Шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1270 Қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/899 бұйрығын қараңыз.


      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 40-бабы 1-тармағының12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1270 қаулысымен  
бекітілген     

Шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормалары «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 40-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормаларын белгілейді.
      2. Осы нормаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) акустикалық әсерлер – жиілік сипаттамалары 1-16 герц (бұдан әрі – Гц) жиілік аралығында болатын күрделі спектрлік құрылымның ретсіз тербелісін білдіретін жасанды инфрадыбыс;
      2) дыбыстық қысым – дыбыстың құбылуы нәтижесінде пайда болатын ауа немесе газ қысымының ауыспалы құраушысы, Па;
      3) дыбыстық қысымның деңгейлері – 9 спектр диапазонының жекелей алынған учаскесінде құбылу нәтижесінде пайда болатын ауа немесе газ қысымының ауыспалы құраушысының логарифмдік көрсеткіштері, белгіленуі – L, децибел (бұдан әрі – дБ);
      4) дыбыстың ең жоғары деңгейі, LА. макс., дБА (бұдан әрі – децибел А) – өлшеу шегін, дәлме-дәл көрсететін прибордың (шу өлшегіштің) көзбен шолып мөлшерлегенде ең жоғары шекті көрсеткішіне сәйкес келетін дыбыс деңгейі немесе автоматты құрылғымен тіркеу кезінде өлшеу уақытының бір пайызы ішінде асып түсетін дыбыс деңгейінің мәні;
      5) жол берілетін шу деңгейі – шуға сезімтал жүйелер мен дыбыс талдаушылардың қатты мазалануын және олардың функционалдық жай-күйі көрсеткіштерінің елеулі өзгерістерін туғызбайтын деңгей;
      6) импульстік шу – әрқайсысының ұзақтығы бір секундтан аз бір немесе бірнеше дыбыс белгісінен тұратын, бұл ретте «МемСТ 17187-81» мемлекеттік стандарты бойынша шу өлшегіштің тиісінше «импульс» және «баяу» уақыт сипаттамаларында өлшенген дыбыс деңгейлері дБ (А1) және дБ (А) алғанда, кемінде 7 дБ-ға ерекшеленетін шу;
      7) төмен жиіліктегі шу – жиілік сипаттамалары инфрадыбыстық және естілетін жиіліктер аралығындағы шекте болатын шу;
      8) тұрақсыз шудың LА. экв., дБА барабар дыбыс (қуаты бойынша) деңгейі – белгілі бір уақыт аралығы ішінде осы тұрақсыз шу сияқты орташа квадраттық дыбыстық қысымға ие тұрақты кең өрісті шудың дыбыс деңгейі;
      9) тұрақты шу – дыбыс деңгейі «МемСТ 17187-81» мемлекеттік стандарты бойынша шу өлшегіштің «баяу» уақыт сипаттамасында өлшеу кезінде уақыт аралағында (күн) 5 дБ (А) көп өзгермейтін шу;
      10) тұрақсыз шу – дыбыс деңгейі «МемСТ 17187-81» мемлекеттік стандарты бойынша шу өлшегіштің «баяу» уақыт сипаттамасына өлшеу кезінде уақыт жағынан уақыт аралығында (күн) 5 дБ (А) астам мөлшерде өзгеретін шу;
      11) үнді шу – спектрінде айқын байқалатын дискретті үндер бар шу. Шудың үндестілік сипаты практикалық мақсаттар үшін бір жолақтағы деңгейдің көрші жолақтардағы деңгейден әрі кеткенде 10 дБ асып түсуі бойынша жиіліктің үштен бір октавалық жолақтарындағы өлшем болып белгіленеді;
      12) шу – жасанды жолмен шығарылған, күші мен жиілігі бойынша әртүрлі дыбыстардың ретсіз байланысы;
      13) шуды өлшеу бірлігі дБ және нақты қысымның адамның есту шегінің орташа квадраттық қысымына қысымның орташа квадраттық мәніне арақатынасының он мәртелік оннан бір еселік логарифмі дБА болып табылады.
      3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағындағы шу мен инфрадыбысты өлшеу және бағалау «МемСТ 23337-78 (СТ СЭВ 2006-80) Шу. Селитебтік аумақ пен тұрғын және қоғамдық үй-жайлардың бөлмелеріндегі шуды өлшеу әдістері» мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі.

2. Шу мен инфрадыбыстың нормаланатын өлшемдері мен рұқсат етілетін деңгейлері

      4. Орташа геометриялық жиіліктері: 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц октавалық жолақтардағы дыбыс қысымының L деңгейлері дБ тұрақты шудың нормаланатын өлшемдері болып табылады. Болжамды бағалау үшін LА, дБА дыбыс деңгейлерін пайдалануға жол беріледі.
      5. LАэкв, дБА балама (энергиясы бойынша) дыбыс деңгейлері және LАмакс, дБА барынша шекті дыбыс деңгейлері тұрақсыз шудың нормаланатын өлшемдері болып табылады.
      Тұрақсыз шудың рұқсат етілетін деңгейлерге сәйкестігін бағалау дыбыстың балама және барынша шекті деңгейлері бойынша бір мезгілде жүргізілуге тиіс. Көрсеткіштер бірінің мөлшерден асып кетуі осы нормаларға сәйкес келмеушілік ретінде қарастырылуы керек.
      6. Октавалық жиіліктер жолақтарындағы дыбыс қысымы деңгейлерінің, мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында естілетін шудың балама және барынша шекті деңгейлерінің рұқсат етілетін мәндері осы нормаларға 1-қосымшаға сәйкес қабылданады.
      7. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында естілетін инфрадыбыс пен жиілігі төмен шудың дыбыс қысымы деңгейлерінің рұқсат етілетін мәндері осы нормаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

Шудың және өзге де жасанды   
акустикалық әсерлердің нормаларына
1-қосымша           

Октавалық жиіліктер жолақтарындағы дыбыс қысымы деңгейлерінің, естілетін шудың баламалы және барынша шекті деңгейлерінің рұқсат етілетін мәндері

Тәулік мезгілі

Орташа геометриялық жиіліктермен, Гц, октавалық жолақтардағы дыбыс қысымының деңгейлері, дБ

Дыбыс деңгейлері және дыбыстың баламалы деңгейлері (дБА)

Дыбыстың барынша шекті деңгейі LМакс, дБА

31,5

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

тәулік бойы

76

59

48

40

34

30

27

25

23

35

50

      Ескертпе:
      Үнділік және импульстік дыбыс үшін – минус 5 дБА түзетуін алу керек.

Шудың және өзге де жасанды   
акустикалық әсерлердің нормаларына
2-қосымша           

Естілетін инфрадыбыс пен жиілігі төмен шудың дыбыс қысымы деңгейлерінің рұқсат етілетін мәндері

Тәулік мезгілі

Орташа геометриялық жиіліктермен, Гц, октавалық жолақтардағы дыбыс қысымының деңгейлері, дБ

"Желілік" сипаттамасында жиілігі бойынша түзетілген дыбыс қысымының деңгейлері, L, дБ

2

4

8

16

31,5

63

тәулік бойы

90

85

80

75

70

55

70