Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидаларын және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1278 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 180 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.04.2018 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындақы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылқы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығын қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары);

      2) меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісінің нысаны бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасында құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 шiлдедегі № 1018 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағын және Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасы 2012 жылғы 31 қаңтарға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1278 қаулысымен
бекітілген

Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және меншік иесінің салынған объектілерді пайдалануға өз бетінше қабылдау тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидалардың қолданысы Заңның 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге қатысты болады.

2. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау тәртібі

      3. Меншік иесі салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдаған кезде мыналардың болуы талап етіледі:

      1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат;

      2) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімі;

      3) тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары;

      4) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама не нобай (жобаның нобайы).

      4. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтаған кезде меншік иесі мердігерден объектінің дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса) оны қабылдау рәсіміне кіріседі.

      5. Салынған объектіні пайдалануға қабылдаған кезде меншік иесі:

      1) меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісін ресімдей отырып, Заңның 74-бабының 1-тармағында көзделген объектіні пайдалануға қабылдайды;

      2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың не нобайдың (жобаның нобайы), объектілерді жобалау үшін берілген бастапқы материалдардың (құжаттардың) және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарының сақталуын тексереді;

      3) егер объект мердігерлік тәсілмен салынған жағдайда орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылған құрылыс материалдарының (бұйымдардың, конструкциялардың) және жабдықтардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға немесе нобайға (жобаның нобайына), сондай-ақ мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкестігін тексереді.

      5. Актiге қол қойылған күн меншік иесі қабылдаған объектiнiң пайдалануға қосылған күнi деп есептеледi.

      6. Акт дайын құрылыс өніміне меншік құқығын тіркеген кезде айрықша бастапқы құжат болып табылады.

      7. Актіге қол қойған кезде меншік иесі актінің көшірмесін сәулет және қала құрылыс салысындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1278 қаулысымен
бекітілген

      Нысан

Меншік иесінің объектіні пайдалануға
өз бетінше қабылдау актісі

      ___________________ 20 ___ жылғы "__" _____________

      (қала, кент, село)

      Құрылыстың меншік иесі ______________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, тұрақты мекенжайы)

      және мердігер (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса) __________

      ___________________________________________________________________

      (құрылысты жүзеге асырған ұйымның атауы, адамның тегі, аты, әкесінің

      аты, мекенжайы, телефоны,

      ____________________________________________________________________

      (лицензияның №, алған күні, адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      АНЫҚТАДЫ:

      1. ___________________________________________________________

      (объектінің атауы, орналасқан жері немесе мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      объектіні салуды/тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік

      жүйелері мен жабдықтарының өзгеруіне, сондай-ақ үй-жайлардың

      функционалдық мақсатының өзгеруіне байланысы жоқ қолданыстағы

      ғимаратты қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды)

      меншік иесі өзі ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      және/немесе ол тартқан мердігерлік ұйым ____________________________

      ____________________________________________________________________

      (объектіні салуды (үй-жайды қайта жаңғыртуды) жүзеге асырған, қайта

      жоспарлау ұйымның атауы, адамның тегі, аты әкесінің аты)

      ұйым жүзеге асырған.

      2. ____________________________________________________________

      (жұмыстар түрлері)

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________________________ орындалған.

      3. Объектіні салу/тіреу және қоршау конструкцияларын,

      инженерлік жүйелері мен жабдықтарының өзгеруіне, сондай-ақ үй-жайдың

      функционалдық мақсатының өзгеруіне байланысы жоқ қолданыстағы

      ғимаратты қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау):

      ___________________________________________________________________

      (шешім шығарған органның атауы, шешім № және күні)

      ___________________________________________________________________;

      негізінде жүргізілген.

      4. Құрылыс____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жобаны (жобалау-сметалық құжаттаманы) не нобайды (нобайлық жобаны)

      әзірлеген ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      жобаны (жобалау-сметалық) құжаттаманы, нобайды (нобайлық жобаны)

      қараған және келісім берген ұйымның атауы)

      келісілген жоба (жобалау-сметалық)/құжаттама нобай (нобайлық жоба)

      бойынша жүзеге асырылды.

      5. Құрылыс-монтаж жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды:

      жұмыстың басталуы____________________________________________;

      (айы және жылы)

      жұмыстың аяқталуы____________________________________________;

      (айы және жылы)

      6. Пайдалануға қабылданатын объектінің мынадай көрсеткіштері

      бар: ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жалпы алаңы, тұрғын алаңы, қабаттар саны, құрылыстың көлемі,

      ұзындығы, негізгі материалдар мен конструкциялар бойынша қысқаша

      техникалық сипаттама және с.с.с.)

      7. Жарылыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

      қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар _________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (орындалғаны туралы мәліметтер)

      8. Құрылысы аяқталған объектінің/қайта жаңартылған (қайта

      жоспарланған, қайта жабдықталған) қолданыстағы ғимараттың

      үй-жайларының мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік талаптарға,

      сәулет-жоспарлау тапсырмасына, келісілген жобалау (жобалау-сметалық)

      құжаттамасына/нобайға (нобайлық жобаға) сәйкестігін растау негізінде

      жеке меншік иесі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      пайдалануға ҚАБЫЛДАУДЫ шешті.

      9. Салынған объектінің нормативтік талаптарға, сәулет-жоспарлау

      тапсырмасына, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына/нобайға

      (нобайлық жобаға) сәйкестігін растаймын.

      Құрылыстың меншік иесі ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, тұратын мекенжайы, қолы, күні)

      және мердігер (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса) ______

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні)