтың (І топ бойынша) тіркелген активтері шығып қалған жағдайда кіші топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады. Осы кіші топты құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтары бойынша) тіркелген активтері өтеусіз берілген жағдайда тиісті кіші топтың немесе топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады.
16. «Қазақстан Республикасы аумағында алғаш пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар» кестесінде (Салық кодексінде көзделген шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын салық төлеушілер толтырады):
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – «Негізгі қорлардың жіктеуіші» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында алғаш пайдалануға енгізілген тіркелген активтердің коды;
3) 3-бағанда – тиісті тіркелген активтің Қазақстан Республикасы аумағына пайдалануға енгізілу күні;
4) 4-бағанда – Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер тобының нөмірі;
5) 5-бағанда – Салық кодексіне сәйкес амортизацияның шекті нормалары проценттерде;
6) 6-бағанда – салық төлеуші әрбір тіркелген активтердің атауы бойынша проценттерде қолданатын амортизация нормасы, бірақ 5-бағанда көрсетілген шектерден жоғары емес;
7) 7-бағанда – Салық кодексінің 120-бабы 6-тармағына сәйкес салық төлеуші қолданатын, тиісті жолдың «2» 6-бағанының шамасының туындысы ретінде айқындалатын амортизацияның екі еселенген нормалары;
8) 8-бағанда – келіп түскен Қазақстан Республикасы аумағында алғаш пайдалануға енгізілген және салық төлеуші жылдық жиынтық табыс алу мақсатында пайдаланатын тіркелген активтердің құны. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады;
9) 9-бағанда – Салық кодексіне сәйкес кем дегенде үш жыл жылдық жиынтық табыс алу мақсатында тіркелген активтердің деректерін пайдалану шартында, тиісті жолдардың 7 және 8-бағандарында көрсетілген шамалардың туындысы ретінде айқындалатын амортизацияның екі еселенген нормасын да есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады;
10) 10-бағанда – салық кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын, 8 және 9-бағандарының айырмасы ретінде айқындалатын тіркелген активтердің қалдық құны. Келесі салық кезеңінде осы бағанның деректері салық салу мақсатында амортизация аударымдарын есептеу үшін тиісті кіші топтың (топтың) құндық теңгеріміне енгізуге жатады және келесі салық кезеңінің салық тіркелімі «Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар мен басқа да шегерімдердің ашып жазылуы» кестесінің тиісті 7-бағанына көшіріледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады;
11) 11-бағанында – пайдаланудың үш жыл кезеңі өткенге дейін сатқан жағдайда тиісті тіркелген активтің жойылған күні көрсетіледі.
17. Егер салық тіркелімінде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда, қателерді түзеу салық тіркелімі жолдарының тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін салық тіркелімінің нысанын (бұдан әрі – қосымша салық тіркелімі) жасау жолымен жүзеге асырылады.
Салық тіркеліміне өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген кезде қосымша салық тіркелімінде тиісті бағандардың тиісті деректемелері мен көрсеткіштері, сондай–ақ салық тіркелімі кестелерінің жиынтық мәні бағандардың өзгерген көрсеткіштеріне байланысты болатын бағандарының деректері көрсетіледі. Бұл ретте қосымша салық тіркелімінде салық тіркелімінің «Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар мен басқа да шегерімдердің толық жазылуы» кестесінің өзгермеген 2, 3, 4 және 5-бағандарының және (немесе) «Қазақстан Республикасы аумағына алғаш пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар» кестесінің өзгермеген 2, 3, 4, 5, 6 және 11-бағандарының деректемелері де көрсетіледі.
Салық тіркелімінің кестелері бағандарының мәндерін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізу кезінде қосымша салық тіркелімінің тиісті мәндеріне «–» алу белгісі қолданылады.
Салық тіркелімінде тіркелген активтердің өзгерісін қосымша енгізілген жағдайда қосымша салық тіркелімі осы Қағидалардың 15-16-тармақтарына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша салық тіркелімінде толықтыру енгізілетін кезең үшін салық тіркеліміндегі соңғы жолдан кейінгі жолдың нөмірін көрсету қажет.
18. Егер бұрын қосымша салық тіркелімдері жасалған салық тіркеліміне қосымша салық тіркелімі жасалса, онда соңғысы бұрын ұсынылған қосымша салық тіркелімдері ескеріле отырып жасалады.
19. Қосымша салық тізіліміне қосымша салық тізілімін жасаған адамдар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылатын жазбаша негіздеме:
1) салық тіркеліміне өзгерістердің және (немесе) толықтыруларды енгізілу себептері;
2) тіркелген актив тобының нөмірі және салық тіркелімінің өзгерістер енгізілетін жолдарының нөмірлері;
3) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып қоса беріледі.
4. Туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау
20. Осы салық тіркелімінің нысаны Салық кодексіне сәйкес кіріске енгізуге жататын туынды қаржы құралдары бойынша табысты айқындауға арналған.
21.«Свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша операциялар» кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – контрагенттің атауы;
3) 3-бағанда – салық төлеуші контрагенттің тіркеу нөмірі;
4) 4-бағанда – контрагенттің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
5) 5-бағанда – резидент еместің резиденттік еліндегі салық тіркеуінің нөмірі;
6) 6-бағанда – хеджирлеу «қолданылады» не «қолданылмайды» мәліметі;
7) 7-бағанда – базалық активті жеткізу «қолданылады» не «қолданылмайды» мәліметі;
8) 8-бағанда – келісімшарттың ашылу күні;
9) 9-бағанда – келісімшарт қолданысының орындалу немесе мерзімінен бұрын тоқтатылу күні;
10) 10-бағанда – Салық кодексінің 127-бабына сәйкес туынды қаржы құралдары бойынша түсімдер сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
11) 11-бағанда – Салық кодексінің 127-бабына сәйкес туынды қаржы құралдары бойынша шығыстар сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
12) 12-бағанда – тиісті жолдардың 10 және 11-бағандарында көрсетілген шамалардың айырмасы ретінде айқындалатын артып кету сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
22. «Своп бойынша операцияларда»:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – контрагенттің атауы;
3) 3-бағанда – салық төлеуші контрагенттің тіркеу нөмірі;
4) 4-бағанда – контрагенттің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
5) 5-бағанда – резидент еместің резиденттік еліндегі салық тіркеуінің нөмірі;
6) 6-бағанда – хеджирлеу «қолданылады» не «қолданылмайды» мәліметі;
7) 7-бағанда – базалық активті жеткізу «қолданылады» не «қолданылмайды» мәліметі;
8) 8-бағанда – Салық кодексінің 128-бабына сәйкес своп бойынша түсім сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады;
9) 9-бағанда – Салық кодексінің 128-бабына сәйкес своп бойынша шығыстар сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады;
10) 10-бағанда – тиісті жолдардың 8 және 9-бағандарында көрсетілген шамалардың айырмасы ретінде айқындалатын артып кету сомасы көрсетіледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады.
23. Егер салық тіркелімінде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда, қателерді түзеу салық тіркелімі жолдарының тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін салық тіркелімінің нысанын (бұдан әрі – қосымша салық тіркелімі) жасау жолымен жүзеге асырылады.
Салық тіркеліміне өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу жіберілген қателердің сипатына қарай мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) салық тіркелімінің «Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар» кестесінің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 немесе 9-бағандарында және (немесе) «Своп бойынша операциялар» кестесінің 2, 3, 4, 5, 6 немесе 7-бағандарында қателер анықталған жағдайда қосымша салық тіркелімінде тиісті деректемелер көрсетіледі. Бұл ретте егер бір немесе бірнеше бағандарда қате жіберілген жағдайда қосымша салық тіркелімінде барлық көрсетілген бағандар бойынша деректемелер көрсетіледі;
2) салық тіркелімі нысанының «Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар» кестесінің 10, 11 немесе 12-бағандарында және «Своп бойынша операциялар» кестесінің 8, 9 немесе 10-бағандарында қателер анықталған жағдайда:
қосымша салық тіркелімінің «Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар» кестесінің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 немесе 9-бағандарында салық тіркелімінің «Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар» кестесі 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 немесе 9-бағандарының деректемелері көрсетіледі;
қосымша салық тіркелімінің «Своп бойынша операциялар» кестесінің 2, 3, 4, 5, 6 және 7-бағандарында салық тіркелімінің «Своп бойынша операциялар» кестесі 2, 3, 4, 5, 6 және 7-бағандарының деректемелері көрсетіледі;
қосымша салық тіркелімінің «Свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша операциялар» кестесінің 10, 11 немесе 12-бағандарында салық тіркелімінің «Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар» кестесі 10, 11 немесе 12-бағандарында көрсетілген сомалармен салыстыру бойынша айқындалған сома көрсетіледі;
қосымша салық тіркелімінің «Своп бойынша операциялар» кестесінің 8, 9 немесе 10-бағандарында салық тіркелімінің «Своп бойынша операциялар» кестесінің 8, 9 немесе 10-бағандарында көрсетілген сомалармен салыстыру бойынша айқындалған сома көрсетіледі.
Салық тіркелімінің «Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар» кестесі 10, 11 немесе 12-бағандарының мәндерін және «Своп бойынша операциялар» кестесінің 8, 9 немесе 10-бағандарының мәндерін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілген кезде қосымша салық тірелімінің «Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар» кестесі 10, 11 немесе 12-бағандарында және «Своп бойынша операциялар» кестесінің 8, 9 немесе 10-бағандарында айқындалған айырма сомасы «–» алу белгісімен көрсетіледі;
3) көрсетілген салық кезеңі үшін салық тіркеліміне қосымша енгізілген жағдайда қосымша салық тіркелімі осы Қағидалардың 31-32-тармақтарына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша салық тіркелімінде толықтыру енгізілетін кезең үшін салық тіркеліміндегі соңғы жолдан кейінгі жолдың нөмірін көрсету қажет.
24. Егер бұрын қосымша салық тіркелімдері жасалған салық тіркеліміне қосымша салық тіркелімі жасалса, онда соңғысы бұрын ұсынылған қосымша салық тіркелімдері ескеріле отырып жасалады.
25. Қосымша салық тізіліміне қосымша салық тіізілімін жасаған адамдар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылатын жазбаша негіздеме:
1) салық тіркеліміне өзгерістердің және (немесе) толықтыруларды енгізілу себептері;
2) салық төлеуші контрагенттің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
салық тіркелімінің өзгерістер енгізілетін жолдарының нөмірлері;
3) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып қоса беріледі.
5. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау
26. Осы салық тіркелімі нысаны тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылатын, шығыстарды барабарлық бөлу әдісі бойынша анықтайтын резидент емес заңды тұлғаның басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомаларын көрсетуге арналған.
27. «Резидент емес заңды тұлғаның қаржы есептілігі деректері» кестеде, оның қаржы есептілігінде көрсетілген тұтас алғандағы резидент емес заңды тұлғаның деректері (оның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің деректерін қоса алғанда) көрсетіледі:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – валютаның алфавиттік коды. 2-бағанда деректер ұлттық валютада толтырылады. 2-бағанның 3-жолында «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – Шешім) бекітілген, «Валюталар жіктеушісінің» 23-қосымшасын сәйкес валюталардың кодын көрсетіледі;
3) 3-бағанда – тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
4) 4-бағанда – тұтас алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарының жалпы сомасы;
5) 5-бағанда – тұтас алғанда негізгі қорлардың бастапқы (ағымдағы) құны;
6) 6-бағанда – тұтас алғанда негізгі қорлардың теңгерімдік құны;
7) 7-бағанда – шығыстардың жалпы сомасы, соның ішінде басқарушылық және жалпыәкімшілік шығыстары.
28. «Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің қаржы есептілігі деректері» кестеде резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің қаржы есептілігінен деректер көрсетіледі:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – валютаның алфавиттік коды. 2-бағанда деректер ұлттық валютада толтырылады. 2-бағанның 3-жолында Шешімнің «Валюталар жіктеушісінің» 23-қосымшасына сәйкес валютаның коды көрсетіледі;
3) 3-бағанда – резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы қызметін жүзеге асырудан алынған жылдық жиынтық табысының сомасы;
4) 4-бағанда – Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі персоналының еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарының жалпы сомасы;
5) 5-бағанда – Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің негізгі қорларының бастапқы (ағымдағы) құны;
6) 6-бағанда – Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің негізгі қорларының баланстық құны;
7) 7-бағанда – шығыстардың жалпы сомасы, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылатын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары.
29. «Басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстардың жалпы сомасы баптар бойынша таратып жазу» кестеде резидент емес заңды тұлғаның және оның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қаржы есептілігінен деректер көрсетіледі:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – шығыстар баптарының атауы;
3) 3-бағанда – резидент емес заңды тұлға шығыстарының сомасы (оның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің деректерін қоса алғанда) ұлттық валютада. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
4) 4-бағанда – резидент емес заңды тұлға шығыстарының сомасы (оның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің деректерін қоса алғанда) шет ел валютасында. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
5) 5-бағанда – Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің шығыстары ұлттық валютада. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
6) 6-бағанда – Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің шығыстары шет ел валютасында. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады.
30. Егер салық тіркелімінде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда, қателерді түзеу салық тіркелімі жолдарының тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін салық тіркелімінің нысанын (бұдан әрі – қосымша салық тіркелімі) жасау жолымен жүзеге асырылады.
Салық тіркелімінің кестелері бағандарының мәндерін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізу кезінде қосымша салық тіркелімінің тиісті мәндеріне «–» алу белгісі қолданылады.
Салық тіркелімге қосымша енгізілген жағдайда қосымша салық тіркелімі осы Қағидалардың 27-29-тармақтарына сәйкес жасалады.
Бұл ретте «Басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстардың жалпы сомасын баптар бойынша таратып жазу» кестеге қосымша шығыстардың баптары енгізілген жағдайда мұндай қосымша салық тіркелімінде толықтыру енгізілетін кезең үшін салық тіркеліміндегі соңғы жолдан кейінгі жолдың нөмірін көрсету қажет.
31. Егер бұрын қосымша салық тіркелімдері жасалған салық тіркеліміне қосымша салық тіркелімі жасалса, онда соңғысы бұрын ұсынылған қосымша салық тіркелімдері ескеріле отырып жасалады.
32. Қосымша салық тізіліміне қосымша салық тізілімін жасаған адамдар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылатын жазбаша негіздеме:
1) салық тіркеліміне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілу себептері;
2) өзгерістер енгiзілетін салық тіркелімі жолының нөмірі;
3) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып қоса беріледі.
6. Көрсетілген тауарларды сауда объектілерінде, оның ішінде сауда базарларында өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер сатып алған тауарлар бойынша салық тіркелімінің нысандарын жасау
33. Осы салық тіркелімінің нысаны тауарларды сауда объектілерінде, оның ішінде сауда базарларында сатуды жүзеге асыратын, салық төлеушілер сатып алған тауарлар бойынша мәліметтерді көрсетуге арналған.
34. Осы нысан Салық кодексінің 77-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында және Енгізу туралы Заңның 36-бабы 13-тармағында көрсетілген салық төлеушілермен толтырылуы тиіс.
35. «Сатып алынған тауарлар бойынша операциялар» кестесінде көрсетіледі:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – тауарды жеткізушінің атауы;
3) 3-бағанда – шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуші салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4) 4-бағанда – шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
5) 5-бағанда – тауарды сатып алу күні;
6) 6-бағанда – тауардың атауы;
7) 7-бағанда – жеткізуші жазып берген шот-фактураның немесе алғашқы құжаттың нөмірі;
8) 8-бағанда – жеткізушінің шот-фактураны немесе алғашқы құжатты жазып берген күні;
9) 9-бағанда – қосылған құн салығын есепке алмағанда шот-фактурада немесе алғашқы құжатта көрсетілген тауарлардың жалпы құны. Осы бағанның қорытынды шамасы күн, ай ішінде Тізілімнің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
10) 10-бағанда – шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы. Аталған баған егер тауармен жеткізуші қосылған құн салығының төлеушісі болған жағдайда толтырылады. Осы бағанның қорытынды шамасы күн, ай ішінде Тізілімнің осы бағанында көрсетілген барлық шамалардың жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
11) 11-бағанда – қосылған құн салығын есепке алғандағы шот-фактурада немесе алғашқы құжатта көрсетілген тауарлардың жалпы құны. Аталған баған егер 9-баған толтырылған жағдайда толтырылады және 9 және 10-бағандардың сомасы ретінде анықталады. Осы бағанның қорытынды шамасы күн, ай ішінде Тізілімнің осы бағанында көрсетілген барлық шамалардың жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады.
36. Егер Тізілімде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда, қателерді түзету Тізілімнің тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін Тізілім (бұдан әрі – қосымша Тізілім) нысанын жасау жолымен жүзеге асырылады.
Тізілімге өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу жіберілген қателіктердің сипатына қарай мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) Тізілімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-бағандарында қателіктер табылған жағдайда қосымша Тізілімде тиісті деректемелер көрсетіледі. Бұл ретте егер қате бір немесе бірнеше бағанда жіберілген жағдайда қосымша Тізілімде көрсетілген бағандардың барлығының деректемелері көрсетіледі;
2) Тізілімнің 9, 10 және 11-бағандарында қателіктер табылған жағдайда:
қосымша Тізілімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-бағандарында Тізілімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-бағандарының деректемелері көрсетіледі;
қосымша Тізілімнің 9, 10 және 11-бағандарында Тізілімнің 9, 10 және 11-бағандарында көрсетілген сомалармен салыстыру бойынша анықталған айырма сомасы көрсетіледі.
Тізілімнің 9, 10 және 11-бағандарының мәндерін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізу кезінде анықталған айырма сомасы қосымша Тізілімнің 9, 10 немесе 11-бағандарында «–» алу белгісімен көрсетіледі;
3) Тізілімнен шот-фактураларды алып тастау қажет болған жағдайда:
қосымша Тізілімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-бағандарында Тізілімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-бағандарында көрсетілген деректемелер көрсетіледі;
қосымша Тізілімнің 9, 10 және 11-бағандарында Тізілімнің қарама-қарсы белгімен өзгерістер енгізілетін 9, 10 және 11-бағандарында көрсетілген сомалар көрсетіледі;
4) Тізілімге шот-фактуралар қосымша енгізілген жағдайда қосымша Тізілім осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша Тізілімде толықтырулар енгізілетін кезең үшін Тізілімнің соңғы жолының нөмірінен кейінгі жолдың нөмірі көрсетілуі қажет.
37. Егер бұрын қосымша Тізілімдер жасалған Тізілімге қосымша Тізілім жасалса, онда соңғысы бұрын ұсынылған қосымша Тізілімдер ескеріле отырып жасалады.
38. Қосымша Тізілімге қосымша Тізілімді жасаған адамдар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылатын жазбаша негіздеме:
1) Тізілімге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілу себептері;
2) қосымша Тізілімді және (немесе) толықтырылған шот-фактураны жасау нәтижесінде өзгерген шот-фактураның нөмірлері мен күні;
3) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып, қоса беріледі.