"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 1204 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – мемлекеттік мекемелер) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді орналастыру үшін оларды үй-жайлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 25 қазандағы
№ 1204 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi туралы ереже осы қаулыға2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулыcында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) – реттелетін салалардағы басшылықты, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа), өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өсімін молайтуды қорғау және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу, мақта саласы, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шеңберде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.»;
      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;»;
      13-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттің реттелетін салалардағы аграрлық саясатын қалыптастырады және үйлестіреді, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік, салалық және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлейді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер ұйымдастырады;»;
      90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «90) аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын сауда жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздерге қатысты өзге де қала құрылысы құжаттамасын келіседі;»;
      151) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «151) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы халықаралық жобаларды іске асырады;»;
      14-тармақта:
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, өсімдіктер карантині, ветеринариялық-санитарлық бақылауға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға;»;
      63), 63-1), 64), 65), 66) тармақшалар алып тасталсын;
      67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «67) ауылдық жерлерде шағын кредит беру мониторингін жүзеге асыру;»;
      68), 131), 132), 135), 136) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 136-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «136-1) агроөнеркәсіптік кешендегі жастар саясатын іске асыруға қатысу;».
      3. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін, телекоммуникация және почта байланысы салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында реттеу және бақылау арқылы басшылықты, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қызметін бақылау және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады»;
      13-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;»;
      5)6) тармақшалар алып тасталсын;
      14-тармақта:
      екінші абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
      «Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында (аясындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуге қатысуды;»;
      сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар аясының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілері осы сала шеңберінде ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін қызметтер қатарына жатқызу мәніне талдау жүргізуді;»;
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қалыптастыруға қатысу;»;
      «мемлекеттiк монополияға жатқызылған салада өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеудi;» деген қырық тоғызыншы абзац алып тасталсын;
      15-тармақта:
      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) тауар нарығын реттелетiн нарықтарға жатқызу жөнінде, оның iшiнде мемлекет реттейтiн бағаларды енгiзу орынды болатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысуға;»;
      1), 2) тармақшалары алып тасталсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) өз құзыретiнiң шегiнде табиғи монополия саласындағы бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарын болдырмау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық фактiлерi жөнiнде шешiмдер қабылдауға;».
      4. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (Монополияға қарсы агенттiк) мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат):
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) туралы ережеде:
      14-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;»;
      9) тармақша алып тасталсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша тауарлардың өзара алмастырылу критерийлерін, оларды сатып алуға қолжетiмдiлiктi, сондай-ақ тауар нарығының мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiмі бойынша - қаржылық ұйымдарға қатысты тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйiне талдау және бағалау жүргiзу жөніндегі әдiстемені әзірлейді және бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша бекiтедi;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөнiндегi әдiстеменi әзірлейді және бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша бекiтедi;»;
      23) тармақша алып тасталсын;
      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) тауар нарықтарын талдау қорытындылары бойынша реттеушi органдармен және бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп, тауар нарығын реттелетiн нарықтарға жатқызу бойынша, оның iшiнде мемлекет реттейтiн бағалар енгiзу орынды болатын өнiмдер, тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер номенклатурасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;».
      5. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен мемлекеттік қаржы статистикасын атқару, жүргізу, республикалық бюджеттi және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөніндегі бюджеттік есептілікті жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу, бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ салық, кеден, бюджет саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстау мен аударудың және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, өз құзыретi шегiнде экономикалық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымын, темекi бұйымдарының өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсі мен айналымын мемлекеттiк реттеу, кеден iсi, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу, бюджеттiк кредит беру, республикалық мемлекеттiк меншiкке иелiк ету, үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк реттеу, iшкi қаржылық бақылауды, банкроттау рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) жүзеге асыру, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен кәсiби ұйымдардың қызметiн бақылау, меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингiн жүзеге асыру болып табылады.»;
      11-тармақта:
      1)2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бюджеттiк жоспарлау, бюджеттiң, бухгалтерлiк есеп пен бюджеттiк есепке алудың, қаржылық және бюджеттiк есептiлiктiң, аудиторлық қызметтiң атқарылуы, мемлекеттiң қаржы активтерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге мүлiктi жинақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрісi мен айналымын мемлекеттiк реттеу, темекi бұйымдарының өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсі мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы, кеден iсi, республикалық мемлекеттiк меншiкке иелiк ету, үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттiк сатып алу, банкроттау рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылау (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк, меншiктiң мемлекеттiк мониторингi саласындағы, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау саласындағы саясатты қалыптастыруға қатысу, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға және кеден ісі саласындағы саясатты жүргізуге қатысу;
      2) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, мемлекеттік және республикалық бюджетке, Ұлттық қорға Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша түсетін түсімдерді болжау;»;
      «5) мемлекеттiк сатып алу, бюджеттiк жоспарлау, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, бухгалтерлiк және бюджеттiк есепке алудың, ішкі мемлекеттік қаржылық бақылаудың, қаржылық және бюджеттiк есептiлiктiң атқарылуы саласында, кеден iсi, мемлекеттiк меншiк мониторингi саласында салааралық үйлестiру және әдiснамалық басшылық ету;»;
      49)50) және 50-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «49) республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынға «Мемлекеттiк мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 153-бабында көзделген жағдайларда мүлiктi иелiктен айыру немесе өзге тәсiлмен оған иелiк ету жөнiндегi мәселелердi келiсу;
      50) тиісті саланың уәкілетті органының республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруын келiсу;
      50-1) Мемлекеттік мүліктің тізілімін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізу және Мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат беру;»;
      50-2) тармақша алынып тасталсын;
      50-3), 50-4) және 50-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-3) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуына бақылауды және республикалық мүлікке қатысты артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмай тұрған мүлікті алып қоюды үш жылда кемінде бір рет жүзеге асыру;
      50-4) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың сыйға тарту шарты бойынша мүлiкке құқықтарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының қабылдауы;
      50-5) Мемлекеттік мүлік тізіліміне мәліметтерді енгізу жолымен сыйға тарту шарты бойынша құқықтарын мемлекет сатып алған мүліктің есебін жүргізу;»;
      50-6) тармақша алынып тасталсын;
      50-8), 51)54)7071) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-8) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 177-бабында белгіленген мәселелер тiзбесi бойынша мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) акционерлерiнiң (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешiмдердiң жобаларын келiсу;»;
      «51) республикалық заңды тұлғаларға бекiтiп берiлген негiзгi құралдарды қабылдау алу-беру және істен-шығару мәселелерiн келiсу;»;
      «54) республикалық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде бөлу, аралық тарату және тарату теңгерiмдерiн, сондай-ақ беру актілерін бекіту;»;
      «70) Қазақстан Республикасы атынан субъект құқығын, республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығын жүзеге асыру;
      71) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) анықтайды және республикалық мемлекеттік кәсіпорын жарғысын, оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 72-1) және 72-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «72-1) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша республикалық заңды тұлғаға берілген немесе оның жеке шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлкін алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
      72-2) мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдалануға бақылау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған артық, пайдаланылмаған не мақсаты бойынша пайдаланылмаған республикалық заңды тұлғалардың мүлкін тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз бақылау жүргізген сәттен бастап алты ай өткен соң алып қоюды жүзеге асыру;»;
      73)74) және 75) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «73) таратылған республикалық заңды тұлғаның кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiнгi қалған мүлкiн қайта бөлу;
      74) шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсiпорынға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелерді келісу;
      75) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілер меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе ақысыз негізде беру құқығымен мүлiктiк жалға беруге (жалдауға), сенiмдi басқаруға беру;»;
      мынадай мазмұндағы 75-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «75-1) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүлiктiк жалға беруге (жалдауға) талдау жүргізу;»;
      76)77)78) және 79) тармақшалар алып тасталсын;
      81)85) және 86) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «81) жекешелендiру шарттарын, нысанын және түрiн анықтау, оны жүргізуге дайындықты жүзеге асыру;»;
      «85) сатып алушының талап етуi бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң жүктемелері туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектiң сомасы, егер кәсіпорын мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендіру объектiсi болып табылса, жекешелендiрiлетiн кәсiпорын жасаған шарттар туралы ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыру;
      86) республикалық меншікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде республикалық меншікті жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау үдерісінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдал тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 86-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «86-1) сатып алу-сату, оның ішінде өз қолданысын тоқтатқан шарттың орындалуына байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту.»;
      87) және 88) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «87) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;
      88) Қазақстан Республикасы қатысатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеу мониторингін және оларды басқару тиімділігін ұйымдастыруды жүзеге асыру;»;
      89) тармақша алынып тасталсын;
      90) және 91) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «90) акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысуға акционер (қатысушы) ретінде мемлекет құқығын Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жүзеге асырады;
      91) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын тиісті саланың уәкілетті органына беру;»;
      мынадай мазмұндағы 91-1) және 91-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «91-1) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларына дивидендтерді есептеудің және оларды төлеудің уақтылығы мен толықтығына, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары арасындағы таза кірісті бөлуге бақылауды жүзеге асыру;
      91-2) акционерлік қоғамдар орналастырған акцияларды төлеуді және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны енгізу арқылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына, сондай-ақ республикалық мүлікті салымды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жарғылық капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асыру;»;
      96) және 145) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «96) республикалық мүлік мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру, Қазақстан Республикасына тиесілі мүлiктiк құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;»;
      «145) «Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 149-1), 149-2), 149-3), 149-4), 149-5), 149-6), 149-7), 149-8), 149-9), 149-10) және 149-11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «149-1) республикалық меншіктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
      149-2) Қазақстан Республикасы жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) директорларының тиісті кеңесі (бақылау кеңесі) құрамына өз өкілін тағайындау, ал өзге Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушыларының жалпы жиналысында директорлар кеңесіне немесе бақылау кеңесіне кандидатураны бекітуге ұсыну;
      149-3) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауында белгіленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлік үшін өтемді төлеуді жүзеге асыру»;
      149-4) мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаттарын әзірлеуді жүзеге асыру;
      149-5) мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мемлекеттік мүлікті бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      149-6) республикалық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық жүргізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарын айқындау жөніндегі конкурсты «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізу;
      149-7) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
      149-8) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
      149-9) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
      149-10) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
      149-11) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;»;
      161)176), 245) және 246) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «161) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ кедендік шекара арқылы тауар айналымын жеделдету бойынша міндеттерді іске асыру;»;
      «176) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларына тиісті жоспарлар мен бақылау актілерін хабардар ету үшін жіберу;»;
      «245) фискалдық саясаттың басымдықтарын негізге ала отырып, үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердің болжамды параметрлерін айқындау бөлігінде Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыруға қатысу;
      246) салық, кеден және бюджет саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;»;
      мынадай мазмұндағы 249-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «249-1) ерекшеліктер бөлігінде Республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді жоспарлау мен ерекшеліктер бойынша және аумақтар бөлігінде ағымдағы болжамдауды жүзеге асыру;»;
      251) тармақша мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      «251) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы бойынша уәкілетті органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын келіседі;»;
      мынадай мазмұндағы 251-1) тармақшамен толықтырылсын:
       «251-1) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттарға, стратегиялық бағыттардың міндеттеріне өзара байланысы тұрғысынан қарау;»;
      256) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 258-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «258-1) 3 жылдық кезеңге арналған республикалық және облыстық бюджеттердің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына жергілікті бюджеттік кірістерін болжамдау;»;
      260) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «260) заңнамамен белгіленген тәртіпте техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуге немесе түзетуге және техникалық-экономикалық негіздемелерге қажетті сараптамалар жүргізуге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін қорытындылар  қалыптастыру;»;
      263), 264) және 265) тармақшалар алып тасталсын;
      270) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «270) мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiту жөнiндегi Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасын әзiрлеуге қатысу;»;
      271) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 272), 273), 274), 275), 276), 277), 278), 279) тармақшалармен толықтырылсын:
      «272) жаңа объектілерді құру (салу), бар объектілерді қайта жаңарту кезеңінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мониторингін жүзеге асыру;
      273) жаңа объектілерді құру (салу), бар объектілерді қайта құру кезеңінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін жүзеге асыру;
      274) республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік инвестициялар мониторингін әдіснамалық қамтамасыз ету;»;
      275) бюджет қаражатын басқаруды бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
      276) қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенциялар қорытындылары бойынша жұмыс жүргізу;
      277) салалық органдармен бірлесіп кәсіпорындарды жүйе құрайтындарға жатқызу өлшемдерін бекіту;
      278) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      279) автономды білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің басқару органдарында министрлік өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету.».
      6. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 311-құжат):
      1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық органдарының тізбесі;»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Агенттіктің мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық органдар) болады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Агенттіктің, аумақтық органдарын қоса алғанда, оның штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      14-тармақта:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) объектілерге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асырады, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды ресімдейді және береді, осы объектілерде қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібін бұзушыларға заңнамалық актілерде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне, оның ішінде қала құрылысы тәртібі мен регламенттерінің, жобаларға сараптама жүргізу тәртібінің,  құрылысқа рұқсат беретін рәсімдерден өту қағидаларының, сондай-ақ салынған объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларының сақталуы бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «39) заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады;»;
      мынадай мазмұндағы 43) тармақшамен толықтырылсын:
      «43) тұрғын үй, құрылыс жинақ жүйесін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;»;
      19-тармақта:
      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Агенттіктің және оның аумақтық органдарының құрылымын және штат санын бекітеді;
      5) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармалары басшыларын, аумақтық органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулыға қосымшамен толықтырылсын.
      7. «Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысында:
      2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiн ескере отырып, осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымында көзделген құрылымдық бөлiмшелердi қосу, бiрiктiру құқығын берсiн;»
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымында:
      «1. Облыстық әкiмдiк» деген бөлімінің 4-тармағы алынып тасталсын;
      «2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгi» деген бөлімінің 5-тармағы алынып тасталсын.
      8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1090 қаулысында:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жаңадан құрылатын аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 18-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бурабай аудандық аумақтық инспекциясы.»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-1-жолымен толықтырылсын:
      «165-1. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 18-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бурабай аудандық аумақтық инспекциясы.»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-1-жолымен толықтырылсын:
      «165-1. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы.»;
      «Ақмола облысы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бурабай аудандық аумақтық инспекциясы.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 25 қазандағы
№ 1204 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің құрылатын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      2. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      3. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      4. Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      5. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      6. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау  және лицензиялау департаменті.
      7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      8. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      9. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      10. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      11. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      12. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      13. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      14. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      16. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 25 қазандағы
№ 1204 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1116 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) – миссиясы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді, сондай-ақ сауда қызметін дамытуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      Министрліктің құрамына Сауда комитеті, Өңірлік даму комитеті,  Кәсіпкерлікті дамыту комитеті ведомстволары кіреді.
      2. Министрліктің негізгі міндеті:
      1) мынадай:
      стратегиялық жоспарлау және Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру;
      салық, кеден және бюджет саясаттары;
      мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш;
      мемлекеттік инвестициялық саясат;
      мемлекеттік – жеке меншік әріптестік;
      өңірлік даму;
      бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу;
      табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар;
      халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу;
      сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту;
      ішкі сауданы реттеу және дамыту;
      жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
      мемлекеттік мүлікті басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру;
      мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;
      жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      2) мынадай саласында:
      сауданы дамыту;
      кәсіпкерлікті дамыту;
      өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер Министрлікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      6. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000 Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 7 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
     7. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
      8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет  қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Министрліктің өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түспейді.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі функциялары мен құқықтары

      10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу, түзету, мониторингтеу мен іске асырылуын бағалау;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын  әзірлеу, түзету, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау;
      3) мемлекеттік бағдарламалар тізбесін қалыптастыру, түзету;
      4) мемлекеттік бағдарламаларды, облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, салалық бағдарламаларды келісу, олардың мониторингтеу және іске асырылуын бағалау;
      5) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келісу;
      6) өз құзыреті шегінде облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келісу;
      7) мемлекеттік органдардың Қазақстанның бәсекеге  қабілеттілігінің деңгейін арттыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
      8) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар  әзірлеу;
      9) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық  қамтамасыз ету;
      10) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларының ережелерін іске асыру мақсатында әзірленетін жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және мониторингтеу;
      11) мемлекеттік органдардың, өңірлердің елдің экономикалық саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
      12) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
      13) макроэкономикалық болжамның әдіснамасы мен құралдарын жетілдіру;
      14) экономикалық саясат шараларының негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштерге әсерін бағалау;
      15) әлемдік экономикадағы ахуалды талдау, әлеуетті сыртқы тәуекелдерді және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау;
      16) Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді әдіснамалық қамтамасыз ету;
      17) республиканың макроэкономикалық көрсеткіштерін мониторингтеу және талдау;
      18) салық, кеден және бюджет саясатын қалыптастыру;
      19) салық, кеден және бюджет заңнамасына жетілдіру бойынша  ұсыныстар әзірлеу;
      20) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджеттің тапшылығын қамтитын үш жылдың кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы;
      21) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын айқындау;
      22) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      23) үкіметтік борыш пен жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін ұсыну лимиттерін айқындау;
      24) рентабельдігі төмен келісімшарттар бойынша пайдалы  қазбаларды өндіруге салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерлері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      25) пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлесіп барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың, сондай-ақ оларға толықтырулардың жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;
      26) пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар жүргізуге арналған жобалау құжаттарына техникалық-экономикалық негіздемеге экономикалық сараптама жүргізу;
      27) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      28) республикалық бюджеттік инвестициялар саясатын қалыптастыру;
      29) басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін  қалыптастыру;
      30) экономикаға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту саясатын қалыптастыру;
      31) бюджеттік инвестициялар мен концессияларды жоспарлауды  әдіснамалық қамтамасыз ету;
      32) бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге арналған инвестициялық ұсыныстарының экономикалық негіздемесі бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастыру;
      33) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына техникалық экономикалық негіздемелерді әзірлеуге немесе түзетуге және техникалық экономикалық негіздемелердің қажетті сараптамаларын жүргізуге инвестициялық және/немесе концессиялық ұсыныстарды енгізу;
      34) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыру;
      35) мемлекет кепілгерлігін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыру;
      36) бюджеттен концессиялық жобаны қоса қаржыландыру бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізу;
      37) қоса қаржыландыру шартына концессиялық жобаларды қарау және бюджет жобасына іріктеу;
      38) концессия саласындағы құжаттарға экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тарту;
      39) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет есебінен іске асырылуы жоспарланатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, бюджеттік инвестициялардың, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаға мемлекеттік кепілдік беру үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргізу үшін құжаттар жіберу;
      40) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша  қызметтердің тізбесін қалыптастыру;
      41) Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қажетті сараптамаларды жүргізу;
      42) орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізбесін қалыптастыру;
      43) бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайында бюджеттік инвестициялық жобалардың, концессиондық жобалардың іске асырылуын бағалау және оларға бағалау жүргізу әдістемесін айқындау;
      44) концессиялар және бюджеттік инвестициялар бойынша сараптама өткізу құнын анықтау және құжаттарды бағалауының әдістемесін бекіту;
      45) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      46) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу;
      47) байланысты гранттарды тартуға өтінімдер тізбесін  қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оларды бағалауға негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті ұсыну;
      48) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықта, әлеуметтік және экономикалық салаларда мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетіктерін қолданудың институционалдық және заңнамалық негізін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      49) өңірлік даму саласындағы саясатты қалыптастыру бойынша  ұсыныстардың экономикалық талдауын жүзеге асыру және әзірлеу, өңірлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;
      50) елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын  әзірлеу, түзету және іске асырылуын бағалау;
      51) Елді аумақтық–кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының ережесі мен өңірлік даму саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының ережелерін өзара байланыстыру бойынша жұмысты үйлестіру;
      52) өңірлік дамудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеу, түзету және бағалау;
      53) жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      54) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік жайластыру нормативтерін әзірлеу;
      55) жекелеген проблемалы аумақтарды, елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу және бағалау;
      56) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындау;
      57) аумақтарды дамыту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
      58) демографиялық және көші-қон үдерістерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      59) бюджетаралық қатынастар бойынша саясатты айқындау жөнінде  ұсыныстар әзірлеу;
      60) аумақтық-кеңiстiктiк дамытуды ескере отырып, республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға арналған нысаналы трансферттерді бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      61) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін әзірлеу;
      62) республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді  үш жылдық кезеңге арналған көлемі туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу;
      63) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      64) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган әзірлеген тауарлардың өзара алмасу өлшемдерін, оларды сатып алуға қол жетімділікті, сондай-ақ қаржылық ұйымдарға қатысты тауар нарығының шекараларын айқындай отырып тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін келісу;
      65) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган әзірлеген монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөніндегі әдістемені келісу;
      66) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеу;
      67) Қазақстан Республикасының Үкіметіне реттеуші және монополияға қарсы органдармен бірлесіп тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде, оның ішінде мемлекет реттейтін бағалар енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар және қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізу;
      68) табиғи монополияны реттеу саласында және реттелетін нарықтарда саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      69) реттелетін нарықтарда табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін (баға, алымдар ставкасын) немесе олардың шекті деңгейін келісу;
      70) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін қорыту және осының негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
      71) табиғи монополия саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің шекті деңгейін бекіту кезіндегі шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін келісу;
      72) телекомуникация және пошта байланысы саласындағы нарықтарды қоспағанда, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және тауар нарықтарының субъектілері инфрақұрылымына кемсітпейтін қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарын талдау бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту;
      73) тариф саясатын және табиғи монополиялар саласында, тауарлар және қызметтер нарығында баға белгілеу саласында тарифтік саясатты айқындау;
      74) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қалыптастыру;
      75) Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық;
      76) мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмысын үйлестіру, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау;
      77) халықаралық сауда және экономикалық ұйымдармен келіссөздерде, сондай-ақ екі жақты бастамалар шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан өкілдік ету;
      78) халықаралық және өңірлік ұйымдар, оның ішінде ЕурАзЭҚ шеңберіндегі Кеден одағы, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық шарттарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
      79) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын сауда-экономикалық салада халықаралық шарттарды орындаудың мониторингін, Қазақстан Республикасы экономикалық ынтымақтастығының басым бағыттарын анықтау бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
      80) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу және қорытындылар дайындау;
      81) тарифтік квоталарды қолданудың орындылығы туралы  қорытындылар дайындау;
      82) қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын, оның ішінде уақытша шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      83) Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне қолданыстағы және жоспарланатын субсидиялар туралы хабарламалар дайындау және жіберу;
      84) Қазақстан Республикасына, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне берілетін және беруге жоспарланатын субсидиялардың өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы келісімге сәйкестігі туралы тексеру жүргізу;
      85) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;
      86) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
      87) кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберу;
      88) мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру және оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық үйлестірілуін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шараларын жүзеге асыру;
      89) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылар кеңестерінің қызметін үйлестіру;
      90) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын әзірлеу және бекіту;
      91) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарға шығуы үшiн жағдай жасау;
      92) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметін мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтары туралы хабардар ету;
      93) мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіруді жүзеге асыру;
      94) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және  жүргізу мен басқа мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру;
      95) рұқсат беру жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты  қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      96) мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын көтеру;
      97) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ корпоративтік басқаруды бағалау;
      98) мемлекеттік мүлікті басқаруды талдау және бағалау;
      99) мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын келісу;
      100) мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыруды бағалау;
      101) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын және даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингтеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;
      102) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындарды  даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингтеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;
      103) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
      104) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
      105) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      106) мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдау;
      107) мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджет) есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      108) Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiту жөнiндегi Жарлығының жобасын әзiрлеу;
      109) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингтеу тәртібін айқындау;
      110) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингтеу мен мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      111) мемлекеттік қызметтер регламентін әзірлеу бойынша әдіснамалық көмек;
      112) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу мониторингі және оның тәртібін айқындау;
      113) мемлекеттік қызметтердің өзіндік құнын есептеу тәртібін айқындау;
      114) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету;
      115) қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау;
      116) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жалпы бағалау;
      117) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындаудың және қызметтер көрсетудің жоспарын мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстардың, мемлекеттік маңызы бар қаланың және астананың жұмылдыру жоспарларын келісу;
      118) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі бойынша ұсыныстар қалыптастыруға қатысу;
      119) жұмылдыру даярлығы саласында мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру;
      120) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыру;
      121) мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша, жұмылдыру  тапсырыстары бар ұйымдар, банкрот, қайта ұйымдастырылған, таратылған, жұмысының бейіні өзгерген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
      122) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктерінің тізбесін келісу;
      123) Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру ережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүзеге асыру және ол туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндау;
      124) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді брондау бойынша жұмысын үйлестіру;
      125) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесінің, Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Сауда саясатының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін қамтамасыз ету және Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық экономикалық және басқа да консультативтік-кеңесші органдарға қатысты;
      126) Министрліктің құзыреті шегінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      127) Министрліктің құзыреті шегінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
      128) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
      129) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді  жобаларын келісу және олар бойынша қорытындылар беру;
      130) заң жобаларының ғылыми-экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
      131) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары ұсынатын тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингтеу, сондай-ақ ішкі айналым, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарына уәкілетті органның (ұйымның) мәртебесін анықтауы үшін тауардың шығарылуы туралы сертификат беруді мониторингтеу;
      132) Қазақстан Республикасының аумағында сандық шектеулерді қолданбай талқылау объектісі болып табылатын тауарлар импортын лицензиялау;
      133) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау;
      134) құзыреті шегінде жекелеген тауарлар түрлерінің импортына рұқсаттар беру;
      135) лицензиалық бақылау;
      136) лицензиялардың тізілімін жүргізу;
      137) сауда өкілдіктерінің, сондай-ақ олардың қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету қызметін бақылау;
      138) оларға қатысты сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік  және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын қазақстандық тауарлардың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағынан кері экспортына рұқсаттар беру;
      139) республикалық және халықаралық көрмелерді, жәрмеңкелерді өткізуге бастамашылық жасау қатысу және ұйымдастыру;
      140) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      141) сауда қызметі саласында орталық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
      142) халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлеу;
      143) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу және оларға жыл сайынғы шекті мәндер негізінде бағаларды анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      144) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің шекті мәндерін белгілеу тәртібін әзірлеу;
      145) тауарлар биржалары қызметін мемлекеттік реттеу және «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау;
      146) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын іске асыру;
      147) кәсіпкерлік ортаға, жеке кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық ахуалына және инфроқұрылымына талдау жүргізу;
      148) республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын  қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;
      149) мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру мен оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласында мемлекеттік саясатты және ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту шараларын іске асыру;
      150) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;
      151) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік саясатты насихаттау;
      152) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелерінде инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жағдай жасау;
      153) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастыру;
      154) инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда шағын кәсіпкерліктің қатысуы үшін жағдай жасау;
      155) шағын кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
      156) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
      157) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік шараларын орындауды ұйымдастыру және үйлестіру;
      158) өңірлерді/аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      159) Елді аумақтық-кеңістік дамытудың болжамды схемасының негізгі бағыттарын іске асыру және мониторингтеу;
      160) өңірлік даму саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру және мониторингтеу;
      161) құзыреті шегінде Аумақты ұйымдастырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;
      162) барлық деңгейдегі аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу;
      163) жекелеген проблемалы аумақтар мен елді мекендердің кешенді даму жоспарларын орындауды іске асыру, мониторингтеу;
      164) қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін анықтау үшін тексерулер жүргізу, олардың бәсекелестік басымдықтарын айқындау;
      165) өңірлердің экономикалық әлеуетін жандандыру, қолда бар активтер мен өңірлерді шаруашылық айналымына тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      166) жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдау тетіктерін іске асыру;
      167) Министрліктің құзыреті шегінде өңірлік даму саласында халықаралық жобаларды іске асыру;
      168) өңірлер бөлінісінде экономикалық әлеуеті жоғары, орта, төмен елді мекендер тізбесін келісу;
      169) қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
      12. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      13. Министрлікті Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Министр басқарады.
      Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
      14. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
      15. Министр осы мақсатта:
      1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
      3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;
      4) қызметінде өзінің бақылауындағы ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өз құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
      7) ведомстволардың актілерінің әрекетін толық немесе бір бөлігін тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
      8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды.
      16. Министрлік аппаратына басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы жүзеге асырады.
      17. Жауапты хатшы:
      1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлік аппаратына басшылық етуді жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртіптерінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысы мен құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің басшылары мен басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынылатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Министрдің келісімі бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарларға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
      12) Министрдің келісімі бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      13) Министрліктің стратегиялық жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) Министрліктің жыл сайынғы Операциялық жоспарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
      16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және оның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;
      21) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
      22) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;
      23) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Жауапты хатшының:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тиісті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
      19. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
      20. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алқа болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының басшылары арасынан Министр бекітеді. Министрдің орынбасарлары және Жауапты хатшы лауазымдар бойынша алқа мүшелері болып табылады.
      21. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.

4. Министрліктің мүлкі

      22. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.
      23. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      24. Министрліктің өзіне бекітіп берілген мүлікті, егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 25 қазандағы
№ 1204 қаулысына   
3-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылдың 15 шілдедегі
№ 1071 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      2. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      3. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      4. Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      5. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      6. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      8. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      9. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      10. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      11. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      12. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      13. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      14. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      16. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.