Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1146 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында:
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Сатып алынатын құлақ жапсырмалар, жануардың жеке нөмірі, сондай-ақ жануарларға арналған ветеринариялық паспорт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде (бұдан әрі - Бірдейлендіру ережесі) көрсетілген талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.»;
      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссия жеткізілген тауарларды және көрсетілген қызметтерді бағалауды олардың көрсетілуі мен жеткізілуіне қарай жүзеге асырып, кейіннен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау актісін жасайды.»;
      көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2011 жылғы 7 қазандағы    
№ 1146 қаулысына     
1-қосымша       

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 7 қазандағы
№ 1146 қаулысына   
2-қосымша      

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 7 қазандағы 
№ 1146 қаулысына    
3-қосымша       

Облыстық бюджеттердiң, Астана және    
Алматы қалалары бюджеттерiнiң ауыл шаруашылығы
жануарларын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру мен
жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен
берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидасына         
1-қосымша              

Сатып алынатын тауарларға сипаттама

Тауардың атауы

Тауардың сипаттамасы (сипаты)

1

2

3

1.

Түйелерге арналған құлақ жапсырмалары

Құлақ жапсырмалары және олардағы жануардың жеке нөмiрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнде көрсетiлген iрi жануарларға (iрi қара мал, түйе) арналған талаптарға сәйкес болуы тиiс.

2.

Ұсақ малға, шошқаға арналған құлақ жапсырмалары

Құлақ жапсырмалары және олардағы жануардың жеке нөмiрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнде көрсетiлген ұсақ жануарларға (ұсақ мал, шошқа) арналған талаптарға сәйкес болуы тиiс.

3.

Ветеринариялық паспорттар

1. Ветеринариялық-паспорт Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң талаптарына сәйкес болуы тиiс.
2. Ветеринариялық паспорттың мөлшерлері мынадай болуы тиiс: ұзындығы 20±1 см, биiктiгi 15±1 см. Мұқабасы: тығыздығы – 280, жылтыр, түстiлiгi 4+0. Iшкi парақтары: ксерокс қағазы, түстiлiгi 1+1, офсеттiк баспа.
Бiрiншi бетi, яғни беткi жағының ортасында мемлекеттiк тiлде «Ветеринариялық паспорт» және орыс тiлiнде «Ветеринарный паспорт» деген атауы, төменгi сол жағында мемлекеттiк және орыс
тiлдерiнде _______ аудан/район (қала/город) және ___________ облыс/область көрсетiлуi тиiс.
Екiншi бет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi жалпы мәлiметтерден тұрады.
Үшiншi және келесi беттер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде кесте түрiнде бағандарға бөлiнген.
Барлығы 20-беттен кем болмауы тиiс.

4.

Жануарларға бiрдейлендiру жүргiзуге арналған аппарат (таңба)

Жануарларды бiрдейлендiруге арналған аппарат (таңба) жылқыларды ыстық және суық таңбалауға арналған жиынтықтардан тұрады:
1. Жылқыларды суықтай таңбалауға арналған жиынтық мыналардан тұрады: цифрлар мен әрiптерге арналған матрицадан; кемiнде 70 см жылу өткiзбейтiн тұтқасы бар матрицаға бекiтiлетiн тұтқадан; цифрлық символдар жиынтығы 0, 1, 2, 3,4, 5, 6, 7, 8, 9; әрiптiк символдар жиынтығы К, С, В, D, Е, F, Н, L, Р, М, N, R, S, Т, X, A, Z. Цифрлар мен әрiптердiң мөлшерлерi стандартты
2. Жылқыларды ыстықтай таңбалауға арналған жиынтықтың мынадай цифрлық символдардан: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және әрiптiк символдардан К, С, В, D, E, F, H, L, P, M, N, R, S, Т, X, A, Z тұрады. Ересек жануарларға арналған таңбаның көлемi: биiктiгi 8 см, енi 5 см; төлдер үшiн: биiктiгi 5 см, енi 3 см.
Ыстық таңбалауға арналған таңба енi 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм бетi тегiс жалпақ темiрден дайындалады. Тұтқаның ұзындығы кемiнде 70 см, жылу өткiзбейтiн тұтқасы бар.