«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 966 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қызметтің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:
      1) жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне:
      жергілікті деңгейде байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін;
      IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық деңгейде қосу;
      2) қосылатын байланыс операторларымен:
      қосылатын байланыс операторлардың телекоммуникация желілерінен жергілікті телефондық трафигін;
      қосылатын IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарынан(-на) (қолжетімділік тораптарынан)(-на) телефондық трафигін өткізу.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов