Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 152-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикалық
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1039 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі
Р/с |
Тауардың атауы |
1 |
Бірінші сортты бидай ұны |
2 |
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны |
3 |
Макарон өнімдері: вермишель, рожки, кеспе |
4 |
Жармалар: қарақұмық, сұлы, ұнтақ, арпа және тары |
5 |
Тазартылған күріш |
6 |
Картоп |
7 |
Жаңа піскен көкөністер: асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, асханалық қызылша |
8 |
Ақ қант - құмшекер |
9 |
Өсімдік майы - күнбағыс майы |
10 |
Ет: сиыр еті (жауырын-төс бөлігі), қой еті сүйектерімен, тауық еті, тауық саны |
11 |
Сүт: пастерленген, майлылығы 2,5% және 3,2% |
12 |
Айран: майлылығы 2,5% және 3,2% |
13 |
Сүзбе: майлылығы 5-9% |
14 |
Мәйекті қатты ірімшік |
15 |
Сары май: |
16 |
І-ІІ санатты тауық жұмыртқасы |
17 |
Ac тұзы («Экстра»-дан басқа) |
18 |
Шай - қара, түйіршіктелген |