Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1146 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде:
      2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жеке нөмір – жапсырмаға, чипқа, болюсқа немесе таңбаға түсірілетін әріптік немесе цифрлық белгіні қамтитын, жануарға берілетін жеке код;»;
      5) тармақшадағы «құжаты.» деген сөз «құжаты;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдары – жапсырмалар (іліктірілген көрнекі, радиожиілікті белгісі бар), чиптар, болюстар, таңбалар.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жапсырмалау жануардың құлағына жапсырма бекiту және оны құлақтың iшкi жағынан ортасына қарай, мүмкiндiгiнше оның түбiне жақын орналастыру жолымен жүзеге асырылады. Жапсырмада осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес жеке нөмiрi көрсетiледi.
      Ірі жануарларға екі құлағына бір-бірден бірдей екі жапсырма бекітіледі (бір жеке нөмірмен), ұсақ жануарлардың, оң құлағына бір жапсырма бекітіледі. Жапсырма жануардың бүкіл тіршілік етуі бойында шешілмейді. Ірі және ұсақ жануарлардың сол құлағына бекіту үшін радиожиілікті таңбасы бар жапсырма пайдаланылуы мүмкін.
      Таңбалау ыстық немесе суық тәсiлмен жүзеге асырылады. Таңба дененiң сол жағына: республиканың, облыстың және мал түрiнiң литерлiк кодтары жауырынға, жеке нөмiр жамбасқа қойылады.
      Чиптау, радиожиілік белгісі бар жапсырмалар мен болюстарды пайдалану оларды пайдалану жөнiндегi тиiстi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.»;
      891011 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бекітіліп берілген Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының литерлік және цифрлық кодтары осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес беріледі.
      9. Жануарларды бiрдейлендiру үшін пайдаланылатын жапсырмалар, чиптер, таңбалар осы Ереженiң 2-қосымшасында көрсетілген нысанға, мөлшерге және сипаттамаға сәйкес болуға тиіс.
      10. Жануарларды сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында), сою пункттерінде және етті қайта өңдеу кәсіпорындарында сойғаннан кейін олардың ветеринариялық паспорттарын, чиптерін, жапсырмаларын, болюстерін сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдары), сою пункттерінің және етті қайта өңдеу кәсіпорындарының ветеринарлық дәрігері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшелеріне тізімдеме бойынша береді, ал жеке тұтыну үшін сойған кезде иелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық бөлімшелеріне береді.
      11. Жануарлар өлген жағдайда, сондай-ақ осы Ереженiң 10 және 23-тармақтарында көзделген жағдай туындаған кезде, олардың ветеринариялық паспорттарын, чиптерін, жапсырмаларын, болюстерін тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң комиссиялық – ветеринариялық бөлiмшелерi жояды.»;
      «23. Ірі жануарлардың жапсырмаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген кезде (жеке нөмірді анықтау мүмкін болмағанда) жануардың иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жапсырманың телнұсқасын беру туралы өтініш береді.
      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы белгіленген тәртіппен жапсырманың телнұсқасына тапсырыс беруді және жапсырманың телнұсқасы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны беруді қамтамасыз етеді.
      Ірі жануарлардың екі жапсырмасы және ұсақ жануарлардың жапсырмасы жоғалған немесе бүлінген (жеке нөмірін анықтау мүмкін болмаған) кезде, жануар шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа жануарларының жеке нөмірлерін жануарлардың ветеринариялық паспорттарымен және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқормен салыстырып тексеру жүргізілгенге дейін жапсырмасы бүлінген немесе жоғалған жануардың жеке нөмірін анықтау үшін оқшауланады.
      Осы жануарларды қайтадан бірдейлендіру жануарға жаңа жеке нөмір беріле отырып, осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
      көрсетілген Ереженің 12-қосымшалары осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында:
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Сатып алынатын құлақ жапсырмалар, жануардың жеке нөмірі, сондай-ақ жануарларға арналған ветеринариялық паспорт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде (бұдан әрі - Бірдейлендіру ережесі) көрсетілген талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.»;
      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссия жеткізілген тауарларды және көрсетілген қызметтерді бағалауды олардың көрсетілуі мен жеткізілуіне қарай жүзеге асырып, кейіннен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау актісін жасайды.»;
      көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2011 жылғы 7 қазандағы    
№ 1146 қаулысына     
1-қосымша       

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бiрдейлендiру ережесiне  
1-қосымша         

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi
жүргiзу үшiн бекiтiлiп берiлген Қазақстан
Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының литерлiк және цифрлық кодтары

Р/с

Литерлiк код

Штрих-код
үшін цифрлық код

Атауы

1.

KZ

398

Қазақстан Республикасы

2.

С

01

Ақмола облысы

3.

B

02

Алматы облысы

4.

D

03

Ақтөбе облысы

5.

E

04

Атырау облысы

6.

F

05

Шығыс Қазақстан облысы

7.

H

06

Жамбыл облысы

8.

L

07

Батыс Қазақстан облысы

9.

P

08

Қостанай облысы

10.

M

09

Қарағанды облысы

11.

N

10

Қызылорда облысы

12.

R

11

Маңғыстау облысы

13.

S

12

Павлодар облысы

14.

T

13

Солтүстiк Қазақстан облысы

15.

Х

14

Оңтүстiк Қазақстан облысы

16.

A

15

Алматы қаласы

17.

Z

16

Астана қаласы

Ауыл шаруашылығы жануарларының цифрлық коды

      1 - iрi қара мал
      2 - қой-ешкi
      3 - шошқа
      4 - жылқы
      5 - түйе

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 7 қазандағы
№ 1146 қаулысына   
2-қосымша      

Ауыл шаруашылығы   
жануарларын бірдейлендіру
ережесіне      
2-қосымша      

Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жапсырмалардың,
чиптардың және таңбалардың нысандары, мөлшері
және сипаттамасы

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын (жапсырмалары, радиожиілікті белгісі бар жапсырмалары, чиптар, болюстар) Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитеттің (ICAR): www.service-icar.com/manufacturer_codes/Manufacturers_DB/ manufacturer_codes_main.asp интернет-ресурсында орналасқан Өндірушілер тізіміндегі өндірушілер шығаруы тиіс, бұл ретте сатып алынатын бірдейлендіру құралдарының үлгілері көрсетілген интернет-ресурстарында орналастырылуы қажет.
      Жапсымалар мына белгілерге сәйкес келуі қажет:
      сыртқы ортаның әсеріне төзімді болуы және жануардың тіршілік етуінің бүкіл мерзімінде оңай оқылуы;
      қайталап қолдануды болдырмауы;
      жапсырманың сыртқы жағында қатты сақина тәріздес тиектің ұшы және жапсырманың беткі жағында құлақтағы жапсырманы шешкенде оның бұзылуын қамтамасыз ететін тығыздағыш сақина болуы;
      жануарға бекітілгеннен кейін оған зиянын тигізбейтіндей конструкцияда болуы;
      жапсырмада өшіп қалмайтын жазулар болуы;
      сары түсті болуы, жапсырманың әр бетінде өндірушінің сауда маркасы (сауда белгісі) және өндірілген күні (айы, жылы) жазылуы керек.
      Жапсырманың беткі жағында штрих-код болуы керек. Ірі және ұсақ жануарларға арналған жапсырмаларда Қазақстан Республикасын, облыстарды, Астана және Алматы қалаларын белгілеу үшін осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген цифрлық кодтар пайдаланыла отырып, жануарлардың жеке нөмірі штрих-кодпен кодталған. Цифрлық кодтар пайдаланылған штрих-кодтағы жануардың жеке нөмірі 14 (он төрт) символдан тұрады.
      Биркалардағы радиожиілік таңбалары мен чиптар ISO 11784 және ISO 11785 халықаралық стандтарттарына сәйкес келуі тиіс.
      Таңбаның мөлшері: кәрі мал үшін - биіктігі 8 см, ені 5 см; жас төлдер үшін биіктігі - 5 см, ені 3 см. Ыстықпен таңбалау үшін ені 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм беті тегіс жалпақ темірден таңба дайындалады. Суықпен таңбалаған кезде цифрлардың стандартты мөлшері пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 7 қазандағы 
№ 1146 қаулысына    
3-қосымша       

Облыстық бюджеттердiң, Астана және    
Алматы қалалары бюджеттерiнiң ауыл шаруашылығы
жануарларын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру мен
жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен
берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидасына         
1-қосымша              

Сатып алынатын тауарларға сипаттама

Тауардың атауы

Тауардың сипаттамасы (сипаты)

1

2

3

1.

Түйелерге арналған құлақ жапсырмалары

Құлақ жапсырмалары және олардағы жануардың жеке нөмiрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнде көрсетiлген iрi жануарларға (iрi қара мал, түйе) арналған талаптарға сәйкес болуы тиiс.

2.

Ұсақ малға, шошқаға арналған құлақ жапсырмалары

Құлақ жапсырмалары және олардағы жануардың жеке нөмiрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнде көрсетiлген ұсақ жануарларға (ұсақ мал, шошқа) арналған талаптарға сәйкес болуы тиiс.

3.

Ветеринариялық паспорттар

1. Ветеринариялық-паспорт Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң талаптарына сәйкес болуы тиiс.
2. Ветеринариялық паспорттың мөлшерлері мынадай болуы тиiс: ұзындығы 20±1 см, биiктiгi 15±1 см. Мұқабасы: тығыздығы – 280, жылтыр, түстiлiгi 4+0. Iшкi парақтары: ксерокс қағазы, түстiлiгi 1+1, офсеттiк баспа.
Бiрiншi бетi, яғни беткi жағының ортасында мемлекеттiк тiлде «Ветеринариялық паспорт» және орыс тiлiнде «Ветеринарный паспорт» деген атауы, төменгi сол жағында мемлекеттiк және орыс
тiлдерiнде _______ аудан/район (қала/город) және ___________ облыс/область көрсетiлуi тиiс.
Екiншi бет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi жалпы мәлiметтерден тұрады.
Үшiншi және келесi беттер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде кесте түрiнде бағандарға бөлiнген.
Барлығы 20-беттен кем болмауы тиiс.

4.

Жануарларға бiрдейлендiру жүргiзуге арналған аппарат (таңба)

Жануарларды бiрдейлендiруге арналған аппарат (таңба) жылқыларды ыстық және суық таңбалауға арналған жиынтықтардан тұрады:
1. Жылқыларды суықтай таңбалауға арналған жиынтық мыналардан тұрады: цифрлар мен әрiптерге арналған матрицадан; кемiнде 70 см жылу өткiзбейтiн тұтқасы бар матрицаға бекiтiлетiн тұтқадан; цифрлық символдар жиынтығы 0, 1, 2, 3,4, 5, 6, 7, 8, 9; әрiптiк символдар жиынтығы К, С, В, D, Е, F, Н, L, Р, М, N, R, S, Т, X, A, Z. Цифрлар мен әрiптердiң мөлшерлерi стандартты
2. Жылқыларды ыстықтай таңбалауға арналған жиынтықтың мынадай цифрлық символдардан: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және әрiптiк символдардан К, С, В, D, E, F, H, L, P, M, N, R, S, Т, X, A, Z тұрады. Ересек жануарларға арналған таңбаның көлемi: биiктiгi 8 см, енi 5 см; төлдер үшiн: биiктiгi 5 см, енi 3 см.
Ыстық таңбалауға арналған таңба енi 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм бетi тегiс жалпақ темiрден дайындалады. Тұтқаның ұзындығы кемiнде 70 см, жылу өткiзбейтiн тұтқасы бар.