Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 Қаулысы

Жаңартылған

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 31 қазандағы
№ 1248 қаулысымен
бекітілген 

Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) бухгалтерлердiң кәсiптік ұйымдарын (бұдан әрi – кәсiптік ұйымдар) және бухгалтерлердi кәсiптік сертификаттау жөнiндегi ұйымдарын (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйым) аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

2. Аккредиттеу рәсiмiн жүргiзу тәртiбi

      2. Кәсiптік ұйымдарды аккредиттеу жүргізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) мынадай құжаттардың: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың түпнұсқалары мен көшiрмелерi немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) ұйым жарғысына сәйкес бекiтiлген халықаралық тәжiрибеге сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын Этика кодексi;
      4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсiптік ұйымдардың құрамы туралы мәлiмет;
      5) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсiптік ұйымдардың құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiмет;
      6) оқу-үйрету іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн ұдайы арттыру жүйесiнiң бар екендiгiн растайтын құжаттар.
      Уәкiлеттi органға аккредиттеу жүргізу үшін осы тармаққа сәйкес ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі уәкiлеттi органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
      Осы тармақтың 4), 5), 6) тармақшаларында санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда мемлекеттiк және орыс тілдерінде берiледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 N 574 Қаулысымен.
      3. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар аккредиттеуден өткiзу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) мынадай құжаттардың: қызметінің негізгі түрлерінің бірі бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйым ретіндегі қызмет деп көзделген жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың түпнұсқалары мен көшірмелері немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiптік ұйымымен өзара іс-қимыл туралы келісім;
      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөнiндегi ұйымдар жұмыс органдарының құрылымы, олардың болуы туралы мәлiметтер;
      5) Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша оқудан тәуелсіз емтихандық жүйесiнiң бар екендiгiн растайтын мәліметтер;
      6) бухгалтерлердi кәсiптік сертификаттау жөнiндегi емтихандарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы бекiтiлген ережені мыналарды көрсете отырып:
      тест сұрақтары мен ахуалдық мiндеттердi қамтитын емтихандық модульдердiң құрылымы;
      сертификаттау пәндерi бойынша емтихандардың ұзақтығы кемінде үш сағат;
      күнтізбелік отыз күннен аспайтын кәсiптік бухгалтерлiкке кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат) жұмыстарына тексеру жүргiзу мерзiмдерi;
      соңғы сертификаттау пәні бойынша оң нәтиже алынған күннен бастап он төрт күннен аспайтын сертификаттар беру мерзімдері;
      нәтижесi бекiтілген күннен бастап келесi үш жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп» пәнi бойынша, нәтижесi бекiтілген күннен бастап келесi бес жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша кандидаттың оң нәтиже алуы;
      кандидаттардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi;
      7) кәсiптік бухгалтерлiкке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы (бұдан әрi – комиссия) төрағасының, оның мүшелерiнiң, тәуелсiз бақылаушылардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн және оның құрамын көрсете отырып, комиссия туралы бекiтiлген ереже;
      8) комиссияның (кеңестiң) арызы мен шешiмiн қарау мерзiмiн, нысанын белгiлей отырып, емтихандардың нәтижелерi бойынша апелляциялық комиссияның (кеңестiң) құрамын, арыздарды беру мерзiмiн және арыздарды сотқа дейiн қарауды жүргiзу тәртiбiн көрсете отырып, ол туралы бекiтiлген ереже;
      9) үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткiзудiң бекiтiлген кестесi;
      10) «Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес емтихандық модульдер мен емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары жөнiндегi материалдар;
      11) кәсiптік бухгалтер сертификатының жобасы.
      Уәкiлеттi органға аккредиттеу жүргізу үшін ұсынылған барлық құжаттар осы тармаққа сәйкес тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі уәкiлеттi органның құжаттарды қабылдаған күні туралы тапсырылған күні белгі қойылып өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
      Осы тармақтың 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда мемлекеттiк және орыс тілдерінде берiледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 N 574 Қаулысымен.
      4. Өтініш берушілерден құжаттар қабылдаған кезде осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес, уәкілетті орган құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін түпнұсқаларды өтініш берушіге қайтарады.
      Уәкілетті орган өтініш берушіден аккредиттеуге арналған құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген, ұсынылған құжаттарды толық тексеруге міндетті. Көрсетілген мерзімде ұсынылған құжаттардың толық болмауының фактісі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемемен бас тартады.
      5. Уәкiлеттi орган аккредиттеуге құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген материалдарды аккредиттелген кәсіптік ұйымдардың қарауына жібереді.
      6. Аккредиттелген кәсіптік ұйымдар материалдардың осы Қағидаларға 8 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау нәтижелерін олардың атына уәкілетті орган оларды жіберген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңде береді.
      Уәкiлеттi орган жауапты алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде аккредиттелген кәсіптік ұйымдар ұсынған ескертулер мен ұсыныстарды қарайды және оларды (дан) қабылдау/бас тарту туралы әрбір аккредиттелген кәсіптік ұйымның атына жазбаша уәжделген дәлелді жауап ұсынады.
      7. Кәсiптік ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу туралы бұйрыққа үш жұмыс күні ішінде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде уәкiлеттi орган басшысы немесе уәкiлеттi орган басшысы айқындайтын лауазымды тұлға қол қойып, тіркейді және уәкiлеттi органның мөрiмен бекiтiледi.
      8. Сертификаттау және аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы куәлiк беру туралы шешiм қабылдау бойынша кәсiптік ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құжаттарын қарау мерзiмi өтiнiш қабылдаған сәттен бастап осы Қағидалардың 2 және  3-тармақтарында көрсетілген отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
      9. Егер кәсiптік ұйымдар және сертификаттау жөнiндегi ұйымдар мынадай бұзушылықтардың ең болмаса біреуі айқындалса, уәкiлеттi орган күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өтiнiш қабылдаған сәттен бастап, аккредиттеуден дәлелденген бас тартуды енгiзе алады:
      1) кәсiптік ұйымдар:
      дұрыс емес құжаттар ұсынған болса;
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтамаса;
      консультациялық органның құрамына аккредиттеу ережелерiнде белгiленген мөлшерде кәсiптік ұйымның мүшелерiн жiбермесе және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етпесе;
      уәкiлеттi органға белгiлеген тәртiппен оған өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi ұсынбаған жағдайда;
      халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жөнiндегi сауалдарды қарамаған жағдайда;
      2) сертификаттау жөнiндегi ұйымдар:
      дұрыс емес құжаттарды ұсынған болса;
      емтихандық модулдердің мазмұны бөлігінде халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттары мен Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптары сақталмаған болса;
      осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген талаптар бұзылған болса, уәкiлеттi орган кәсiптік ұйымдар және сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеуден уәжді бас тарту шығарады.
      Кәсiптік ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдар аталған бұзушылықтарды жойған кезде аккредиттеу туралы өтiнiш осы Қағидаларға сәйкес қаралады.
      10. Кәсіптік ұйымды және сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде берілмеген немесе беруден уәжделген бас тартуды ұсынбаған жағдайда кәсіптік ұйымды және сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік берілген деп саналады және уәкілетті орган кәсіптік ұйымды және сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге береді.
      11. Кәсiптік ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлiк аккредиттеудi растайтын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
      Кәсiптік ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлiк Қағидалардың  9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бес жыл мерзiмге берiледi.
      Сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлiк Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзiмге берiледi.
      Куәлiк бланктерiнде бағалы қағаз деңгейiндегi қорғаныш дәрежесi, сондай-ақ есепке алу сериялық нөмірi бар және қатал есептiлiктегi құжат болып табылады. Құрылымдық бөлiмше кәсiптік ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлiктердiң бланктерiн даярлауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етедi.
      12. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар емтихандық комиссия апелляциялық комиссияның құрамы өзгерген жағдайда бұл өзгерiстер туралы уәкiлеттi органды күнтізбелік он бес күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етулерi тиiс.
      13. Өз қызметтерiн жүзеге асыру үшiн кәсiптік ұйымдар және сертификаттау жөнiндегi ұйымдар аккредиттеу туралы куәлiгiнiң қолданыс мерзiмi аяқталғанға дейiнгi үш ай алдын осы Қағидаларда көзделген белгiленген тәртiппен құжаттарын және аккредиттеу туралы тиісті куәлігін уәкiлеттi органға ұсынады.
      14. Аккредиттеу туралы куәлiкті қайта ресімдеу үшін кәсiптік ұйымның және сертификаттау жөнiндегi ұйымның атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, заңды тұлғаның қосылу, бірігу, бөліну нысанында қайта ұйымдастырылуы немесе қайта құрылуы, заңды мекенжайы өзгерген жағдайда күнтізбелік он бес күн ішінде мыналарды ұсынуы қажет:
      1) тиісті өзгерістер туралы жазбаша хабарлама;
      2) кәсiптік ұйымды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлiгiн қайта ресімдеу туралы өтінімге осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес құжаттарды қоса береді.
      15. Кәсiптік ұйымның және сертификаттау жөнiндегi ұйым аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда:
      1) оның жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында сериясын, нөмірiн және берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы жариялауы;
      2) оның жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы және көшiрмесiн беру туралы өтiнiш беруi қажет.
      Уәкiлеттi орган өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
      16. Уәкiлеттi орган аккредиттелген кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың тізілім жүргiзедi және оны уәкiлеттi органның сайтында орналастырады.
      Аккредиттелген кәсiптік ұйымдардың және сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың тізілімi өзгерген жағдайда уәкілетті орган өзгеріс туралы ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты жаңартады.

Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына   
1-қосымша   

Өтiнiш

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(кәсiптік ұйымының, сертификаттау жөнiндегi ұйымның толық атауы
      (керегiнiң асты сызылсын)
_________________________________________ қызметтi жүзеге асыру үшiн

аккредиттеудi сұраймын.
Орналасқан жерi: _________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Кәсiптік ұйымының,
сертификаттау
жөнiндегi ұйымның басшысы          _____________ __________________
(керегiнiң асты сызылсын)             (қолы)         (Т.А.Ә.)

М.О.                                        _______________________
                                                    (күні)

Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына   
2-қосымша    

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 N 574 Қаулысымен.

Кәсiптік ұйымының құрамы____________________________________________________________________
______________________________________________ мүшелерi
      (кәсiптік ұйымының атауы көрсетiледi)

№ 1 кесте

р/с №

Т.А.Ә.

Жұмыс орны, лауазымы

Мекен- жайы, телефоны, электронды мекенжайы

Жұмыс тәжiрибесi (нотариалды расталған көшiрмесiн қоса бере отырып, құжаттармен расталған бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы жұмыс өтiлi)

Бухгалтерлердiң кәсiптік ұйымына кiрген күнi

Мүшелiк билетiнiң немесе кәсiптік ұйымға мүшелiгi туралы растайтын құжатының нөмiрi

1

2

3

4

5

6

7








№ 2 кесте

Р/с

Бухгалтерлік ұйым атауы

Заңды мекенжайы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтаманың нөмірі және күні

Мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы

Бухгалтерлердің кәсіптік ұйымына өткен күнi

Мүшелік билетінің немесе кәсіби ұйымға мүшелігі туралы растайтын құжатының нөмірi

Басшының Т.А.Ә.

1

2

3

4

5

6

7








Кәсіптік ұйымының, басшысы
                          _____________       _______________________
                              (қолы)                  (Т.А.Ә.)
М.О.                      _____________
                              (күні)

Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына   
3-қосымша    

Кәсiптік ұйымының құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы (комитеттер, бөлiмдер және т.б.) мәлiметтер

Бөлiмше атауы

Басшының Т.А.Ә.

Лауазым атауы

Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы

1

2

3

4

















Кәсiптік ұйымының
басшысы                       ________________ ___________________
                                   (қолы)          (Т.А.Ә.)

М.О.                                       _______________________
                                                   (күнi)

Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына   
4-қосымша   

Сертификаттау жөнiндегi ұйымның құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы (комитеттер, бөлiмдер және т.б.) мәлiметтер

Бөлiмше атауы

Басшының Т.А.Ә.

Лауазым атауы

Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы

1

2

3

4

















Сертификаттау
жөнiндегi ұйымның басшысы ________________ ___________________
                                (қолы)           (Т.А.Ә.)

М.О.                                       ____________________
                                                 (күнi)

Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына   
5-қосымша   

Тәуелсіз емтихандық жүйенің құрылымы туралы мәліметтер

Бөлiмше атауы

Басшының
Т.А.Ә.

Оқытатын ұйымдарға қатысы бар ма

Лауазым атауы

Байланыс телефоны, электрондықмекенжайы

1

2

3

4

5





















Сертификаттау жөнiндегi
ұйымның басшысы ________________ ___________________
                   (қолы)           (Т.А.Ә.)

М.О.                            ____________________
                                     (күнi)

Кәсіптік ұйымдарды, 
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына   
6-қосымша    

Емтихандық комиссияның құрамы*

р/с №

Т.А.Ә.

Негiзгi жұмыс орны, лауазымы

Мекен-жайы,телефоны, электрондық мекенжайы

Кемінде соңғы бес жылда бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, есеп-талдамалық, бақылау-тексеру салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі

Кәсiптік бiлiмдерiн растайтын құжаттар (атауы, кiм берген, берiлген күнi, нөмiрi)**

1

2

3

4

5

6


Төраға






Комиссия мүшелерi*:






Хатшы***





      Ескертпе:
      *кемiнде он мүше, оның ішінде кәсіптік бухгалтер куәлігі бар кемiнде 5 мүше
      ** жұмыс өтiлiн растайтын, жұмыс берушiнiң күнi және оның тоқтатылу негiздемесiн белгiлеген жазуы бар еңбек кiтапшасының және/немесе шарттың нотариалдық расталған көшiрмесi; кәсiптік бiлiмдерiн растайтын дипломның және/немесе сертификаттың, және/немесе куәлiктiң нотариалдық расталған көшiрмесi
      *** дауыс беру құқығынсыз

Сертификаттау
жөнiндегi ұйымның басшысы ________________ ___________________
                               (қолы)             (Т.А.Ә.)

М.О.                                      ____________________
                                                  (күнi)

Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына   
7-қосымша    

Сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар

      1. Осы талаптар уәкілетті органға сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу үшін ұсынылатын материалдарға қойылады.
      2. «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдар мыналардан құралады:
      1) Емтихандық модуль;
      2) Емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібі.
      3. «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдардың мазмұны осы талаптардың 12 және 3-қосымшалары бойынша тиісінше тізбелерге сәйкес келуі тиіс.
      4. Көрсетілген пәндер бойынша аккредиттеу үшін материалдар «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша оларды ұсыну күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ қолданыстағы өзгерістерді және мемлекеттік және орыс тілдеріне ресми аудармаларды ескере отырып, ХҚЕС-ке сәйкес келеді.
      5. Жекелеген пәндер бойынша емтихандық модуль мыналарды:
      1) «Қаржылық есептілік халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша – кемінде 200 тестілік сұрақ жауаптарымен және 100 есеп шешулерімен, осы талаптарға 1-қосымша бойынша тізбеге сәйкес әрбір ХҚЕС бойынша кемінде бір есеп;
      2) «Салық және салық салу» пәні бойынша – осы талаптарға 2-қосымша бойынша тізбеге сәйкес кемінде 300 тестілік сұрақ жауаптарымен және кемінде 70 есеп шешімдерімен;
      3) «Азаматтық құқық» пәні бойынша - осы талаптарға 3-қосымша бойынша тізбеге сәйкес кемінде 200 тестілік сұрақ жауаптарымен және 70 есеп шешімдерімен қамтуы тиіс.
      6. Көрсетілген пәндер бойынша тестілік сұрақтар осы талаптарға 1 қосымша бойынша осы талаптарға 1-қосымша (ХҚЕС (IAS) 26 «Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік», ХҚЕС (IAS) 29 «Гиперинфляциялық экономикадағы қаржы есептілігі» ерекшелік берілген), тиісінше осы талаптарға 2 және 3-қосымшалар бойынша барлық тақырыптарды қамтиды. Бұл ретте әрбір тақырып бойынша «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша кемінде алты сұрақты және «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша кемінде 14 сұрақ бойынша жасалады.
      Тестілердің жауаптары тек жалғыз дұрыс жауап болатындай етіп жасалады. Тестілік сұрақтарда «Неғұрлым дұрыс жауапты көрсетіңіз» деген үлгі бойынша тесттің конструкциясына және тест бойынша жауаптарда «барлық жауаптар дұрыс» деген үлгі бойынша конструкцияларға жол берілмейді.
      Тестілерде дұрыс жауапты көрсету талабымен ахуалдық есептерді жазуға жол беріледі.
      7. Емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібі:
      1) емтихандық билеттерді қалыптастыру қағидасын;
      2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидасын;
      3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастауды қамтуы тиіс.
      Емтихандық билет:
      тестілік сұрақтарды (кемінде отыз);
      міндетті есепті (кемінде бір);
      қосымша есепті (кемінде бір) қамтуы тиіс.
      Емтихан нәтижелерін бағалау қағидасы тестінің дұрыс жауаптары үшін, есептерді шешкені үшін берілетін балдардың мөлшерін, сондай-ақ емтиханды тапсыру үшін жалпы сомалық баллды («өтпелі» баллды) қамтуы тиіс, ол жалпы балл санының кемінде елу пайызын құрайды. Бұл ретте, бағалау ережесінде міндетті есептің шешімі болмаса (бірнеше міндетті есептер болған кезде – қайсысы екені көрсетілсін) басқа тапсырмалар бойынша нәтижелерге қарамастан емтиханды тапсырудың қанағатсыз нәтижесі болып табылатынын көрсету қажет.
      8. Міндетті есеп есептің мазмұнынан және оларды шешу үшін тапсырмалардан тұрады.
      Есептердің мазмұнында қандай кезеңге және қандай өлшем бірліктерінде ақпарат көрсетілгені және қандай нақты ахуал бойынша тапсырма қойылғаны көрсетіледі.
      Міндетті есеп кемінде 8-10 тапсырмадан құралады, бұл ретте олар бір мезгілде мыналарды қамтиды:
      1) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша – шоғырландырылған бухгалтерлік балансты жасау жөніндегі тапсырма, осы талаптарға 1-қосымша бойынша тізбеге сәйкес түрлі стандарттар бойынша олардың арифметикалық шешімімен кемінде төрт есепті қамтиды;
      2) «Салық және салық салу» пәні бойынша – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша тапсырмалар (кемінде екі түрі) немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің бір түрі бойынша тура тапсырма және осы талаптарға 2-қосымшаға сәйкес 1-5 және 20-21-тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру тапсырмалары;
      3) «Азаматтық құқық» пәні бойынша – осы талаптарға 3-қосымшаға сәйкес кемінде он тақырып бойынша тапсырмалар.
      Міндетті тапсырмалардың санын ұлғайтқан жағдайда тапсырмалардың саны теңбе-тең азайтылады.
      9. Аккредиттеу үшін материалдар қателерсіз жазылады, мазмұны дәйекті қисынмен беріледі.
      10. Оқу құралын жасау кезіндегі шарттар: көлемі кемінде 200 бет, шрифті Times New Roman, шрифттің көлемі – кемінде 12 бт.
      11. Аккредитацияға материалдар өзгертілген жағдайда жаңартылып уәкілетті органға күнтізбелік отыз күн ішінде тапсырылады:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары уәкілетті органның сайтында ресми орналастырылғаннан кейін;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданысқа енгізілген күннен бастап.

Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына   
8-қосымша    

Кәсіптік ұйымның пәндер бөлінісінде сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу үшін материалдарды қарауы бойынша нәтижелерді ұсыну нысаны

      1. Сертификаттау жөніндегі ұйымның атауы.
      2. Уәкілетті органның аккредиттелген кәсіптік ұйымның атына аккредиттеу үшін материалдарды жіберу күні.
      3. Осы тармақта тармақшалар бойынша аккредиттеу үшін ұсынылған материалдар мазмұнының «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бөлінісінде осы Қағидалар 7-қосымшасында айтылған талаптарға сәйкестігін және/немесе сәйкес еместігін сипаттау қажет.
      4. 2-тармақта айтылған деректер негізінде «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бөлінісінде аккредиттеу үшін ұсынылған материалдардың мазмұны бойынша аккредиттелген кәсіптік ұйымның қорытынды тұжырымдамалары мен ұсынымдарын көрсету қажет.
      Аккредиттелген кәсіптік ұйымның қорытынды тұжырымдамалары мен ұсынымдары ұсынымдық сипатта болады.

Кәсіптік ұйымының
басшысы                          ____________ ____________________
                                    (қолы)          (Т.А.Ә.)

М.О.                                        _______________________
                                                       (күні)

Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына   
9-қосымша   

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 N 574 Қаулысымен.

Кәсiптік ұйымды аккредиттеу туралы куәлік
БЕХФ сериясының № ____

Осы куәлік ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (кәсіптік ұйымының толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (мекенжайы, БСН)
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ берілді.
      Куәлік 5 жыл мерзімге беріледі және Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында қолданылады.
      Куәлікті берген орган _________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (уәкілетті органның толық атауы)
      Негіздеме: ____________________________________________________
                        (уәкілетті органның толық атауы)
__________________ бұйрығы

      20__ ж. «___» ________ № ____________

Басшы (уәкілетті орган) ___________________
М.О.
Берілген күні 20__ ж. «___» _______________

Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына   
10-қосымша   

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 N 574 Қаулысымен.

Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік
БЕХФ сериясының № ____

      Осы куәлік ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (сертификаттау жөніндегі ұйымының толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (мекенжайы, СТН/БСН)
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ берілді.
      Куәлік 3 жыл мерзімге беріледі және Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында қолданылады.
      Куәлік берген орган ___________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (уәкілетті органның толық атауы)
      Негіздеме: ____________________________________________________
                          (уәкілетті органның толық атауы)
__________________ бұйрығы

      20__ ж. «___» ________ № __________________

Басшысы (уәкілетті адам) __________________
М.О.
Берілген күні 20__ ж. «___» _______________

Сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу үшін
материалдардың мазмұнына
қойылатын талаптарға  
1-қосымша        

«Қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәнi** бойынша тақырыптар тiзбесi*

1

1 (IAS) «Қаржылық есептiлiктi ұсыну» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

2

2 (IAS) «Қорлар» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

3

7 (IAS) «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептер» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

4

8 (IAS) «Есеп саясаты, бухгалтерлiк бағалардағы өзгерiстер мен қателер» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

5

10 (IAS) "Есептi күннен кейiнгi оқиғалар" қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

6

11 (IAS) «Құрылысқа арналған шарттар» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

7

12 (IAS) «Табысқа салынатын салықтар» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

8

16 (IAS) «Негiзгi құралдар» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

9

17 (IAS) «Жалдау» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

10

18 (IAS) «Түсiм» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

11

19 (IAS) «Қызметкерлерге сыйақы» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

12

20 (IAS) «Мемлекеттiк субсидияларды есепке алу және мемлекеттiк көмек туралы ақпаратты ашу» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

13

21 (IAS) «Валюталардың айырбастау бағамдарының әсерi» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

14

23 (IAS) «Қарыздар бойынша шығындар» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

15

24 (IAS) «Байланысқан тараптар туралы ақпаратты ашу» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

16

26 (IAS) «Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептiлiк» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

17

27 (IAS) «Бiрiктiрiлген және жеке қаржылық есептiлiк» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

18

28 (IAS) «Ассоцияланған кәсiпорындарға инвестициялар»
қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

19

29 (IAS) «Гиперинфляциялық экономикадағы қаржылық есептiлiк» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

20

31 (IAS) «Бiрлескен кәсiпкерлiкте қатысу» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

21

32 (IAS) «Қаржылық құралдар: ақпарат ұсыну» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

22

33 (IAS) «Акцияға табыс» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

23

34 (IAS) «Арадағы қаржылық есептiлiк» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

24

36 (IAS) «Активтердiң құнсыздануы» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

25

37 (IAS) «Бағалау резервтерi, шартты мiндеттер және шартты активтер» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

26

38 (IAS) «Материалдық емес активтер» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

27

39 (IAS) «Қаржылық құралдар: тану және өлшеу» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

28

40 (IAS) «Инвестициялық мүлiк» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

29

41 (IAS) «Ауыл шаруашылығы» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

30

1 (IFRS) «Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарының бiрiншi қолданылуы» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

31

2 (IFRS) «Акцияларға негiзделген төлем» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

32

3 (IFRS) «Бизнес бiрлестiктерi» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

33

4 (IFRS) «Сақтандыру шарттары» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

34

5 (IFRS) «Сату үшiн тағайындалған ұзақ мерзiмдi активтер және тоқтатылған қызмет» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

35

6 (IFRS) «Пайдалы қазбалардың қорларын барлау және бағалау» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

36

7 (IFRS) «Қаржылық құралдар: ақпарат ашу» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

37

8 (IFRS) «Операциялық сегменттер» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

38

9 (IFRS) «Қаржылық құралдар» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты

39

10 (IFRS) «Бiрiктiрiлген қаржылық есептiлiк» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты ***

40

11 (IFRS) «Бiрлескен іс шаралар» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты ***

41

12 (IFRS) «Басқа кәсіпорындарда (ұйымдарда) мүдделерді ашу» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты ***

42

13 (IFRS) «Әділ құнның өлшемі» қаржылық есептiлiктің халықаралық стандарты ***

      Ескертпе:
      * уәкiлеттi орган мерзiмдi түрде жаңартып отырады,
      ** осы пән бойынша бiлiм тексеру есептiк және дискуссиялық бөлiмдердi қамтитын бес сұрақтан тұратын үш сағаттық жазбаша емтихан жолымен жүргiзiледi. Топтың бiрiктiрiлген қаржылық есептiлiгiн дайындау бойынша сұрақ мiндеттi болып табылады.
      *** қолданысқа енгізілген сәттен бастап.

Сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу үшін
материалдардың мазмұнына
қойылатын талаптарға 
2-қосымша    

«Салық және салық салу» пәні бойынша тақырыптар тiзбесi

1. Салық және салық салу мәні. Қазақстан Республикасындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жүйесі
2. Салықтық қатынастарға қатысушылар
3. Салықтық міндеттеме
4. Салықтық есеп
5. Салықтық нысандар
6. Корпоративтік табыс салығы
7. Жеке табыс салығы
8. Халықаралық салық салу ерекшеліктері
9. Қосылған құн салығы
10. Акциздер
11. Экспортқа рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
12. Әлеуметтік салық
13. Көлік құралы салығы
14. Жер салығы
15. Мүлік салығы
16. Ойын бизнесі салығы. Тіркелген салық
17. Арнайы салық режимдері
18. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Алымдар. Мемлекеттік баждар
19. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Төлемдер
20. Салықтық әкімшілендіру
21. Салықтық тексерулер. Әкімшілік жауапкершілік. Тексеру нәтижелеріне шағымдану.

Сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу үшін
материалдардың мазмұнына
қойылатын талаптарға
3-қосымша   

«Азаматтық құқық» пәні бойынша тақырыптар тiзбесi

1-тақырып. Жалпы ережелер
2-тақырып. Азаматтық қарым қатынастардың субъектiлерi
3-тақырып. Заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары
4-тақырып. Азаматтық құқықтар объектiлерi
5-тақырып. Мәмiлелер
6-тақырып. Өкiлдiк. Сенiмхат.
7-тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзiмдер
8-тақырып. Меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар
9-тақырып. Мiндеттемелер
10-тақырып. Шарт
11-тақырып. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу
12-тақырып. Зияткерлiк меншiгi
13-тақырып. Банк iсi
14-тақырып. Сақтандыру