Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексі 483-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киiмiнің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері;
2) кеден органдарының лауазымды адамдарын нысанды киiммен және нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары;
3) кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киiмiнің және нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгілері бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киiмi мен айырым белгiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1247 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 1062 қаулысына
1-қосымша
Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің
және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері
Қазақстан Республикасы кеден органдарының жоғарғы басшы
құрамының үлгі нысанды киімі
1. Ерлерге арналған нысанды киім:
1) қаракөлден тігілген сұр түсті папаха;
2) төбесінің шеттерінде ашық көгілдір түсті жиегі бар, кокарда айналасының айнала жиектері алтын түспен зерленген, күнқағарының жиегіне зерленген таспа жүргізілген көгілдір-сұр немесе көк түсті күнделікті киетін фуражка;
3) теріден тігілген қара түсті күрте;
4) көк түсті жеңіл күрте;
4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;
5) көк түсті свитер;
6) кеуде қалталары және қалпақша қалталары бар, жеңдерінде ашық көгілдір түсті жиегі, шалбары бар көгілдір-сұр немесе көк түсті бір қаусырмалы күнделікті китель;
7) кеуде қалталары бар көгілдір-сұр немесе көк түсті шалбары бар күрте;
8) ашық көгілдір түсті лампастары бар көгілдір-сұр немесе көк түсті балағы түсіңкі шалбар;
9) жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;
10) жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;
11) жеңі ұзын ақ түсті көйлек;
12) жеңі қысқа ақ түсті көйлек;
13) табиғи былғарыдан тігілген қара түсті бәтеңке;
14) табиғи былғарыдан тігілген қара түсті қысқа қонышты бәтеңке;
15) сұр түсті қолғап;
16) сұр түсті кашне;
17) қара-көк түсті галстук.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.09.2013 № 950 қаулысымен.
2. Ерлерге арналған далалық нысанды киім:
1) цигейкадан тiгiлген сұр түстi құлақшын;
2) бүркеніш түсті кепка;
3) бүркеніш түсті тігінен пішілген далалық күрте мен шалбар;
4) бүркеніш түсті далалық жылы күрте мен шалбар;
5) футболка;
6) биік қонышты қара түстi далалық бәтеңке;
7) биiк қонышты қара түстi жылы бәтеңке;
8) сұр түсті қолғап;
9) сұр түстi кашне;
10) қара түсті белге тағатын белдік;
11) унты (пима).
3. Әйелдерге арналған нысанды киiм:
1) қаракөлден тiгiлген сұр түстi бөрiк;
2) көгілдір-сұр немесе көк түстi күнделiктi киетiн пилотка (кепи);
2-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті берет;
3) қара түсті теріден тігілген күрте;
4) көк түсті жеңіл күрте;
4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;
5) күнделiктi киетiн ашық бiр қаусырмалы китель мен көгілдір-сұр немесе көк түстi белдемше;
6) көгілдір-сұр немесе көк түстi күрте мен шалбар;
7) көгілдір-сұр немесе көк түстi белдемше;
8) көк түсті свитер;
9) көк түстi кеудеше;
10) жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;
11) жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;
12) жеңі ұзын ақ түсті көйлек;
13) жеңі қысқа ақ түсті көйлек;
14) қара-көк түсті галстук;
15) табиғи былғарыдан тiгiлген қара түсті етiк;
16) табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi туфли;
17) сұр түстi қолғап;
18) сұр түстi кашне.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.09.2013 № 950 қаулысымен.
4. Әйелдерге арналған далалық нысанды киім:
1) цигейкадан тiгiлген сұр түстi құлақшын;
2) бүркеніш түсті кепка;
3) бүркеніш түсті тігінен пішілген далалық күрте мен шалбар;
4) бүркеніш түсті далалық жылы күрте мен шалбар;
5) футболка;
6) биiк қонышты қара түстi далалық бәтеңке;
7) биiк қонышты қара түстi жылы бәтеңке;
8) сұр түсті қолғап;
9) сұр түстi кашне;
10) қара түсті белге тағатын белдік;
11) унты (пима).
Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының
аға, орта басшы құрамының үлгі нысанды киiмi және нысанды киімі
(погонсыз)
5. Ерлерге арналған күнделікті киетін нысанды киiм:
1) қаракөлден тiгiлген сұр түстi құлақшын;
2) төбесi ашық көгілдір түстi жиегi бар көгілдір-сұр түстi, күнқағарының жиегiнде зерленген таспа жүргiзiлген фуражка;
3) теріден тігілген қара түсті күрте;
4) көк түсті жеңіл күрте;
4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;
5) кеуде қалталары және қалпақша қалталары бар, жағасының жиегi ашық көгілдір түстi, шалбары бар көгілдір-сұр немесе көк түстi бiр қаусырмалы күнделiктi китель;
5-1) кеуденің сол жағында кеуде қалталары және қалпақша қалталары бар, жағасы ашық көгілдір түспен көмкерілген, шалбары бар көгілдір-сұр немесе көк түсті бір қаусырмалы күнделікті китель
6) кеуде қалталары, шалбары бар көгілдір-сұр немесе көк түстi күрте;
7) көк түсті свитер;
8) ашық көгілдір түсті жиектерi бар, балағы түсiңкi көгілдір-сұр немесе көк түстi шалбар;
9) жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;
9-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;
10) жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;
10-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;
11) жеңі ұзын ақ түсті көйлек;
11-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ақ түсті көйлек;
12) жеңі қысқа ақ түсті көйлек;
12-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ақ түсті көйлек;
13) табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi бәтеңке;
14) табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi қысқа қонышты бәтеңке;
15) сұр түсті кашне;
16) сұр түстi қолғап;
17) қара-көк түсті галстук.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.09.2013 № 950 қаулысымен.
6. Ерлерге арналған далалық нысанды киiм:
1) цигейкадан тiгiлген сұр түстi құлақшын;
2) бүркеніш түстi кепка;
3) бүркеніш түсті далалық жылы күрте мен шалбар;
4) бүркеніш түсті тігінен пішілген далалық күрте мен шалбар;
5) футболка;
6) биiк қонышты қара түстi жылы бәтеңке;
7) биiк қонышты, қара түстi далалық бәтеңке;
8) сұр түстi қолғап;
9) сұр түсті кашне;
10) белге тағатын қара түсті белдік;
11) унты (пима).
7. Ерлерге арналған арнайы нысанды киiм:
1) функционалды кеудеше;
2) сигнал кеудешесі;
3) бүркеніш түсті кепкасы және белдігі бар үйретушілерге арналған бүркеніш түсті комбинезон;
4) қорғаныш жиынтығы (қорғаныш костюмі, респиратор, қолғап, бәтеңке, қорғасынды алжапқыш).
8. Әйелдерге арналған күнделікті нысанды киiм:
1) қаракөлден тiгiлген сұр түсті бөрік;
2) төбесi ашық көгілдір түстi жиегi бар көгілдір-сұр немесе көк түстi пилотка (кепи);
2-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті берет, береттің айналасында зерленген таспа;
3) теріден тігілген қара түсті күрте;
4) көк түсті жеңіл күрте;
5) жағасының жиегi ашық көгілдір түстi, белдемшесі бар ашық бiр қаусырмалы көгілдір-сұр немесе көк түсті күнделiктi китель;
5-1) қалпақша қалталары бар, жағасы ашық көгілдір түспен көмкерілген, белдемшесі бар көгілдір-сұр немесе көк түсті ашық бір қаусырмалы күнделікті китель;
6) көгілдір-сұр немесе көк түстi белдемше;
7) көгілдір-сұр немесе көк түстi шалбары бар күрте;
8) көк түсті кеудеше;
9) көк түсті свитер;
10) жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;
10-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;
11) жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;
11-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;
12) жеңі ұзын ақ түсті көйлек;
12-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ақ түсті көйлек;
13) жеңі қысқа ақ түсті көйлек;
13-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ақ түсті көйлек;
14) қара-көк түсті галстук;
15) табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi етік;
16) табиғи былғарыдан тiгiлген қара түстi туфли;
17) сұр түсті қолғап;
18) сұр түстi кашне.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.09.2013 № 950 қаулысымен.
9. Әйелдерге арналған далалық нысанды киім:
1) цигейкадан тiгiлген сұр түстi құлақшын;
2) бүркеніш түсті кепка;
3) бүркеніш түсті тігінен пішілген далалық күрте мен шалбар;
4) бүркеніш түсті далалық жылы күрте мен шалбар;
5) футболка;
6) биiк қонышты қара түстi далалық бәтеңке;
7) биiк қонышты қара түстi жылы бәтеңке;
8) сұр түсті қолғап;
9) сұр түстi кашне;
10) қара түсті белге тағатын белдік;
11) унты (пима).
10. Әйелдерге арналған арнайы нысанды киiм:
1) функционалды кеудеше;
2) сигнал кеудешесі;
3) бүркеніш түсті кепкасы және белдігі бар үйретушілерге арналған бүркеніш түсті комбинезон;
4) қорғаныш жиынтығы (қорғаныш костюмі, респиратор, қолғап, бәтеңке, қорғасынды алжапқыш).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 1062 қаулысына
2-қосымша
Кеден органдарының лауазымды адамдарын нысанды киiммен және
нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.09.2013 № 950 қаулысымен.
Р/с |
Заттардың атауы |
Бір қызметкерге арналған заттың саны |
Пайдалану мерзімі (аймен) |
Ескертпе |
Нысанды киім |
||||
1. |
Қаракөл папаха |
1 |
60 |
|
2. |
Құлақшын |
1 |
36 |
|
3. |
Қаракөлден тігілген бөрік |
1 |
36 |
|
4. |
Фуражка |
1 |
24 |
|
5. |
Пилотка (кепи) |
1 |
36 |
|
5-1. |
Берет |
1 |
36 |
|
6. |
Теріден тігілген күрте |
1 |
36 |
тек қана суық климатты аудандарға арналған |
7. |
Жеңіл күрте |
1 |
36 |
|
7-1. |
Плащ |
1 |
36 |
|
8. |
Шалбары бар китель |
1 |
24 |
|
8-1. |
Шалбары бар китель* |
1 |
24 |
|
9. |
Белдемшесі бар китель |
1 |
24 |
|
9-1. |
Белдемшесі бар китель* |
1 |
24 |
|
10. |
Шалбары бар күрте |
1 |
24 |
|
11. |
Шалбар |
1 |
24 |
|
12. |
Белдемше |
1 |
24 |
|
13. |
Ұзын жеңді ашық көк түсті көйлек |
1 |
12 |
|
13-1. |
Ұзын жеңді ашық көк түсті көйлек* |
1 |
12 |
|
14. |
Қысқа жеңді ашық көк түсті көйлек |
1 |
24 |
|
14-1. |
Қысқа жеңді ашық көк түсті көйлек* |
1 |
24 |
|
15. |
Ұзын жеңді ақ түсті көйлек |
1 |
24 |
|
15-1. |
Ұзын жеңді ақ түсті көйлек* |
1 |
24 |
|
16. |
Қысқа жеңді ақ түсті көйлек |
1 |
12 |
|
16-1. |
Қысқа жеңді ақ түсті көйлек* |
1 |
12 |
|
17. |
Свитер |
1 |
36 |
|
18. |
Кеудеше |
1 |
36 |
|
19. |
Ерлерге арналған бәтеңке (қысқы етік) |
1 |
24 |
|
20. |
Әйелдерге арналған қысқы етік |
1 |
24 |
|
21. |
Ерлерге арналған қысқа қонышты бәтеңке (туфли) |
1 |
12 |
|
22. |
Әйелдерге арналған туфли |
1 |
12 |
|
23. |
Қолғап |
1 |
36 |
|
24. |
Кашне |
1 |
36 |
|
25. |
Галстук |
1 |
24 |
|
26. |
Кепка |
1 |
24 |
|
27. |
Далалық күрте және шалбар |
1 |
24 |
|
28. |
Далалық жылы күрте және шалбар |
1 |
36 |
|
29. |
Футболка |
2 |
12 |
|
30. |
Биік қонышты далалық бөтеңке |
1 |
24 |
|
31. |
Биік қонышты далалық жылы бәтеңке |
1 |
36 |
|
32. |
Унты (пима) |
1 |
48 |
тек қана суық климатты аудандарға арналған |
33. |
Белдік |
1 |
24 |
|
34. |
Функционалдық кеудеше |
1 |
24 |
көлік құралдарын тексеріп қарауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға беріледі |
35. |
Сигнал кеудешесі |
1 |
36 |
көлік құралдарын тексеріп қарауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға беріледі |
36. |
Үйретушілерге арналған комбинезон |
1 |
24 |
кинологиялық қызметтің лауазымды адамдарына беріледі |
37. |
Қорғаныш жиынтығы |
1 |
36 |
сәулелену көздерімен жұмыс кезінде лауазымды адамдарға беріледі |
Айырым белгілері |
||||
1. |
Күнделікті киімге тігілетін погондар |
2 |
24 |
|
2. |
Салтанатты алмалы-салмалы погондар |
2 |
24 |
|
3. |
Күнделікті алмалы-салмалы погондар |
3 |
24 |
|
4. |
Далалық погондар |
2 |
24 |
|
5. |
Күнделікті алмалы-салмалы далалық погондар (трапеция пішінді) |
2 |
24 |
|
6. |
Кокарда |
3 |
36 |
|
7. |
Төбесіндегі эмблема |
1 |
36 |
|
8. |
Зерленген таспа |
1 |
24 |
|
9. |
Үлкен жұлдыз |
42 |
36 |
|
10. |
Кіші жұлдыз |
56 |
36 |
|
11. |
Кеден қызметінің үлкен эмблемасы |
2 |
36 |
|
12. |
Кеден қызметінің кіші эмблемасы |
8 |
36 |
|
13. |
Үлкен түйме |
30 |
36 |
|
14. |
Кіші түйме |
30 |
36 |
|
15. |
Жағаға тағылатын эмблема |
2 |
36 |
|
16. |
Жеңге тағылатын күнделікті белгі |
2 |
24 |
|
17. |
Жеңге тағылатын далалық белгі |
1 |
24 |
|
18. |
Кеудеге тағатын жапсырмалар |
2 |
24 |
|
19. |
Галстукке арналған қысқыш |
1 |
36 |
|
Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімдерінің (погонсыз) айырым белгілері |
||||
1. |
Кокарда |
3 |
36 |
|
2. |
Төбесіндегі эмблема |
1 |
36 |
|
3. |
Зерленген таспа |
1 |
24 |
|
4. |
Кеден қызметінің үлкен эмблемасы |
2 |
36 |
|
5. |
Кеден қызметінің кіші эмблемасы |
8 |
36 |
|
6. |
Үлкен түйме |
30 |
36 |
|
7. |
Кіші түйме |
30 |
36 |
|
8. |
Жағаға тағылатын эмблема |
2 |
36 |
|
9. |
Жеңге тағылатын күнделікті белгі |
4 |
24 |
|
10. |
Жеңге тағылатын далалық белгі |
2 |
24 |
|
10-1. |
Бөлімшенің атауымен жеңге тағылатын белгі |
4 |
24 |
|
11. |
Кеудеге тағатын жапсырмалар |
2 |
24 |
|
12. |
Галстукке арналған қысқыш |
1 |
36 |
Ескертпе:
Нысанды киiммен және айырым белгілерімен қамтамасыз ету нормалары кеден органдарының бір қызметкеріне берілетін заттардың саны және оларды пайдалану мерзімі болып табылады.
*Нысанды киім кеден органдарының лауазымды адамдарына погонсыз беріледі.
Кеден органының лауазымды адамы жұмыстан босатылған кезде кию мерзімі өтпеген барлық алынған айырым белгілері қоймаға өткізіледі, бұл туралы есеп-анықтамада тиісті жазба жасалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 1062 қаулысына
3-қосымша
Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киімінің
және (погонсыз) нысанды киімінің айырым белгілері
Погондар
1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының арнайы атақтары бойынша айырым белгiлерi погондар болып табылады.
2. Жоғары басшы құрамның погондары:
1) жоғарғы жиегi сопақша, жиегі алтын жалатылған зер жiппен көкерiлген, ұлттық өрнекпен өрнектелген салтанатты-мерекелік погондар;
2) көйлекке арналған жоғарғы жиегi сопақша, жиегі алтын жалатылған зер жiппен көмкерiлген погондар, погонның беті ақ түстi матадан жасалып, алтын жалатылған зермен ұлттық өрнекпен өрнектелген;
3) жоғарғы шетi сопақ, жиегі алтын жалатылған зер жiппен көмкерiлген күнделiктi погондар, погонның беті көк түстi матадан жасалып, алтын жалатылған жиектелген алтын түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген;
4) погондар трапеция пішінді, погон беті көк түстi матадан жасалған;
5) далалық погондар трапеция пішінді, жиектелмеген, погон беті бүркеніш түстi мата қиындысынан жасалған, погондардағы жұлдыздар мен қыран қара түсті;
Погондарға алтын жалатылған зер жiппен тiгiлген диаметрi 22 мм жұлдыздар орналастырылады. Погонның төменгi бөлiгiнде алтын түспен зерленген қыран тiгiлген.
3. Погондардағы жұлдыздар мынадай түрде орналасады:
1) кеден қызметiнiң генерал-майоры - 1 жұлдыз;
2) кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты - ұзындығы бойымен - 2 жұлдыз;
3) генерал-полковник - ұзындығы бойымен – 3 жұлдыз.
4. Аға басшы құрамның погондары:
1) жоғарғы жиегi сопақша, ашық көгілдір түсті жиегі бар, ұлттық өрнекпен көмкерiлген салтанатты-мерекелік погондар;
2) көйлекке тағатын жоғарғы жиегi сопақша, ашық көгілдір түсті жиегі бар, погон беті ақ түстi матадан жасалған, алтын түстi ұлттық өрнекпен көмкерiлген погондар;
3) жоғарғы жиегi сопақша, ашық көгілдір түсті жиегі бар, погон беті көк түстi матадан жасалған, алтын түстi ұлттық өрнекпен көмкерiлген күнделікті погондар;
4) трапеция пішінді погондар, погон беті жиекті көк түстi мата қиындысынан жасалған ұлттық өрнекпен көмкерілген.
Жиегi және погондардағы көлденең жолақтары ашық көгілдір түсті жіппен жасалған. Погондардағы ұлттық өрнектер, жұлдыздар сары түсті жіппен орындалған;
5) жиектелмеген, погон беті бүркеніш түстi мата қиындысынан жасалған трапеция пішінді, жұлдыздар мен көлденең жолақтары қара түсті далалық погондар.
Аға басшы құрамның погондарында диаметрi 20 мм жұлдызшалар және ашық көгілдір түстi екi көлденең жолақ орналасады. Көлденең жолақтардың ені - 4 мм. Погондардың жоғарғы бөлiгiнде диаметрi 14 мм нысанды түйме қадалады.
5. Погондардағы жұлдыздар мынадай түрде орналасады:
1) кеден қызметiнiң майоры - 1 жұлдыз;
2) кеден қызметiнiң подполковнигi - 2 жұлдыз;
3) кеден қызметiнiң полковнигі - 3 жұлдыз.
6. Орта басшы құрамның погондары:
1) жоғарғы жиегi сопақша, жиегі ашық көгілдір түсті, ұлттық өрнекпен көмкерiлген салтанатты погондар;
2) көйлекке тағатын жоғарғы жиегi сопақша, жиегi ашық көгілдір түсті, погон беті ақ түстi матадан жасалған, алтын түстi ұлттық өрнекпен көмкерiлген погондар;
3) жоғарғы жиегi сопақша, жиегi ашық көгілдір түсті, погон беті көк түстi матадан жасалған алтын түстi ұлттық өрнекпен көмкерiлген күнделікті погондар;
4) трапеция пішінді погондар, погон беті жиегі бар көк түстi мата қиындысынан жасалған ұлттық өрнекпен көмкерілген.
Жиегi және погондардағы көлденең жолақтары ашық көгілдір түсті жіппен жасалған. Погондағы ұлттық өрнектер мен жұлдыздар сары түсті жіппен орындалған;
5) трапеция пішінді, жиектелмеген, погон беті бүркеніш түстi мата қиындысынан жасалған, жұлдыздар мен көлденең жолақтары қара түсті далалық погондар.
Орта басшы құрамның погондарында диаметрi 13 мм жұлдыздар және бiр ашық көгілдір түсті көлденең жолақ орналасады. Көлденең жолақтардың енi - 4 мм. Погондардың жоғарғы бөлiгiнде диаметрi 14 мм нысанды түйме қадалады.
7. Погондардағы жұлдыздар мынадай түрде орналасады:
1) кеден қызметiнiң кiшi лейтенанты - 1 жұлдыз;
2) кеден қызметiнiң лейтенанты - 2 жұлдыз;
3) кеден қызметiнiң аға лейтенанты - 3 жұлдыз;
4) кеден қызметiнiң капитаны - 4 жұлдыз.
8. Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының (погонсыз) нысанды киімдері погон тағуды көздемейді.
Жеңге тағатын белгiлер, кокардалар, эмблемалар, жапсырмалар, бейдждер
9. Жеңге тағатын белгiлер, далалық жапсырмалар, кокардалар, эмблемалар, зерленген лента, бас киiмдер мен киім-кешектердегі тігістер, бейдж, жетон мен галстукке арналған қысқыш, ерекшелiк белгiлерi болып табылады.
10. Аға басшы құрамның жеңіне тағатын белгісі қалқан нысанындағы мөлшері 110*83 мм көк түсті мата қиындысынан тігілген және алтын жалатылған жіппен кестелеу әдісімен орындалған Елтаңба бейнеленген.
Белгінің жоғарғы бөлігінде Елтаңба бейнесінің үстінде «ҚАЗАҚСТАН», Елтаңба бейнесінің астында «КЕДЕН», «CUSTOMS» деген жазулар бар.
Жиегі алтын жалатылған жіппен кестелеу әдісімен орындалған.
11. Кеден органдары лауазымды адамдарының аға, орта басшы құрамның жеңіне тағатын белгілері қалқан нысанындағы мөлшері 110*83 мм көк түсті мата қиындысынан тігілген және алтын түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған Елтаңба бейнеленген.
Белгінің жоғарғы бөлігінде Елтаңба бейнесінің үстінде «ҚАЗАҚСТАН», Елтаңба бейнесінің астында «КЕДЕН», «CUSTOMS» деген жазулар бар.
Белгінің жиегі бойының ішкі бөлігінде «алтын» түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған масақ жапырақшасы мәнері бар.
Жиегі және жазулары ашық көгілдір түсті жіптен жасалған.
11-1. Кеден органдарының арнайы атақтары жоқ лауазымды адамдарының оң қолының жеңіне тағылатын белгісі қалқан нысанындағы мөлшері 110*83 мм көк түсті матаны және ішінде аумақтық бөлімшенің атауы жазылған сегіз бұрышты, жазуы көк түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған, «алтын» түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған сегіз бұрышты бейнені білдіреді.
Сегіз бұрышты бейненің төменгі бөлігінде «КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» деген жазу бар. Белгінің жиегі бойының ішкі бөлігінде «алтын» түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған масақ жапырақшалары мәнері бар. Жиегі және жазулары ашық көгілдір түсті жіппен жасалған.
Ескерту. 3-қосымша 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.09.2013 № 950 қаулысымен.
12. Жеңге тағатын далалық белгі қалқан нысанындағы бүркеніш түсті мата қиындысынан тігілген және Елтаңба бейнеленген.
Белгінің жоғарғы бөлігінде Елтаңба бейнесінің үстінде «ҚАЗАҚСТАН», Елтаңба бейнесінің астында «КЕДЕН», «CUSTOMS» деген жазулар бар.
Белгінің жиегі бойының ішкі бөлігінде масақ жапырақшасы мәнері бар.
Жиегі қара түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған.
Матадағы бейне және жазу қара түсті жіппен орындалған.
13. Далалық жапсырмалар мөлшері 120*30 мм бүркеніш түсті матадан жасалады.
Матада қара түсті «KAZAKHSTAN» деген жазу бар.
Жапсырмалардың шеті жиек түрінде қара түсті жіппен өңделген.
14. Далалық жапсырмалар мөлшері 120*30 мм бүркеніш түсті мата қиындысынан жасалады.
Матада кеден қызметінің эмблемасы және «CUSTOMS» деген жазу қара түсті жіппен өңделген.
Жапсырмалардың шеті жиек түрінде қара түсті жіппен өңделген.
15. Кеден қызметінің үлкен эмблемасы іш жағынан ортасында көгілдір түстегі шаңырақ бейнеленген сегіз бұрышты алтын жұлдызды білдіреді. Жұлдыздың ішінде шаңырақтың үстінде «Кеден», шаңырақтың астында «Customs» деген жазу бар.
Эмблема «алтын» түсті металдан дайындалған. Эмблеманың диаметрі – 24 мм.
16. Кеден қызметінің кіші эмблемасы іш жағынан ортасында көгілдір түстегі шаңырақ бейнеленген сегіз бұрышты алтын жұлдызды білдіреді. Жұлдыздың ішінде шаңырақтың үстінде «Кеден», шаңырақтың астында «Customs» деген жазу бар.
Эмблема «алтын» түсті металдан дайындалған. Эмблеманың диаметрі – 16 мм.
17. Күнделікті, далалық (арнайы) нысанды киім кеудесінің оң жағында ақ әріптермен бірінші жолда – тегі; екінші жолда – аты және әкесінің аты көрсетілген көгілдір түсті бейдж тағылады. Бейдждің мөлшері - 100х40 мм.