РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 399 бұйрығын қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жөніндегі үлгілік ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1219 қаулысымен
бекітілген
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметінің (бұдан әрі – Қызмет) жұмысын регламенттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Қызмет өз жұмысында мемлекеттік еңбек инспекциясымен, басқа да мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, ұйым құрылым бөлімшелері мен мамандары және ұйым қызметкерлерінің өкілдері, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Қызметтің негізгі міндеттері
3. Қызметтің негізгі міндеттері:
1) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту, емдеу-алдын алу және өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру;
2) өндірістік учаскелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру;
3) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауын ішкі бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
2-1. Қызметтің құқықтары мен міндеттері
Ескерту. Ереже 2-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3-1. Қызмет:
1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және тексеріп қарауға;
2) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы орындалуы үшін міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
3-2. Қызмет:
1) ай сайын ұйымда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізуге және олардың алдын алу іс-шараларын әзірлеуге;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның қызметкерлерін оқытуды, олардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;
3) ұйымдарда өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Қызметті ұйымдастыру
4. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 339-бабына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі және ұйымның бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға тікелей бағынады.
Қызметті ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметін бастық басқарады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
5. Өндірістің ерекшелігін, қызметкерлер санын, еңбек жағдайын, өндіріс зияндылығын және басқа факторларды ескере отырып, осы Үлгілік ереже негізінде жұмыс беруші тиісті ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесін әзірлейді және бекітеді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның құрылымын, санын, негізгі міндеттерін, мамандардың функцияларын және құқығын айқындайды.
4. Қызметтің функциялары
6. Қызметтің негізгі міндеттері сәйкес мынадай функцияларды орындауды:
1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
4) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінен қызметтің құзырына жататын мәселелер жөніндегі ақпаратты және материалдарды белгіленген Тәртіппен сұратады және алады;
5) ұйымда еңбек қауіпсіздігі жағдайының жай-күйін бақылайды, еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуді, енгізуді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) өндірістік учаскелерде еңбек жағдайларына жедел талдау жүргізеді, қатерлерді бағалайды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
7) ұйым басшыларына салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмысын ұйымдастырылуын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
8) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
9) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
10) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
11) оқу бағдарламаларын келіседі және қағидалар мен нормативтердің талаптарына сәйкес қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, оның ішінде жаңа жабдықтарды және жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытуға қатысады;
12) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы мәселелерін талқылау кезінде ұйымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысады;
13) қабылдау комиссиясының өндірістік мақсаттағы салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу жөніндегі жұмысына қатысады;
14) ұйымды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық әдебиетпен қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиетпен, плакаттармен, техникалық құралдармен жабдықтау жөнінде шаралар қабылдайды;
15) кәсіпорын жетекшісінің тапсырмасы бойынша қызметтің құзырына жататын мәселелер жөніндегі қызметкерлердің хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарайды;
16) өндірісте кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын-алу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ мүгедектерге арналған оңалту іс-шараларын әзірлеуге қатысады;
17) құрылымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмысында әдістемелік көмек көрсетеді;
18) мыналардың:
мемлекеттік еңбек инспекциясының және өзге де мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлігіндегі шешімдерінің орындалуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің, нормалардың, стандарттардың енгізілуін;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі ұйымның бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттері жұмысының ұйымдастырылуын және де жұмыстың озық тәжірибесінің енгізілуін;
арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын сатып алудың, сақтаудың, жуудың, химиялық тазалаудың, кептірудің, шаңнан арылтудың, зиянсыздандыру мен жөндеудің ұйымдастырылуын;
тиісті қызметтердің құрал-жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді қажетті сынақтардан және техникалық куәландырулардан уақытында өткізуін, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу кестесінің сақталуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың, өндіріс процесінде еңбек қауіпсіздігі стандарттарының, сондай-ақ қайта құрылған өндірістік объектілердің жобаларының сақталуын ішкі бақылауды жүзеге асырады;
19) жұмыс берушінің келісімі бойынша (не оның рұқсаты бойынша) ақпараттарды, мәліметтерді, бекітілген есептер немесе өзге де құжаттарды қағаз және электронды түрде немесе олардың міндеттеріне сәйкес көшірмелерін мемлекеттің еңбек инспекциясына ұсынады;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін қызметкерлерді кезекті медициналық байқаулардан және тексерулерден өткізуді ұйымдастыру үшін аты-жөні бойынша адамдардың тұлғалардың тізімін құрастыруда ұйымдардың бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетеді;
21) басқа қызметтермен бірлесіп, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген оларды аттестаттау тәртібіне сәйкес ұйымдастырады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау қызметі туралы
үлгілік ережеге қосымша
Кімге ____________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_________________________
(бөлімшенің атауы)
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің
НҰСҚАМАСЫ
20 жылғы «___» ________ № _____
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 339-бабы 4-тармағына сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының мынадай бұзушылықтарын жоюды талап етемін:
р/с № |
Анықталған бұзушылықтар мен оларды жою жөніндегі талаптар |
Орындау мерзімі |
Ескертулер |
1 |
2 |
3 |
4 |
Нұсқамаларды орындау туралы жазбаша хабарды онда көрсетілген мерзімнен 3 күн өткеннен кейін Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметіне ұсыну керек.
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі
және еңбек қорғау қызметінің бастығы ________________
(қолы) (Т. А. Ә.)
Нұсқаманы алдым: ___________________
(қолы) (Т. А. Ә.)