Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 Қаулысы

Қолданыстағы

Баспасөз релизі

      «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
      2) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысандары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен  
бекітілген    

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға (лицензиарға) өзінің «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) букмекерлік кеңсе үшін:
      меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
      өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдығының тізбесі;
      күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
      ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары;
      бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 20 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың көшірмесі;
      кассалар тізімі.
      2) тотализатор үшін:
      меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
      өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығының тізбесі;
      күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
      ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары;
      бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың көшірмесі;
      кассалар тізімі.
      3) казино үшін:
      казиноның ойын бизнесін жүргізу үшін айқындалған аумақта орналасуы туралы тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасы;
      меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
      өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығының тізбесі;
      қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
      күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
      ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары;
      бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың көшірмесі;
      4) ойын автоматтары залы үшін:
      ойын автоматтары залының ойын бизнесін жүргізу үшін айқындалған аумақта орналасуы туралы тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасы;
      меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
      өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығының тізбесі;
      қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
      әр ойын автоматына арналған сәйкестік сертификаты;
      күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
      ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары;
      бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың көшірмесі;
      2. Осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері ұсынылған жағдайда олардың шынайылығын салыстырып тексеру үшін мұндай құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен  
бекітілген    

Нысаны

Ойын жабдығының тізбесі

      Орны: __________________________________________
      Меншік иесі: __________________________________

Ойын жабдығының түрі

Дайындаушы зауыт, сериялы №

Сәйкестік сертификатының деректері

Тестілеу күні

Ұтыс пайызы

Техникалық жағдайы

1

2

3

4

5

6

7















М.О.      қолы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен  
бекітілген     

Нысаны

Кассалар тізімі*

      ____________________________________________________________
                        өтінім берушінің атауы

      ______________________________________________________________
    ойын бизнесінің саласын, ойын мекемесінің орналасқан жерін, оның атауын көрсету

Елді мекен

Орналасқан жері

Электрондық кассаның мекенжайы

1

2

3

4





      *Кассалардың ашылуы немесе қолданыстағы кассалардың орналасқан жерінің өзгеруі кезінде 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға кассалардың өзгертілген тізімін ұсынуға міндеттенемін

      М.О.      қолы