Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 994 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен   
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысында:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      2. "2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасында:
      "Бағдарламаны іске асыру кезеңдері" деген 5-бөлімде:
      "Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін" деген 2-кіші бөлімде:
      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Зерттеулер нәтижесін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі есеп түрінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберуі тиіс.";
      қырық үшінші абзацта:
      "Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда, Қаржы министрліктеріне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Сумен жабдықтау" деген 3.1-кіші бөлімде:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі елді мекен шегінде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі елді мекен шегінен тыс Ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастырады, ол мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:";
      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі елді мекен шегінде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі елді мекен шегінен тыс елді мекендерді жер асты сулары қорымен қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің келісімі бойынша қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қарастыруға енгізеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қарағаннан кейін Ауылдық жердегі сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбесі жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың екінші тоқсанында Ауыз суымен жабдықтау саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның қарастыруына ұсынылады.";
      "Су бұру" деген 3.2-кіші бөлімде:
      жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2012 жылдың зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі экологиялық қауіпсіздік бөлігінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің келісімі бойынша Ауылдық жердегі су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауына енгізеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қарағаннан кейін Ауылдық жердегі су бұру жобаларының бірыңғай тізбесі жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың екінші тоқсанында Ауыз суымен жабдықтау саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылады.";
      "Қалалық және ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарын МЖӘ моделіне көшіру кезеңдері" деген 5-кіші бөлімде:
      он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі әр облыстан бір-бірден 14 аудандық кәсіпорынға сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары үшін пилоттық режимде МЖӘ модельдерін қолдану мүмкіндігін қарастыратын болады.";
      "Су шаруашылығы секторының жай-күйін жүйелік мониторингілеу жүйесін құру" деген 8-кіші бөлімде:
      екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламада мемлекеттік үйлестірушінің функцияларын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктеу көзделген.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі органдардың қызметін жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ Бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен іс-шараларын орындау бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді.";
      "Сумен жабдықтау мен су бұру және қазақстандық қамтуды дамыту жүйелерін жобалау сапасын арттыру" деген 10-кіші бөлімде:
      он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы мақсатта Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қолданыстағы өндірістерге талдау жүргізеді және елді индустрияландыру бағдарламасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасына енгізу орынды болатын материалдар, технологиялар мен жабдықтар өндірісі бойынша перспективалы және басымды жобалардың тізбесін айқындайтын болады.".
      2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі су шаруашылығын дамыту және жаңғырту бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 19-ө өкімінде:
      1-тармақта:
      жұмыс тобы құрамына мыналар енгізілсін:

      Толыбаев          - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
      Марат Еркінұлы      вице-министрі, жетекшінің орынбасары,

      Мейрембеков       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      Қайрат Амангелдіұлы министрлігінің Табиғи ресурстарды пайдалану
                          стратегиясы департаменті директорының
                          міндетін атқарушы, хатшы;

      көрсетілген құрамнан Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев, Марат Әбілахатұлы Оразаев, Бақыт Қалмырзаұлы Жақсыбаев шығарылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен 
бекітілген 

2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара

Аяқтау
нысаны

Орындалуы үшін
жауаптылар

Орындалу
мерзімдері

Болжанатыншығыстар
(млн. теңге)*

Қаржыландыру
көздері

Бюджет тік
бағдар-
ламаның
№ (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8

Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағы жүйелерін
жаңғырту кезінде жүйелі тәсілді енгізу

Ауылдық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін

1

Сумен жабдықтау бойынша зерттеу жүргізу үшін алдын ала объектілер тізбесін қалыптастыру

ҚТКШІА,
АШМ үшін
объектілер
тізбесі

ҚТКШІА,
АШМ, жергілікті атқарушы органдар

ағымдағы жылдың 1-тоқсаны

Талап етілмейді



2

Су бұру бойынша зерттеулер жүргізу үшін алдын ала объектілер тізбесін қалыптастыру

ҚТКШІА үшін
объектілер
тізімі

жергілікті атқарушы органдар

ағымдағы жылдың 1-тоқсаны

Талап етілмейді



3

Ауылдық сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне зерттеу жүргізу

Үкіметке есеп

ҚТКШІА,
АШМ, Қоршағанортамині

Жыл сайын
2011-2016
жылдар

500,0*

Республикалық бюджет


045

4

Ауылдық жерде сумен жабдықтаудың бірыңғай тізбесін қалыптастыру:
- ЖСҚ жобалар
және іздеу барлау жұмыстары;
- ЖСҚ әзірлеуді не түзетуді қажет ететін жобалар;
- іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді қажет ететін жобалар

ВАК үшін жобалар тізбесі

ҚТКШІА,
АШМ, ИЖТМ,
Қоршағанор тамині,
жергілікті
атқарушы
органдар

Жыл сайын,
жоспарланатын
қаржы
жылының
алдындағы
жылдың
15 мамырына

Талапетілмейді



5

Ауылдық жерде су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыру

ВАК үшін жобалар тізбесі

ҚТКШІА,
Қоршаған ортамині, жергілікті
атқарушы
органдар

Жыл сайын,
жоспарланатын
қаржы жылының
алдындағы
жылдың
15 мамырына

Талапетілмейді



6

Ауыз сумен жабдықтау саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның Ауылдық жерде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қарауы

ВАК хаттамасы

ҚТКШІА,
АШМ, Қаржымині

Жыл сайын,
жоспарланатын
қаржы жылының
алдындағы
жылдың
20 маусымына

Талапетілмейді



7

Сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын жүргізу және оны реконструкциялау

Үкіметке есеп

ҚТКШІА,
АШМ

Жыл сайын
2011-2020
жылдар

41 642*

Республикалық бюджет

29,17

8

Су бұру жүйесінің құрылысын жүргізу және оны реконструкциялау

Үкіметке есеп

ҚТКШІА,
жергілікті
атқарушы
органдар

Жыл сайын
2012-2020 жылдар

4 035*

Республикалық бюджет


Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін

9

Шағын және ірі қалаларды сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне зерттеу жүргізу

Үкіметке есеп

ҚТКІША,
ГЖҚПК

2011 жыл

1 104

Республикалық бюджет

019

10

Инвестиция негіздемелерін әзірлеу

Үкіметке есеп

ҚТКШІА

желтоқсан
2011-2013
жылдар

800*
2200*
1893*

Республикалық бюджет

040

11

Үлгі жобаларды әзірлеу

Үкіметке есеп

ҚТКШІА

Жыл сайын
2012-2013
жылдар

1300*

Республикалық бюджет

004

12

Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін инвестициялау негіздемесіне сәйкес Жобалардың бірыңғай тізбесін қалыптастыру

ВАК үшін жобалар тізбесі

ҚТКШІА, Қоршағанортамині, ГЖҚПК, жергілікті атқарушы органдар

Инвестициялық
негіздемесі
бойынша жұмысты
аяқтаған соң,
жыл сайын,
жоспарланатын
қаржы жылының
алдындағы
жылдың 15 мамырына

Талапетілмейді



13

Ауыз сумен жабдықтау саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның Қалалық жерде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қарауы

ВАК хаттамасы

ҚТКШІА,
Қаржымині

Жыл сайын,
жоспарланатын
қаржы жылының
алдындағы
жылдың
20 маусымына

Талап етілмейді



14

Сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын жүргізу және оны реконструкциялау

Үкіметке есеп

ҚТКШІА,
жергілікті
атқарушы органдар

Жыл сайын
2011-2020
жылдар

35 383*

Республикалық бюджет

010

15

Су бұру жүйесінің құрылысын жүргізу және оны реконструкциялау

Үкіметке
есеп

ҚТКШІА,
жергілікті
атқарушы
органдар

Жыл сайын
2012-2020
жылдар

1500*

Республикалық бюджет


010

Су шаруашылығы секторының жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін құру

16

Қалалық және ауылдық жерде сумен жабдықтау жобаларының мониторингі

ҚазақстанРеспубликасының Үкіметіне
есеп

ҚТКШІА,
АШМ, Қаржымині

2011-2020 жылдар

Талапетілмейді



17

Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының мониторингі бойынша ақпараттық-талдау базасын құру бойынша ұсыныстар енгізу

ҚазақстанРеспубликасының Үкіметіне
ұсыныс

ҚТКШІА, АШМ, Қаржымині

2011-2012 жылдар

Талап етілмейді



18

Тікелей сумен жабдықтау жүйесінің құбыржолдарындағы су жағдайының мониторингі жүйесін жүргізу бойынша ұсыныстар енгізу

Қаржыминіне ұсыныс

Қоршағанортамині

2011 жылдың 2-тоқсаны

Талап етілмейді



Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау
объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту

19

Су шаруашылығы секторындағы базалық табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне орта мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтер енгізу

ТМРА бұйрығы

ТМРА, жергілікті атқарушы органдар

2011-2020 жылдар

Талaпетілмейді



20

Қалаларда ауыз суды есепке алу аспаптарымен қамтуды 100% қамтамасыз ету

Үкіметке есеп

ҚТКШІА, жергілікті атқарушы органдар

2011-2013
жылдар

Талапетілмейді



21

АЕМ-да ауыз суды есепке алу аспаптарымен қамтуды 80%-ға қамтамасыз ету

Үкіметке есеп

ҚТКШІА,
AШM, жергілікті атқарушы органдар

2011-2020 жылдар

Талап етілмейді



22

"Сумен жабдықтау және су бұру" саласында МЖӘ жобаларын дайындау туралы халықаралық қаржылық ұйымдармен меморандумдарды әзірлеу және бекіту

МЖӘ
жобаларын
дайындау
туралы
меморандум

ҚТКШІА,
жергілікті атқарушы органдар

2011-2020 жылдар

Талап етілмейді



23

Су шаруашылығы саласындағы МЖӘ пилоттық жобаларын 20 пилоттық қалаларда іске асыру

Үкіметке есеп

Жергілікті атқарушы
органдар, жеке инвесторлар

2012-2015 жылдар

Талап етілмейді



24

Пилоттық жобалардың тәжірибесін тарату

Үкіметке есеп

ҚТКШІА, жергілікті атқарушы органдар, жеке инвесторлар

2016-2020 жылдар

Талaп етілмейді



25

Пайдаланушы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін жақсарту туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ұсыныстар

ҚТКШІА,
АШМ, жергілікті атқарушы органдар

ҚТКШІА,
АШМ, жергілікті аткарушы органдар

2011 жылдың 3-тоқсаны

Талап етілмейді


Бағдарламаны нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

26

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне "Сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Заң жобасы

ҚТКШІА,
АШМ,
Қаржымині,
ЭДСМ

2012 жылдың 4-тоқсаны

Талап етілмейді



27

Ерекше стратегиялық маңыздылығы бар объектілер тізбесінен су шаруашылығы құрылыстарын алып тастау бөлігінде "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Жарлық жобасы

ҚТКШІА, АШМ

2011 жылдың
4-тоқсаны

Талап
етілмейді



28

"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Заң жобалау
қызметі
мәселелері
жөніндегі
ведомство
аралық
комиссияға заң
жобасытұжырымдамасын енгізу

ЭДСМ,
ТМРА

2011 жылдың
3-тоқсаны

Талапетілмейді



29

Су бұру желілеріне сарқынды суларды төгуді жүзеге асыратын кәсіпорындарды тауарлар өндірудің және қызметтер көрсетудің экологиялық неғұрлым таза тәсілдеріне көшуге ынталандыратын тетікті әзірлеу

Үкіметке есеп

Қоршағанорта мині

2012 жылдың
2-тоқсаны

Талапетілмейді



30

"Сумен жабдықтау және су бұру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу

Заң жобасы

ҚТКШІА

2012 жыл

Талап етілмейді



Халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану

31

Жер асты сулары қорларын бағалау үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу және оларды игеру жоспарын әзірлеу

Үкіметке есеп

ҚТКШІА,
АШМ,
ИЖТМ

Жыл сайын
2011-2020
жылдар

4741*

Республикалық бюджет


040

Су айдындарының санитарлық жағдайы

32

Гидрогеологиялық постарды көбейту бойынша ұсыныстар енгізу

Қаржыминіне ұсыныстар

Қоршағанортамині

2011 жылдың 2-тоқсаны

Талапетілмейді



33

АЕМ-де ауыз су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын лабораторияларды құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қаржыминіне ұсыныстар

Қоршағанортамині, ДСМ

2011 жылдың 3-тоқсаны

Талап етілмейді



34

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 456 қаулысымен бекітілген "Халыққа арналған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін енгізу

Үкіметке есеп

ДСМ,
Қоршағанорта мині

2011 жылдың 4-тоқсаны

Талапетілмейді



Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар және қазақстандық қамтуды дамыту

35

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сарапшыларды аттестаттаудан өткізу

Үкіметке ақпарат

ҚТКШІА

2011-2012 жылдар

Талапетілмейді



36

Сумен жабдықтау және су бұру саласында нормативті-техникалық құжаттарды жетілдіру шеңберінде нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКШІА

2011-2013 жылдар

Талап етілмейді



37

Сумен жабдықтау және су бұру саласында нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру шеңберінде нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қаржыминіне ұсыныстар

ҚТКШІА

2012 жылдың 2-тоқсаны

Талап етілмейді



38

Суды есепке алудың үйге ортақ аспаптарын орнату бойынша ұсыныстар енгізу

ҚазақстанРеспубликасының
Үкіметіне
ұсыныстар

ҚТКШІА,
АШМ, ТМПА,
Қаржымині,
жергілікті
атқарушы
органдар

2011 жылдың 4-тоқсаны

Талап етілмейді



39

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің салу кестесін ескере отырып, пайдаланушы ұйымдарды құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру кестесін әзірлеу

АШМ-ға
ақпарат

жергілікті атқарушы органдар

2011 жылдың 1-маусымына

Талап етілмейді



40

Сумен қамтамасыз ету көрсеткіштерімен АЕМ және қалалар бойынша ведомствалық есеп беру нысандарын әзірлеу

Бірлескен бұйрық

ҚТКШІА,
АШМ, ЭДСМ, Қаржымині,
СА

2011 жылдың 4-тоқсаны

Талап етілмейді



41

Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарында одан әрі пайдалану үшін отандық өндірістің бұйымдарымен және құралдарымен қамтамасыз етудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу

Қазақстан Республикас ының Үкіметіне ұсыныстар

ИЖТМ,
ҚТКШІА,Қоршағанортамині

2011 жылдың соңына дейін (жыл сайынғы түзетулермен)

Талап етілмейді



Саланы кадрмен қамтамасыз ету

42

"Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы шеңберінде "Сумен жабдықтау және су бұру" білім бағдарламасы бойынша кадрларды дайындау бойынша ұсыныстар енгізу

Салалық
ЖОО-ға
ұсыныстар

ҚТКШІА,
АШМ, БҒМ

2011
жылдың
3-тоқсаны

Талапетілмейді



43

Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру жіктеуішіне "Гидрогеология және инженерлік геология" мамандығын кейіннен мамандықты дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын бөле отырып енгізу

жіктеуішке
мамандық
енгізу

БҒМ, ИЖТМ

2011 жылдың
4-тоқсаны

Талап етілмейді



44

Су секторы мамандары үшін біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке
ұсыныс

ҚТКШІА,
АШМ

2011 жылдың
3-тоқсаны

Талап етілмейді



Ескертпе:
* осы Бағдарламаны жыл сайынғы қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып, тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде айқындалатын болады;

аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ГЖҚПК - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
МЖӘ — мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі
ВАК - Қазақстан Республикасы Ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы