"Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 1072 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 489 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 489 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 42-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақтың 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мыналарды қамтитын қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру және инженерлік-техникалық нығайту жөніндегі техникалық талаптарға жауап беретін жеке меншік және/немесе жалға беру құқығындағы тиісті (стационарлық және/немесе ұтқыр) өндірістік-техникалық базасы:
      ғимараттар, құрылыстар және/немесе дайындаушы-зауыттың тиісті паспорты бар контейнерлік үлгідегі ұтқыр модульдер, көтергіш тетіктер, жабдықтар, көлік құралдары;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов