«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен
бекітілген
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне (лицензиарға) өзінің «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
1) букмекерлік кеңсе үшін:
меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдығының тізбесі;
күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары;
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 20 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың көшірмесі;
кассалар тізімі.
2) тотализатор үшін:
меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығының тізбесі;
күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары;
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың көшірмесі;
кассалар тізімі.
3) казино үшін:
меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығының тізбесі;
қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары;
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың көшірмесі;
4) ойын автоматтары залы үшін:
меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығының тізбесі;
қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
әр ойын автоматына арналған сәйкестік сертификаты;
күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары;
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың көшірмесі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1716 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері ұсынылған жағдайда олардың шынайылығын салыстырып тексеру үшін мұндай құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен
бекітілген
Нысаны
Ойын жабдығының тізбесі
Орны: __________________________________________
Меншік иесі: __________________________________
№ |
Ойын жабдығының түрі |
Дайындаушы зауыт, сериялы № |
Сәйкестік сертификатының деректері |
Тестілеу күні |
Ұтыс пайызы |
Техникалық жағдайы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
М.О. қолы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен
бекітілген
Нысаны
Кассалар тізімі*
____________________________________________________________
өтінім берушінің атауы
______________________________________________________________
ойын бизнесінің саласын, ойын мекемесінің орналасқан жерін, оның атауын көрсету
№ |
Елді мекен |
Орналасқан жері |
Электрондық кассаның мекенжайы |
1 |
2 |
3 |
4 |
*Кассалардың ашылуы немесе қолданыстағы кассалардың орналасқан жерінің өзгеруі кезінде 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға кассалардың өзгертілген тізімін ұсынуға міндеттенемін
М.О. қолы