Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 868 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 188-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 868 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 168-құжат);
      2) «Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 171-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне стратегиялық объектілер мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 448 қаулысының 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 270-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1223 қаулысымен 
бекітілген    

Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық
иеленушiлердiң), оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың
стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару
туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 868 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 868 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
      1) Стратегиялық объектiлер жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы стратегиялық объектілер бойынша консультативтік-кеңесші орган;
      2) уәкілетті орган – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік орган;
      3) стратегиялық объект иесі – стратегиялық объектінің меншік иесі болып табылатын және осы стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға ниеттенген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
      4) кепіл ұстаушы – мүддесі кепілге салынған мүлкімен қамтамасыз етілетін тұлға;
      5) оңалтушы басқарушы – Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелер жөніндегі заңнамасында белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару жөнінде өкілеттік берілетін тұлға;
      6) банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған тұлға.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 868 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық
иеленушiлердiң), оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың
стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару
туралы өтiнiштерiн қарау тәртібі    

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 868 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін Стратегиялық объектiнің меншiк иесі (құқық иеленушi), оңалтушы (банкроттықты) басқарушы не кепіл ұстаушы уәкілетті органға осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және тізбесі Заңның 188-бабының 1 және/немесе 2-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 868 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды Комиссия мүшелерінің, салалық мемлекеттік органдардың және өзге мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына жібереді.
      Комиссия мүшелері ұсынылған материалдарды он жұмыс күні ішінде қарайды және Комиссия отырысы болатын күнге дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органға қорытынды жібереді.
      Стратегиялық объектiнi иелiктен шығарудың ерекше шарттарын және сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлеу жөнiндегi ұсынысты салалық мемлекеттік органдар және өзге мүдделі мемлекеттік органдар Комиссия отырысы болатын күнге дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға ұсынады.
      5. Комиссия осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні iшiнде өтiнiштер мен өзге де материалдарды қарайды, стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару мәселесi бойынша хаттамамен ресiмделетiн тиiстi ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлейдi, ол Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiледi.
      Хаттама Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын әзiрлеушi – салалық мемлекеттiк органды анықтау жөнiндегi ұсынымдарды қамтуы тиiс.
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі Комиссия ұсыныстарының негізінде ұсыныстарды алған сәттен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      7. Стратегиялық объектiлерге ауыртпалық салуға не оларды иелiктен шығаруға берiлген өтiнiштердi қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiм қабылдауы құжаттар мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап алпыс жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған құжаттардың толық пакетін алған күн құжаттардың келiп түскен күнi болып есептеледi.
      8. Стратегиялық объектiлерге ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды және ол қаулы түрiнде ресiмделедi.
      9. Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi стратегиялық объектiнi иелiктен шығарудан бас тартқан және стратегиялық объектiнi сатып алудың басым құқығын пайдалануға ынта бiлдiрген жағдайда, сатып алу Заңның 192-бабында көрсетiлген тәртiппен жүргiзiледi.
      10. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған күнiнен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешім қабылдағаны туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етедi.

Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң 
(құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (банкроттықты)
басқарушылардың стратегиялық объектіге  
ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы 
өтiнiштерiн қарау қағидаларына қосымша  

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 868 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың
құқықтарымен ауыртпалық салуға және иелiктен шығаруға
рұқсат беруге өтiнiш

_______________________________________________________________
      (Стратегиялық объектiнiң меншiк иесiнiң атауы, орналасқан жерi)

      Мәмiле жасаcу жоспарланып отырған тұлға туралы деректер (акцияларды қаржы нарығында сатуды, кепiлге алынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруды қоспағанда): _____________
_____________________________________________________________________
             (тұлғаның атауы, орналасқан жерi)
_____________________________________________________________________
(азаматтығы туралы, ал ол болмаған кезде тұрақты орналасқан жерi,
        тұратын мекенжайы (жеке тұлғалар үшiн) туралы мәлiмет)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлға ретiнде тiркелген жерi және нақты орналасқан жерi (заңды
                   тұлғалар үшiн) туралы мәлiмет)
_____________________________________________________________________
  (стратегиялық объектiлер түрлерiн көрсете отырып, мүдделi тұлға
    меншiгiнде стратегиялық объектiлердiң болуы туралы мәлiмет)
_____________________________________________________________________
  (тұлғада стратегиялық объектiлерге (стратегиялық объектiлердi және
     сатып алушының соңғы - бенефициарларын көрсете отырып) меншiк
     құқығының (өзге де заттық құқықтарының) болуы туралы мәлiмет)

      Иелiктен шығару (үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу) жөнiндегi жасалатын мәмiленiң негiздемесi: ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша
_____________________________________________________________________
  («Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңның 188-бабының 1 және/немесе
             2-тармағында көрсетiлген құжаттар).