Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне стратегиялық объектілер мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 448 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.12.28 № 9974 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 25 ақпандағы № 6106 "Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-137 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 51 "Дидар", 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 52 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 және 2 қосымшалары:
      бірінші азатжолдағы "1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі" деген сөздерден кейін "жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев