Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 42-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақтың 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мыналарды қамтитын қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру және инженерлік-техникалық нығайту жөніндегі техникалық талаптарға жауап беретін жеке меншік және/немесе жалға беру құқығындағы тиісті (стационарлық және/немесе ұтқыр) өндірістік-техникалық базасы:
ғимараттар, құрылыстар және/немесе дайындаушы-зауыттың тиісті паспорты бар контейнерлік үлгідегі ұтқыр модульдер, көтергіш тетіктер, жабдықтар, көлік құралдары;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов