Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
501 «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты» әкімшісі бойынша:
012 «Сот жүйесі органдарының объектілерін салу» бағдарламасы бойынша:
мына:
«
оның ішінде инвестициялық жобаларға: |
»
деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Павлодар облысы |
|||||||
Павлодар облысы облыстық сотының ғимаратын қайта жаңарту, облыстық сот ғимаратына жапсаржай салу |
332 721 |
»;
мына:
«
Екі аудандық соттарымен алқабилері бар (облыстық мақсаттағы) қалалық соттың ғимаратын салу |
700 000 |
1 200 000 |
2 326 488 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Екі аудандық соттарымен алқабилері бар (облыстық мақсаттағы) қалалық соттың ғимаратын салу |
367 279 |
1 200 000 |
2 326 488 |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов