Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1014 Қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығы.
  

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1014 қаулысымен   
бекітілген   

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда автомобильмен әлеуметтік мәні бар маршруттары бойынша жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және тарифтердің қол жетімділік деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастардағы жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік мәні бар тасымалдар деп танылады.
      3. Субсидиялауға тарифтерін жолаушылар автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі – жергілікті уәкілетті орган) белгілейтін әлеуметтік мәні бар тұрақты автобус маршруттары арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының залалдары жатады.
      Тасымалдауды орындаудан келетін залалдар тасымалдардан түсетін кірістер мен пайдалану шығыстары сомасының айырмасы ретінде айқындалады.
      4. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар маршруттарда тасымалдауды орындайтын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.

2. Субсидиялауға жататын автомобиль көлігімен жолаушылардың әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдарын және субсидиялар мөлшерлерін анықтау тәртібі

      5. Залалды маршруттарды субсидиялауға бағытталған сомалар көлемін анықтау мынадай:
      1) маршрут бойынша тасымалдауды орындау кірістері;
      2) маршрут бойынша тасымалдауды орындауға арналған шығыстар көрсеткіштері негізінде жүргізіледі.
      6. Залалды маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы ай сайынғы кіріс көлемін белгілейді және субсидияланатын маршруттар бойынша шығыстар көлемін анықтайды.
      7. Маршруттар бойынша тасымалдауға арналған шығыстарға:
      1) жүргізушілер мен кондукторлардың жалақы қоры (жалақыға әлеуметтік есептеулермен және қызметкерлерді сақтандыру);
      2) автомобиль отынына арналған шығындар;
      3) жағармай материалдарына арналған шығындар;
      4) автошинаға арналған пайдалану шығыстары;
      5) автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізуге арналған шығындар;
      6) амортизациялық аударымдар;
      7) үстеме шығыстар кіреді.
      8. Бір жылғы кірістер мен шығыстар сомасын тасымалдаушы осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді және жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      9. Тасымалдаушының кірістер мен шығыстар көлемін ұсынуының дұрыстығын тексеруді ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар залалды әлеуметтік мәні бар маршруттарды субсидиялау жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Комиссия құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, аумақтық салық және монополияға қарсы органдардың өкілдері кіреді. Комиссия құрамына автокөліктің қоғамдық және кәсіподақ бірлестіктерінің, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдарының өкілдері кіруі мүмкін.
      10. Айырмашылықтар анықталған кезде Комиссия кірістер мен шығыстар көлемін растайтын құжаттарға сұрау салады.
      Комиссия отырысының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, онда қаралып отырған маршрут бойынша тасымалдаушының нақты шығыстары көрсетіледі.
      Залалды маршруттар бойынша тасымалдарды жүзеге асыруға арналған шығыстарды анықтау бойынша тасымалдаушы мен Комиссияның келіспеушілігі туындаған жағдайда Комиссия тасымалдаушының есебінен тасымалдаушының шығыстарын аудиторлық тексеруді белгілейді.
      11. Жергілікті уәкілетті орган жыл сайын субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар тізбесін жасайды, оны тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті өкілді органы бекітеді.
      12. Жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді ұйымдастыру үшін жергілікті уәкілетті орган тиісті жергілікті бюджет бағдарламасы бойынша бюджеттік өтінімді әзірлейді және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді. Субсидиялауға жоспарланып отырған маршруттар бойынша тасымалдаушының кірістері мен шығыстары жөніндегі деректер бюджеттік өтінім үшін негіз болып табылады.
      Жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджетті жергілікті өкілді орган бекіткеннен кейін бір ай мерзімде залалды маршруттар бойынша жылдық соманы бекітеді.
      13. Бекітілген бюджет негізінде тасымалдаушы мен жергілікті уәкілетті орган арасында осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жолаушылар автокөлігінің әлеуметтік мәні бар залалды маршруттарын субсидиялау туралы шарт жасалады.

3. Субсидияларды төлеу тәртібі мен шарттары

      14. Тасымалдаушы есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті уәкілетті органға ай сайын осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар автокөлігінің әлеуметтік мәні бар залалды маршруттары бойынша нақты кірістер мен шығыстар туралы есеп жібереді.
      Тасымалдаушы шығындардың әрбір бабы бойынша шығыстар туралы растау құжаттарын ұсынады.
      15. Әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар бойынша жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді жергілікті уәкілетті орган ай сайын міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына, тасымалдаушы мен жергілікті уәкілетті органның арасындағы субсидиялау туралы шартқа сәйкес жүргізеді.
      16. Субсидияларды төлеу:
      1) ұйымның басшысы, бас бухгалтері растаған және мөрі басылған жолаушылар автокөлігінің әлеуметтік мәні бар залалды маршруттары бойынша нақты кірістер мен шығыстар туралы ай сайынғы есеп;
      2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісі;
      3) автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтың жергілікті атқарушы органдарынан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар негізінде жүргізіледі.
      Субсидияларды төлеу тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген сомалар шегінде жүргізіледі.
      17. Жылдың соңғы күнтізбелік айы үшін бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі айдың 25 күні мерзімінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған, болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын маршруттар бойынша есеп негізінде жүзеге асырылады.
      18. Маршрутты пайдалану процесінде Шарттың талаптарын орындамаған тасымалдаушыларға, сондай-ақ жолаушыларды және багажды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған куәлікті кері қайтарып алған жағдайда субсидияларды төлеу жүргізілмейді.

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар  
тасымалдауларын жүзеге асырумен 
байланысты тасымалдаушылардың   
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидасына          
1-қосымша           

201__ жылға арналған _______________________________
                          (ұйымның атауы)
_________________________ обл. (қала, аудан) бойынша
жолаушылар автокөлігінің әлеуметтік мәні бар залалды
маршруттары бойынша кірістері мен шығыстары туралы есебі

мың теңге

Маршруттыңатауы, №

Жалақы

Отын

Жағармай
материалдары

Автошиналардың
тозуы

ТҚК және ТЖ

Амортизация

Үстеме
шығыстар

Шығыстардың барлығы

Кірістердің барлығы

Залалдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












Ұйымның басшысы
МО

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар  
тасымалдауларын жүзеге асырумен  
байланысты тасымалдаушылардың  
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидасына   
2-қосымша           

Жолаушылар автокөлігінің әлеуметтік мәні бар
залалды маршруттарын субсидиялау туралы
шарт

____________ қ.                          201__ жылғы "____" ________

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын______________________________,
                               (жергілікті уәкілетті органның атауы)
________________________________________ тұлғасында бір тараптан және        (басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
 
бұдан әрі Орындаушы деп аталатын __________________________________,
                                    (тасымалдаушының атауы)
_____________________________________ екінші тараптан
       (басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
_________________________________ маршрут бойынша _________ қатынаста
      (атауы, маршруттың №)                  (қатынастың түрі)
тараптар жолаушыларды тасымалдауды орындау кезінде туындайтын залалдарды субсидиялау туралы осы шартты жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
      1. Тапсырыс беруші өзіне Орындаушы залалдарын жабу үшін субсидияларды төлеу бойынша міндеттерді алады, ал Орындаушы өзіне жоғарыда көрсетілген маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі кірістер және шығыстар туралы деректерді беру бойынша міндеттерді алады.
      2. Маршрут бойынша_______________________________________теңге
                        (цифрлармен және жазу үлгісімен сомасы)
тариф (тарифтердің торы) белгіленеді.
      3. Орындалған жұмыс үшін кірістердің сомасы:
___________________________________________________________ құрайды.
             (цифрларымен және жазу үлгісімен сомасы)
Жұмысты орындағаны үшін шығыстар сомасы:
___________________________________________________________ құрайды.
             (цифрларымен және жазу үлгісімен сомасы)
Субсидиялау сомасы:
___________________________________________________________ құрайды.
               (цифрлармен және жазу үлгісімен сомасы)
      4. Орындаушы есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті уәкілетті органға маршрут бойынша кірістер және шығыстар туралы есепті жолдайды. Қажет болған кезде тасымалдаушы маршрутты пайдалануға арналған шығыстарды растайтын құжаттарды береді.
      5. Маршрут бойынша залалдар үшін субсидияларды төлеу міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, орындалған жұмыс актісі, маршрут бойынша кірістер және шығыстар туралы есебі, диспетчерлік қызмет құжаты немесе ауылдық округтың жергілікті атқарушы органыннан осы маршрут бойынша рейстердің орындалуын растайтын анықтама негізінде ай сайын жүргізіледі.
      6. Жылдың сонғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі айдың 25 күнінен кешіріктірілмейтін мерзімде нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып болжамдық деректер бойынша жасақталған субсидиялық маршруттар бойынша 15 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған есеп негізінде жүзеге асырылады.
      7. Осы маршрут бойынша субсидияларды төлеу мынадай:
      1) Орындаушының осы маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруды тоқтатқан;
      2) маршрут бойынша кірістер және шығыстар туралы есепті ұсынбаған;
      3) кірістер мен шығыстардың мөлшерлерін анықтаудың дұрыстығы жөнінде Орындаушы мен Комиссияның арасында келіспеушілік туындаған жағдайда шарттың қолданылуын тоқтату туралы жергілікті атқарушы органның шешімі болған жағдайларда жүргізілмейді.
      8. Орындаушы Тапсырыс беруші немесе Комиссияның сұрау салуы бойынша тасымалдау үдерісін ұйымдастыру және тасымалдаудың қаржылық нәтижелері бойынша қажетті мәліметтерді беруге міндетті.
      9. Орындаушы ағымдағы бюджетті нақтылау немесе отынға бағаның күрт өзгеруі және басқа да құрамдас шығындар құрайтын кезінде тасымалдау тарифтерін өзгеруі, маршрутта автокөлік құралдарының жұмыс режимінің өзгеруі және жолаушыларға қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған басқа да шаралар жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
      10. Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      11. Тараптар мынадай:
      1) маршрутты пайдалануға Орындаушының құқығы тоқтатылған, жолаушыларды және багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсету жөніндегі маршрутқа куәлікті кері қайтарып алу және маршрутты пайдалану құқығын жою кезінде, сондай-ақ форс-мажор жағдайы пайда болған кезде Орындаушы осы маршрутта жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруды тоқтатқан;
      2) тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда шартты бұзуы мүмкін.
      12. Осы шарт оны Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық аумақтық органында тіркегеннен кейін күшіне енеді және жылдың аяғына дейін қолданысты болады.

Тараптардың заңды мекенжайы:

Тапсырыс беруші:                Орындаушы:

СТН                             СТН

Банк деректемелері              Банк деректемелері

______________________________         ___________________________
(басшысының қолы, Т.А.Ә.)             (басшысының қолы, Т.А.Ә.)
_______________________________        ____________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)       (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар  
тасымалдауларын жүзеге асырумен 
байланысты тасымалдаушылардың  
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидасына     
3-қосымша            

201__ жылға арналған _________________________
                          (ұйымның атауы)
_________________________ обл. (қала, аудан) бойынша
жолаушылар автокөлігінің әлеуметтік мәні бар залалды
маршруттары бойынша нақты кірістері мен шығыстары есебі

мың теңге

Маршруттыңатауы, №

Жалақы

Отын

Жағармай
материалдары

Автошиналардың тозуы

ТҚК және ТЖ

Амортизация

Үстеме
шығыстар

Шығыстардың барлығы

Кірістердің барлығы

Залалдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












Ұйымның басшысы

Бас бухгалтер
МО

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар 
тасымалдауларын жүзеге асырумен 
байланысты тасымалдаушылардың 
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидасына     
4-қосымша           

Орындалған жұмыстар актісі

____________ қ.                        201__ жылғы "___" __________

Біз, төменде қол қойған, Тапсырыс берушінің өкілі
      ___________________________________________________________
                       (басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және Орындаушының өкілі
_________________________________________________________________
           (басшының, бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, 201__ жылғы __________ айына арналған ____________
                                               (маршруттың атауы, №)
маршрут бойынша ___________________қатынаста жолаушыларды тасымалдау
               (ішкі облыстық, қалалық)
бойынша орындалған жұмыстар шарттың талаптарын қанағаттандыратыны туралы осы актіні жасадық.

Орындалған жұмыс үшін кірістер сомасы:
________________________________________________ құрады.
(цифрмен және жазу үлгісімен сомасы, теңгемен)
 
Орындалған жұмыс үшін шығыстар сомасы:
________________________________________________ құрады.
(цифрмен және жазу үлгісімен сомасы, теңгемен)
 
Субсидия сомасы:
________________________________________________ құрады.
(цифрмен және жазу үлгісімен сомасы, теңгемен)

Тараптардың заңды мекенжайы:

Уәкілетті орган:                    Тасымалдаушы:
СТН                                 СТН

Банк деректемелері                  Банк деректемелері

________________________              _____________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)               (басшының қолы, Т.А.Ә.)

_______________________________       ______________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)       (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)