«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттары бекiтiлсiн.
2. «Жекешелендiруге жатпайтын мүлiктi ұлттық компанияларға беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1454 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 678-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1045 қаулысымен
бекітілген
Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жекешелендiруге жатпайтын мүлiктi ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттары (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес әзiрлендi және жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті (бұдан әрi – Мүлiк) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның (бұдан әрі – Алушы) акцияларын төлеуге берудiң тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
1-1. Осы Қағида халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын Алушының акцияларын төлеуге беруге қолданылмайды.
Ескерту. Қағида 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.12 № 1431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет), тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган), мемлекеттік мүлiкті басқару жөніндегі уәкілетті opган (бұдан әрі – уәкілетті орган), не оның аумақтық бөлімшесі, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар (бұдан әрі – тиісті саладағы уәкілетті орган) және алушылар осы Қағидамен реттелетiн қатынастардың субъектілерi болып табылады.
2. Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру тәртібі мен шарттары
3. Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлік алушылардың акцияларын төлеуге беріледі.
4. Мыналар:
1) мүлік;
2) мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқықтары алушының акцияларын төлеуге беріледі.
5. Республикалық мүлiкті, не осы мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқықтарын алушыға беру туралы шешімді Үкімет қабылдайды.
6. Коммуналдық мүлiкті, не осы мүлікпен иелену және (немесе) пайдалану құқықтарын алушыға беру туралы шешімді жергiлiктi атқарушы орган қабылдайды.
7. Үкіметтің мүлікті беру туралы шешімінің жобасын дайындауды уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Үкіметтің мүлікті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына беру туралы шешімінің жобасын дайындауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
8. Жергiлiктi атқарушы органның мүлікті беру туралы шешімінің жобасын дайындау уәкілетті органның аумақтық құрылымының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
9. Осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарына сәйкес алушыға мүлікті беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде беретін және қабылдайтын тараптардың уәкiлеттi лауазымды адамдары қол қоятын және органдардың басшылары бекiтетiн мүлікті қабылдау-тапсыру актiсi (беру актiсi) ресiмделедi.
Қабылдау-тапсыру актiсi (беру актiсi) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, қабылдау-тапсыру актiсiн (беру актiсiн) ресiмдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшiн бiр данадан жасалады.
10. Алушының орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығын енгізген кезде, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, алушының оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі.
11. Мүлік алушының меншігіне айрықша жағдайларда мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқықтарын беру алушының шаруашылық жүргізуші субъектісі ретінде одан әрі жұмыс істеуінің, Мүліктің бухгалтерлік есебін тиісінше жүзеге асырудың, мүлікке одан әрі иелік ету қажеттілігімен байланысты ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың, сондай-ақ мемлекет үшін ерекше әлеуметтік, экономикалық маңызы бар өзге де жобаларды жүзеге асырудың мүмкін болмауына әкеп соқтыратын жағдайларда беріледі.
12. Мүлік, алушының акцияларын кейіннен Қазақстан Республикасының меншігіне берілетін мүлік құнының сомасына беру шартымен алушының жарғылық капиталына төлеуге беріледі.
13. Алушының акцияларын төлеуге мүлiктi иелену және (немесе) пайдалану құқығын беру осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес уәкiлеттi органның немесе жергілікті атқарушы органның және алушының арасында үлгі шарт негізінде жасалған тиісті шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. Шарт екі немесе одан көп тараптық тәртіппен жасалуы мүмкін.
14. Алушының акцияларын төлеуге берілетін мүлікті бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарында белгіленген тәртiппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Жекешелендіруге жатпайтын
мемлекеттік мүлікті ұлттық
басқарушы холдингтің, ұлттық
холдингтің, ұлттық компанияның
акцияларын төлеуге беру қағидасы
мен шарттарына қосымша
Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге иелену және (немесе) пайдалану құқығын берудің үлгі шарты
____________________________________________________________________
(жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүліктің атауы)
___________қаласы №_____ 20__ ж. «___»_________
Бұдан әрі «Меншік иесі» деп аталатын__________________________
_________________________________________________________________
(мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органның атауы)
атынан, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__жылғы «__» _______ №_______ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекшелендіру комитеті туралы ереженің негізінде әрекет ететін, бірінші басшысы___________________
(Т.А.Ә)
немесе тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органның (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) атынан,____________
___________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(негіздеме)
уәкілетті тұлға ____________________________, сондай-ақ «___________
(Т.А.Ә)
_________________________________________________________________»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергiлiктi атқарушы органның 20__ж. «___»_________№___ қаулысының (бұдан әрі – қаулы) негізінде әрекет ететін бір тараптан, ________________________________________
___________________________________________________________________
(ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның атауы)
бұдан әрі «Алушы» деп аталатын ұйымның бірінші басшысы ________________________________ екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар»
(Т.А.Ж)
деп аталғандар бірге төмендегі туралы Үлгі шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1. Шарттың нысаны
1. Шарт нысаны_______________________________________________
___________________________________________ мекен-жайында орналасқан
(мүліктің орны, қысқаша сипаттамасы)
бұдан әрі «Мүлік» деп аталатын_____________________________________
___________________________________________________________________
(иелену және (немесе) пайдалану құқығы берілетін мемлекеттік мүліктің атауы)
жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығын Алушының акцияларын төлеуге беру болып табылады.
2. Меншік иесі жоғарыда аталған қаулыға сәйкес береді, ал Алушы ____________________________________________________________________
(мүліктің мақсатты тағайындалымы)
мақсатында пайдалану үшін Мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығын «___» ___________ 20 ___ж. бастап «____» __________ 20____ ж. аралығында алады.
3. Мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығын беру берілетін Мүлікке меншік құқығын беруге әкеп соқтырмайды.
2. Жалпы шарттар
4. Мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға құқығын беру қабылдау-тапсыру актісі арқылы жүргізіледі (беру кезінде мүліктің нақты жағдайы қабылдау-тапсыру актісінде көрсетіледі), Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылады, сондай-ақ Меншік иесі бекітеді және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
5. Осы Шартқа қол қою арқылы жазбаша келісіммен өзінен басқа біреуге беру сәтінде тапсырылатын Объектінің кепілдікке қойылмағандығын, сатылмағандығын, тыйым салынбағандығын және Шартқа қатысы жоқ тараптардың қандай да біреумен Шарттың әрекет етуі ішінде талап етілмейтіндігін куәландырады.
6. Осы Шарттың орындалуын бақылауды Меншік иесі жүзеге асырады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
7. Меншік иесі:
1) тараптардың келісімі бойынша Шарттың көрсетілген мерзімін ұзартуға және қосымша өзгерістер енгізуге;
2) белгіленген мерзімде осы Шартта көрсетілген шарттардың бұзылуын жою қажеттілігі туралы Алушыны жазбаша тәртіпте хабардар етуге;
3) егер Алушы осы Шарттың талаптарын орындамаса, осы Шартты бұзуды және залалдардың орнын толтыруды талап етуге;
4) осы Шартта көрсетілген шарттарды Алушы орындамаған жағдайда, Шартты біржақты бұзуға және залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
8. Алушы:
1) Меншік иесіне Шарттың мерзімін ұзарту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге;
2) Меншік иесінен осы Шарттың 1-тармағына сәйкес ұсынылмаған Мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқықтарын талап етуге құқылы.
9. Меншік иесі:
1) осы Шартқа қол қойылғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қабылдау-тапсыру актісін бекітуге және қабылдау-тапсыру актісі бойынша Мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығын Алушыға табыс етуге;
2) Шартта көрсетілген тәртіппен Алушының мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқықтарын іске асыруға кедергі келтірмеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мүліктің мақсатты пайдаланылуына және сақталуына тексеру жүргізуге міндетті.
10. Алушы:
1) қабылдап алған Мүлікті тек қана Шартта көрсетілген мақсатта пайдалануға;
2) Мүлікті қажетті тәртіпте сақтауға, оның бүлінуіне немесе жойылуына әкелетін іс-қимыл жасамауға;
3) Мүлікті сау қалпында сақтау, өз есебінен ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарын өз есебінен жүргізуге;
4) Алушының кінәсі және де табиғи тозуы бойынша Мүліктің, сондай-ақ Мүліктің кейбір бөліктері істен шыққан жағдайда, Мүлікті қалпына келтіру жұмыстарын өз есебінен жүргізуге;
5) Мүлікке және оған іргелес жер учаскелеріне Меншік иесінің уәкілетті өкілдерін, санитарлық қадағалау қызметі және Мүлікті пайдалану мен қолдануға қатысты заңдар мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін тексеруді жүргізу үшін кедергісіз жіберуге, олар белгілеген мерзімдерде тіркелген бұзушылықтарды жоюға;
6) осы Шарттың 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Меншік иесінің жазбаша хабарландыруында көрсетілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюға;
7) Шарт бұзылған немесе мерзімі аяқталған жағдайда Меншік иесіне күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша Мүлікті қайтаруды қамтамасыз етуге;
8) жұмыс істемейтін немесе ақаулы жағдайда (нормативтік көрсеткіштерден асатын тозумен) Мүлік қайтарылған кезде Меншік иесіне шығынның орнын толтыруға міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
11. Осы Шартта көрсетілген міндеттемелерді бұзған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алушы Мүліктің сақталуын, өрт және электр қауіпсіздігін, техникалық құралдарды және инженерлік жабдықтарды дұрыс пайдалану, Мүлікті мақсатқа сай қолдану бойынша, сондай-ақ осы Шартты тиісті орындамау салдарына толық жауап береді.
5. Шарттың қолданылу мерзімі оны өзгерту және мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі мен шарттары
13. Осы Шарт Тараптар осы Шартқа қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
14. Осы Шарт Тараптардың келісімі бойынша мерзімін ұзартуды қоспағанда, осы Шарттың 2-тармағында көрсетілген мерзімі өткен соң өз қолданылуын тоқтатады.
15. Осы Шарт, мынадай жағдайларда Меншік иесі біржақты тәртіппен бұза алады, ал Мүлік Меншік иесіне мынадай жағдайларда қайтарылуы мүмкін:
1) егер қабылданған Мүлік мақсатқа сай емес немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда;
2) Меншік иесінің жазбаша хабарландыруында көрсетілген бұзушылықтар жойылмағанда;
3) егер Алушы Мүлікті едәуір әдейі төмендетіп жіберсе;
4) егер Алушы Мүлікті күрделі және ағымды жөндеуді орынды мерзімде жүргізбесе, Меншік иесі Алушыға өз міндеттемесін орындау мүмкіндігін бергеннен кейін ғана осы Шартты мерзімінен бұрын тоқтатуды талап етуге құқылы.
16. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Шартты мерзімінен бұрын бір жақты бұзуға жол берілмейді.
17. Тараптардың заңнамалық мәртебесін, ұйымдастырушылық-құқықты нысанының өзгеруі немесе Тараптардың бірінің қайта ұйымдастырылуы осы Шарттың мәнін өзгертпейді және Тараптар Шартты бұзуға, оны өзгертуге немесе құқықтық нормалары оларды қайта рәсімдеуге қажет ететін жағдайларды қоспағанда, осы Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттер олардың мирасқорларына өтеді. Бұл ретте, Тараптар қайта тіркеу фактісінен он бес күнтізбелік күн өткеннен кейін заңды мәртебесінің өзгергені туралы бір-бірін жазбаша түрде хабардар етеді.
6. Ерекше жағдайлар
18. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың қосымша келісімге қол қоюы арқылы енгізіледі. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар, оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
7. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
19. Осы Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» бақылауға көнбейтін, қателікке немесе немқұрайлыққа байланысты емес күтпеген сипатқа ие оқиғаны білдіреді және еңсерілмейтін күш (дүлей зілзалалар немесе болжау немесе алдын алу мүмкін емес өзге де жағдайлар) салдары, сондай-ақ осы Шарт талаптарын орындамауға немесе тиісінше орындауға әкелетін әскери іс-қимылдар және басқа да жағдайлар болып табылады.
20. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, олар басталған күннен бастап Алушы бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде осындай оқиғалар басталған күнді көрсетіп, бұл туралы басқа Тараптарды хабардар етеді және еңсерілмейтін күш мән-жайларын растауды ұсыну қажет.
21. Жасалған Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары болған уақыт ішінде онымен мөлшерлес уақытта жылжытылады.
8. Дауларды шешу тәртібі
22. Осы Шартты орындау барысында туындауы мүмкін Тараптар арасындағы даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен шешіледі.
9. Тараптардың деректемелері мен қолдары
МЕНШІК ИЕСІ:
Басшы _____________________
_______________________________
_______________________________ (Т.А.Ә, лауазымы) _______________________________ _______________________________ (мекенжайы, деректемелері) _______________________________ (қолы) м.ө. |
АЛУШЫ:
Басшы_____________________
_________________________________
_________________________________ (Т.А.Ә, лауазымы) _________________________________ _________________________________ (мекенжайы, деректемелері) _________________________________ (қолы) м.ө. |
---|