«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері мен көлемі»:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Келесі жылдары мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.»;
«Бағдарламаның міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламада көзделген іс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында мәлімделген қажеттілікке сәйкес және республикалық бюджеттің қаржылай мүмкіндіктерін ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрқайсысы үшін қаржыландыру лимиті айқындалатын болады.»;
сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«экономикалық өсу орталықтарына көшетін
Бағдарламаға қатысушылардың саны мен құрамы;»;
тоғызыншы бөлікте:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«аудандық (қалалық) деңгейде - Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі - аудандық (қалалық) комиссиялар) және халықты жұмыспен қамту орталықтары;»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«селолар мен ауылдар деңгейінде – (селолар мен кенттердің және селолық округтердің әкімдері) осы әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары жүзеге асыратын болады.»;
оныншы және он бірінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның орындалуын ұйымдастырудың аса маңызды құралдарының бірі халықты жұмыспен қамту орталықтары мен тікелей Бағдарламаға қатысушылар арасындағы әлеуметтік келісімшарттар болып табылады.
Әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен өзара міндеттемелерін айқындайтын келісім.»;
«Бірінші бағыт: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» деген 4.3.1-кіші бөлімде:
үшінші бөлікте:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«оқитын адамдарға (оқу орнына дейін және кері жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге) субсидия беру;»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;»;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«жастар практикасына жіберілген қатысушыларға еңбекақы төлеу;»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«2012 жылдан бастап жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау көзделеді, оны 6 ай бойы жүзеге асыруға болады. Жастар практикасына жіберілген қатысушылардың еңбекақысын субсидиялау мөлшері айына 26 мың теңгені құрайтын болады. Азаматтардың жастар практикасына қатысу және мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.»;
жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтардың Бағдарламаға қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.
Іске асыру тетігі:
1) Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары Бағдарламаға қатысуға және құжаттардың қажетті тізбесін ұсыну үшін өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
2) Халықты жұмыспен қамту орталығы:
үміткерлерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу туралы ұсыныстар дайындауды;
Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу үшін үміткерлердің тізімін қалыптастыруды;
қалыптастырылған тізімдерді және тізімдерге қосылған үміткерлердің құжаттарын аудандық/қалалық комиссияның немесе жұмыс тобының қарауына беруді жүзеге асырады.
3) Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қалауы бойынша өңірде аудандық/қалалық комиссия немесе жұмыс тобы құрылады:
аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – жергілікті атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
жұмыс тобы – Комиссия Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын кәсіптік оқуға жіберу мәселелерін жедел қарау үшін уәкілеттік берген, халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің, білім беру органдары мен ұйымдары, жұмыс берушілер, қызметкерлер бірлестіктері мен басқа да мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатарынан құрылған топ;
4) Комиссия немесе жұмыс тобы ұсынылған құжаттарды қарайды және Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы ұсыным береді.
5) Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынылған құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижесінің және Комиссия немесе жұмыс тобы ұсынымының негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
6) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.
7) Кәсіптік білімі бар Бағдарламаға қатысушыларға Дерекқорда бар бос жұмыс орындарына, оның ішінде жалақысы ішінара субсидияланатын, сондай-ақ жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарына орналасу ұсынылады.
Бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналастырылған азаматтарға, қажет болған жағдайда, оқу ақысы Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражат есебінен төленетін қысқа мерзімді (6 айдан аспайтын) кәсіптік оқу курстарында оқуға қосымша мүмкіндік берілуі мүмкін.
8) Бар бос жұмыс орындарына орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар жұмыс берушілер мәлімдеген және Дерекқорға енгізілген кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқыту курстарына жіберіледі.
9) Кәсіптік оқуды оқығаннан кейін Бағдарламаға қатысушыларға Дерекқорда бар бос жұмыс орындарына немесе құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу ұсынылады.
10) Егер Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды оқығаннан кейін жұмысқа орналаса алмайтын болса, оған Бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады.
11) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.»;
«Екінші бағыт: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» деген 4.3.2-кіші бөлімде:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы адамдардың Бағдарламаның осы бағытына қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделетін болады.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерді іріктеу және кредит ресурстарын беру, сондай-ақ олардың осы бағыт шеңберінде бөлінген кредит ресурстарын мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттары Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасында көзделген.»;
жетінші бөлікте:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға 0,01% жылдық сыйақы ставкасымен қайтарымдылық, жеделділік және ақылылық қағидаттарында 5 жылға беріледі;»;
жетінші абзац алып тасталсын;
сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«соңғы қарыз алушыға, микрокредиттік ұйымдарға және/немесе кредиттік серіктестіктерге кредит бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін;
уәкілетті өңірлік ұйымның микрокредиттік ұйымдар және/немесе кредиттік серіктестіктер үшін ұсынатын кредиті бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңірлік комиссиямен келісім бойынша уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредиттік ресурстар бойынша сыйақы ставкасына және оның кредит беруді ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарына қарай, бірақ уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредит бойынша сыйақы ставкасының үстінен 1 %-дан асырмай белгіленеді;
микрокредиттік ұйымдар және/немесе кредиттік серіктестіктер үшін қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгіленеді;»;
мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиімді пайыздық ставканы өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді.»;
он бірінші бөлікте:
3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Уәкілетті өңірлік ұйым микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге кредит берудің белгіленген қағидасына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшін микрокредиттік ұйымдарды және/немесе кредиттік серіктестіктерді іріктеу бойынша конкурс өткізеді.
4) Уәкілетті өңірлік ұйым мен микрокредиттік ұйымдардың және/немесе кредиттік серіктестіктердің арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
5) Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға тілек білдірушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш береді.
6) Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған құжаттарды қарайды, әлеуетті қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді және мемлекеттік қолдау алу түрлері бойынша үміткерлердің тізімі мен жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластыруды талап ететін жобалардың тізбесін қалыптастырады.
7) Кәсіпкерлік негіздерін оқыту:
халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлер келіскен жағдайда, оларды кәсіпкерлік негіздерін оқуға жібереді және бұл туралы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту орталықтарының ақпараты негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды қамтамасыз етеді, олардың оқу мерзімі бір айдан аспауға тиіс.
Оқу бағдарламасы және оны жүргізу кестесі халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келісіледі.
8) Микрокредит беру:
Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдауы бойынша микрокредит алу туралы өтініммен микрокредиттік ұйымға немесе кредиттік серіктестікке өтініш береді;
микрокредиттік ұйым немесе кредиттік серіктестік жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беру мүмкін екендігі (немесе мүмкін емес екендігі) туралы шешім қабылдайды.
9) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:
халықты жұмыспен қамту орталықтары микрокредиттік ұйымнан және/немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған жағдайда, жобалары жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды талап ететін Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының тізімін инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екендігі) және қажетті қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді.
10) Халықты жұмыспен қамту орталығы микрокредиттік ұйымның немесе кредиттік серіктестіктің және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органның қорытындыларын қоса тіркей отырып, Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының құжаттарын Комиссияның қарауына жібереді;
11) Халықты жұмыспен қамту орталығы Комиссияның ұсынымын ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бұл туралы хабардар етеді.
14) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.»;
«Үшінші бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» деген 4.3.3-кіші бөлімде:
бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді.
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетін болады. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді айқындау өлшемдерін экономикалық даму және сауда, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органдар әзірлейді және бекітеді.
Әзірленген өлшемдерге сәйкес жергілікті атқарушы органдар экономикалық даму және сауда, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісе отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды, оны Бағдарлама операторына жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар айқындаған және экономикалық даму және сауда, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісілген әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесі ВАК-та бекітілетін болады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына көшуі:
бір ауданның ішінде;
бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жүзеге асырылуы мүмкін.»;
алтыншы бөлікте:
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«соңғы үш жылда бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала және астана шегінде тұруға тиіс;
айлық жиынтық табысы бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысына шаққанда өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс;»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«кәсіптік даярлығы өңірлік немесе ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың бейініне, сондай-ақ өңірдің, республикалық маңызы бар қаланың және астана кәсіпорындарының еңбек ресурстарына қажеттілігіне сәйкес келуге тиіс.»;
сегізінші бөліктің үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«жаңа тұрғылықты жерінде кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқуды, сондай-ақ жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасы азаматтарына қызметтік тұрғын үй беруді;»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көшумен байланысты субсидиялар көшу шығыстарының өтемінен тұрады. Субсидияның мөлшерін былайша саралау жоспарланады:
отбасылар бір ауданның шегінде көшкен жағдайда – отағасына – 10 АЕК және отбасы мүшелеріне - 5 АЕК,
отбасылар бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) көшкен жағдайда отағасына – 25 АЕК және отбасы мүшелеріне – 15 АЕК.»;
он бірінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Келген жерінің жергілікті атқарушы органдары өңірді дамыту бағдарламасына, елді мекеннің бас жоспарына, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе құрылыс салу жобасына сәйкес:
қызметтік тұрғын үй салынатын учаскелерді айқындайды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітілген үлгілік жобалар бойынша (аумақтардың сейсмикалық жағдайын ескере отырып) қызметтік тұрғын үйлерді салуды жүзеге асырады;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды отбасылық үлгідегі жатақханадан орын беру, тұрғын үйлерді сатып алу, құрылысы бұрын басталған объектілерді салып бітіру есебінен де тұрғын үймен қамтамасыз ете алады.»;
он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтар алып тасталсын;
он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үйді беру және оны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Республикалық маңызы бар қалаларда және астанада қызметтік тұрғын үй беруді қаланың шегінде тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін ғана көзделген.
Берілетін қызметтік тұрғын үйдің ауданы отбасының құрамына байланысты, бірге тұратын отбасы мүшесінің біреуіне 18 шаршы метрден не отбасына 100 шаршы метрден аспауға және бір бөлмелі пәтерден не отбасылық үлгідегі жатақхананың бір бөлмесінен кем болмауға тиіс.»;
жиырма бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбек қызметін вахталық әдіс бойынша жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға отбасылық үлгідегі жатақханадан берілетін орынды қоспағанда, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғын үйі не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйі бар адамдарға қызметтік тұрғын үй берілмейді.»;
жиырма екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Іске асыру тетігі:
1. Егер адам әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекенде тұратын болса немесе Бағдарламаға қатысушыны Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол Қағидада белгіленген құжаттар тізбесін қоса отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге өтініш бере алады.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы құжаттардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға іріктеу өлшемдеріне сәйкестігін қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды.
3. Бағдарламаға қатысуға өтініш берушілердің құжаттарын қарау қорытындысы бойынша өңірлік комиссия бір ауданнан басқа ауданға, республикалық маңызы бар қаланың және астана шегінде көшетін азаматтарға қатысты, ал аудандық/қалалық комиссиялар бір аудан шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар тізіміне қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсыным жасайды.
4. Өңірлік не аудандық/қалалық комиссия шешімінің негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
5. Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында (келген жерінің) әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды қамтуға тиіс.
6. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті орган сейсмологиялық аймақтарды және оның сипатын ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көп пәтерлі) үлгілік жобасын әзірлейді.
7. Бағдарламаға қатысушылар тиісті біліктілігі болған жағдайда, қызметтік тұрғын үйді салу және тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту барысында құрылатын жұмыс орындарына орналасуға басым құқыққа ие болады.
8. Бағдарламаға қатысушылар көшкеннен және жайласқаннан кейін Бағдарламаның бірінші немесе екінші бағытына қатыса алады.
9. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.»;
«Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру» деген кіші бөлімде:
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді;»;
алтыншы бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«экономикалық даму және сауда, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі уәкілетті орталық органдармен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын әзірлейді.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2011 жылы (пилоттық кезең) аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде мемлекеттік мекеме нысанында Халықты жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарланған, олардың қызметкерлері (азаматтық қызметшілер) Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін болады.»;
сегізінші бөлікте:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі міндеттері:
1) жалпы рәсімдерді жүргізу: Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша азаматтарды ақпараттандыру және консультация беру қызметін ұсыну, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үміткерлердің қажеттіліктерін зерттеу мақсатында олармен консультация жүргізу, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргізу, Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау;»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны іске асыру мәселелерімен, жұмыс берушілермен, білім беру ұйымдарымен және жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды үйлестірумен айналысатын өкілдіктері, бөлімшелері (немесе мамандары) болуы мүмкін.»;
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты жұмыспен қамту орталығының Үлгі жарғысын Бағдарлама операторы әзірлейді және бекітеді.»;
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 6-бөлімде:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші кезеңде (2011 жылдың 2-жартыжылдығы) Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары барлық өңірлерде пилоттық режимде енгізілетін болады. Үшінші бағыт (экономикалық даму орталықтарына және әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге көшу) жергілікті атқарушы органдардан келген ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Тиісті нормативтік құқықтық база жасалады, Бағдарламаға қатысушыларды экономикалық даму орталықтарына және әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге көшіру тетігі пысықталады, Бағдарламаға қатысушыларды ҮИИДМБ жобаларын іске асыруға тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.»;
төртінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қызметтік тұрғын үй құрылысына және (немесе) оны сатып алуға жергілікті бюджет қаражатынан қоса қаржыландыру үлесін ескере отырып, Бағдарламаны іске асыруға бюджеттік өтінім ұсынады.»;
«Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген 7-бөлімде:
бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға – 18,2 млрд. теңге, оның ішінде қызметтік тұрғын үйді салуға және (немесе) сатып алуға – 11,5 млрд. теңге және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға - 5 млрд. теңге;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.»;
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 1.13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.13 |
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу өлшемдерін айқындау жөніндегі қағиданы әзірлеу |
- |
Еңбекмині, СА |
Еңбекминінің бұйрығы |
2011 жылғы шілде |
»;
реттік нөмірі 1.14-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 1.15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.15 |
«Мемлекеттік атаулы әлеуметті көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
- |
Еңбекмині |
Еңбекминінің бұйрығы |
2011 жылғы тамыз |
»;
реттік нөмірі 2.2-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 4.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.3 |
Бағдарлама шеңберінде қызметтік тұрғын үй салуға үлгі жобаларды әзірлеу және бекіту |
РБ-245,0 млн. теңге |
ҚТҮКШІА, Еңбекмині, Қаржымині, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері |
ҚТҮКШІА бұйрығы |
2011 жылғы желтоқсан |
»;
реттік нөмірі 4.4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.4 |
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді айқындау өлшемдерін әзірлеу |
- |
ЭДСМ, АШМ |
Бірлескен бұйрық |
2011 жылғы тамыз |
»;
реттік нөмірі 4.5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.5 |
Өңірлер бөлінісінде әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындау |
- |
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, ЭДСМ, АШМ |
Тiзбе, ВАК шешiмi |
Жыл сайын |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов